Ашық тәрбие сабақ хаттамасы
Parasat Aj мектебінде
8«с» сыныбында «8 наурыз халықаралық әйелдер» тақырыбында өтілген
Елтаев Оралдың
Тәрбие сағатына
Хаттама
Күні: 07.03.23ж
Өтілген орны: Parasat AJ мектебі
Қатысушылар: Сынып жетекшісі-Абдалиова Эльмира практиканттар.
Күн тәртібінде:Parasat aj М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Тарих және Педагогика» факультетінің 4-курс студенті Елтаев Орал «8 Наурыз халықаралық әйелдер күні»атты тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының қорытындысы.
Пікір айтушылар:
Абдалиова Э
Елтаев Орал «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» атты тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының мақсаты оқушылардың тәрбиелі, ақылды, ізетті, парасатты, мейірімді азамат болып қалыптасу үшін отбасының ролі өте үлкен, олардың болашақта өз өмірін қалыптастыру да, өмірде өз орнын тауып, білікті маман болудада отбасы маңызды роль атқарады. Тәрбие сағаты жоғары денгейде өтті.
Жылқайдар Н - студент: Орал ашық тәрбие сағатын жақсы денгейде өтті, шебер ұстаз болатынына сенімдімін.
Қаулы: Практикант Елтаев Орал «8 – Наурыз халықаралық әйедер күні» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатына «өте жақсы» деген баға қойылсын.
Сынып жетекшісі
Студенттің жеке тапсырмасы
Ақыл — ой әрекетінің тәсілдері оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында, елеусіз көрінеді. Дағдылардың әрбір тобын игеру қарапайым ұйғарымдарды орындауды талап етеді. Ойлау әрекетінің алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5 сыныптардан бастап қолданады. Мұғалім оларды тархи оқиғаларды кім? (не?) қандай? неге? қалай? не үшін?деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға үйретеді.
Теориялық материалды оқып-үйрену тәсілдерінің жүйесіне сөздік-үғымдық ойлау тәсілдері де енеді. Оған талдау және жинақтау, салыстыру, топтастыру, дәлелдеу, ең маңыздысын бөліп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау әдістері жатады.
Окушылардың ақьш-ой дағдылары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделене түседі. Олардың негізгі тізімі мынадай: 5 сыньш — жеке оқиғаларды салыстыра алу, деректерді суреттеу дағдылары; 6 сынып — тарихи деректерді жинақтап, талдап, қарапайым қорытындылар жасау, елдерді табиғи жағдайларын, еңбек, мәдениет ескерткіштерін салыстырмалы түрде суреттей алу; 7-сынып — қоғамның әлеуметтік топтарының басты белгілерін анықтау; бір үлгідегі құбылыс, процестерді салыстыру; оқиғалардың себебін жинақтап, маңызын анықтау; өз тұжырымдарын түрлі дерек көздерімен дәлелдеу;
Іскерлік пен дағдыны жүйелеу
Оқушылардың оқу жүмыстарының тиімділігі мен нәтижелігін арттыру үшін бірқатар әдістемелік шарттар орындалуы керек.
Оқу қолдан келетіндей оңай, бірақ жеткілікті деңгейде қиындықпен игерілетіндей болуы тиіс.
2.Оқъггуды оқушылар үшін түсінікті, әрі сол процестің өзін қызықты етіп жүргізу тиімді.
Қолдан келердей оқу міндетгері тапсырманы орындауға ынталандырып, оқушының білімге деген ықыласын оятады.
Оқъпудьщ тиімділігі оқушылардың деректік материалды игерумен бірге теориялық қорытындылар мен жинақтаулар жасай алуы да ескеріледі.
5.Сабақ материалы мүмкіндік берсе, қоръггындъны дайьн күйінше ұсынуға болмайды.
6.Дерекгерді жинақтау негізінде оқушыларды дербес, өздігінше қорытынды жасауға бағыттау керек.
7.Оқьпу тиімділігі мен оның қарқыны арасында өзара байланыс бар. Қарқынның жылдам болуы оқушылардың материал мазмұнын игеруін өте аз уақыт қалдырса, қарқынның тым төмен болуы олардың ойлауының дамуын тежейді.
Оку жумысыныц тәсілдері дегеніміз сипаты әртүрлі тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді қүрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның, жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жүмысының тәсілдері сөздік-жазулық немесе кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсілдерді көруге, естуге болады. Сол арнайы тәсілді қолданғанда оқушының жіберген қатесін түзетуге және соның көмегімен оқу материалын тиянақты игеруіне көмек жасалады.
Тарихты оқу барысында оқушылардың. бойында оқу еңбегінің, соның ішінде ең, алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптасады. Олар тарихи материалдың мазмұнын игеруге бағытталған қисындық операцияларды атқарады (тарихи мәтінге талдау жасау, тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтап, қорытынды жасау). Оқушылардың ақыл-ой дағдыларының деңгейі жоғары болған сайын олардың қисынды ойлау деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Ауызша баяндау — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Үғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғы шарттары) мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының зандылығы ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
салыстыру, қатар қою, үқсату, жарқын мысалдар қолдану;
жүйелілік.
Ауызша баяндау — окьіту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жүмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оңу материалының күрделеніп, оқушылардың аңыл-ой жүмы-сының мүмкіндіктері өскенде бүл әдіс кіші жастағы оңушы-лармен жүмысңа ңарағанда көбірек қолданылады.
Ауызша баяндау әдісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп, есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше танымдық әрекетін шектейтіндігінде.
Ауызша баяндау әдісінің артықшылықтары:
ес пен тілді дамытуы;
оқушылардьщ оңу-танымдық қызметін белсенді етуі;
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс.
Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген жеке қабілеттерін қалыптастыру.
Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бүл әдіс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейді.
Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда «жасалынған, іске асқан» деген үғымды білдіреді. М. Горький «дерек үйретеді, тәрбиелейді» деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтын фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азатгық қозғалыстың жеке дерегі.
Дерек қайталанбайды, оны бақылау, қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Бүл оның өзіндік ерекшелігі. Тарихты тану -роцесінде деректің мақызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу — тарихи танымның құралы.
Нақты деректермен тарихи материадцы баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы — негізгі, Курск шайқасы — қосалқы дерек.
Сабақта деректі қолдану үшін оның гылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін айқындау қажет. Орта буын сыныптарында дерек бейнелі, эмоциялы болса, жоғары сыныптарда ол құжатқа сүйенген, дәлелді болуы тиіс.
Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерок Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісін жатқызуға болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда, нақты адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып уйрену оқушылардың тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмектеседі.
Құбылыс деп нақты дерекке қатыссыз, орыны, қатысушылары, уақыты көрсетілмсгсн жалпыұғымдарды (революция, көтеріліс) айтамыз. Бұл жағдайда ревоолюция -қоғамдық дамудың сапалық өзгерісі, ал көтеріліс — бұқараның қарулы бас көтеруі. Тарихи қүбылыстар белгілі бір тарихи кезеңнің. немесе дөуірге тән сипатгы белгілерін танытады.
Дәріс — мүғалімдер соңғы уақытга жоғары сыныптарда дөріс оқуға әуестеніп алды. Дегенмен, әдістеме ғылымы классиктерінің мсктеп дәрісі — мазмүндау нысаны емес, тарих сабағының бір түрі, оны жүргізудің ерекше әдісі деген түжырымы естен шыкдауы керек. Сондықтан мектеп дәрісі ерекше өдістемені қажет етеді. Өйткені айтылғанды жазып отыру үшін дөріс тындау нәтиже бермейді. Дөріс барысында кітап оқығанда және кітапты конспектілегенде атқарылатын жүмыстар жасалуы тиіс. Дәрістің мақсаты — тындау, талдау, басты мөселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту. Сол үшін бастапқы кезде оқушыларды тарих оқулығын конспектілеуге үйрету қажет.
Келесі кезекте оқушыларды ауызша сөзді конспектілеуге үйретуге болады. Түсіндірудің алдында мүғалім оқушыларға түсінікті және жазбаларының бірізді болуы үшін қысқаша жоспарды айтып жаздырады. Материалдың белгілі бір бөлігін баяндаған мүғалім оқушылардың қатысуымсн нсгізгі ойды айқындайды, жазатын мәтіннін, нобайьш жасайды. Матсриалды баяидау барысында оқушылардьщ жазу жылдамдығын кдцағалау қажет. Оқуіиылардьщ қалай жазып отырғанын да эр кез қадагалау орынды, қажет болса жазтан мәтінін оқыту, қатесі болса түзету, тіпті жазу барысында қандай сөздерді қысқартуі’а болатындығы ескертіледі. Олар келссі сабақта ез жазбаларын окл отырып, басты мөселенің қайсысы назардан тыс қалғандығын, екінші кезекгсгі қандай деректерді жазбай қоюға болатындытъша көз жеткізеді. Мазмүнына және дидактикалық міидстіис байланысты мсктсп лекциясы мынадай түрге бөлінеді. 1) курс бөлімінің негізгі мәселелерімен алғаш рет таньтстыратын кіріспе лекция; 2) теориялық материал және негізгі деректердіі қамтитын тақырыптық дәріс; 3) тарих курсы бойъшша негізгі мәселелерді оқушылардьщ жадында жаңғыртатын қайталау — жинақтау дөрісі. Кейде дөріс мазмүны оны тыңдау барысында жаңа тарихи деректер, жақа үғымдар мен есімдерді арнайы кестеге енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Оқыту құралдары құрылымына байланысты екіге бөлінеді. Олар :
Материалдық құралдар : оған оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, көмекші оқу құралдары, таблица, модельдер, макеттер, көрнекі құралдар, ТСО, оқу-лабараториялық жабдықтар, жиһаз, оқу бөлмесінің жабдықтары, микроклимат, оқу кестесі т.б. оқытудың материальдық-техникалық жағдайлары жатады.
Оқытудың идеалдық құралдары : оқытушы мен оқушының меңгерген білім, білік, дағдыларын жаңа білімді меңгеруде қолдануын айтамыз. Оған: сөз, жазу, шартты белгілер, сызбалар, диаграммалар, сызу, өнер туындылары т.б. жатады, яғни мәдени мұраны, жаңа мәдени құндылықтарды меңгеру.
Коммуникациялық құралдардың үш түрі бар:
Лингвистикалық ( ауызша және жазбаша сөз).
Семиотикалық ( белгілер, графиктер т.б.).
Паралингвистикалық ( жест, мимика).
Оқыту барысында материалдық және идеалдық оқыту құралдары қолданылады. Ойлау іс әрекеті идеалдық оқыту құралдары арқылы іске асса, ал жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқытушы құралдарды көрнекілікті қолданып түсіндіреді, яғни материальдық оқыту құралдарын қолданады. Мысалы, таблицалар, сызбалар, дидактикалық таратпа материалдары т.б. көбіне жеке оқушымен жұмыста қолданылады.
Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады.
Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар : иллюстрация әдісі және демонстрация әдістері.
Демонстрация әдісі (көрсету) — түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :
Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.
Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.
Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :
көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.
көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.
көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.
көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.
сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.
Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:
Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.
Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.
Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |