Таза бөлмелерді жобалау барысында келесі талаптарды орындау қажет:
Таза бөлмелер әрқашан таза қоршаған ортада орналасуы керек.
Қызметкерлердің таза бөлмелерде орналасу мен контаминацияның орналасуын толығымен жою керек немесе мүлдем болдырмау керек.
Айқыш контаминацияның пайда болуын мүлдем болдырмау керек.
Қызметкерлерді максималды түрде қамсыздандыру керек.
Бастапқы шикізат ағыны мен материалдардың ағыны GMP барлық талаптарын ескеріп жоспарлануы керек.
Қызметкерлердің таза бөлмелерде ауысуы оптималды болуы керек, қызметкерлерге арналған есіктер GMP талаптарына сәйкес жобалауы керек.
Таза бөлмелердегі қызметкерлер үшін арнайы климаттық жағдайлар жасалуы керек.
Таза бөлмелерді жобалау ережелері:
1) өндірістің барлық сатыларының сараптамасын жүргізу керек;
2) таза бөлмелерде жүргізілетін барлық амалдардың тізімін анықтау керек;
3) орта мен таза бөлмелердің сапасына қойылатын талаптарды анықтау керек;
4) өндірістік үрдіс, технологиялық циклдың және өндірілетін өнімнің тізімін құру керек;
5) технологиялық үрдіске сәйкес бөлмелердің байланысын анықтап, шикізат, материал және қызметкерлердің GMP ережесіне сәйкес жылжуын қарастыру керек;
Қол жеткізудің бақылау жүйесі - таза бөлмелерде орналастырылады. Шлюзға шығатын жерінде тек қызметкерлер ғана аша алатын кодтық құлып орналастырылады. Бұл жерде рұқсатты жүйе келесі түрде орналастырылады, яғни шлюздан таза бөлмеге өтетін есік шлюзға кіретін есік сықап жабылғанда ғана ашылады.
Өрт және күзетші дабылы - Өрт дабылының сезбегі таза бөлмелерде және төбе аралық кеңістікте орналастырылады. Барлық сезбектер дабылдарды өңдейтін қабылдағыш кешенге қосылып, диспетчерлік бекетке шығарылады.
Қосымша жабдықтар: қоршаған ортаны зарасыздандыратын УФ-сәулелегіштер, тот баспайтын болаттан жасалған арнайы көліктік арбаша, арнайы пластиктік тұғырық. Таза аймаққа кіре-берісте жуғыштармен, душтық бөлмелерден және электроорамалдармен жабдықталған санөткізгіштер орналастырылған.
Дербес сүзгілі желдеткішті модуль:
Сүзгілі желдеткішті модуль технологиялық немесе көліктік амалдар жүргізілетін аймаққа жеткізілетін реттеліп отырылатын белгілі өлшемді аэрозольді-бөлшектері бар бір бағытты ламинарлы ағынды ауаны құрады.
Модуль бактерицидті шаммен толымдалады, ол жұмысшы аймақты ультракүлгін сәулемен бактерияға қарсы өңдеуді жасауға мүмкіндік береді.