Ономастикалық хабаршы №2 (32) 2016


§2.  Кісі  есімдерінің  бірінші  сыңарларындағы  қатаң  дыбыс  әуенімен  оған



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата31.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10997
1   2   3   4   5   6   7   8
§2.  Кісі  есімдерінің  бірінші  сыңарларындағы  қатаң  дыбыс  әуенімен  оған 

қосылатын екінші сыңардағы 



б, г, ғ, ж әріптері айтуда қатаңдап, [п], [к], [қ], 

[ш] дыбыстарына айналып кетсе де, жазуда бұл ескерілмей, әр сыңардың түбір 

тұлғасы сақталып жазылады. 



Арысбек (Арыспек емес)

Ақбала (Ақпала емес) 

Жақыпбек (Жақыппек емес)

Айбарша (Айпарша емес)

Кәріпбай (Кәріппай емес)

Ақбәтес (Ақпәтес емес) 

Жеңісбек (Жеңіспек емес)

Жеңісгүл (Жеңіскүл емес) 

Зиятбек (Зиятпек емес)

Тоқбала (Тоқпала емес) 

Антропонимик

а

90

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Есбай (Еспай емес)

Күлбара (Күлпара емес)

Күмісбек (Күміспек емес)

Сүйінбала (Сүйінпала емес)

Сәтбек (Сәтпек емес)

Танагүл (Танакүл емес)

Тасболат (Тасполат емес)

Ақбала (Ақпала емес) 

Тұрапбай (Тұраппай емес) 

Жарасбай (Жараспай емес) т.т.

§3.  Кісі  аттарының  бірінші  сыңарының  соңындағы 



[н]  дыбысы  қ,  ғ,  к,  г 

әріптерінің алдынан келсе, айтылуда 



ң дыбысына айналады. Бірақ жазуда сөздің 

түбірі сақталады. 



Аманқұл (Амаңқұл емес) 

Жанқабыл (Жаңқабыл емес) 

Барманқұл (Бармаңқұл емес) 

Дүйсенқұл (Дүйсеңқұл емес)

Жанғазы (Жаңғазы емес) т.т.

§4.  Біріккен  тұлғалы  кісі  есімдері  сыңарының  соңғы  әрпі 



з  болып,  екінші 

сыңары 


ж әрпінен болса, з айтылуда өзгеріп, ж дыбысына айналады. Бірақ жазу-

да кісі есімдерінің түбірі сақталады.



Бозжан (Божжан емес)

Бозжігіт (Божжігіт емес) 

Оразжан (Оражжан емес) 

§5. Кісі есімдерінің бірінші сыңарындағы 



с, з әріптерінің бірі ш әрпінің ал-

дына келсе, айтылуда екеуі 



ш, щ әріптері болып естіледі. Бірақ жазуда түбірі 

сақталады. 



Қосшыбай (айтылуы: Қошшыбай –Қощыбай)

§6.  Екінші  сыңары 



қ,  к  әріптерінен  басталатын  кісі  есімдері  екі  түбірдің 

үндесу  ыңғайына  қарай  жазылады.  Алдыңғы  түбір  қатаң  дыбысқа  аяқталса, 

келесі сөзге қатаң 

қ, к әріптерін сақтап жазылады.

Айткелді

Аққыз 

Айтқожа

Ақкүміс

Бекқұл

Аққағаз

Досқара

Аққал т.б. 

Құтқали

Сейітқұл

Антропонимик

а


91

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

§7. Бірінші сыңардың соңғы әріптері үнді, ұяң болып келсе, екінші сыңардағы 

сөздердің басқа әріптері қатаң 

[к], [қ] әріптерінен келсе, бұл қатаң әріптер айты-

луда ұяңдап



 ғ,г дыбыстарына айналғанмен жазуда бұл құбылыс толық сақталып 

жазылады.



Базаргелді

Айғаным 

Байгелді

Ботагөз

Байғабыл

Жұмагүл 

Байғанат

Нұрғайша

Жанғара

Нұрғаным

Жанғозы

Қарағыз

Жангелді 

Дарағыз

Амангелді

Нұрғыз

Жұмағұл

Айғанша

Ерғожа

Айнагөз  

Малғара

Айғыз

Нұргелді

Ботагөз т.т.

Сарғожа

Тұңғатар

Ескерту:  Кейбір  жағдайда  әйел  балалар  есімдеріндегі  гүл  сөзі  естілуінше 

күл түрінде де жазыла береді. Мысалы: Аманкүл, Бейсенкүл, Жеңіскүл, Күлтай, 



Күлжан, Күлжамал, Күлдария, Күлшара т.т. 

§8.  Морфологиялық  принциптен  ауытқып  жазылатын  кісі  есімдеріне  тән 

құбылыс  –  біріккен  тұлғалы  кісі  есімдерінің  аралығында  екі  дауысты  дыбыс 

қатар келсе, алғашқысы түсіріліп жазылады.



Әбдуәли (Әбдіуәли емес)

Дәметкен (Дәмееткен емес)  

Жұмахмет (Жұмаахмет емес)

Ұлмекен (Ұлмаекен емес)

Жұмаділ (Жұмаәділ емес)

Айшайым (Айшаайым емес) 

Бибажар (Бибіажар емес)

Кенжалы (Кенжеалы емес)

Бибайша (Бибіайша емес)

Қожахмет (Қожаахмет емес)

Бүбиша  (Бүбіайша емес) 

Молдахмет (Молдаахмет емес)       

Ұлмекен (Ұлмаекен емес)

Торайғыров (Торыайғыров емес) 

Жұмекен (Жұмаекен емес) 

Серәлі (Серіәлі емес) 

Дәметкен (Дәмееткен емес)  

Бердәлі (Бердіәлі емес)

Бердоңғар (Бердіоңғар емес)

Антропонимик

а

92

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

§9. Кісі есімдерінің бірінші сыңары  



н әрпінен аяқталып, екінші сыңары б, қ, 

м, п әріптерінің бірінен басталса,  н әрпі өзгермей жазылады.

Доспанбет (Доспамбет емес)

Атанбай (Атамбай емес)

Арғынбек (Арғымбек емес)

Байжанбай (Байжамбай емес) 

Бейсенбей (Бейсембай емес) 

Дүйсенбек (Дүйсембек емес) 

Дүйсенбай (Дүйсембай емес)

Иманбай (Имамбай емес)

ІV. БАС ӘРІПТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

§1. Адамның төл аты, әкесінің аты және тегі (фамилиясы), сондай-ақ бүркеншік 

аты, лақап аты, қосымша аты (туып өскен елі, жеріне, кәсібіне байланысты не-

месе тарихи қосалқы аттар) бас әріппен жазылады. 

1. Екі не үш мүшелі жүйе бойынша, бас әріптермен жазу.  

а) өз аты; 2. әке аты; 3. тегі. 

Мысалы: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Найлә 

Оразғұлқызы Базанова, Шарбан Батталқызы Баттал т.т. 

ә) екі мүшелі жүйе бойынша әке атына ұлы, қызы сөздерін қосып, бас әріппен 

жазылады:  Асқар  Мұқанұлы,  Айдар  Жантуарұлы,  Алтынай  Ауғанбекқызы, 

Жұмагүл Ыдырысқызы т.т. 

б) өз аты мен әке атын қосымшасыз, бас әріппен жазу: Айдос Абылай, Мұқан 



Көлбай, Берік Жұмәділ, Асылша Байназар, Алмагүл  Берікбай, Сәуле Асан т.т. 

2. Бүркеншік аттар бас әріппен жазылады: Бұйрас, Быж, Шаңқан, Малақай, 



Қойшы, Кедей, Қарабала (Бейімбет Майлиннің бүркеншік аттары). Манап, Ша-

миль,  Дүйенбі,  Жұмақан  (Сәкен  Сейфуллиннің  бүркеншік  аттары),  Таңқыбай, 

Матай, Мерген, Бөкейше, Тілші, Марқа, Сақа, Ақжол, Қаптағай, Қордай (Ілияс 

Жансүгіровтың бүркеншік аттары), Қоңыр, Арқа, Арғын М.Ә. (Мұхтар Әуезовтің 

бүркеншік  аттары),  Бұйрас,  Мәлтең,  Бөгде,  Қапсыңқа  (Қадыр  Тайшықовтың 

бүркеншік аттары) 

3. Лақап аттар бас әріппен жазылады:

а) жалаң және біріккен тұлғалы не екі сөзден бірігіп жасалған лақап аттар бас 

әріппен жазылады: Бүкір, Қисық, Төкір, Бартбас, Байсеміз, Сабалақ, Сойдақтіс, 

Қасқыркөз, Телқара, Шойқара, Шойынқұлақ, Қарабала, Қасқұлақ т.т. 

ә) адамның мінез-құлқын, кескін-келбетін білдіретін лақап аттар және титул, 

атақ, лауазымды білдіретін сөздер кісі аттарының алдынан келсе бас әріппен, 

соңынан келсе кіші әріппен жазылады: Ер Төстік, Ер Көкше, Ер Қосай, Алпамыс 



батыр,  Қобыланды  батыр,  Қамбар  батыр,  Қозы  Көрпеш,  Асанқайғы,  Бұқар 

жырау, Ақан сері, Біржан сал,Айранкөз Абыл, Бұжыр Мақан, Жыланкөз Ыбы-

Антропонимик

а

93

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

рай, Жылтырбет Төребай, Қасқабас Сәлім, Шегір Асаубай, Күлімкөз Бопыш, 

Қаракөз Айша;

б)  аңыз,  миф,  әпсана  кейіпкерлерінің,  адам,  төрт  түлік,  пірлері  аттарының 

соңынан келіп анықтаушы тұлға ретінде айтылатын ата, баба, баб тәрізді сөздер 

кіші әріптермен жазылады. Баба ата, Бекет ата, Бектау ата, Шақпақ баба, 



Болған ана, Домалақ ана, Найман ана, Дәу баба, Арыстан баб; Қамбар ата, 

Ойсыл ата, Шекшек ата (немесе Сексек ата), Шолпан ата т.т. 

V. ШЕТ ТІЛДЕРДЕН ЕНГЕН КІСІ ЕСІМДЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ

§1. Араб, парсы және шығыс тілдерінен ертеректе еніп, сіңіскен кісі есімдері 

жергілікті  ерекшеліктерді  ескере  отырып,  тіліміздің  жазу  заңдылығына  сай 

қалыптасқан күйінде  жазыла береді:  Мұхамет, Мұхамбет, Мұқанбет, Махам-



бет, Мақанбет, Махмет. Әли, Әлі,  Бақыт, Бахыт, Ғали, Қали, Оспан, Ғұсман, 

Құспан; Омар, Ғұмар, Құмар, Жүніс, Жұныс, Жүніс; Нүсіп, Жүсіп, Дүсіп, Түсіп; 

Нұрмұхамбет,  Нұрмағамбет,  Нұрмұқанбет;  Халық,  Қалық,  Хасан,  Хұсайын, 

Құсайын; Ахмет, Ақмет; Абдырахман, Абдрахман, Әбдірахман, Әбдірақ; Айса, 

Ғайса, Қайса; Ыдрыс,Ыдырыс, Ідіріс, Ідріс;  Ысқақ, Сқақ, Исқақ; Сымат, Ыс-

мат, Самат, Смағұл, Ысмағұл, Сымағұл; Ысмайыл, Сымайыл, Исмайыл; За-

кария,  Захария,  Зақария,  Зікірия;  Айша,  Ғайша,  Қайша,  Хайша;  Әлия,  Ғалия, 

Қалия; Фатима, Бәтима, Патима, Пәтима; Гүлжәмила, Күлжәмила, Күлжан, 

Гүлжан;  Уасила,  Уәсила,  Вазила;  Хадиша,  Қадиша,  Қатиша,  Бисенғали, 

Сисенғали, Күлбала, Күлтай, Жұмакүл, Айкүл т.т. 

§2. Араб тілінен енген «әл» артиклі бар қазақ азаматтарының есімі бірге жа-

зылып, тұтас есім ретінде қабылданады.

§3.  Тілімізге  орыс  тілінен  келген  және  орыс  тілі  арқылы  Батыс  Еуропа 

тілдерінен  енген  есімдер  орыс  әдеби  тілінің  орфографиялық  заңы  бойынша 

өзгертілмей,  бастапқы  қалпында  жазылып  қолданылады.  Мысалы:  Алексей, 



Александр, Андрей, Владимир, Виктор, Денис, Егор, Геннадий, Иван, Валенти-

на, Галина, Ирина, Людмила, Екатерина, Люся, Лариса, Ольга, Оскар, Оксана,  

Артур, Марат, Роберт, Анжела  т.т.  

Қазақ азаматтарының есімдері мен әке аттары және тектері қазақ әдеби тілінің 

нормасына сай, осы ережелерді жүзеге асыра отырып, Қазақстан Републикасы 

Президентінің «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байла-

нысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» 1996 жылғы сәуірдің 2-сіндегі және 

2012 жылғы 4 ақпан, №265 Жарлығы бойынша жазылады.



VІ. АТЫ-ЖӨНДІ ЖАЗУ ҮЛГІСІ

Қазақ азаматтарының аты-жөні мемлекеттік ономастика комиссиясының ұй-

ға рымы бойынша 

үш мүшелі нұсқада жазылып қолданылады. 

Антропонимик

а


94

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

1. Кісінің өз аты, әкесінің аты, тегі (фамилиясы). Мысалы: Жақан Оспанұлы 



Айдарбек, Молдан Бекетұлы Жомартбек, Бекболсын Асқарұлы Артықбай, Айша 

Омарқызы Асан, Ботагөз Саматқызы Бекжан, Гүлжан Ертайқызы Асылбек т.т.

Ескерту: а) ұлты қазақ оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын 

алған  уақыттан  бастап,  олардың  жеке  куәліктері  мен  паспорттарындағы  тегі, 

өз  есімдері  мен  әке  аттары  қазақ  әдеби  тілінің  нормасына  сай,  «Қазақ  аза-

маттары  аты-жөндерінің  емле  ережелері»  жайлы  Нұсқаулықтың  «Аты-жөнді 

жазу  үлгісіне»  сай  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Ұлты  қазақ 

азаматтардың тегі мен өз атын, әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді 

шешу тәртібі туралы» 2012 жылғы 4 ақпан, №256 Жарлығын басшылыққа ала 

отырып жазылады.

ә)  Орта Азия республикаларынан оралған ұлты қазақ азаматтар Қазақстан Ре-

спубликасы азаматының жеке куәлігі мен паспортын алу үшін өтініш білдірген 

кезде  тегіне  немесе  әкесінің  атына  «ууулу,  уулу,  угли,  кизи»  сөздері  жазыл-

май,  қазақ  әдеби  тілінің  нормасына  сай  «ұлы,  қызы»  сөздері  қосылып,  бөлек 

жазылмай, бірге жазылады. Мыс.: Асқар Асанұлы, Бекен Жанбайұлы, Гүлжан 

Базарбайқызы, Айгул Омарқызы. Сонымен қатар, аты-жөндері өзбек, қырғыз, 

түркімен тілдерінде жазылған ұлты қазақ азаматтардың аты-жөндері қазақ әдеби 

тілінің  нормасына  сай  рәсімделеді.  Мыс.:  Кутлумуратов  Бохтиёр  Юлдашевич 

қазақ  тілінде    Құттымұрат  Бақтияр  Жолдасұлы,  Эсенбаев  Ильяс  Гуванчулы 

қазақ тілінде  Есенбай Ілияс Қуанышұлы,   Шаршеев Эльдияр Кенеш уулу  қазақ 

тілінде  Сәрсей Алдияр Кеңесұлы болып жазылады.

2. Кісінің өз аты, әкесінің атына ұлы және қызы деген сөздерді қосып, бірге 

жазу. Мысалы: Азамат Бектайұлы, Бақыт Қуатұлы, Нұржан Достайұлы, Гүл-



нар Бекбергенқызы, Алма Ақжанқызы, Мөлдір Мұқатайқызы т.т. 

3. Өз есімдерінен соң әке атын қосымшасыз жазу. Мысалы: Шерхан Мұрта-



за, Тахауи Ахтан, Айдар Әбіш, Бектай Оңғарбай, Жолдас Жұман; Анар Омар, 

Асыл ша Жанболат, Күлайша Әбдірахман, Жәмила Қаратай т.т. 

Ескерту: ұлттық дәстүрімізге сайәрбір азамат өз әкесінің не атасының атын 

тегі ретінде жазуға ерікті. 

§4. Аса бір салтанатты жағдайларда, ресми құжаттарда, сайлау тізімдерінде, 

жеке куәліктер мен паспорттарда бірінші тегі, екінші есімі, үшінші әке аты жа-

зылады.  Мысалы:  Асан  Болат  Бақытұлы,  Айдар  Бекжан  Мұқанұлы,  Райбек 



Гүлжан Сәрсенқызы т.б.

§5.  Әрбір  азамат  өз  атын  немесе  әке  аты  мен  тегін  Қазақстан  Республика-

сы 

«Неке  (ерлi-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  Кодексіне  сәйкес  осы 

Нұсқаулық негізінде  өзгертуіне ерікті.

Ескерту: ә) Егер Жантуарұлы Бектай деген азаматтың жұбайы Иванова Тама-

ра Егоровна оның тегіне көшкен жағдайда Жантуар Тамара Егоровна, болмаса 

Жантуарова Тамара Егоровна болып жазылуы өз еркінде.

б) Қоғабайұлының қызы Қоғабай Айжан Мұқанқызы болып жазылады.



Антропонимик

а

95

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІС – КЕСІМДІ МӘСЕЛЕ

Ономастика – тіл білімінің ажырамас бөлшегі ғана емес, ел мен жердің та-

рихынан  мол  мағлұмат  беретін  құнды  мұра.  Ал  Ономастикалық  комиссия 

еліміздегі кез-келген нысандарға атау беру, берілген атаулардың транскрипци-

ясын нақтылау, ел саясатына сәйкес жаңа атаулар беру және тарихи атауларды 

қалпына келтiру бойынша ұсыныстар әзiрлейтiн кеңесші ұйым болып табылады. 

Үстіміздегі жылғы 23 қыркүйекте 

Қазақстан  Республикасы  Мәде-

ниет  және  спорт  министрлігі 

Тілдерді  дамыту  және  қоғамдық 

саяси  жұмыс  ко ми те тінің  ұйым-

дасты руымен  Қа зақ стан  Рес-

публикасы  Үкiме тi нiң  жанын-

дағы  Рес пуб  ли  ка лық  ономас тика 

комиссия сының  ке зекті  мәжілісі 

өткізілді. 

Мәжілістің  күн  тәртібінде  екі 

мәселе  қаралды.  Оның  бірі  мем-

лекет меншігіндегі объек тілерге, мемлекеттік заң ды тұлғаларға және мемлекет 

қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, қайта атау жөнінде қорытындылар беру 

туралы болса, екінші мәселе Республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың 

құрамдас  бөліктеріне  атау  беру,  оларды  қайта  атау  бойынша  республикалық 

маңызы  бар  қалалардың,  облыстардың,  ономастика  комиссияларының 

қорытындыларына келісім беру мәселесі болатын. 

Соңғы екі-үш жылдың бедерінде, ономастикалық атауларды беруге мораторий 

жарияланғаны баршаға белгілі. Мұның себебі «атамның аты – ауылға, көкемнің 

аты  –  көшеге»  деген  принцип  артып  кетіп,  елге  еңбегі  сіңе  қоймаған  белгісіз 

есімдердің  немесе  нақты  саланы  дамытуға  ешбір  үлес  қоспаған  адамдардың 

есімдерін мәдени орындар, мектептер мен елді-мекендерге атау ретінде берудің 

үрдіске айналуы болатын. 

Соңғы толықтырылған, өзгертілген заң ономастика саласындағы қордаланған 

мәселелерге жауап береді деп күтілуде.

Атау берудің жаңа сатылы механизміне сәйкес республикалық ономастикалық 

комиссия мүшелері кезекті отырысында облыс тарапынан ұсынылған атаулар-

мен танысып, олардың қорытындыларына келісім беру немесе бермеу мәселесін 

дауысқа салды.



Алқа

96

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ

Ономастикалық атаулар – қоғаммен бірге жасап, біте қайнасатын этникалық 

мәдениетіміздің  белгісі.  Халқымыз  «Жер-судың  аты  –  тарихтың  хаты»  деген-

де  ономастикалық  атаулардың  ұлттың  тарихынан,  салт-дәстүрінен,  таным-

түсінігінен хабар беретіндігіне меңзесе керек. Ономастиканың тұғыры ұлттық 

мүдде екенін ескерсек, «қазақ ономастикасы елдігімізді насихаттауда, ұлт тағдыры 

үшін талай жан алысып, жан беріскен тарихи тұлғаларын ұлықтауда діттеген ме-

жеден шыға алып жүр ме?» деген сұрақ туындайды. Осы және қордаланған басқа 

да сұрақтарды шешпек ниетпен Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді да-

мыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша үстіміздегі 

жылғы 6 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Конституция» 

залында  «Ономастика  және  көрнекі  ақпарат:  міндеттер  мен  ұсыныстар»  атты 

өңірлік семинар-кеңес өткізілді.  

Саладағы өзекті мәселелерге оң шешім іздеу мақсатында семинар-кеңестің 

жұмысына  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі сая сат бөлімінен, 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы 

есепке  алу  жөніндегі  комитетінен  бөлім 

басшылары мен жауапты мамандар, облыс 

әкімдерінің  орынбасарлары,  облыстық  тіл 

басқармаларының  басшылары  мен  Оно-

мастика  және  көрнекі  ақпаратты  бақылау 

бөлімінің  мамандары,  жетекші  ғалымдар 

қатысты.

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Әкімшілігі  Ішкі  саясат  бөлімінің  меңге-

рушісі  А.Балаева  семинар-кеңесте  еліміз-

дегі ономастикалық ахуалға кешенді шолу жасап, ономастикалық жұмыстардың 

бүгінгі жай-күйіне тоқталып өтті. Ономастикаға қатыс ты заңнамалық актілерге 

сәйкес елді мекендер мен оның құрамдас бө лік терін қайта атау жұмысын жан-

дандыру,    ономастикалық  атаулар  мен    көрнекі  ақпараттың  дұрыс  орналасты-

рылуы мен жазылуын қалыптастыру бағыттары бойынша туындаған сұрақтарға 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы 

есепке  алу  жөніндегі  комитеті  Арнайы  есеп  бөлімінің  аға  прокуроры  Бекбол 

Амангелдіұлы кең ауқымда, мазмұнды жауап беріп, деректемелер мен көрнекі 

ақпаратты  орналастыру  бөлігінде  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

сақталу мәселелеріне тоқталып өтті.

Қазақстан  Республикасында  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020 

жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында    белгіленген  мақсаттар 

мен  міндеттердің  бірі  кезең-кезеңімен  қоғам  өмірінің  негізгі  салаларында  тіл 

мәдениетінің  нормативтік  құқықтық  базасын  жетілдіру  арқылы  географиялық 



Алқа

97

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде 

тарнслитерациялаудың  ережелерін  әзірлеу,  көрнекі  ақпараттар  мен  жарнама 

мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру мен үйлестіру және бақылау болып табылады. 

Осы мақсат-міндеттерге қол жеткізу үшін 2013 жылдың 21 қаңтарында «Қазақстан 

Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойын ша 

өзгерістер мен толықты рулар енгізу туралы» заң  қа был данды. 

Қолданыстағы  заңнама ға  сәй   кес  Қазақстан  Республика сын дағы  тіл  туралы 

заңның сақ талуын бақылауды облыстық тіл басқармаларының мамандары жүзеге 

асырады.  Жергілікті  жерлерде  орын  алған  деректемелер  мен  көрнекі  ақпарат 

тілінің бұзылуына байланысты фактілерге қатысты барлық жұмыс түрлері «Де-

ректемелер  мен  көрнекі  ақпаратты 

орналастыру бө лігінде Қазақстан Ре-

спубликасы  тіл  туралы  заңнамасын 

сақтаудың  тексеру  парағын  бекіту 

туралы»  Қа зақстан  Республикасы 

Мәдениет  жә не  спорт  министрінің 

2016  жылғы  20  маусымдағы  №173 

және Қазақстан Республикасы Ұлттық 

экономика  ми нистрінің  2016  жылғы    

1 шілдедегі  №308 бірлескен бұйрығы 

негізінде жүргізіледі. 

Семинар-кеңеске  қатысушыларға  ономастикалық  атауларды  жетілдіру, 

өңірлердегі ономастикалық жұмыстарды оңтайландыру үшін дайындалған нақты 

әдістемелік ұсынымдардан тұратын жинақ таратылып, ұлттық ономастикалық 

атауларды біріздендіру мәселелері, қазақ тіліндегі жарнамаларды жетілдірудің 

кей  жолдары  қарастырылды.  Облыстық  тіл  басқармаларының  мамандары-

на  әдістемелік  көмек  ретінде  ұсынылып  отырған  жинаққа    ономастиканы 

біріздендіру бойынша әдістемелік ұсынымдар, тарихи жер-су атауларының және 

тарихи  тұлғалардың  тізімдері,  Астана,  республикалық,  облыстық,  аудандық 

маңызы  бар  қала  және  басқа  да  елдімекендердегі  көше  атауларын  жазу  және 

орналастыру  бойынша  ұсынымдар,    қазақ  азаматтары  аты-жөндерінің  емле 

ережелері жайлы ұсынымдар енгізілген болатын. 

Қолданысқа  жақында  ғана  берілген  ономастикалық  бірыңғай  электрондық 

базаның  таныстырылымы  кезінде  семинар-кеңеске  қатысқан  сала  маманда-

ры  жақсы  лебіздерін  білдірді.  Мұндай  ономастикалық  қордың  болуы  саяси 

тұрғыдан ескіріп, елдігімізге сын әкелсе де, әлі күнге мызғымай тұрған кеңестік 

атауларды Тәуелсіздік мұраттарына сай жұртшылыққа рух беретін атаулармен 

өзгерту тәрізді өзекті мәселелерді шешуде өз септігін тигізеріне сенімдері мол 

екендігін білдіріп, игі бастамаға  ақ жол тіледі.



Алқа

98

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

«Atau.kz» ономастикалық электрондық базасы

«Жер судың аты – тарихтың хаты» деп ата-бабамыз тегін айтпаған. Кез кел-

ген елді мекендердің  атауына қарап, сол жердегі тарихи оқиғалардан хабар алуға, 

ел намысын қорғаған ардақты азаматтары туралы мағлұматтарды білуге болады. 

Ономастикалық  және  топонимикалық  атаулар  халқымыздың  тарихынан,  салт-

дәстүрінен, діни наным-сенімінен хабар беретін қайнар көздердің бірі болып табы-

лады. Ономастикалық атаулардың электрондық қорын қалыптастыру халықаралық 

тәжірибеде  кеңінен  танымал.  Атап  айтқанда,  Ұлыбритания,  АҚШ,  Германия, 

Қытай, Ресей  сияқты елдерде бұрыннан қолданыста бар. Басқа да маңызды ин-

тернет ресурстары сияқты ономастикалық атаулардың виртуалды кеңістікте бо-

луы – бұл саладағы жұмыстарды атқарудың тиімділігін арттырады. Ең бастысы, 

ономастикалық электрондық қор жасау тіл саясатындағы осы бағыттың жалпы 

көпшілік үшін ашық және қолжетімді болуына мүмкіндік туғызады. 

Ономастикалық  электрондық  базаны  ашудың  негізгі  мақсаты  –  қазақ 

ономастикасының біртұтас жүйесін жасай отырып, ішкі мәселелерін шешудің 

нақты тетіктерін орнықтыру болатын. 

Ономастикалық  электрондық  базада  Қазақстан  Республикасындағы  жер-су 

атаулары  толығымен  көрсетіліп,  атауларды  беру  нормалары  мен  қағидалары  да 

қамтылады. Жалпы жұртшылыққа арналып отырған бұл электронды база қай елді 

мекенде қандай көше аттары мен мәдени орындардың бар екендігі туралы мәлімет 

берумен ғана шектелмейді, көшелерге немесе мәдени орындарға ел өміріне еңбегі 

сіңген тұлғалардың есімін беру мәселесін реттеуде де өз үлесін қосары сөзсіз.   

Ономастикалық  электронды  база  3  блоктан  «Құқықтық-нормативтік  база», 

«Ғылыми-тәжірибелік негіздері» және «Іздеу» блоктарынан тұрады. «Құқықтық-

нормативтік  базада»  салаға  қатысты  құқықтық  негіздегі  құжаттар  топтасты-

рылады.  Сонымен  қатар  бұл  блок  ішінде  «Ономастикалық  комиссиялар»  ай-

дары  бар.  Аталған  айдарда  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  жанындағы 

Республикалық ономастика комиссиясы туралы ереже, олардың құрамы туралы 

ақпарат беріледі.

«Ғылыми-тәжірибелік негіздері» блогында ономастикалық атаулардың тари-

хы, этимологиясы, жасалу ерекшеліктері туралы танымдық сипаттағы ғылыми 

және  ғылыми-көпшілік,  анықтамалық  әдебиеттер  мен  мақалалар  ұсынылады. 

Сонымен  қатар  «Ғылыми-әдістемелік  негіздер»  блогы:  «Мақалалар»  және 

«Кітапхана» айдарынан тұрады. 

«Іздеу»  блогы  арқылы  аталған  қорды  пайдаланушы  өзіне  қажетті    ономас-

тикалық ақпаратты теріп, сұранысын қанағаттандырады. Мәселен, іздеген өңірді 

жазған  кезде  оның  бұрынғы  және  қазіргі  атауы  екі  тілде  беріліп,  атаулардың 

өзгертілгені  туралы  ресми  мәлімет  қоса  көрсетіледі.  Сонымен  қатар  осы  бет-

те  «Ақпаратты  интерактивті  карта»  орналастырылған.  Картадан  өзіне  қажетті 

облыстың белгісін басқан кезде облыс туралы қысқаша ақпарат беріліп, инфо-

графикасы көрсетіледі. Сонымен қатар «Іздеу» блогына қысқартылған атаулар-

ды жазып, атаулардың толық анықтамасын ала алады.



99

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

МАЗМҰНЫ

Тарихи топонимика

О. Асанғазы. Ақорда – алтын бағана..........................................................................3

Қ. Бекішева. Қазақ батырлар жырларындағы жер-су атауларының поэтикасы....6

Қ. Оразбаев, Б. Тасболатов. Ұмай ұғымы – Майлыкент, Майтөбе, Майбұлақ 

топонимикалық атаулығының негізі........................................................................11



М. Ескеева. Түркі этнонимдерінің көнетүркілік қабаты.......................................16

Ж.  Қоңыратбаева.  Годонимия  құбылысы:  тілдік-тарихи  зерттелім                                               

тұр ғы сы нан................................................................................................................24



Ш.  Жарқынбекова,  А.Маукара.  Годонимдер  жүйесіне  атау  берудің  қазіргі                                                

прин  циптері...............................................................................................................32



М. Қайырова. Прагматонимдер қала ономастикасының құрамадас бөлігі Топо-

ни мика........................................................................................................................39



Б. Тілеубердиев. Қазақ ономастикасындағы  дүниенің (ғаламның) топонимиялық 

бейнесі........................................................................................................................45



Қ. Сапаров. Баянауланың түске байланысты атаулары.........................................58

А. Әлімхан.  Шығыс Қазақстан топонимиясындағы орыс тілі қабаты................64

Жарнама және көрнекі ақпарат

С.Негимов. Ономастиканың түп-тамыры – ұлттық дүниетаным мен халық тари-

хы................................................................................................................................69



Қ.Тілешова. Тіл табиғаты сақталуының көрнекі мысалы.....................................75

Антропонимика

Т. Жанұзақ, Қ. Рысберген.  Қазақ азаматтары аты-жөндерінің емле ережелері жай-

лы ұсыным.................................................................................................................80



Алқа

Кезекті мәжіліс – кесімді мәселе.............................................................................95

Қазақ ономастикасының жай-күйі..........................................................................96

«Atau.kz» ономастикалық электрондық базасы.....................................................98



РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ

Авторлардың стилі,

орфографиялық  хақы сақталады.

Ш. Шаяхметов атындағы

тілдерді дамытудың республикалық

үйлестіру-әдістемелік орталығында

теріліп, беттелді.

Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған

С. Баубекова

Редактор Б. Оспан

Корректор М. Шіменбаева

Редакцияның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы

010000, Астана қаласы,

Сауран көшесі, 7 А,

Тел.: 8 (7172) 40-83-97

Tilortalyk@mail.ru

Теруге берілген күні 15.11.2016 ж.

Басуға қол қойылған күні 28.11.2016 ж.

Пішімі 70х100

 

1/16



. Шартты баспа табағы 8,0

Таралымы 1000 дана.

Тапсырыс № 1662

Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы

"Полиграфкомбинат" ЖШС-нде басылды.

050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет