Колледждердегі өндірістік оқытудағы белсенді әдістердің бірі – инновациялық технологиялар. Жалпы техникалық пәндердің мазмұны және пәндерді оқыту әдістемесінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Теориялық және өндірістік оқыту тақырыптары кәсіптік мамандыққа сай таңдалып, айырмашылықтары мен техникалық мамандық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.
Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың ақпараттық технологиялар жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырады. Белсенді оқыту әдістер: проблемалық әдістер; нақты жағдаяттарды талдау; жағдаят-проблема; жағдаят-баға; жағдай-иллюстрация; жағдаят-жаттығулар; семинар-дискуссия; іскерлік ойындар; дөңгелек үстелдер т.б.