Өнеркәсіпте азот қышұылын алудың 2 әдісі бар



Дата16.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#139838
Байланысты:
4 билет


Өнеркәсіпте азот қышұылын алудың 2 әдісі бар

Селитрадан алу (Глаубер әдісі) – XVII ғасырдың ортасынан бастап XX - ғасырдың басына дейін осы әдісті қолданды.


NaNO3+H2SO4 ↔NaHSO4+HNO3
•Бұл әдіс кейбір селитрасы көп жерде қолданылды.

Азот қышқылын өндіру әдістері


•Ауадан алу. Азот пен оттек 1200°С-та реакцияласа бастап (электр ұшқынында) 3000°С - та тепе-теңдік оңға қарай ығысады.
N2 + О2 ↔ 2NO - 181,4 кДж
Осылай түзілген азот оксиді өздігінен оттекті оңай қосып алып, азоттың диоксидіне айналады;
2NО + О2 → 2NО2 + 112кДж
Азот диоксиді сумен реакцияласып азот қышқылын түзеді.
3NО2+ Н2О →2HNО3 + NO + 136кДж
Бұл әдіс электр энергиясы арзан болмаса, өте қымбат әдіс болғандықтан, қолданыстан қалып келеді.

Азот қышқылын аммиактан өндіру мына сатылармен жүреді:


•1. Аммиакты катализатор қатысуымен азот оксидіне дейін тотықтыру:
4NH3 + 5O2 ↔ 4NO +6Н2О + 907кДж
•2. Азот оксидін оның диоксидіне дейін тотықтыру
2NO + O2 ↔ 2NO2 +112кДж
•3. Азот диоксиді сумен абсорбцияланады.
3NO2 +Н2O ↔2HNO3 +NO +136 кДж
Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып қайтадан абсорбцияланады.



Инженерлік энзимология. Биотехнология. Микробиологиялық синтез.Толық мағлұмат беріңіз.


инженерлік энзимология қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан биотехнологияның бір саласы, мақсаты – жаңа биотехнологиялық өндірістерде, органикалық синтезде, терапия және диагностикада жаңа тәсілдерді пайдалану үшін ферментті катализаторларды қолданудың ғылыми негіздерін жасау, сонымен қатар иммобилизденген ферменттердің көмегімен энзимологияның іргелі мәселелерін шешу болып табылады.


Биотехнология – халық шаруашылығына жəне адамның іс əрекетінің əр түрлі салаларына бағытталған, микроорганизмдердің, изоляцияланған клеткалардың жəне оның құраушыларының биохимиялық іс- əрекетін пайдалану арқылы бағалы өнімдерді алу.


Биотехнология – бұл белгілі өнім алуға бағытталған адаммен ұйымдастырылған микроорганизмдердің іс-əрекеті.
Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Биология жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері өнімділігі жоғары, өндірістік əдістермен басқарылатын тамақ, дəрі- дəрмек, органикалық заттар жəне т.б. заттардың биотехнологиялық өндірістерінің процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Биотехнодогияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?
-өнім болатын клеткалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына вакциналарды, нан ашытқыларын алу процесі жатады.
-Бағалы биохимиялық өнімдердің биосинтезі, олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады (клетканың сыртындағы өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (клетканың ішіндегі өнімдер).
-Биотрансформация нəтижесінде микроорганизмдердің немесе ферменттердің биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрылымының өзгерісі болады, бірақ биосинтезден айырмашылығы

заттың химиялық құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады.Мысалы глюкоизомераза ферментінің əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы.


-микроорганизмдердің сұйық ортадан керексіз қоспалармен қоректенуі. Мұнда микроорганизмдер биомассасы ағынды суларды тазарту үшін қолданылады.
Биотехнологиялық процестердің артықшылығы.
Химиялық технологиялармен салыстырғанда биотехнологияның келесі негізгі артықшылығы бар:
- химиялық синтез арқылы алынбаған ДНҚ, белоктар сияқты спецификалық жəне ерекше табиғи заттарды алумүмкіншілігі;
- биотехнологиялық процестердің төменгі температура мен қысымда жүргізілуі;
- басқа организмдермен салыстырғанда микроорганизмдер өте жоғары өсу жəне клеткалық массаның жинақталу жылдамдықтарынаие;
- Шикізат ретінде биотехнология процестерінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылық арзан қалдықтарын пайдалануға болады;
- Химиялық процетермен салыстырғанда биотехнологиялық процестер экологиялық таза, қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын;
- Биотехнологиялық өндірістегі технология мен аппаратура арзан жəне күрделі емес

Микробиологиялық синтез - микробтық жасушаларға тәнбиологиялық қасиеттерге негізделген химиялық қосылыстарды, биологиялық белсенді заттар мен басқа да өнімдерді алу тәсілі. Микробиологиялық синтездеуде микроорганизмдердіңферменттік жүйелерінің жұмыс істеуінің нәтижесіндеқарапайым заттардан кешенді заттар пайда болады.
•Микробиологиялық синтез үшін пайдаланылатынмикроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар) жоғарыжылдамдықпен көбеюге және микробтық жасушаныңталаптарынан асатын белгілі бір өнімдердің артық мөлшерінсинтездеуге қабілетті. Өнімдерді синтездейтін, табиғаткөздерінен немесе мутагенез және іріктеу нәтижесі бойыншаалынған, адамдарға пайдалы реакцияларды жүзеге асыратынбірнеше жүз типті микроорганизмдер бар.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет