Өндірістік тәжірбиелік есеп



бет4/4
Дата18.10.2022
өлшемі2,78 Mb.
#43981
1   2   3   4
Аллергиялық реакция. 
  • ІҚМ-ға туберкулез ауруына алдын ала диагноз қою үшін аллергиялық реакция жүргізілді. МТФ бөліміндегі жалпы 527 ірі қара малға 2 күн ішінде аллергиялық реакция жүргіздік. Ол үшін туберкулез қоздырушысының өсіндісінен алынған дәрмек – туберкулин қолданылды. Туберкулин ірі қара мал мойнының ортаңғы үштен бір бөлігіне тері астына арнайы инесіз инъектор құрылғысы арқылы жіберілді. Туберкулин жіберетін жердің жүнін қырқып, 70% этил спиртімен сүртіліп егілді.
    • Аллергиялық реакция. 
    • ІҚМ-ға туберкулез ауруына алдын ала диагноз қою үшін аллергиялық реакция жүргізілді. МТФ бөліміндегі жалпы 527 ірі қара малға 2 күн ішінде аллергиялық реакция жүргіздік. Ол үшін туберкулез қоздырушысының өсіндісінен алынған дәрмек – туберкулин қолданылды. Туберкулин ірі қара мал мойнының ортаңғы үштен бір бөлігіне тері астына арнайы инесіз инъектор құрылғысы арқылы жіберілді. Туберкулин жіберетін жердің жүнін қырқып, 70% этил спиртімен сүртіліп егілді.
    • Реакцияның нәтижесін 72 сағат өткен соң, кутиметр өлшеуішінің көмегімен өлшеп, терінің қатпары маңындағы туберкулин жіберілмеген жердегі тері қатпарымен салыстырғанда 3 мм және одан артық қалыңдағанға «оң» деп, ал 3 мм төмен болғандарға «теріс» деп нәтиже қойылды. Жалпы 527 ірі қара малдың 30 басы күдікті нәтиже берді. Ол күдікті малдармен арнайы ҚҒЗВИ шақыртылған мамандар тексеру жұмысын жалғастырды.
    • ҚОРЫТЫНДЫ
    •  
    • Қорытындылай келе, мен өндірістік тәжірибемді атқару барысында университет қабырғасынан алған теориялық білімімді практика жузінде іске асырдым. Бұл тәжірибе кезінде ауыл шаруашылық жануарларымен кунделікті жұмыс жасап, үйренуге дағдыландым. Бұл жұмыстар жүргізу абай болуды, тиянақтылықты сонымен қатар, сабырлықты қажет ететін жұмыс екенін түсіндім. 
    • Тәжірибемді атқару барысында мал дәрігерлерінің атқаратын жұмыстарымен, мідеттерімен және сонда жұмыс жасайтын көмекші мамандарының жұмыстармен таныстым.
    • Пайдаланған әдебиеттер:
    •  
    • 1. М.Н. Жоланов, Қ.У.Қойбағаров, О.Т.Туребеков, М.Ә.Мадияров «мал акушерлігі және гинекологиясы» Алматы 2005
    • 2. М.Н. Жоланов, Қ.У.Қойбағаров, О.Т.Туребеков «мал көбею биотехнологиясы» Алматы 2009
    • 3. М.С. Сабаншиев «паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары» Алматы 2011
    • 4. Т.Сайдулдин «жануарлардың жұқпалы аурулары және аса қауіпті аурулар» Алматы 2015
    • 5. Молдағұлов М.А., Есходжаев Ө.К, Заманбеков Н.А.,Қожанов К.Н., Өтенов А.М., Боғыспаев А.Қ., т.б. «Жануарлар ішкі аурулары», Алматы, 2010
    • 6. Ілиясов Б.К «Алғашқы ветеринариялық жәрдем» Алматы 2001 ж
    • 7. К.Н. Қожанов «Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей 2005жыл (120)
    • 8.Ильясов Б.К., Ильясов А.Б. «Ветеринариялық хирургия», Алматы, 2012 
    • 9. http://kazmedic.kz/
    • 10. Бияшев К.Б., Толысбаев Б.Т. Ветеринариялық микробиология және иммунология. Алматы, 2014ж.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет