Қ.А.Яссауи бұл жалған дүниедегі еш нәрсеге құмартпай, Алла тағалаға толығынан беріліп, Оны барлық жан-тәнімен сүюге шақырады.
Дж.Бруно сүйіспеншілікті лаулаған ыстық дүниетануға деген құмартумен теңейді. Адам неше түрлі қайғы-қасірет пен болашақ өлімнен тайсалмай, Дүниенің сиқырлы күштерін ашып, шаттық сезіммен шексіз де сарқылмайтын құдіретті Табиғатпен бірігеді.

Р.Декарт «Жанның құмартуы» деген еңбегінде: «Сүйіспеншілік - дегеніміз рухтың ықпалындағы жанның қобалжуы, сүйетін зат пен жан ерікті түрде қосылады да, басқалардан ажырайды», - дейді.

Декарт сүйіспеншіліктің түрлерін көрсетуге тырысады.

Сүйген жанға жақсылық тілеу және осы жолда өзін құрбан етуге дайын болу.
Неміс ойшылы В.Лейбниц «достық-сүйіспеншілікті» бірінші орынға қояды.

В.Шеллинг сүйіспеншілікті ғарыштық тұрғыдан қарап, оны дүниежүзілік Абсолюттің іс-әрекетінің негізгі қағидасына айналдырады. «Сүю дегеніміз сүйіктіні тілеу ғана емес, сонымен бірге өзін соған кұрбан етуге дайын болу», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Гегельдің ойынша, шынайы сүйіспеншіліктің мәні - өзіндік санаңнан бас тартып, өзіңді басқаның «менінде» ұмытып, сонымен қатар осы жоғалту мен ұмытуда өз-өзіңді алғаш қайтадан тауып, өзіңмен болу.

Л.Фейербах: «Адамға деген сүйіспеншілік адамның ең жоғарғы да бірінші заңы болуға тиіс», - деген тамаша ой айтады.