«Жарнама құрастыру» ойыны
Білім алушылар шағын топтарға 5 адамнан бөлініп, ойында тауар жарнамалау ісімен айналысады.
Кішкене қобди ішіне білім алушылардың парталарынан алынған әртүрлі заттар (автокөлік бөлшектері, құрал-саймандар, электр жабдықтары, т.с.с.) салынған. Әр топ өкілі қобди ішінен бұл заттардың біреуін суырып алғаннан кейін, берілген уақыт ішінде (8-10 минут) топ мүшелері сол затқа жарнама (мәтін, ұран немесе слоган, плакат, т.б.) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындықты жиналғандарға көрсетуі («ойнап шығуы») керек. Бұл әдісті өндірістік сабақтың басында, өткен тақырып бойынша білім алушылардың алған білімдерін бағалау мақсатында қолдануға болады.
«Сase-study» - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.
Ағылшын тілінен аударғанда, «кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді (бұл жерде оны «қапшық», «сөмке», «шабадан» деп аударудың қисыны жоқ). Сонда «кейс» деген сөз біздің ұғымымызда жағдаятты (ситуацияны) сипаттауды, суреттеуді білдіреді. Ол қандай да бір субъектің (мәселен, фирма, кәсіпорын, ұйым, аймақ, т.б.) тарихын (пайда болуы мен өсуі) және даму нәтижелерін сипаттайды. Ал кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).
Достарыңызбен бөлісу: |