Өндірістік оқытудағы инновациялық Әдістер



бет13/13
Дата05.04.2022
өлшемі43,31 Kb.
#29934
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ЖЕТПИСБАЙ С. ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР.

«Джигсо» әдісі Көлемді мәліметтер мен мағлұматтарды білім алушылардың өздігімен игеруге және бірін-бірі оқытуға бағытталған тиімді тәсіл.

“Джигсо” деп XX ғасырдың елуінші жылдары балаларға арналып шыққан құрастырмалы ойыншықты атаған: әр бөлігін өз орнына қойғанда ғана ойыншық бүтін болып шыққан. Бұл тәсілдің басқаша да атаулары кездесуі мүмкін. Мәселен, Ресейде шығатын әдістемемлік және дидактикалық әдебиетте оны “Зигзаг”, “Ажурная рила”, “Мозайка” деп те атайды. «Джигсо» әдісін 1-курс білім алушыларының өндірістік сабақтарында жиі қолдануға болады. Мысалы, «Адасқан бөлшектер», «Тізбекті аяқта», «Сыңарын тап» сияқты әртүрлі ойындар ұйымдастыра отырып жаңа тақырып бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындата аламыз.

Өндірістік оқыту сабақтарында АКТ-ны пайдалану өте тиімді әдіс. Бұл әдісті өндірістік сабақтарда жаңа тақырып бойынша білім алушылардың білімін тексеру мақсатында жүйелі түрде қолдануға болады. Мысалы «QuizLett», «Kahoot» бағдарламалары арқылы білім алушыларды қорытынды бағалау мақсатында қолданылады. Сонымен қатар күнделікті өндірістік сабақтарында интерактивті тақтаны пайдалана отырып жаңа тақырып бойынша бейнероликтерді білім алушыларға көрсете отырып талқылау арқылы сабақтың құрылымын ерекшелеу тиімді болып табылады.

Қорыта айтқанда, тәжірибелік сабақтарда жаңа технологияларды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз.  Қазіргі нарықтық жағдайда білім алушылардың тек білімді болуы жеткіліксіз екенін көріп, біліп отырмыз. Сондықтан білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігіне, өзгелермен мәдени диалогқа түсе алу, ашықтық, еркіндік, айтар ойын бүкпесіз жеткізе алуына жоғарыда атап өткен инновациялық технологиялар өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  2. Кругликов Г.И. Методика профессионального обучения с практикумом: учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений/ Г.И. Кругликов. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский центр «Академия», 2007.

  3. Өндірістік оқыту шебері. Есекеев Ж. К. (әдістемелік құрал)

  4. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарына қолдану. А. Әлімов  Алматы-2009ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет