«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің қысқаша мінездемесімен танысу
Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Мемлекет заңына сəйкес құрылтай құжаты жарғы мен құрылтай шарты болып табылады. Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куəландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Бұл құжаттар банктер, салық, төрелік сот, əділет жəне рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Жарғының деректемелері:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі.
3. Мəтіннің атауы.
4. Жарғының мəтіні.
5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.
Жарғының негізгі деректемесі – мəтін, ол саны мен рет тəртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мəтінде келесі мəліметтер беріледі:
- жалпы ережелер (ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы);
- қызметінің мақсаты мен мəні;
- серіктестік қатысушыларының құқықтары, міндеттері жəне жауапкершілігі;
- мүлкі, қорлары, табысы;
- басқару жəне бақылау органдары;
- жұмысшылардың еңбегі, жалақысы жəне оларға берілетін əлеуметтік кепілдіктер; - есепке алу жəне есеп беру;
- дауларды шешу; - қызметін тоқтату.
Жарғының деректемелері:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі.
3. Мəтіннің атауы.
4. Жарғының мəтіні.
5. Фирма атқарушы органы басшының қолы.
Жарғынының негізгі деректемесі – мəтін, ол саны мен рет тəртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады.мəтінде келесі мəліметтер беріледі:
– Жалпы ережелер (ұйымдық – құқытық нысаны, атауы, мекен – жайы ) – Қызметінің мақсаты мен мəні;
– Серіктестік қатысушыларының құқықтары, міндеттері жəне жауапкершілігі;
– Мүлкі, қорлапы, табысы;
– Басқару жəне бақылау органдары;
– Жұмысшылардың еңбегі, жалақысы жəне оларға берілеті əлеуметтік кепілдіктер;
– Есепке алу жəне есеп беру;
– Дуларды шешу;
– Қызметін тоқтату.
Кәсіпорынның тарихы мен даму болашағы
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-і 2019 жылы негізі қаланған. Осы уақыт аралығында кәсіпорын өз мақсаттарына жетіп, бүгінгі күні қарқынды жұмыс жасауда.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің негізгі қызметі газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асырады, атап айтқанда:
1. тауарлық газды бөлшек саудада өткізу;
2. тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларға арналған газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету;
3. жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
4. құрылыс-монтаж жұмыстары.
Компания сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қаржылық және салықтық жоспарлау, инвестициялар мен несие бойынша қызметтер ұсынады.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің басты мақсаты – клиенттері мен қызметкерлерінің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін озық қызмет көрсететін кәсіпорынға айналу.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің миссиясы: клиенттері мен қызметкерлері үшін сенімділік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып, кәсіпорын өз мақсаттарын жүзеге асыруына мүмкіндік жасайды және аудиторлық кеңес беретін компаниялар арасында үздік кәсіпорын атану.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-і аудиторлық компаниясының маңызды жұмыс қағидалары болып мыналар табылады:
Талаптарды орындау және клиенттердің үмітін ақтау;
Клиенттің әрқайсысының жеке бабын табу;
Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу барысында жеңілдіктер жасау;
Қызмет көрсету сапасының кепілді сақтандырылуы;
Стратегиялық ойлау;
Көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі арттыру және тағы басқалары.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің стратегиялық негізгі бағыттары:
Үздік сервис көрсететін аудиторлық компания;
Мақсатына сай кіріс алатын, тұрақты қызмет көрсететін кәсіпорын болу;
Қызметкерлер үшін ең жақсы жұмыс орны.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
Қызмет көрсету жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі қызметтерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және қызмет көрсету сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен борге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
Кәсіпорын мемлекеттің нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады. Ақырғы санында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі деңгейі жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл ауқатының деңгейіне байланысты болады.
Нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес, жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді. Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсат мына төмендегілерден тұрады: кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі экономикаларын қарау; алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудың жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу; мемлекеттің әр түрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасыны мен ұйымдарының ерекшеліктерін зерделеу.
Кәсіпорынның түрі мен құрылымы
Өндірістің алғашқы нысаны жұмыс орны болып табылады. Бұл өндіріс алаңын дайын өнімді сатуға дайындау және өндірістік процесте қызметтер көрсету жөнінде бір немесе бірнеше жұмысты жүзеге асыратын операцияларды лайықты еңбек құралдарымен қамтамасыз етудің бөлігі. Жұмыс орнының топтары аяқталып біткен өндірістік процесте өнім бөлігін дайындауда немесе технологиялық процестерді жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелерде қылыптасады.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үш түрі болады:
өндірістік жеке дара түрі - өнімдердің алуан түрін және тұрақты емес номенклатуралы өнімдерді арнаулы жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы, кеме жасау, ірі турбиналар, кен қазу жабдықтарын дайындау.
өндірістің сериялық түрінде – кезең-кезеңімен қайталанатын партия бұйымын дайындауды сипаттайды немесе кең номенклатуралы, біртектес өнімдерді бір уақытта сериямен шығаруды көздейді.
жаппай өндіріс түрі – ірі көлемде шектелген номенклатура бойынша көп мөлшерде шығарылатын өнімді сипаттайды. Жаппай өндірістегі кәсіпорынды басқа түрлерімен салыстырғанда онда еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, ең төменгі өзіндік құн және өндіріс циклының қысқа мерзімі, өндіріс жетістігі сияқты тиімді көрсеткіштерге қол жетеді.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС заңды тұлға болып табылады, өз қызметімен байланысты құқықтарға ие және міндеттемелерді орындайды. «СК АБСОЛЮТ» ЖШС өзінің Жарғысына сәйкес нақты ұйымдық құрылым негізінде басқарылады. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын ұйым дербес анықтайды.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС өндірістік құрылымы жеке бөлімдерге бөлінеді және еңбек бөлінісінің сипатын көрсетеді, бұл кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді. Өндірістік бірліктердің құрамы, мөлшері, олардың пропорционалдылық дәрежесі, кәсіпорын аумағында орналасудың ұтымдылығы, өндірістік қатынастардың тұрақтылығы өндіріс ырғағы мен өнімнің біркелкілігіне әсер етеді, өндіріс шығындарын және сәйкесінше кәсіпорынның таза кірісінің деңгейін анықтайды.
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-нің ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың ара қатынасы және өндірістік құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Сурет 1 - «СК АБСОЛЮТ» ЖШС ұйымдық құрылымы
Жұмысшылардың қызметтік инструкциясы - белгілі бір лауазымда қызметті жүзеге асыруы кезінде ұйым қызметкерінің негізгі функцияларын, ұйымдастырушылық-құқықтық құжат.
Қызметтік инструкция - бұл белгілі бір ұйымда атқаратын лауазымындағы қызметкердің өкілеттілігін, жауапкершілігін және лауазымдық міндеттерін реттейтін ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжат. басшы немесе оның орынбасарлары өз қарамағындағылар үшін әзірлейді және заңгерлермен (заң бөлімімен) келісіледі.
Компанияның құрылымы - бұл оның ішкі байланыстарының, бөлімдерінің құрамы мен қатынасы. «ЭКОВТОР ЛТД» ЖШС өз қызметін желілік құрылым бойынша жүзеге асырады. Сызықтық құрылым басқару аппаратын тек иерархиялық баспалдақ түрінде өзара бағынышты органдардан құру нәтижесінде қалыптасады. Әр бөлімнің басында (маркетинг, коммерция, бухгалтерлік есеп, экономика және талдау және т.б.) барлық өкілеттіктерге ие және өзіне бағынышты қызметкерлерге жеке-жеке басшылық жасайтын, басқарудың барлық функцияларын өз қолында шоғырландыратын басшы бар. Көшбасшының өзі жоғары деңгейдегі басшыға тікелей бағынады. Сызықтық басқару құрылымының артықшылықтары: басқарудың бірлігі мен айқындығы; орындаушылардың іс-әрекеттерінің келісімділігі; басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыстардың нақты жүйесі;
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
«СК АБСОЛЮТ» ЖШС-де еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №278 бұйрығымен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұйрық белгілі шарттар қабылданған келесідей бөлімдер қарастырады:
Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі;
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Нұсқаулықтардың мазмұны;
Нұсқаулықтарды бекіту және қайта қарау;
Қорытынды бөлім.
Бұл бөлімдердің мазмұнын жалпылама түрде қысқаша сипаттай кетсек.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі үшін немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасайтын тізбеге сәйкес жұмыс орындарына арнап ұйымның мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Сондай-ақ, нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) тапсырысы бойынша шарт негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары жүзеге асыра алады.
Нұсқаулықтарды әзірлеу үшін қажетті дайындық жұмыстары:
Технологиялық процесті зерттеуді, ол дұрыс жүрген кезде және оңтайлы режимнен ауытқу кезінде туындауы мүмкін қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауды, сондай-ақ көрсетілген факторлардан қорғану шаралары мен жабдықтарды айқындауды;
Қолданылатын жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін айқындау;
Нұсқаулықты әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі материалдарды іріктеуді;
Тиісті жұмыстарды атқару кезінде пайдаланылуы мүмкін қорғану заттарының сындарлы ерекшеліктері мен тиімділігін зерттеуді;
Тиісті мемлекеттік органның сала кәсіпорындарындағы авариялар мен жазатайым оқиғалар нәтижелері жөніндегі ақпараттық хаттарын, өкімдері мен бұйрықтарын зерттеуді;
Ұйымдағы кәсіптің (жұмыс түрінің) осы түріне тән өндірістік жарақаттанудың, авариялық ахуалдар мен кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізуді;
Жұмыстың қауіпсіз әдістері мен жолдарын, олардың дәйектілігін, сондай-ақ нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдық іс-шараларды айқындауды;
Бекітілген нормалардың негізінде еңбек және демалыс режимдерін белгілеуді қамтиды.
Есепшот құрамы, аналитикалық, валюталық, сандық есеп ұйым есепшотында бухгалтерлік есепті жүргізу және есепшотта көрсетілген деректер заң талаптарына сай жүргізіледі. Қажет болған жағдайда пайдаланушылар қосымша қосалқы шот және аналитикалық есеп қимасын құруға болады.
Тұлғалардың электронды қондырғыларына қызмет көрсету жарамдылығы медициналық тексеру көмегімен анықталады. Сонымен қатар, тікелей жұмыс орындарында инструктаж өткізіледі. Инструкта өткізілгеннен кейін арнайы карточка толтырады. Бұл карточка жұмысшының жеке ісінде сақталады. Электронды қондырғылармен жабдықталған ғимараттардың көрнекті орындарына түсінікті, көрнекті тілде қауіпсіздік ережелері іліуі керек және олар оны міндетті түрде білуі керек.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді және олар қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіздік талаптарынан, ережелерден, рәсімдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау - мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар тарапынан өзіне тұрақты көңіл бөлуді талап ететін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе болып табылады.
Еңбекті қорғаудың қалыптасуының мақсаты - жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтау. Адамдар - ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өміріне қамқорлық жасау және сақтау кәсіпорынның жұмыс берушілерінің (басшыларының), барлық меншік иесі нысандарының ұйымдарының басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі - адам денсаулығының және өмірінің сенімді кепілі.
1. Еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
1.1. Осы Нұсқаулық көлік тасымалы жөніндегі маманға (бұдан әрі − қызметкер) арналған еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптарды көздейді.
1.2. Қызметкер өз міндеттерін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес орындауы керек.
1.3. Жұмыскерлерге мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі мүмкін: қозғалатын машиналар мен механизмдер; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы; өрт қауіптілігі.
1.4. Жұмысқа кемінде 18 жаста, арнайы білімі бар, медициналық тексеруден өткен, жұмыс орнында кіріспе және бастапқы еңбекті қорғау жөніндегі нұсқамалар, оқыту, тағылымдамадан өту және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өткен адамдар жіберіледі.
1.5. Қызметкер еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария бойынша талаптарды білуі және қатаң сақтауы қажет.
1.6. Қызметкер өзінің тікелей басшысына адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдай туралы, жұмыс орнында болған әрбір жазатайым оқиға туралы, денсаулығының нашарлауы туралы, оның ішінде жіті аурудың белгілері туралы хабарлайды.
1.7. Қызметкер: еңбек тәртібінің ережелерін және белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауға; осы жұмысты қауіпсіз орындау ережелеріне үйретілген жағдайда, оның міндетіне кіретін немесе әкімшілік тапсырған жұмысты орындауға; жұмыстарды орындаудың қауіпсіз тәсілдерін қолдануға тиіс; жабдықтарды, аппаратураларды, аспаптар мен құрылғыларды пайдалану мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік, нормативтік, әдістемелік құжаттарды білу; Жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану схемаларын, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, режимдерін білу; зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білу.
1.8. Қызметкер білуге тиіс: сала қызметі мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың қаулылары, өкімдері, бұйрықтары, басқа да басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдары; кәсіпорынның жарғысы және осы Нұсқаулық; жүктерді тасымалдау ережесі; жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттары; жүктерді ресімдеу қағидалары (оның ішінде кедендік); жүктерді тасымалдау шарттарына және орауға арналған стандарттар; қойма шаруашылығы: жабық және ашық қоймалардың түрлері, олардың құрылысы, мақсаты; жүктерді қорғау тәртібі туралы ереже; тиеу-түсіру жұмыстары кезінде еңбекті қорғау және өндірістік санитария қағидалары.
1.9. Темекі шегуге және тамақ ішуге осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат етіледі.
1.10. Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзуға жол берген адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
2. Жұмыс басталар алдында еңбекті қорғау талаптары
2.1. Тиісті нормаларда көзделген арнайы киім мен арнайы аяқ киімді, жеке қорғану құралдарын киіңіз. Жұмыс киімдері түймеленуі керек.
2.2. Жұмысты орындау үшін басшыдан тапсырма алыңыз.
2.3. Жұмыс орнының Жарық күйін тексеріңіз.
2.4. Жұмыс орнын тексеріп, өткелдерді босатыңыз және оларды бөгемеңіз.
2.5. Өртке қарсы Мүкәммалдың болуын және жарамдылығын, жеке қорғану құралдарының, электр жабдықтарының болуын тексеру.
2.6. Қауіпсіз жұмыс үшін жұмыс орнын дайындау: жабдықтың электр желісіне қосылуының дұрыстығын, электр розеткасының және басқа да электр орнату бұйымдарының жарамдылығын тексеру; компьютерлік техниканың жарамдылығын тексеру; қуат сымдарының жарамдылығын және сымдардың жалаңаш учаскелерінің жоқтығын тексеру; жабдықтың ішінде және айналасында бөгде заттардың жоқтығын тексеру; едендердің жай-күйін тексеру (шұңқырлардың, кедір-бұдырлардың, тайғақтықтың болмауы).
2.7. Өртке қарсы Мүкәммалдың бар-жоғын және жарамдылығын, жеке қорғану құралдарының, дәрі қобдишасының болуын тексеру.
2.8. Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар кезінде басшыға хабарлаңыз және олар жойылғаннан кейін жұмысқа кірісіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |