Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Сәтбаев Университеті
О. Бақоңыров атындағы тау-кен металлургия институты
Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ
6В07304– «Кадастр және жерге орналастыру » мамандығы
(мерзімі: 22.05.2023ж-18.06.2023ж.)
Орындаған:Абдрахым Рауия Бақытнұрқызы
Қабылдаған: Нурпеисова Маржан Б.
Алматы 2023 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
Өндірістік тәжірибе.........................................................................................4
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы – Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті...................................................4
Мекеме тарихы.............................................................................................4
Жерге орналастыру жобасы............................................................................5
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау тәртібі.................................................................................................5
Дайындық жұмыстары................................................................................6
Жерге орналастыру жобасын жасау...........................................................7
Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту..........................11
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................13
ПРАКТИКА КҮНДЕЛІГІ......................................................................................15
МІНЕЗДЕМЕ..........................................................................................................20
КІРІСПЕ
Мен «Кадастр және Жерге орналастыру» мамандығының студенті Абдрахым Рауия өндірістік іс-тәжірибемді 23 мамыр айынан 18 шілде айы аралығында Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» жұмыстары департаментінде іс-тәжірибеден өттім.
Бұл практикалық жұмысымды атқарғанда осы мекеменің барлық іс қағаздарымен,соның ішінде жерге орналастыру жоба жазбаларымен сондай-ақ ұйымдық құрылымымен танысып өткіздім.
Іс-тәжірибе мақсаты: теоретикалық білімді ары қарай тереңдетіп, бекіту, жерге орналастыру аймағында қажетті іс-тәжірибелік дағды мен іскерліктерге ие болу, мекеме жұмысының нәтижелерін объективті бағалау.
1.Өндірістік тәжірибе
Тәжірибе дегенiмiз- теориялық негізде жинаған бiлiмдi тәжiрибе жузiнде iске асыру болып табылады. Тәжiрибеге жинаған мәлiметтердi нақты бекiту үшін қолданылатын бірден бір жол болып табылады. Осы себеппен тәжірибені Алматы каласы бойынша «Азаматтарға арналған үкіметте» 22.05.2023 – 18.06.2023 ж.ж аралығында өттiм.
Тәжiрибедегi ең басты мақсаттарым-жерге орналастыру жұмысынын барысы мен құрылудағы максаты, жұзеге асырылу тәртiбiн, жер учаскесiн бiрнеше және ұзақ мерзiмдi жалға берумен танысу болды.
Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы»
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы жұмысы департаменті — жерге орналастыру жұмыстарын, жердің жай-күйіндегі өзгерістерді анықтау, өзгерістерге талдау жүргізіп, баға беру, болжам жасау және жағымсыз сипаттағы барлық үдерістердің салдарын жою үшін ұсыныстар жасау, мемлекеттік жер ресурстарының, қоршаған ортаның жай күйіне қатысты қажетті ақпаратты халыққа жеткізу, сондай-ақ, жобалау-іздестіру, топырақты зерттеу, геоботаникалық жұмыстарды жүргізіп, электрондық карталарын жасайды.
Мекеме тарихы
Депаратаменттің тарихы 1959 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты,жерге орналастыру қызметін бекіту және күшейту үшін Алматы қаласында Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында облыстық бөлімшелері бар (филиалы және экспедициялар) жерге орналастыру, зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын орындау жөніндегі «Қазгипрожер» мемлекеттік жобалау институты ашылуынан бастау алады.
1994 жылы «Қазгипрожер» институты өдірістік бөлімшелері мен «Ақмолагипрожер» жобалау институты Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО) РМК болып қайта құрылды.
(ЖерҒӨО) РМК орталығының Астана қаласына ауыстырылуына байланысты 2005 жыл (ЖерҒӨО) РМК Алматы филиалы құрылды.
2016 жылы ҚР Үкіметінің №39 қаулысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – «Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы» агрохимиялық, топырақ зерттеу және жер кадастрлық жұмыстар бойынша департаменті болып қызметін жалғастырды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2016 жылғы 29 маусымдағы №01-04-04/119 бұйрығына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес қоғамының екі филиалының бірігуі нәтижесінде және «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта құруға байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы — Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаменті құрылды.
Жерге орналастыру жобасы
с.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу жер учаскесін ретке келтіруге мүдделі тұлғаның (бұдан әрі – тапсырыс беруші) өтініші негізінде, және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болған жағдайда орындалады.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу:
1) жер учаскесін бөлу;
2) жер учаскелерін біріктіру (қосу);
3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
4) жер учаскесінің (шекараның) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерту;
5) желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жер беті, жер үсті және жер асты құбырлары, әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жер беті құрылысжайлары алып жатқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту кезінде жүзеге асырылады.
2.1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау тәртібі
Жерге орналастыру жобасын жасау рәсімі мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады:
1) дайындық жұмыстары (камералды және танаптық);
2) жерге орналастыру жобасын жасау;
3) жерге орналастыру жобасын қарау және келісу;
4) жерге орналастыру жобасын бекіту.
2.2. Дайындық жұмыстары
Дайындық жұмыстары кезеңінде жоспарлы-картографиялық материалдарды іріктеу, мемлекеттік жер кадастрында, жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттамаларда қамтылған жер учаскесі туралы мәліметтерді жинау және зерделеу орындалатын камералды жұмыстар жүзеге асырылады.
Белгiлi бiр жер учаскесi туралы мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн алу үшін Кодекстің 158-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға сұраным жіберіледі.
Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарауды әзірлеуші тапсырыс берушінің және жер учаскелері жобаланатын шекара бойында орналасқан үшінші тұлғалардың қатысуымен жүргізеді.
Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау нәтижелері жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау сызбасын дайындай отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау актісімен ресімделеді. Жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау актісіне әзірлеуші, тапсырыс беруші және жер учаскесін танаптық зерттеп-қарауға қатысқан үшінші тұлғалар қол қояды.
Дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде мыналар ескеріледі:
1) жер учаскесі мынадай сипаттамалар бойынша қалыптастырылады: орналасқан жері, нысаналы мақсаты, жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану, алаңы, шекаралары, жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, бөгде жер учаскелері туралы, жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар және сервитуттар туралы мәліметтер;
2) ауыл шаруашылығына арналмаған мақсаттарға берілетін жер учаскесінiң көлемі қызметтiң осы түрлерiне жер бөлiп берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады;
3) жерді аймақтарға бөлуге сәйкес нысаналы мақсатына және рұқсат етілген пайдаланылуына қарай күрделі құрылыстар орналасқан немесе оларды тұрғызу құқығы бар жер учаскесі жүріп-өтумен қамтамасыз етіледі. Жер учаскесіне қолжетімділік жеке сервитутты белгілеу арқылы ортақ пайдаланылатын жер есебінен де, өзге де жер учаскелері аумағының есебінен де қамтамасыз етіледі;
4) бөлінетін жер учаскесін бөлу кезінде жер учаскесінің нысаналы мақсаты сақталады және өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, құрылыс нормалары мен қағидалар сақталады.
Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсатта учаскелерге бөлуге жол берілмейді.
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың қала маңы аймақтарында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлуге жол берілмейді;
5) іргелес болып табылатын, нысаналы мақсаттары мен құқықтарының түрі бірдей жер учаскелері біріктіруге (қосуға) жатады;
6) жер учаскелерінің шекаралары қазіргі бар табиғи немесе жасанды шептермен (өзендермен, бұлақтармен, арналармен, орман алқаптарымен, жолдармен) негізделмеген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерінің жобаланып отырған шекараларының бұзылуына алып келетін жер учаскелерді қалыптастыруға жол берілмейді.
2.3. Жерге орналастыру жобасын жасау
Жерге орналастыру жобасы екі бөліктен қалыптасады: мәтіндік және техникалық.
Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігі қамтиды:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша титул парағын;
Нысан
Келісілді, тапсырыс беруші:
______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі немесе заңды
тұлғаның толық атауы)
20__ жылғы ___ ____________
|
Бұйрықпен бекітілді:
______________________________
(жер қатынастары жөніндегі
уәкілетті органның атауы)
20__ жылғы ___ ____________ №_____
|
________________________________________________________________________________
(жерге орналастыру жобасын әзірлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның жеке
сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Жерге орналастыру жобасының титул парағы
__________________________________________________________________________
(жерге орналастыру жобасының атауы)
Жер учаскесінің алаңы ____________________________________________________________
Жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы): _______________________________________
Жобаны орындаушы ______________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Әзірлеуші _______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
______________________________________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Мөр қою орны (бар болса)
Күні: 20__ жылғы ___ ____________
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімдемесін;
Жерге орналастыру жобасының тізімдемесі
Р/с №
|
Құжат атауы
|
Парақтар саны
|
Беттер нөмірі
|
|
Мәтіндік бөлігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық бөлігі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны:
|
|
Жүктеу
|
_________________________________________________________________________
(жерге орналастыру жобасын орындаушысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесін;
Тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесі
Р/с №
|
Құжат атауы
|
Парақтар саны
|
Ескертпе (көшірмелер, түпнұсқалар, формат)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жүктеу
|
__________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
________________________________________________________________________________
(құжаттарды тапсырған адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
_____________
(қолы, күні)
|
____________________________
(жерге орналастыру жобасын
әзірлеуді жүзеге асыратын жеке
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі немесе заңды
тұлғаның толық атауы)
(кімнен) ____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі немесе
____________________________
заңды тұлғаның атауы, жеке
сәйкестендіру нөмірі/бизнес-
сәйкестендіру нөмірі және
деректемелері)
____________________________
жеке тұлғаның немесе жеке
немесе заңды тұлға өкілінің
жеке басын куәландыратын
____________________________
құжаттың нөмірі және күні,
байланыс телефоны)
____________________________
орналасқан жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін)
не тұрғылықты
____________________________
жерінің мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін)
|
4)осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеуге арналған өтінішті;
Жерге орналастыру жобасын әзірлеуге арналған өтініш
Жаңа жер учаскесін қалыптастыру немесе қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру бойынша жерге орналастыру жобасын жасауды сұраймын: жер учаскесінің (шекаралардың) сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту; желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жер беті, жер үсті және жер асты құбырлары, әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жер беті құрылысжайлары алып жатқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту; жер учаскесін бөлу; жер учаскелерін біріктіру (қосу); мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою (керектісінің асты сызылсын).
Жер учаскесінің орналасқан жері (мекенжайы) _______________________________
Нысаналы мақсаты, жер учаскесінің алаңы _____________________________________
Өтінішке жер комиссиясының оң қорытындысы қоса беріледі.
Өтініш беруші _____________________________________________________________ (жеке тұлғаның немесе жеке немесе заңды тұлға өкілінің, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы)
Күні __________
5) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
Тапсырыс беруші уәкілетті өкіл арқылы жүгінген кезде:
заңды тұлғалар үшін: өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін;
жеке тұлғалар үшін: сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қамтиды;
6) жаңа жер учаскесін құру немесе оны ретке келтіру кезінде (елді мекендерде белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылыс құжаттамалары) қабылданатын жобалық шешімдердерді негіздеу үшін қажетті материалдар (құжаттар).
2.4. Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту
Жобаланып отырған жер учаскесі орналасқан жерінің МЖК ААЖ-ның графикалық деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізу үшін жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Жобаланып отырған жер учаскесі Кодекстің 121-бабында көрсетілген жерді ерекше шарттармен пайдаланудың белгіленген аймақтарының шекараларында орналасқан кезде, салыстырып тексеру жүргізу кезінде жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларын және жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарының шекараларына қабаттасу схемасы МЖК ААЖ-да олардың шекаралары болған кезде жасалады.
Жерге орналастыру жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен, тиісті қызметтермен келісу жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жүзеге асырылады не жер учаскесін келісу схемасында (жоспарында) мөрмен расталған хаттар (келісімдер, қорытындылар) және қойылған қолдар түрінде ұсынылады.
Жерге орналастыру жобасын келісетін мүдделі мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтерді жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен пайдаланылуына рұқсат етуге қарай уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте жерге орналастыру жобасын келісу жер, орман, су заңнамасы нормаларының, жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарай өртке қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, құрылыс және қала құрылысы міндетті нормалары мен қағидаларының сақталуы бөлігінде жүзеге асырылады.
Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскесі сұралған кезде жерге орналастыру жобасы орталық уәкілетті органмен және тиісті уәкілетті органмен (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен) келісіледі.
Мұнай мен газды кейiннен сақтау және көлiктiң басқа түрлерiне тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы үшiн жер учаскелерi сұралған кезде жерге орналастыру жобасы Қазақстан Республикасының мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен де келiсiледi.
Жерге орналастыру жобасы екі данада жасалады, оны жобаны әзірлеуші тігеді және нөмірлейді. Оның бір данасы жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосімен Кодекстің 158-бабының 5-тармағына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшесіне беріледі, екінші данасы – тапсырыс берушіге.
Мәліметтері "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесіне жатқызылған жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосі Мемлекеттік корпорацияда мұрағатқа сақтауда пайдаланылады және сақталады, тапсырыс берушіге беру кезінде жерге орналастыру жобасының құрамына салынбайды.
Жерге орналастыру жобасын бекіту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығының жобасы Мемлекеттік корпорациясының құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Өндірістік тәжірибеден өту барысында ұйымды басқару саласында негізгі практикалық білімдер мен дағдылар қалыптастырдым және оқылатын пәндер бойынша алынған білімдерімді бекіттім. Мен бастапқы және орта деңгейдегі менеджерлердің жұмысының мазмұнымен және табиғатымен таныстым.
Сонымен қатар, кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, оның құрылымы, қызметінің бағыттары, кәсіпорынның қызметіне қатысты жер-кадастрлық іс құжаттары, қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қалай атқарылатыны туралы ақпараттармен таныстым.
Осы тәжірибені қорытындылай келе, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы –департаментінне алғысымды білдіргім келеді. Себебі, маған көптеген тәжірибе берді және үйретті. Жерге орналастыру маманының жұмысы оңай емес және де қиын деп те айта алмаймын, әр нәрсенің, жұмыстың өзінің қиыншылықтары болады. Адам сол қиыншылыққа шыдай білу және төзе білу керек. Жұмыс, тәжірибе жайлы айта кетсем, мен есептерді санап, жер-кадастрлық істер жүргізу тәртібін үйрендім. Архивтерді тазалап, отчет жазып, жер-кадастрлық объектісін тексердім. Әрине, толығымен жұмыстың бәрін үйрене алмайсың, бірақ соның өзінде маған бір үлкен тәжірибе және сабақ болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласындағы филиалы – Агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы _________________________ Қалибекова А.С.
17.06.2023 г
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Экономикалық теория негіздері: оқулық. Алматы ,,Санат,,2003ж
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы
СІЛТЕМЕЛЕР:
https://zanmedia.kz/
https://adilet.zan.kz/kaz/
Достарыңызбен бөлісу: |