Өндірістік тәжірбиелік есеп


Жұқпалы ауруларға қарсы алдын алужәне емдеу шаралары



бет3/4
Дата18.10.2022
өлшемі2,78 Mb.
#43981
1   2   3   4
2.4. Жұқпалы ауруларға қарсы алдын алужәне емдеу шаралары
  • Шаруашылықта кездескен аурулардың бірі – сарып (некробактериоз). Некробактериоз негізінен сирақ бақайының іріңдеуі және өліеттенуі арқылы етекшеленетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы – Bacterium necrophorum бактериясы микробының қатерлі әсерінен пайда болады. Бұл жұп-жұқа анаэробты, қимылдамайтын, бактериялық спора тудыра алмайтын микроорганизм. Жағындыда жіп тәрізді, дөңгеленген, ұзын немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәрізді әр түрлі пішінде кездеседі. Микроб тек қана ауасы жоқ жағдайда Китт-Тороцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Бактерия бір проценттік формалиннің ерітіндісіннен немесе карбол қышқылынан тез жойылып кетеді.
    • Клиникалық белгілері: малдың жалпы жағдайы нашар, азыққа тәбеті жоқ, тек сұйық азық қабылдап арықтаған, болмашы қозғалыстың өзіне ауырсынады, сықырлау байқалады. Мал зақымданған аяғын баса бергенде ақсайды. Оның тұяғын қысқышпен тексеріп көргенде, тұяқтың зақымданған жері ауырады және оның сәл қызуы бар. Табанның мүйізді қабығы теңбіл сары не қызғылт сары түсті болып тұр. Онда тұяқтың табан мүйізі құрғап, сынғыш болып, тұяқ қабырғасы сақина тәрізденіп, бұдырланып тұр.
    • Көрсетілген ем шаралары: ауырған мал бөліп алынып, құрғақ қорада ұсталынды. Ең алдымен дертке шалдыққан ұлпаларды тазалап, өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора бөлінділерін аластап, 3%-дық сутегі асқын тотығы, 1%-дық мыс купоросы ерітіндісімен жуып, деготь берестовый немесе чеми спрей сеуіп дәке бинтімен орап қойдық. Бұлшық етке нетокс (тетрациклин) 40 мл және тетравит ерітіндісін 15 мл тері астына жіберілді.
    • Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу.
    • МТФ бөліміндегі 130 бас ІҚМ-ға пастереллезге қарсы вакцина егілді. Вакцина арнайы шприц-автомат Шилов құрылғысының көмегімен салынды. 20 күннен 3 айға дейінгі жас төлдерге 1 мл, 3 айдан жоғары жастағыларға 2 мл, 1 жылдан жоғары жастағыларға 3 мл тері астына ектік.
    • Сүтті комплекс бөлімінде 300 бас ІҚМ-ға қарасанға қарсы вакцина егілді. Инъекция орнын арнайы 70% этил спиртімен өңдеп, бұлшық етке 2 мл жиберілді.
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет