ҚОРЫТЫНДЫ Тəжірибе барысында осы оқу жылы көлемінде жинаған білімімді тəжірибеда қолдандым. Толығымен «СК АБСОЛЮТ» ЖШС-ның кəсіпорын экономикасын, ұйымдық басқаруын, қаржылық есебін құрдым.
Есеп бөлімдерге бөлінгендіктен, əр секцияда мен кəсіпорынды іздестірдім жəне оған жағдай жасауды жөн көрдім. Есепті кезеңде басқа салаларды зерттедім. Есептің сенімді көздерін табуға тырыстым. Мен баяндамаға енгізілген мəліметтерді интернет, кітаптар мен оқулықтардан енгіздім.
Жалпы нарықтағы орнын зерттеп, 1-бөлімінде ЖШС толық танысып, 2-бөлімде тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағаладым. Есептеменің 3-бөлімінде мен «СК АБСОЛЮТ» ЖШС-ның экономикасын қарастырдым. Есептеме барысында көптеген тəжірибе алдым. «СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің негізгі қызметі газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асырады.
Тəжірибеден өту кезінде көптеген компаниялар зерттеліп өз компаниямыздың жұмыс сапасы жоғарылаған болатын. Компанияда арнайы басқару əдістемелері құрылған. Жəне де жұмысшылар үшін арнайы ынталандыру жұмыстары құрылды.
Қысқаша айтқанда өндірістік тəжірибесінен көптеген қызықты əрі өмірде қолдануға болатын мəліметтер алынды. Тəжірибеден өті кезінде компанияны қалай құру керек, жұмысын қалай ұйымдастыру керек, жұмысшылардың жұмысын қалай ұйымдастыру керек деген сияқты күрделі сұрақтарға жауап табылды. Осы өндірістік тəжірибесінің арқасында мен теориямды ары қарай жетілдірдім.
Ұйымды адамдарға жеке өздері жасай алмағандарын ұйымдасқын түрде жүзеге асыруға мүмкүндік беретін, мақсатқа жету тəсілі ретінде қарастыруға болады. Ұйымның болуы үшін кем дегенде екі мүшесінің болуы керек жəне олардың бір мақсатқа бағытталуы тиіс.Ұйымның негізгі мақсаты табыс пайда табу болып табылады, жетістікке жету персоналдарды тиімді басқару, ынталандыру процессін жоғарғы деңгейде жүзеге асыру.
Есеп берудің үшінші бөлімінде жалпы ұйымды басқару бойынша топ басшылық тəртіп,жұмыс əдебі,бизнес қатынас тағы да басқа менеджердің басты міндеттерін еске алып өз кəсіпорнымда қалай жүзеге асатынын зерттеп өткен болатынмын.