Әдебиеттер тізімі:
1. Орталық Қазақстанның жер-су аттары. – Алматы: Ғылым, 1989. – 256 б.
2. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. – Алматы: Атамұра –
Қазақстан, 1993.- 128 б.
3. Меңдеке Ә. Жебей жүр бізді, ҚызылЖебе // ЕгеменҚазақстан. 6.12.1994.
4. Очерки истории Рудного Алтая. – Усть-Каменогорск, 1970. – 200 с.
69
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
С. Негимов
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Ономастиканың түп-тамыры – ұлттық дүниетаным мен
халық тарихы
Дәстүрлі тарихи жер-су атаулары – халықтың рухани тарихы және оның ұлттық
санасы, философиялық дүниетанымы, сұлулыққа, көркемдікке деген көзқарасы.
Ендеше, Тәуелсіздігімізді, Елдігімізді, Мемлекеттігімді мейлінше берік орнықтыру
мақсатында ежелден ел санасында қалыптасқан төл атауларымызды жаңғырту,
қайта атау – отаншылдық, ұлттық рухымызды асқақтатары хақ.
Ономастика дегеніміз география, этнография, фольклор, тарих, мәдениеттану,
лингвистика, сөз өнері ілімдерімен тұтаса байланысқан ғажайып бір әлем. Оның
тарихилық, әдеби-мәдени, тағылымдық құндылықтары да өлшеусіз.
Ғұн заманынан сыр шертетін Сарыарқа төріндегі Талас, Тарты, Бұланты,
Моншақты, Сілеті, Өлеңті, Шідерті, Қодан, Мыржық, Бағылан, Тентек тағы
басқа топонимдер көненің көзіндей қастерлі.
Қытай жылнамасында Ғұн тауы – Алтай тауы дегенді білдірген. (Әлкей
Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985, 57-бет).
Ұлт мәдениетінің Бас кітабы – Қорқыт Ата кітабында Арқа, Алатау, Қазылық
тауы дейтін байырғы атаулар бар.
Еуразияның ұшы-қиырсыз кеңістігінде түркі топонимдері жеткілікті. Мы-
салы: Айдар (Украина), Айм (РФ), Алтынай (РФ), Батагай (РФ), Кайнар (Мол-
дова), Карасу (Иран), Коктебел – Көк төбе (Қырым), Яссы – Ыссы (Румыния),
Кизляр – қыздар (Дағыстан), Култук – қолтық (РФ), Карталы – Қара талды (РФ)
тәрізді түркілік жер-су атаулары Ахмет Дүйсенбаевтың «Еуразия топонимдері»
(«Егемен Қазақстан», 2014 жыл, 26 ақпан) және «Түркі топонимдері» («Қазақ
әдебиеті», 2012 жыл, 13 қаңтар, № 2) атты материалдарында көрініс тапқан.
Ежелден ата-бабаларымыз мәдени жаһандану жағдайында өмір сүрген,
тіршілік еткен. Бұған ұлы қолбасшылар Мөде қаған, Аттила, Күлтегін, Шыңғыс
хан, Бату хан, Берке (Береке) хан, Жошы хан, Бейбарыс сұлтан заманы айғақ.
Және де қазақ жұрты Византияны – Үрім, Иранды – Ажам, Палестинаны – Кінған,
Қытайды – Шың немесе Чина, Дамаскіні – Шам, Шри Ланканы – Сәрәнділ, Вен-
грияны – Мажарыстан, Египетті – Мысыр, Данияны – Даң, Швецияны – Сібеден,
Германияны – Алмания, Чехословакияны – Шақалауакия, Жапонияны – Жапүния
(қытай қазақтары – Жібін), Францияны – Пранс, Американы – Әмрике, Польша-
ны – Лехистан елдері деп, Европаны – Аурупа, Мюнхенді – Мүншен, Грузияны
– Гүржстан, Кельнді – Келін, Пекинді – Бейжің, Кавказды – Қап, Қызыл теңізді
– Күлзім деп атағандығы дәлел.
Жарнама және көрнекі ақпарат
70
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Испанияда Каталония, Францияда Каталаун дейтін жер аты бар. «Құтты
алаң» деген мағынаға ие. Сақ тіліндегі «хата» «үй-жай» дегенді білдіреді. Ежелгі
германдық тайпалар тілінде «гуттен – гут – құт (құтты)» дегенге саяды (Сатаев
А. Тұңғиықтағы тұнықтар. Астана, 2014, 11 бет).
Ертіс гидронимі 1) Орхон ескерткіштерінде 2) Монғолдың құпия шежіресінде
3) «Книга Большому Чертежу» тәрізді тарихи әдебиеттер де бар. Қазақ жұртында
Ертіс өзенінің алуан-алуан көркемдік сипат-қасиеттеріне орай нешеме атаулары
бар. Мысал: Бал Ертіс, Қыран Ертіс, Буыршын Ертіс, Алқабек Ертіс, Білезік Ертіс,
ал Қаба Ертіс – Зайсан деп аталған. Бұл шын мәнісінде Жайсаң. Әрқайсысында
телегей сыр, терең мағына бар. Бұл – халықтың дүниетану даралығы мен
даналығын, көргіштігі мен кемеңгерлік болмысын танытады.
Немесе Атырау облысы Жылой ауданында Ақкиіз тоғай деген жер бар.
Мұның мәнісі былай екен: Ел құрметтісі Қожаназар бабамыз (хас суреткер Әбіш
Кекілбайұлының атасы) Айшуақ ханды ақ киіз төсеп қарсы алған. Содан бастап
осылай аталған.
Астананың іргесінде, Ұлы Жібек жолының бойында ортағасырлық Бозоқ
шаһары бар. Түптеп келгенде, бұ да қазақ өркениетінің куәгері.
1926 жылы Бейімбет Майлин. «Мәдениет мұралары» дейтін байыптамасында:
«Мәдениеттіліктің негізгі белгілерінің бірі – өткен заманның мәдениетін тауыса
зерттеу. Ескі замандардан қалған мәдениет белгілерін, мәдениет мұраларын қорғап
аман сақтау. Мәдениет мұраларын аман сақтау ғылым үшін керек нәрсе. Ғылым
бұл мұралар арқасында әлдеқашан болып жоғалған мәдениеттің құрылысын, жо-
лын зерттеп тарих шығарады, жаңа мәдениет жұмысына оңай жол табады...
1917-18 жылдарда, азамат соғысы уақытында қазақтар күйдірген тастан
салған әдемі мектеп үйлерін «бұл ескі, Николай салдырған үйі ғой» деп, бұзып
талап алды. Николай салдырмақ түгіл, арғы атасы Роман салдырса да, 40-50
бөлмелі күйдірген тастан салынған жақсы үйлер қазақ еліне пайдалы, қазақ да-
ласына сән еді, мәдениет мұрасы еді.
Бұл – мектеп үйлерін, темірінен екі пар шелек істетіп алу үшін талап алу
қазақ елінде мәдениеттің жоқтығының үстіне, қазақта мәдениет деген ұғымның
жоқтығын, мәдениетті сүйетін қазақ бойында ондай мінездің жоқтығын көрсетеді.
Бұлай болғасын қазақ даласындағы мәдениет мұраларын қорғамай болмай-
ды. Оларды қорғау жалғыз орталық үкіметтің қолынан келмейді. Орындардағы
кеңестер, әсіресе, халық ағарту бөлімдері бұл мұраларды қорғауға, зерттеуге
кірісулері керек-ақ. Бұл жұмысқа елдің араласуы керек. Елде ғылым ұйымдары
ашылып, оқытушылар, кеңес қызметкерлері, партия мүшелері бастап түсуі керек.
Қазақ даласын бұрын жеті жұрт жайлады ма, жетпіс жұрт жайлады ма? Қандай
жұрттар жайлады, қандай шаруашылық малданды, қандай мәдениеті болды –
бұлардың бәрін зерттеп білу қазақ шаруасына қазақ мәдениетіне аса керек.
Қазақстан үкіметі буынын бекітті. Қазақстанда мәдениет жұмысы бекіді.
Жарнама және көрнекі ақпарат
71
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қазақстан шаруашылығы түзеліп келеді. Қазақстанда да ескі мәдениет мұраларын
есепке алатын, қорғайтын, зерттеп нәтиже шығаратын, аймақтану материалы
есебінде бұларды мектеп бағдарламаларына кіргізетін, елге бұл мұралардың
мәнісін түсіндіріп, елді талаудан тоқтатып, қорықша, күзетші ететін уақыт жетті».
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Тарихтың қызметі – бүтін адам баласы-
ның яки бүтін бір жұрттың ... өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту» де-
ген қағидалы пікірі ұлттық санаға (тарихи, әлеуметтік, философиялық, мұсыл-
мандық-түркілік, эстетикалық, экономикалық, мәдени көзқарастар жүйесі)
қа тысты. Мәселен, «Самара мен Бөкейлік гүбернелерінің шегі Тарғын деген
өзен. Бұл өзенді орыс «Тұрғын», қазақ «Тарғын» дейді. Тарғын өзенінің күнба-
тысында Жанарыстан өзені, орыс «Ерұслан» дейді, Еділге құяды» деп жаза-
ды Әлихан Бөкейхан (Ә.Бөкейхан. Таңдамалы. Алматы, 1995, 364-беттер). Ер
Тарғын, ел қорғаған тарихи тұлға. Мұны 1942 жылы «Правда» газетінде жарық
көрген Илья Эренбургтің «Қазақтар» дейтін очеркінде: «Жеті мыңқолдық жау
жасағына қарсы жалғыз шапқан Ер Тарғын ұрпақтарының намысы Мәскеу
түбінде тағы бір мәрте жарқылдады» деп тебірене жазған-ды.
Халықтың суреткерлік көзқарасын, тапқырлығын, даналығын көрсететін мы-
надай гидронимдердің сымбат-көркі қандай десеңізші!
Ақтасты өзені – Есілдің сол жақ арнасы.
Мойылды өзені – Есіл өзенінің оң жақ арнасы.
Шортанды өзені – Есілдің оң жақ арнасы.
Өлеңті өзені – Ертіс өзені бассейні, өзен бұрылыстарында әртүрлі өсімдіктерге
бай алаңқайлар бар.
Кәрі өзен – Есіл өзенінің негізгі арнасынан бөлінген.
Қарасу өзені – судың түсіне байланысты аталған.
Қызылсу өзені – топырақтың түсіне байланысты аталған.
Балықтыкөл көлі – балыққа бай көл.
Байдала көлі – мол маңдағы даланың кеңдігіне байланысты қойылуы мүмкін.
Тышқанкөл көлі – көлде ондатрлар есепсіз.
Жылтыркөл – көл бетіне түскен күн сәулесінің ерекше жылтырауынан.
Алакөл – көл бетінің толқын ұрғанда ала-құла болуынан аталған.
Ащыкөл – көлдің суының тұздылығынан аталған.
Батпақкөл – батпақты көл.
Шалқар көл – көл көлемінің үлкендігіне байланысты аталған.
Шөптікөл – көл жағалауының қарғатамырлы шөптің (шымды) болуынан
аталған.
Нұра өзені. Монғол тілінде «нұра» – қирату, тангус – маньчжурша – «нұра» -
жыралы деген мағынаны білдіреді.
Құланөтпес өзені. Аңыз бойынша, осы өзенде шортандар көп болғандықтан,
малды судан өткізуге тосқауыл келтіріпті.
Жарнама және көрнекі ақпарат
72
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Теңіз көлі. Көл өзінің көлемімен таңқалдырады, сондықтан Теңіз көлі аталған.
Асаубалық көлі. Мұнда жыртқыш ірі балықтар мол.
Сұлтанкелді көлі. Ел аузында атақты Хан Кене нөкерлерімен осы көлдің
жағасына келіп шатыр тігіп, аттарын суарып, дамылдаған.
Жұмай көлі. Жұмай батырдың есімімен аталған.
Шолақ көлі. Жақын маңындағы көлдермен салыстырғанда көлемі жағынан
кішкентай болғандықтан Шолақ деп аталған.
Ащыкөл. Көл суының ащы болуына байланысты аталған.
Тұщыкөл. Көл суы тұщы болуына байланысты аталған.
Құмкөл. Көлдің жағалауы құмға толы.
Қыстау көл. Осы көлдің жағалауында ел адамдары ызғарлы қыстан аман-
есен қыстап шыққан.
Шұңқыр көл. Көл шұңқырда орналасқан.
Шалқар көл. Осы жерге сәнін беріп тұрған көл.
Сабынды көл. Суы сабын секілді көпіретіндіктен осылай аталған.
Қорқылдақ көлі. Ертеректе көл суының көптігіне байланысты «Сулы»
деп аталса, қазір жер асты бұлақтарының бұрқылдап көтерілуіне байланысты
«Қорқылдақ» деп өзгертілген.
Ұялы Шалқар көлі. Көл Ұялы аттас ауылдың жанында.
Ши Шалқар көлі. Көл Ұялы аттас ауылдың жанында, жиегінде ши көп өскен.
Бабай көлі – кісі есімімен байланысты аталған.
Арықты көлі. Ауыл ортасынан ағатын арыққа байланысты аталған.
Саудыр көлі. Көл жағалауында құнарсыз шөптің өсуінен аталған.
Өтебай көлі. Көл маңында тұрған бай есімімен байланысты.
Бестөбе көлі. Көлдің жан-жағын бес төбе қоршап тұрғандай.
Нұрабай көлі. Бай есімімен байланысты.
Болғанкөл көлі. Бұрынғы кезде осы жерде Төртауыл және Темеш ақсақал-
дардың тұқымдары тұрған.
Алакөл өзені. Көлдің суы ащы. Көл бетінде толқын ұрғанда, бір жерінде
ақшыл, екінші жерінде күңгірт көруінен аталған.
Қаңбақ көлі. Көл көлемінің кішкентай және дөңгелек болуына байланысты.
Шебік көлі. Қамыс басқан көл.
Босай көлі. Бозай батырдың есімімен аталған.
Ақ құдық көлі. Бұл көлдің жағасында жайлаудағы елді сумен қамтамасыз
ететін бір ғана құдық болған.
Бескөл көлі. Көл бес бөліктен тұрған, кейін қосылып кеткендіктен «Бескөл»
атауы сақталып қалған.
Есей көлі. Көшім ханның баласының кісі есіміне байланысты аталған.
Біртабан көлі. Көл көлемі кішкене, адамның бір ізіне ұқсағандықтан аталған.
Саумалкөл көлі. Жел соққан күндері су беті көпіріп, саумал қымыз тәрізді ағарған.
Жарнама және көрнекі ақпарат
73
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Күркілдек көлі. Жеті өзеннің қосылған жері, сондықтан сарқыраманың шуы
алыстан естілген.
Жарқайың ауданының гидронимдері өздерінің жергілікті атауларын сақтап қалған.
Жаркөл – жағалауы жарлы болғандықтан аталған.
Қардыкөл – мүмкін қар суымен толатын шығар.
Барлыкөл – бай, балықты көл.
Сабандықкөл – жағалауы қамысты.
Алакөл – көл бетінің ала-құла көрінуінен.
Қасқакөл – жағалауы жұтан болуынан.
Балуанкөл – балуанның көлі.
Дамса ауылы. Орыс тіліндегі бір түсінікте атау қазақ тіліндегі Дәмдісу деген
сөзден шыққан. Көне көздердің айтуы бойынша, ауыл маңында тастай қатты суы
бар бұлақтар көп болған, сондықтан ауыл Дәмсу аталған.
Колутон өзені – бір аңыз бойынша, моңғол шапқыншылығы кезінде, Шыңғыс
хан қар ерірдің алдында мыңдаған әскерін өзеннің арғы жағына өткізуге ыңғайлы
жер іздеу үшін барлау отрядын жібереді. Өтетін жерді таңдап, өзен кедергі
келтірмейді деп ханға хабарлайды. Шыңғыс хан әскері көп күндер жүріп өзенге
таянғанда, өзеннің қар суы еріп, өзен тасып жатқан кез болатын. Шыңғыс хан
қаһарланып барлау отрядын теріс мәлімет әкелгендері үшін осы өзенге батыруға
бұйырады. Хан сол жерге лагерь құрады, келесі отряд айналып өтетін жол
тапқанша өзен суының арнасы түседі де әскерлер еш кедергісіз екінші жағалауға
өтеді. Сол кезден бастап өзен Колутон (моңғол тілінде «көрінбейтін кедергі»)
аталыпты.
Қоржынкөл. Көл атауы жайында аңыз бар. Жоңғарлар ауылды шауып, ең
әдемі бойжеткен Күләшты тұтқынға түсіреді. Күләш үшін шатыр тігеді, жылаған
қызды жұбату үшін алдына үйілген алтын қояды. Бостандыққа шығуды аңсаған
қыз үйілген алтынның орнына өзінің сүйікті Қоржын түйесі болуын армандай-
ды. Ойы шындыққа айналады, бойжеткен түйеге міне сала құтылуға тырыса-
ды. Қуғынды көрген Күләш түйеден түсе сала тауға қашады. Алтын түйе күнге
шағылысады, сондықтан қуғыншылар қызды байқамайды. Қызды құтқарған
түйе Қоржын алдында кездескен көлге түсіп, батып кетеді. Содан бері көл
Қоржынкөл аталады, ал Күләш қашқан тау, аңғар-алтын аталады.
Қазақстанда таным-пайымыңды көріктендіретін һәм тереңдететін, қиял-
сезіміңді қанаттандыратын мән-мағынасы сұлу жер-су атаулары жеткілікті.
Айталық: Домбыралы, Көркем, Қарлығаш, Оғызбалық, Айғыр ұшқан, Күлегеш
(Қарқаралыдағы жартастың аты, бір сөзіңді жеті рет қайталайды) және т.с.с.
Я болмаса Ақмола облысында мағынасы кімескіленген «Ей», «Түнтүйгір»
дейтін елдімекендер бар. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының
орталығы Пресновка селосының дәл қасында Пресное көлі бар. 2012 жылы 88-
дегі ақсақал соның байырғы атауын айтып бере алмады. Міне, отарлаудың ке-
Жарнама және көрнекі ақпарат
74
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
сапаты. Отарлау саясатының негізінде пайда болған жасанды жер, су, елдімекен
атауларын бір қаулымен-ақ келмеске кетіру абзал.
Ақмола облысының Щучье ауданында 60 қазақ отбасы мекен еткен «Новый
Қарабауыр селосы» бар. Көзге сүйел, көңілге түрпі. Сол секілді Дмитриевка мен
Николаевка. Алғашқысының төл атауы «Ұрымқай», кейінгісі «Аршалы» десе де
қонымды. Өйткені, бұл жерде Аршалы өзені ағады.
Ономастика мен көрнекі ақпарат (жарнама) көздің ағы мен қарасындай,
халықтың эстетикасы мен интеллектуалдық мәдениетінің көрсеткіші. Дұрыс
жазу, әдеби тіл нормасы, транситерация, транскрипция ерекше ескерілуге тиіс.
Өйткені, ол – елдің маңдайы. Оған ең жақсы, ең таңдаулы, ең салиқалы сөз ба-
рынша сауатты, көркем жазылуға лайық. Бұл – халықтың шығармашылық әлеуеті
мен тіл мәдениетін анықтайды, тарихын танытады. Бабаларымыздың «халық
қартаймайды, қара жер қартаймайды» деген сөзі бар. Ендеше, ономастикаға шы-
найы тарихи көзқарас пен ұлтжандылық қажет.
Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 2015 жылдың мамыр
айының 28-29 күндерінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамы-
ту және қоғамдық-саяси жұмыс Комитетінің ұйымдастыруымен «Ономастика
және көрнекі ақпарат мәселелері»,
«Ономастика саласындағы нормативтік-
құқықтық актілерді реттеу» дейтін мәселелер бойынша Республикалық
дөңгелек үстел өтті. Сөз жоқ, ономастиканың негізгі тармағы – жарнама тілі,
көрнекі ақпарат – ұлттық болмыстың эстетикалық бейнесі, тәуелсіздігіміздің
айғағы екендігіне айрықша маңыз берілді.
Ономастикада аса күрделі мәселенің бірі – елдімекенге, мектепке, даңғылға,
көшеге, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына т.с.с. кісі есімдерін беру.
Ел ұғымында белгілі бір адамның байлығы, атақ-дәрежесі емес, ардақты істері,
үлгілі, өнегелі дәстүрі мен мектебі, тарихи қызметі (интеллектуалдың өлімі –
катастрофа ретінде қабылданатын) – қайраткердің нақты тұлғасын анықтайды.
Жапонияда қайраткерге бір ғасырдан кейін айрықша назарға ілінеді екен.
Қазақ жағдайында кейбіреулердің жасандылықпен дабыра-даңғазамен атағы
шыққандарға топырағы суымай-ақ екі өкпесін қолына алып жүгіру әбестік,
әдепсіздік. Тарихтың таразысын, таңдауын, талқысын қайда қоямыз?! Бүгінгі
күнге шейін Абай «Қазақта Марабайдан асқан ақын жоқ» деп құрметтеген
Қобыланды мен Ер Тарғынды ересен көркемдікпен, тереңдікпен толғаған
жырауға ештеңе бұйырмаған. Бұған қарап Марабай жырауды ұмыттық деуге
әсте болмайды.
Негізінде, кісі аттарын беруде аса сақтық керек. Алдымен, тарихи төл атау-
ларды толық қалпына келтіру қажет.
Жарнама және көрнекі ақпарат
75
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қ. Тілешова
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Практикалық қазақ тілі
кафедрасының доценті, филология
ғылымдарының кандидаты
Тіл табиғаты сақталуының көрнекі мысалы
Қоғам мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде көрнекі ақпарат, жарнама
мәтіндері қалайық мейлі, қаламайық мейлі күнделікті өмірімізден орын алу-
да, назарымызды аударуда, кейде саналы, кейде бейсаналы түрде түйсігімізге
қатталуда. Қалың көпшілікке ұсынылатын нәрсенің қайсысы болсын әрі сапалы,
әрі тиімді, әрі сыйымды болғаны абзал. Нарық заманымен бірге келген әр алуан
бояулы, сан мағыналы мәтіндер – жарнамашының ғана мүлкі немесе соның ғана
ырқындағы құбылыс емес. Көпке ұсынылған соң әлеуметтің көңілінен шығар,
санасына салмақ, жүйкесіне жүк салмайтындай болуы қажет. Әлбетте, жарна-
ма берушіге тосыннан пікір айту, жосықсыз жөн сілтеу дұрыс болмас. Деген-
мен, сол жарнама мәтінінде ана тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің нормалары
бұрмаланып, жұлмаланып жатса, оған төзуге болмас.
Туған тіліміздің барлық нормалары, төл табиғаты бұзылатын орын – осы
жарнама. Жарнамасы жетік, қазақшасы түзу қала сірә да, Қазақстанда жоқ
шығар. Әуелден тілдік орта шайқалмаған Атырауға, Қызылордаға барыңыз,
қаза ғы көп делінетін Шымкентке барыңыз, қазақ мәдениетінің ордасы – Алма-
тыға барыңыз, қазағы сол Шымкентіңіз бен Алматыңыздан асқан бүгінгі Ас-
танаға келіңіз, біреуінің де қазақ тілдегі жарнамасы қатеден ада емес. Сонда
Қазақстанда орыс тіліндегі жарнаманың айна қатесіз жазылып, қазақ тіліне
келгенде жарнама тілінің мүкістенетіні неге дерсіз. Сауал орынды, тіпті бүгінде
жарнама тілі жай сауал болудан ашу шақыруға айналған. Бұл да орынды. Өзіміз
ұялмасақ та, бабадан қалған тілден ұят. Қазақша жарнаманың қисық жазуын
көріп, бізді күстәнәлайтындардан ұят. Осы күнделікті ұяттан құтылудың, бе-
тімізді қызартқан қатеден арылудың жолы қайсы, әдісі не, уақыты қашан де-
генге жауап іздесек, оның сылтауы көп болғанымен нақты жауабы біреу-ақ!
Ол жарнама мәтіннің ең алдымен қазақ тілінде жасалмауында, яғни, бүкіл
жарнаманың түпнұсқасы орыс тілінде дайындалады да, содан кейін барып, көп
жағдайда, әйтеуір мемлекеттік тілге аударылу қажет емес, міндет болғандықтан
қазақ тіліне әлдебір еріншек, әлдебір сауатсыз, әлдебір немкетті аудармашының
көмегімен аударыла салады. Әлбетте, олардың ішінде тәуірлері де бар, жалпы
елімізде басқа-басқа болмаса да екі тілді білетіндер өте көп. Бұл жағынан жал-
пы халыққа шаққанда пайыздық жағынан Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы
қостілді ел болса керек. Бірақ аннан-мұннан ашылған жарнамалық агенттіктер
ішінде кәсіби аудармашылар болмайды. Астанадағы қырықтан астам жарнама
Жарнама және көрнекі ақпарат
76
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
агенттіктерінің бірнешеуінде ғана аудармашылар бар, қалғандары таныстары-
нан, көршілерінен, көшеден сұрап алады. Оларға рахат, ал тілге машақат. Со-
нымен қазақ елінде барлық дерлік жарнама орыс тілінде туады. Жарнама ресми
стильге, көркем стильге, публицистикалық стильге тағы қандай байырғы стиль-
дер бар олардың ешқайсысына жатпайды. Бірақ жарнама мәтінінің бойын да
тілдегі сол стилдердің баршасына тән ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, ресми-
лікке тән сөз қалыбы, әдебиетке тән астарлы, ауыспалы, бейнелі мағына, га зет
стиліне тән пафос деген сияқты. Сонда жарнама тілі әлдеқандай әмбебап стиль-
ге саяды екен. Ендеше, жарнама тілін бір тілден екінші тілге тәржімәлауда екі
тілдің де барлық бояуын білмек, бүкіл сырын сезінбек ләзім.
Кез келген тіл жекелей алғанда тұтас жүйе. Ақпараттық жүйе, мағыналық
жүйе, поэтикалық жүйе, стильдік жүйе, грамматикалық жүйе. Жарнама беруші
өзінің мақсатына орай, осы жүйеде сөз тіркесін құрайды, сөйлем құрайды, бәлкім
өзара берік байланыстағы бірнеше сөйлемдерді сабақтастырып, мейлінше
тиімді жарнамалық мәтін жасайды. Бұл арада өзі ұсынатын қызметті немесе
сататын тауарды өткізу үшін сол тілдің мүмкіншілігін барынша пайдаланғысы
келеді. Мұнда жарнама мәтініне түсініктілік пен әсер қалай маңызды болса,
ықшамдылық та соншалықты маңызды. Ендеше, жарнама беруші аз сөзбен көп
мағынаны беруге тырысады. Осы мақсатына жету үшін ол тура мағынадағы
сөздермен бірге ауыспалы мағынадағы метафораға, метонимияға, символға т.б.
жүгінеді. Сол тілдегі фразалық тіркестер де жарнама мәтінінен ұшырасып жата-
тыны сондықтан. Әлбетте, осындай поэтикалық тілдің көпшілік үшін әсері зор.
Өйткені, әуелде әбден қалыптасқан бұл сөздер мен тіркестер жұртшылықтың
санасына бірден әсер етеді, жарнамашыға керегі де осы. Себебі, жарнама – там-
сандыру мен тықпалау құралы, жарнама – еліктіру мен еріту құралы, жарна-
ма - жылы сөйлеу тәсілі. Ал, бұқара халықты оның өзінің санасында тұрған
әдемі сөз кестесімен еліктірудің тиімділігі де жоғары болмақ. Бұл, әрине, жар-
нама дайындалған түпнұсқа мәтін үшін таптырмас тәсіл. Мәселен, «Освежись
в леген дарной бутылке», «Поймай удачу за хвост!», «Всему молоку моло-
ко!» деген сияқты орыс тіліндегі жарнамалық мәтіндер кездеседі. Орыс тілі-
нің фразеологиялық қорында «легендарный», «поймать удачу», «всему» де-
ген сөздердің қалыптасқан мағыналық реңкі бар. Ал, қазақ тіліндегі «аңыз»,
«сәттілік», «барша, барлық, түгел, тұтас, бүтін» сөздеріне тән әрқайсының
қолданылу реті бар. Айталық, «аңыз» сөзі бізде, негізінен, жанрға, тарихқа
бай ланысты, «сәттілік» сөзі, негізінен, «сәтін салса» деген тіркес ішінде, ал,
жинақтық, көптік мағынадағы «баршадан» басталатын сөздер бір нәрсенің не-
месе құбылыстың орыс тіліндегідей басы, негізі, төркіні негізінде қолданыла
бермейді. Сондықтан жоғарыда келтірілген орыс тіліндегі мәтіндерді тікелей не-
месе жанама түрде ғана аударуға болады. Ал, мағыналық аударма жасаймыз де-
сек, онда орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі баламасы қолданылмай,
Жарнама және көрнекі ақпарат
77
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
қазақ ойының ыңғайына орай аударма жасауға тура келеді. Мәселен, бірінші мы-
салды көшедегі жарнама мәтінінде: «Сергіп ал аңызға айналған бөтелке» деп
аударып қойыпты. Қазақта бөтелкені аңызға айналған деп айтпайды, айтпаған
соң жазбайды. Енді осы ұғымды беру үшін әжептеуір ойлануға тура келеді.
Кез келген жазба сияқты жарнама мәтіні де сол тілде сөйлейтін адамдардың
санасында белгілі бір ақпараттық, танымдық ұғым тудырады. Егер осындай ұғым
жасай алмаса онда ондай жазбаның дұрыс болмағаны. Төмендегі мысалдарға
назар аударайық:
С FANTA проще, веселья больше! FANTA-мен оңай, шаттық өмір, алақай!
Выиграй свою мечту в Новогодною Ночь! Жаңа жыл түні өз арманыңды ұтып ал!
Встречай рассвет с NESCAFE GOLD. NESCAFE GOLD-пен таң шапағын қарсы ал!
Новое меню «каникулы в риме» время встречаться! Ас мәзірі «римдегі дема-
лыс» кездесетін шақ!
Мы создаем великолепие ты становишься сенсацией ты украшаешь этот
мир. Біз әсемділік сыйлаймыз сен аңыз боласың сен әлемді жайнатасың[1].
Осы мысалдардан сапасыз аударманың көрінісі менмұндалап тұр. Яғни, жар-
нама дайындаушы бұлардың орыс тіліндегі нұсқасына ғана ерекше мән берген
ал, қазақ тіліндегі нұсқасын әйтеуір тіркеу керек болған соң қоса салғандай әсер
қалдырады. Мұндай немкеттілік пен мән бермеушілік орын алған кезде қазақ
тіліндегі жарнаманың сапасы артпасы түсінікті.
Тіліміздің бай әрі бейнелі мүмкіндіктері бүгінгі жарнама тілінде толық өзін
көрсете алмай отыр, дұрысы – көрсете алмаудамыз. Жарнаманың мақсаты –
жұрттың назарын аудару десек, онда біз қазіргі жарнама мәтіндері арқылы
қазақтілді көпшіліктің назарын бұра алмай отырмыз. Бұл арада қазақтілді
тұрғындардың орыс тіліндегі жарнамаларға көздері мен құлақтары әбден
үйреніп бара жатқанын және бұл мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейту
барысындағы нарық заманындағы үлкен олқылықтарымыз екендігін сезінгеніміз
жөн. Өміріміздің барлық саласына енген нарықтық қатынастар өзіндік жаңаша
мәдениет жасауда. Оны керек немесе керексіз деп бос даурығудың қажеті ша-
малы, дамудың осы бағытын таңдаған екенбіз, оның себебі мен салдарын
да мейлінше тиімді қабылдағанымыз жөн. Нарықтың бәсі – қызмет көрсету,
затыңды өткізу. Сол қызметті кім пайдаланады? затты кім алады? десек, онда
Қазақстандағы тұтынушының 67-68 пайызы қазақ, Астанада 75 пайыз қазақ. Осы
көпшілікке айналған қазақтың көп дегенде 6-7 пайызы ғана өзінің ана тілінде
тамағын сатып алуға, билет сұрауға, машинасына май құйдыруға дәрменсіз
дейік, қалған барлығымыз қазақтың тілінде тамағымызды алмақ түгілі,
дүкеншіге кеңес бере аламыз, қажет болса, тіпті ұрсудың да түбін түсіреміз.
Бірақ, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі болғанына, көпшіліктің тілі екеніне
қарамастан ол жарнаманың негізгі тілі бола алмай тұр. Біздің ойымызша, оның
бірінші себебі жалпы қазақстандық қоғамда қалыптасқан мемлекеттік тілдің
Жарнама және көрнекі ақпарат
78
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
қолданыс аясының тек декларативті сипатта болуында, екіншіден, орыс тілінің
әлі де кеңестік кезеңдегідей сәнді, үстем тіл болуында, үшіншіден, дүкендер мен
базарларда қайыстырған тауарлардың өзімізде емес, шетелдерден ағылуында,
қызмет көрсетудің мемлекеттік емес тілді қолай көруінде. Осы негізгі үш себеп
жарнама тіліне тікелей ықпал етуде. Енді оны басқа жүйедегі тілге тәржімаласақ,
онда бағанағы мағынадан түк әсер қалмайды. Қалатыны – тек сол зат туралы
қарабайыр ақпарат қана.
Жарнама кеңістігінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі қалайтындай
толық басымдыққа ие болмауының үлкен бір себебі – «Жарнама туралы» заңның
жарнамашыға шектен тыс мүмкіндік беріп: «Қазақстан Республикасының
аумағындағы жарнама мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде әрi жарнама
берушiнiң ұйғарымы бойынша басқа да тiлдерде таратылады (орналасты-
рылады)» деп жазылуында[2]. Осыған сайсақ, онда біздің еліміздегі негізгі
жарнама тіліне айналған орыс, ағылшын тілдерімен қоса, вьетнам, дари, бен-
гал тілдерінде де жарнама беруге болады. Заң осыны қуаттайды. Сондықтан,
кезінде қабылданып қалған бұл құжатқа қазақ тілінің басымдығын қарастыратын
қосымша бап енгізу қажеттілігі – уақыт талабы деп ойлаймыз. Әйтпесе,
мемлекеттік тілге мән бермейтін кәсіпкерлер, жарнама мекемелері әлгі бапты
арқаланады.
Жарнама – көшедегі, радио мен теледидардағы көрнекі немесе дыбысталған
ақпараттардың жиынтығы, оның сауаттылығы мен безендірілуі, дауыстың
тартымдылығы ғана емес, ол біз үшін тілдің халық санасына күнделікті сіңірілуі,
көзіміздің, құлағымыздың тілдік ақпаратқа үйренуі, сондықтан жарнамаға оның
жанрлық жағымен бірге, тілді насихаттаудағы маңызына да мән бергеніміз аб-
зал. Қазіргі Қазақстан жағдайында орыс тілінің басымдығы айқын сезілсе, оған
осы тілдегі жарнамалардың да үлесі үлкен. Өте үлкен. Сол себепті, жарнаманың
мемлекеттік тілдегі нұсқасының болмауы немесе бар нұсқаның қате жазылуы
қазақ тілінің қалың көпшілік мойындауға тиісті беделіне нұқсан келуімен бара-
бар. Сол қателерді көрген, тыңдаған көз де, құлақ та қате жазылған, айтылған
қазақ сөзіне емес, орыс тілінің сауатты жазуына, әдемі айтылуына елітеді.
Сағат сайын, тәулік бойы күнделікті өмірде ұшырасатын орыс тілінің осындай
жағымды ұсынылуы мемлекеттік тілге деген көзқарасты да қалыптастырады.
Сондықтан, тағы да қайталасақ, Қазақстанда жарнама мәтіндерінің түпнұсқа тілі
мемлекеттік тіл болмайынша, көрнекі ақпараттарымыздың негізгі тілі, ең басты-
сы әсерлі тілі, тартымды тілі – орыс тілі болып қала береді. Біз кейде мемлекеттік
тілдің қолданыс аясын кеңейту орыс тілінің есебінен болмайды дейміз. Бұл
жаңсақ түсінік. Қазақ тілінің өзінің заңды мемлекеттік мәртебесіне, бүгінгідей
декларативті түрде емес, шынайы, толық ие болуы орыс тілінің есебінен болмақ.
Бұл осы тілге деген қарсылық емес, үдерістің табиғи сипаты осыны тілейді.
Айталық, барлық жиналыстар қазақ тілінде өткізілетін болса, онда мұндай үдеріс
Жарнама және көрнекі ақпарат
79
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
бұрын орысша өткізіліп жүрген жиналыстардың тілін ауыстырудан тұрмай ма
немесе қазір түпнұсқасы орыс тілінде дайындалатын құжаттарды бірден жап-
пай қазақ тіліне көшірсек, ол да орыс тілдің есебінен болмақ. Дәл қазір елімізде
орыс тілдің іс жүзінде бастапқылық орында болуы мемлекеттік тілдің есебінен
болып тұрғаны да айдан анық. Осыларды ескеріп, мемлекеттік тілдің өрістеуі
орыс тілінің есебінен болмайды-мыс деген қате ұғымды қайталай беру жөнсіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тілдік жаднама. Астана, 2013
2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы жарнама ту-
ралы заңы. http://adilet.zan.kz
80
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Т. Жанұзақ
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Қ. Рысберген
А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының
Ономастика бөлімінің меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы
ҚАЗАҚ АЗАМАТТАРЫ АТЫ-ЖӨНДЕРІНІҢ ЕМЛЕ
ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАЙЛЫ ҰСЫНЫМ
І. Жалпы қағида
1. Қазақ азаматтары аты-жөндерінің емле ережелері туралы бұл нұсқаулық (әрі
қарай - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты
қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу
тәртібі туралы» 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 және 2012 жылғы 4 ақпан, №265
Жарлықтарына сәйкес кісі есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда
жазуды реттеу мақсатында әзірленді және барлық мемлекеттік органдар мен
мемлекеттік мекемелердің күнделікті қызметінде басшылыққа алынады.
2. Нұсқаулық нормативтік құқықтық акт болып табылады және қазақ аза мат-
тарының аты-жөнін, яғни өз атын, әкесінің атын, тегін әдеби тіл нормасына,
қазақ тілінің орфографиялық, кей жағдайда орфоэпиялық ережелеріне сәйкес
жазуды реттейді.
3. Баланың аталуы, әкесінің және тегін алуға құқығы және азаматтардың
есімдері мен тектерін өзгерту, анықтама беру «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 тоқсанның 26,
№518-ІV Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әділет
департаменттерінің Азаматттық хал-актілерін (АХАЖ) жазу бөлімдері тарапта-
рынан атқарылады.
4. Аты-жөндері өзбек, қырғыз, түркімен тілдерінде жазылған ұлты қазақ аза-
маттардың аты-жөндері қазақ әдеби тілінің нормасына сай рәсімделеді. Мыс.: Кут-
лумуратов Бохтиёр Юлдашевич қазақ тілінде Құттымұрат Бақтияр Юлдашұлы,
Эсенбаев Ильяс Гуванчулы қазақ тілінде Есенбай Ілияс Қуанышұлы, Шаршеев
Эльдияр Кенеш улуқазақ тілінде Сәрсей Алдияр Кеңесұлы болып жазылады.
5. Әдеби көркем шығармалар мен ғылыми әдебиеттердегі, топографиялық
карталардағы, мемлекеттік және меншік нысанына қарамайтын мекемелер мен
ұйымдардың құжаттарындағы қазақ есімдерінің қазақша жазылуы және олар-
дың орысша берілуі осы Нұсқаулық негізінде жазылады.
6. Қазақ тілінде қолданысқа түскен орыс есім-фамилиялары бастапқы тұл-
ғасын толық сақтап, орыс тілінің орфографиялық заңы бойынша жазылады.
Антропонимик
а
81
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
7. Қазақ есімдері Қазақстан Республикасында орыс тіліндегі (ресми тілдегі)
нұсқасында да қазақ тілінің орфографиялық заңы бойынша, осы нұсқаулықты
негізге ала отырып, мемлекеттік тілде жазылады.
8. Қазақ тіліне араб, парсы, монғол тілдерінен енген есімдер қазақ тілінің ішкі
заңына сай қалыптасқан жазу, айту нұсқасында жазылады.
9. Бұрынырақта ономастикалық сөздіктерге, оқулықтар мен оқу құралдарына,
әртүрлі тарихи-географиялық дереккөздеріне, сонымен бірге азаматтардың пас-
порты мен басқа да құжаттарына енгізілген қазақ халқының антропонимдерінің
қате, бұрыс берілген транскрипциясы аталмыш нұсқаулық ережесі негізінде
міндетті түрде түзетілуі қажет.
10. Батыс Еуропа және басқа шетел азаматтарының аты-жөні қазақ баспа
орындарында, ғылыми-саяси әдебиеттерде, басқа да халықаралық басылымдарда,
мемлекетаралық құжаттардағыдай өзгертілмей, бастапқы қалпында жазылды.
11. Нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайларда аты-жөндерді дұрыс жазу тура-
лы анықтаманы өкілетті органның сұрауы бойынша немесе жеке тұлғалардың
өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты береді.
ІІ. КІСІ АТТАРЫНЫҢ ЕМЛЕСІ
Дауысты дыбыс әріптерінің;
и, у дыбыс тіркесі таңбаларының қолданылуы
§1.
А әрпі жалаң және күрделі тұлғалы кісі аттарының бас, ортаңғы және
үшінші буындарында жазылады.
Ағабек
Ағила
Азамат
Ажар
Айбар
Айбала
Айдаралы
Айбарша
Айтқали
Айсара
Байжанбай
Балымша
Байназар
Балғайша
Сайлаубай
Нарима
Саламат
Нұрбала т.т.
Ескерту: а) кісі есімдерінің бірінші сыңарларының бас жағында келетін [ж],
[ш] дыбыстары мен [й] дыбысының ортасында келген [а] дыбысы көбінесе
жіңішке
[ә] болып айтылғанмен, жуан дауысты дыбыстың а әрпі жазылады. Мы-
салы: Жайкен (айтылуы Жәйкен), Жаби (айтылуы Жәби), Жайлаубай (айтылуы
Жәйлаубай), Шайым (айтылуы Шәйім), Шайгүл (айтылуы Шәйгүл), Шайзада
(айтылуы Шәйзада);
ә) кісі есімдерінің алғашқы не соңғы буындарындағы жіңішке дауыстылардың
Антропонимик
а
82
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
әуенімен келесі не соңғы буында жіңішке айтылатын (естілетін)
[ә] дыбысы
әрпінің орнына
а әрпі жазылады: Ләззат (айтылуы Ләзәт), Ләйла (айтылуы
Ләйлә), Жәмила (айтылуы Жәмилә), Әлила (айтылуы Әлилә), Ділда (айтылуы
Ділдә), Сәбира (айтылуы Сәбирә) т.т.
§2.
Ә әрпі кісі есімдерінің бірінші, екінші буындарында да жазылады.
Әбен
Әдемі
Әбдірәлі
Әлия
Бейсенәлі
Зәмзәгүл
Жұмәлі
Күләнда
Кәрімбек
Ләзиза
Сейдәлім
Мәншүк т.т.
Тәжібай
Тәліп
Шәмшәди
Ескерту: Бірқатар жалаң және күрделі тұлғалы кісі аттарының екінші буын-
дарында келетін
ә әрпі өзгеріссіз жазылады: Дүрдәлі, Мүтән, Күләй, Күлән,
Күләнда, Күләш, Күләсия т.т.
§3. Е әрпі жалаң және күрделі тұлғалы кісі аттарының барлық буынында жазылады.
Едіге
Елдана
Еділ
Еңлік
Елжас
Еркежан
Еламан
Жемісгүл
Есенбек
Зере
Жеңіс
Зейнеп
Жексен
Зейнегүл
Жетен
Кенжегүл
Кенен
Мереке
Секен
Шекер т.т.
Ескерту: Кейбір азаматтар басқа тілдер ықпалымен өз есімдері мен әке аты
және ататектерін бұрмалап, мысалы:
Истаев (Естаев орнына), Исентаев (Есен-
таев орнына), Ишмұхамбет (Ешмұхамбет орнына) өзгертіп қате жазып жүр. Бұл
жайт қазақ тілінің орфографиялық ережесін бұрмалау болып табылады.
§4.
О дауысты дыбыс әрпі жалаң және күрделі тұлғалы кісі аттарының бас,
ортаңғы буындарында жазылады.
Омар
Оразгүл
Антропонимик
а
83
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Оңғар
Орынай
Ораз
Лола
Жандос
Таңшолпан
Тоқтар
Толқын
Тоқтасын
Тоғжан
Байторы
Толғанай
Сейфолла
Торғын т.т.
Тоққожа
Тойбай
§5.
Ө дауысты дыбыс әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының көбіне
бірінші буынында жазылады.
Өркен
Бөрте
Бөжей
Гөзел
Бөкей
Өзипа
Бөлтірік
Көркем т.т.
Дөненбай
Көпжасар
Көлбай
Өскенбай
Төлеген
§ 6.
У дауысты әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының бас, ортаңғы,
соңғы буындарында жазылады.
Уәйіс
Айшуақ
Уақап
Уәзипа
Уандық
Уәсила
Уахит
Ару
Уәли
Зәуре
Дәулет
Лаура
Дәуірбек
Сәруәр
Баубек
Бексұлу
Жансұлу
Нұрсұлу
Інжу т.т.
Антропонимик
а
84
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
§7.
Ұ дауысты әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының бас, ортаңғы,
соңғы буындарында жазылады.
Ұзақ
Ұлбибі
Ұлықбек
Ұлбике
Ұлықпан
Ұлбала
Бұғыбай
Ұлжан
Бұлқыш
Ұлту
Есенғұл
Ұмсынай
Жұмағұл
Ұлмекен
Керімқұл
Бұлбұл т.т.
Мақұлбек
§8.
Ү дауысты әрпі жалаң, күрделі тұлғалы кісі аттарының басқы, ортаңғы
буындарында жазылады.
Үдербай
Бүбінай
Үмбет
Бүбиша
Үркімбай
Үбайда
Үсенбай
Үміт
Үсен
Үрзия
Үстем
Үрия т.т.
Бүркіт
Жүнісбек
Жүрген
Жүрсін
§9.
И әрпі қазақ тіліне шет тілдерден енген есімдерде қосарлы [ый], [ій]
дыбыстарының таңбасы ретінде де жалаң және күрделі тұлғалы кісі аттарында
жазылады.
Иса
Иба
Исатай
Әлия
Имантай
Изатима
Ғали
Зағипа
Әли
Имара
Игісін
Ираида
Игенбай
Ирма
Игілік
Уазипа
Антропонимик
а
85
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қиясбек
Сағира т.т.
Исламжа
§10.
Ы, і дауысты дыбыс әріптері кісі аттарының барлық буынында жазылады.
Ыбырай
Айғаным
Ыбырайым
Айғыз
Ықылас
Аққыз
Ынтымақ
Балым
Ырзабек
Тыныс
Ғалым
Тыныштық
Жарқын
Тыныштыгүл
Қалыбек
Ырымжан
Тыныстан
Лашын
Ібітан
Сырғалы
Ізбасар
Ырзагүл
Ізгілік
Ілес
Ізтай
Іңкәр
Ізтілеу
Інжу
Ілебай
Ілімқан
Ілияс
Жібек
Іңкәрбек
Ақжүніс
Әжібай
Ақжібек
Беркімбай
Бүбіхан
Білгір
Бибінұр
Бибісара
Гүлсім
Күлсін
Мерейлі
Мінаура т.т
Ескерту: Тіліміздегі [ы],[і] дауысты дыбыстарынан басталатын жалпы есім
сөздердің кейбіреулерінің жалқы есімге ауысқанда
[ы] дыбысының түсіп қалу
заңдылығы байқалады. Олар:
Рымбай
Рымжан
Рысбек
Рысбала
Рысберген
Рысжан
Разы
Рыскүл
Антропонимик
а
86
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Райжан
Лашын
Рахмет
Лазы
Дауыссыз дыбыс әріптерінің және я,ю дыбыс тіркесі
таңбаларының кісі аттарында жазылуы
§1.
Б, г, ғ, д әріптері орфографиялық ережеде көрсеткендей сөздің, сол сияқты,
кісі есімдерінің бас, орта және соңғы буындарында жазылады.
Бағай
Балжан
Бағлан
Балғынша
Бабажан
Балдай
Бабай
Балгүл
Байғожа
Балдайша
Бадамбай
Балзада
Бадыр
Балиша
Бегалы
Балымша
Бегеш
Батсайы
Бегімбет
Бегайым
Бекқожа
Бекдана
Гүлжан т.т.
§2.
Ж, з, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ш әріптері де кісі есімдерінің басында,
ортасында және соңында жазылады.
Жалғасбек
Жазира
Жақсыбай
Жамал
Жамбыл
Жанар
Жанай
Жанерке
Жанмұрат
Жамиға
Жаңабай
Жаңылхан
Жапар
Зүлфия
Жарас
Әнипа
Жолшыбек
Сәуле
Заңғар
Разгүл
Кенесары
Рапия
Қасымбек
Рақия
Мұрат
Зибаш
Мансұр
Зарина
Антропонимик
а
87
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Несіпбай
Зағипа
Нұрлан
Кәмила
Рамазан
Күнай
Сұлтан
Майра
Смадияр
Мәдина
Тоқтасын
Нұржамал
Фазыл
Нәзира
Халық
Разия
Шаймерден т.т.
Райгүл
Сандуғаш
Сәлима
Тоғжан
Танагүл
Халида
Халима
Шайгүл
Шәмшия
Шамшат т.т.
Ескерту: [Л], [р] дыбыстарынан басталатын, одан кейін а, ә, е, у, ұ, и әріптері
келетін кісі есімдерінде
ы, і әріптері жазылмайды.
Лекер
Лазым
Лесбек
Лашын
Ләшкер
Ләззат
Лесқан
Ләйлі
Лағыл
Ләтипа
Разы
Рымжан
Рай
Рыскүл
Райымбек
Рысхан
Райымжан
Рысжан
Райыс
Рысбала т.т.
Рақымбай
Рамазан
§3.
Л, р әріптерінен басталып, одан кейін қысаң [ы],[і]дауысты дыбыстары
келетін кісі есімдерінің басында (л, рәріптерінен бұрын) ы, і әріптері тұрақты
түрде сақталып жазылады.
Антропонимик
а
88
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Ыбырай
Ілімжан
Ылайық
Ілес
Ықылас
Іңкәр
Ынталы
Ынтызар
Ібіжан
Ырзагүл
Ібітан
Ізбайша
Ізбасар
Ілифа
Ізгілік
Інжу т.т
Ілияс
Ізтай
Ізтілеу
Іңкәрбек
§4.
Ф, х, ч әріптері орыс және шығыс, араб, парсы тілдерінен енген кісі атта-
рында жазылады.
Фазыл
Фазила
Файзолла
Фариза
Фатхолла
Фаруза
Феликс
Фарзана
Хабиболла
Фарузия
Халел
Фироза
Хакім
Хабиба
Халид
Халида
Халық
Хатипа т.т.
§5.
Һ әрпі жазылуы дәстүрге айналған кісі есімдерінде сақталып жазылады.
Шаһарбай, Қаһар, Қаһарман, Гауһар, Жауһар т.б.
§6.
Э әрпі шет тілдерден енген кісі есімдерінде жазылады. Мысалы: Эдуард,
Эрнст, Эмиль, Элеонора, Элла, Эльвира, Эра т.б.
§7.
Ю, я әріптерінен бұрын ы, і әріптерінің де орнына и әрпі жазылады.
Бахтияр
Әділия
Дәулетияр
Әлия
Дияр
Әсия
Жақия
Балқия
Құдияр
Бәлия
Антропонимик
а
89
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Данияр
Ғалия
Ілияс
Жания
Мадияр
Дария
Молдияр
Ұрқия
Сұлтания
Күния т.т.
§8.
Я әрпі түбірдегі дауыcты дыбыстан кейінгі қосынды [й+а] дыбыстарының
орнына да қолданылады. Аяз, Аязбек, Аян, Аяпберген, Баязит, Баянбай, Ноян,
Баян, Сая, Саят, Мая т.б.
ІІІ. БІРІККЕН ТҰЛҒАЛЫ КІСІ АТТАРЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
§1. Екі және үш сөзден бірігіп жасалған, яғни көпқұрамды кісі аттары,
негізінен түбірі сақталып жазылады.
Ағабек
Айбала
Ағыбай
Айбарша
Байжанбай
Балғаным
Ержанбек
Бәдігүлжамал
Ерқуатжан
Бегайым
Ишанқұлбек
Гүлжан
Қаржаубай
Данагүл
Құлмұхамбет
Жұмабике
Тайжанбай
Нұрсұлу
Ырысқұлбек
Үмігүлсім т.т.
Ескерту: Соңғы кездері кейбір азаматтар өз есімдерін бөлшектеп Бек-Әлі,
Құл-Керім, Құрман-Ғали тұлғаларында қолданылып жүр. Бұл ережеге мүлдем
қайшы.
Достарыңызбен бөлісу: |