Өндірістік тәжірбиелік есеп


Ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі



бет2/4
Дата18.10.2022
өлшемі2,78 Mb.
#43981
1   2   3   4

Ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі.

  • 2.2. Індетке қарсы алдын алу шаралар 
  • Санитариялық тұрғыдан мал шаруашылығы жабық кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан территориясы қоршалған, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылады. Қорғанның биіктігі 180 см. Қоршаудың сыртынан ені 1 м, тереңдігі 1,5 м ор қазылған. 
  • Ішке қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп әкелгенде), дезтосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар ветсанөткелік арқылы өткізіледі. 
  • Дезинфекциялық тосқауыл формальдегидтің сілтілі ерітіндісімен толтырылған. Яғни 3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий құйылған. Ерітінді тұратын бөлігінің тереңдігі 40см.
  • Дезинфекция 
  • Шаруашылықта әр сейсенбі сайын жануарлар тұяғына алдын алу дезинфекция жүргізіледі. Ол үшін екі 400 л ванна пайдаланылады. Біріншісіне 10 л формалин ерітіндісін 600 С ыстық суға араластырылады, ал екіншісіне 200 грамм тотияйын ұнтағын 600 С ыстық суға араластырып, малдарды ваннадан жүргіздік. Формальдегид мал тұяғын дезинфекциялайды, ал тоияйын қатайту қызметін атқарады.
  • 2.3. Акушерлік-гинекологиялық ауруларынемдеу
  • Өндірістік тәжірибе нәтижесінде мынадай акушерлік-гинекологиялық аурулар кездесті:
  • Желінсауды емдеу мына үлгі бойынша жүргізілді:
  • • Ауру малды оқшаулап алынды;
  • • Құнарлы азық пен шырынды азықты пішендемемен ауыстырылды;
  • • Берілетін су көлемін азайтылды;
  • • Әр 4 сағат сайын сауылды;
  • • Желініне массаж жасалды;
  • • Сиырларға Логвинов əдісімен желіннің нервісіне қысқа новокаин блокадасын жасалды, ол үшін 150-200 мл 0,5% новокаин ертіндісіне 500 мың әсер бірлік пенициллин қосылып, енгізу уақыты 48 сағатты құрады;
  • • Бұлшық етке окситоцин, питуитрин салынды;
  • • Желінді экссудаттан тазартқан соң емшек үрпісіне мастисан дәрісі енгізілді;
  • • Жалпы тонусын көтеру үшін 40%-дық глюкозаның 100-150 мл ерітіндісіне 10%-дық хлорлы кальцийдің ерітіндісін 10 мл, катазал 10 мл және кофеин ерітіндісінің 2 мл қосып күре тамырына енгізілді. 
  • • Емшек үрпісіне мастиет форте енгізілді.
  • Емі. Малға құнарлы азық берді. Тәулігіне 3-4 реттен 4-5 күн бойы стрептомицинді 1 кг тірілей салмағына 3-5 мың ЕД бұлшық етке салды, күре тамырға норсульфазолдың, стрептоцидтің 5-10 пайыз ерітіндісін 100-150 мл шамасында берілді, Мосин блокадасын жасалды, қынапқа ыстық ерітінділер құйып ванна жасалды. Сонымен қатар қынапқа сидр препараты енгізілді.
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет