Өнер Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата24.05.2023
өлшемі86,92 Kb.
#96835

Өнер Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі






МЕНІҢ СҮЙІКТІ БІРЛЕСТІГІМ
«Оқыдық, талпындық, ізден­дік, спортпен айналыстық, қоғамдық жұмыстарға да қатыстық. Қалай болғанда нәтижеге жетуге тырыстық. Соның ішінде адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен. Сол білімді лайықты түрде ұрпақтарымызға жеткізіп жүрмізбе? - деген сұрақ барлығымыздың көкейімізде...»
Бүгінгі таңда елімізде білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.
Шығармашылық ізденіс – шеберлік шыңының баспалдағы. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізу болғандықтан бірлестік тақырыбын оқушылардың , мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында таңдадық.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, білім сапасын көтеру» тақырыбындағы біздің бірлестіктің мақсаты: мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне жағдай туғыза отырып, жан-жақты дамыған өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу және сапалы білім беру жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану. Осы мақсатқа жету жолында бірлестікте таныстыру, толықтыру, бағыттау, түсіндіру, көмектесу, жағдай жасау бағыттары бойынша жұмыс жасап келемін. Жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірлестік мүшелерінің жеткен жетістіктері көп, солардың бірі Мырзалиева Гүлшаһар өткен оқу жылында іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылып «Білім шыңы – ғылым сыры» журналында үздік сабақтар қатарына енді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновты үлгі тұтамын. Өзінің бостандыққа шыға алмайтынын, жеке басының болашағы болмайтынын білсе де, халқының болашағы үшін, біздер мен сіздер үшін еңбек етті. Қазақтың әліппесін жасады.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін – әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Жас ұрпақты ғылыми шығармашылық жұмысқа және кәсіби бағдар беруге баулыған әріптестеріме шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет