ОНОМАСТИКАЛЫҚ
ХАБАРШЫ
№ 2 (32)
2016
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясының бюллетені
ОНОМАСТИКАЛЫҚ
ХАБАРШЫ
№2 (32)
Құрылтайшы:
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігі
Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси жұмыс комитеті
ҚР Ақпарат министрлігінде
тіркеліп, тіркеу туралы
2004 жылғы 11 тамызда
№5336 – Ж куәлігі берілген.
Редакциялық алқаның
төрағасы:
А. Мұхамедиұлы
Редакциялық алқа құрамы:
А.Райымқұлова
Қ. Асылов
Ғ. Мелдешов
Ж. Ерғалиев
А. Смағұлов
Х. Әбжанов
Н. Уәли
А. Жартыбаев
С. Иманбердиева
Д. Қыдырәлі
С. Әбдірахманов
Т. Жақсылықов
Т. Қышқашбаев
М. Серікбайұлы
Н. Жүсіп
С. Негимов
Бас редактор
Қ.Әбіл
3
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
О. Асанғазы
Мемлекет және қоғам қайраткері
Ақорда – алтын бағана
Қандай да болмасын мемлекет даму барысында өзінің ұлттық келбетін
қалыптастыруды негізгі бағыттардың бірі ретінде ұстанады. Тарихи қайнарларға
бет бұру – сол мемлекетте өмір сүретін азаматтардың тарихи жадын, рухани бол-
мысын, отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға игі ықпал етеді. «Анамыздың
ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тари-
хымызды ұмыту» деген Б. Момышұлының сөзі өте салмақты. Осындай рухани
үрдіске тоқталғанда мемлекет мән беріп отырған ономастикалық жұмыстарды
арнайы атап өтпекпіз. Астана қаласының ономастикалық ажары жылдан-жылға
жаңарып, бүгінгі заманғы Қазақстанның ұлттық тарихи келбетін танытып
келеді. Бұл өте маңызды мәселе.
Біріншіден, Астана – Қазақстан Республикасының егемендігін бейнелейтін
жаңа тұрпаттағы қала. Яғни, бұл қалада Қазақстанның тарихи дамуын, қазақ
халқының бай төлтумалық дәстүрлерін, ұлттың дара келбетін көрсететін
ономастикалық айғақтар болуы тиіс. Мемлекет астанасында ұлттың тарихи
жады айқын көрініс табуы табиғи құбылыс. Екіншіден, Елорда құрылысы XX
ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы еуразиялық алып жоба болып та-
былады. Астананың қарқынды өсуі Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерінің
айғағы екені күмәнсіз. Елордалық тұрғындар саны 3 есе өсіп, қала аумағы 4
есеге жуық ұлғайды. Яғни, қалада жаңа әкімшілік орталық, жаңа даңғылдар
мен көшелер, алаңдар мен гүлзарлар, нысандар салынды. Осыларға атау қою
қажеттілігі туындады. Үшіншіден, Астана – Шығыс пен Батыс нақыштары
тоғысқан ірі мегаполис, үшінші мыңжылдық қаласына айналуда. Мұнда
халықаралық деңгейдегі кездесулер, әлемдік маңызы бар шаралар өткізіле бас-
тады. Соған орай халықаралық ұйымдардан, әлемнің әртүрлі елдерінен рес-
ми делегациялар, қоғам, мәдениет қайраткерлері, туристер келуде. Қонақтар
Қазақстанға келгенде осы мемлекетке атау берген ұлттың тарихи-мәдени бол-
мысымен, салт-дәстүрлерімен, жетістіктерімен танысады. Төртіншіден, Астана
Қазақстан Республикасының астанасы мәртебесіне ие болғанға дейін бұл қалада
кеңестік жүйеден қалған көптеген ономастикалық атаулар сақталып келген. Осы
отарлық, тоталитарлық жүйе белгілерінен арылу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Бесіншіден, Астана ономастикалық ажары жағынан да еліміздің басқа өңірлеріне
үлгі болуы тиіс.
Ұлттың рухани өзегі тіл десек, соның бөлінбес бөлшегі, біте қайнаған нәрі
– ономастика саласы. Осындай игі шаралардың бір парасы – Қазақстанның
ономастикалық атауларын қалпына келтіру. Бұл үрдіс Астана қаласында қарқынды
Тарихи т
опонимик
а
4
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
жүріп жатыр. Астананың ономастикалық бет-бейнесін қалыптастыруда,
негізінен алғанда, мынандай мәселерге айрықша көңіл бөлініп отыр: тәуелсіздік,
Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігі идеяларын айқындау мен насихаттау,
тарихи сабақтастықты сақтау, Қазақстанның мәдениеті мен мемлекеттік тіліне
деген құрметті қалыптастыру, қазақ халқының тарихи-рухани бастауларын та-
ныта алатын атаулар беру, қазақстандық отансүйгіштікке баулу. Осы міндеттерді
жүзеге асыру үшін бірқатар шаруалар атқарылды. Елордамыз Ақорданы ал-
тын бағана ете отырып, бүгінде қанатын кеңге жайып, Сарайшық, Тұран, Хан
Шатыр секілді атаулармен толығуы қуанарлық әрі құптарлық жағдай. Астана
қаласы әкімдігінің қаулысымен және Астана қаласы мәслихатының шешімімен
2006 жылы Астанада 113 көше қайта аталса, 2007 жылы 145 атаусыз көшеге атау
беріліп, 154 көше қайта аталды.
Астана еліміздің бас қаласы болғандықтан Қазақстанның тарихи, мәдени,
географиялық дидарын беретіндей атаулар болуы тиіс. Осыны басшылыққа ала
отырып, ономастика комиссиясы көптеген көшелерге қазақ жерінің байырғы
атауларын беруді дұрыс деп тапты. Атап айтқанда, қаладағы көшелерге Қаратау,
Еділ, Қаратал, Балқантау, Зеренді, Марқакөл, Аспара, Жаңаөзен, Абыралы, Меркі,
Үстірт, Аягөз тағы сол сияқты жер-су атаулары берілді. Бұл атауларды таңдауда
және бекітуде олардың тарихи маңызы және байырғы болмысы санатқа алынды.
Сөйтіп, Қазақстанның барлық өңірлерінен осындай талаптарға жауап беретін
атаулар іріктелінді. Еліміздің жаңа тарихтағы даму жолы – Астанамен тікелей
байланысты екендігі белгілі. Соған орай, бұл қала Қазақстанның кешегісі мен
қазіргісін, бағзысы мен бүгінгісін тарихи жағынан да, рухани жағынан да
сабақтастыруы тиіс екендігі мәлім. Астана көшелері мен даңғылдарын тари-
хи оқиғалар мен тарихи тұлғалардың есімдері айшықтап тұруы заңдылық.
Сондықтан ономастика комиссиясы бірқатар тарихи оқиғаларға қатысты атау-
ларды және тарихи тұлғалардың есімдерін беруді ұйғарды. Атап айтқанда,
Күлтегін, Асанқайғы, Қадырғали Жалайыри, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ыбырай
Алтынсарин, Сүгір Әліұлы, Ілияс Есенберлин, Ықылас Дүкенұлы, Ағыбай батыр
және т.б. Өткен ғасырдың басында халқымыздың тәуелсіздігі үшін күрескен,
арттарына мол рухани мұра қалдырған Алаш қайраткерлерінің есімдері де Аста-
на көшелеріне берілген болатын. Олардың ішінде Мұстафа Шоқай, Әлімхан Ер-
меков, Халел Досмұхамедұлы, Жаһанша Досмұхамедұлы, Телжан Шонанұлы,
Сұлтанбек Қожанұлы, Ғұмар Қараш сияқты тұлғалар бар. Қазақ тарихында
өзіндік ерекше орны бар Қозыбасы, Аңырақай, Арқайым, Қазығұрт, Бұланты,
Абат-Байтақ, Саққорған сияқты тарихи жер атаулары да елорданың жаңа
атауларының қатарынан орын алды. Халқымыздың күрделі тарихи өткелдерден
өтуінде қазақтың батыр, өнерпаз, даналығымен көзге түскен қыздарының еңбегі
айрықша болғаны тарихтан белгілі. Олардың есімдерін Астана көшелеріне
беру – бүгінгі ұрпақтың бойына имандылық, мейірім, адамгершілік сезімдерін
Тарихи т
опонимик
а
5
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
ұялатуға ықпал етері сөзсіз. Бұл ретте Жұбан ана, Домалақ ана, Қарашаш ана,
Айша бибі, Ұмай ана, Тұмар ханым, Ұлпан, Айғаным, Дина, ақын Сара, Ұлбике
ақын есімдерін айтамыз. Қазақ халқының тарихи-мәдени дамуына бірқатар өзге
ұлт өкілдерінің үлес қосқаны мәлім. Солардың ішінде көше атаулары Мәриям
Жәгорқызы, Әбубәкір Диваев, Василий Бартольд, Николай Хлудов есімдеріне
ие болды. Жаңа атауларға ие болған көшелерге мемлекеттік гимннің авторла-
ры Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденов есімдері де берілді. Кейбір
көшелерге қайта атау беруде бір тарихи оқиғаның бірнеше рет қайталануы да
есепке алынды. Мәселен, Ұлы Отан соғысына байланысты атаулар көптеп
кездеседі: Жеңіс даңғылы, Кеңес Одағының батырлары құрметіне қойылған
ондаған атаулар. Сондықтан 9 май көшесіне қазақ халқының батыр қызы
Ә.Молдағұлованың есімі берілді. Сондай-ақ кейбір атаулар түзетілді. Айталық,
«Қ.Мұңайтпасов көшесі» бұдан былай «Қажымұқан көшесі» деп аталатын бол-
ды. Сондай-ақ, бұрын бірімен бірі тіркесіп жататын Республика даңғылы мен
А. Пушкин көшесі біріктіріліп, тұтастай «Республика даңғылы» деп аталатын
болды. Ал, Л. Гумилев пен Можайский көшелері біріктіріліп, оған «Александр
Пушкин көшесі» деген жаңа атау берілді. Бұларға қоса, Сарыарқа даңғылының
көпірден кейінгі бөлігі – «Тұран» даңғылы, Софиев тас жолы – «Алаш тас
жолы», Рождественский тас жолы – «Қарқаралы тас жолы» деген атаулармен
аталатын болды.
Қазақта «Аяғын көріп, асын іш» деген аталы сөз бар, қаланың сыртқы жарна-
масы да сол сияқты. Күнделікті тірлікте көзге үйреншекті болып кеткен көрнекі
ақпарат пен жарнаманың сапасы көбінесе сын көтермей жатады. Ал қала
қонақтарына ең алғашқы ақпаратты дәл осы сыртқы жарнамалар беретіні белгілі.
Қаланың жарнамасы, көрнекі ақпаратпен жұмыс ешқашан күн тәртібінен түскен
емес. Жіті қадағалап, тынымсыз еңбекпен жұмыс істеп келеміз.
Астана қаласының ономастикалық нысандарына атау беру барысында
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»
кітабында тиянақталған қазақ халқының рухани даму тарихындағы кезеңдерді
басшылыққа алу – еліміздің сан ғасырлар бойғы тарихымен, бірегей мәдениетімен
танысуға мүмкіншілік туғызады. Астана болашаққа қадам баса отырып, әлемге тек
өзіндік сәулеттік болмысымен ғана емес, ономастикалық атаулардың ғасырларға
тамырын терең жайған тарихи мәнді мазмұнымен де ерекшеленетін болады.
Елордамыздың жаңа әкімшілік орталығы ғимараттарында, ескерткіштерінде,
көшелері мен алаңдарында өткен тарихымызды, бүгінгі болмысымызды, жарқын
болашағымызды танытатын атаулар тұрса, оны ашық аспан астында көзбен көріп,
оймен шолған шетелдіктер, қала қонақтары, барша қазақстандықтар Отанымызды
тұғыры берік, туы биік, тәуелсіздігі баянды ел ретінде қабылдайтыны сөзсіз.
Тарихи т
опонимик
а
6
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Қ. Бекішева
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық–
техникалық колледжінің оқытушысы
Қазақ батырлар жырларындағы жер-су атауларының поэтикасы
Тарихи дерек көздеріндегі эпостық жырлар мен қазақ фольклорындағы
топонимдердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі қазіргі таңдағы күрделі
мәселелердің бірі болып отыр. Ежелгі қазақ өркениетінің «алтын қорына»
айналған батырлар жырындағы жер-су атаулары ұлтымыздың мәдени феномені
ретінде оның топонимдік жүйесін айшықтандырып, ерекшелендіріп тұрады.
Әрбір азамат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған
кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға тиіс болса, оның жер-суына қойылған
атаулар туралы мүмкіндігінше соншалықты көп білуге тиіс деп білеміз. Батыр-
лар жырындағы топонимдер мағынасы жағынан сан алуан болып келеді. Олар
мағыналық тұрғыдан қоршаған ортаның геофизикалық ерекшеліктерін сипаттай-
тын топонимдер, жан-жануарлар дүниесіне байланысты топонимдер, адамның
іс-әрекеті мен тұрмыс тіршілігіне, өсімдік әлеміне байланысты топонимдер.
Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы – эпостық
жырлар. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі, әрі кемелді
түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен
эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосы бірде ерлікті, батырлықты
дәріптеп, ел қорғау, отаншылдық сарынға құрылса («Қобыланды», «Алпамыс»),
бірде феодалдық қоғамдағы әйел теңсіздігін арқау етіп, махаббат тақырыбына
байланысты қалыптасқан топонимдер болып жіктеледі. Көненің көзіндей тілдің
қат-қабат қойнауларында сақталып келген жер-су атауларының сыры мол.
VІІІ ғасырдағы түріктердің үлкен жауы – араб, ХІІІ ғасырда – моңғол, ХVІІІ
ғасырда – жоңғарлар болғаны тарихтан белгілі. Бірақ осы тарихи оқиғалардың
ізі қазақ эпосында «қызылбас», «қалмақ» деген атаулармен ғана бітеді. Асы-
лы түрік қағанаты ішіндегі тартыстарды да ескеру қажет. Олар бір ғана Қытай,
Иран елдері емес, ұйғыр, қырғыз, қай, кеден, телес, тибет, түркеш тайпаларымен
де жауласқан. Профессор Ә.Қоңыратбаев: «Қазақ батырларын тарихи геройға
ұқсатып, Иранға жібергеннен гөрі, жыр оқиғасын оғыз-қыпшақ дәуірінен
ізденген нақтырақ емес пе? Түркі тайпаларының эпосында түрлі шыжымдар
бар. Оны «Бозғұлан», «Гургули» және көптеген қазақ жырлары аңғартады. Тари-
хи адам керек болса, Қазан аты «Қорқыт ата кітабында» бар. Осы жағдайларды
ескере келгенде, біз эпос атаулы бір ғана империя аралығындағы күрестерді
емес, сонымен қатар Түрік қағанаты, оғыз ұлысы, ноғайлы дәуіріндегі тайпалар
арасындағы бүліншіліктерден де хабар береді дейміз. Осы бүліншіліктер бір кез-
де тұтас жүрген тайпалардың жіктелуіне әкелген еді» - дей келе, қазақ батырла-
рын өз жеріміздегі көрсеткен ерліктері арқылы танығанымыз дұрыс болар деген
тұжырым айтады [1-164 бет].
Тарихи т
опонимик
а
7
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Олай болса біз қазақ эпосы қай кезде туды деген мәселені сөз еткенде, оны ең
алдымен тарихи оқиғалар ізінен, мифтік діни ұғымдардан, жер-су, кісі аттары-
нан іздеуіміз шарт. Сонда ғана қазақ эпосына таптық сана қай кезде ене бастаған,
фольклордағы мифологиялық ойлау қалай туған, тайпалық, ұлттық, халықтық
сипат қалай орныққан деген мәселелерге дұрыс жауап бере аламыз. «Барлық
эпос геройларын мезгіл-мекенсіз социологиялаудың берері жоқ. Мұның бәрі
фольклордағы фантазия қуаты мен көркем ойлаудың, тілдік құбылыстардың
өркендеу процесін рухани мәдениет тарихына жақындата келіп зерттеуге жол
ашады. Әрбір образға әдеби мінездемемен қатар, тарихи түсінік беріп отыру
шарт. Көркем ойлау, көшпелі өмірде сапа мен тілдің табысы, рухани жағынан
ең марқа құбылыс болса, түрлі тарихи формацияларға синантроп, антрополо-
гия, неолит, андрон мәдениеті деп келуден гөрі, фольклор тарихы арқылы келу
мақсатқа көп жақын» - дейді әдебиеттанушы ғалым Ж.Тілепов [2-253 бет].
Ш.Уәлиханов: «…қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр уақыт болды.
Жоңғарлар, Еділ бойының қалмақтары тұс-тұсынан қазақ ұлыстарын қырғынға
ұшыратты, малдарын айдап әкетті, қазақтардың бүкіл семьяларын тұтқындап
алды» деген [8-152 бет].
Мәселен, «Батырлар жырының» екінші томында жарияланған «Арқалық ба-
тыр» жырының беташары былайша ашылады:
Ал енді егіз жатқан керей, найман,
Шығады сөз болмаса қайдан мизан.
Қазақтың хан билеген заманында,
Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған.
Жыршы тыңдаушы зейінін, назарын бірден аудару үшін жырламақ баты-
рының жыры қай елде, қай жерде, қай уақытта болғандығымен бастайды. Шу-
мақта екі рудың аты қатар аталады. Ол керей, найман. Керей,наймандардың
жер мекендері Орталық Қазақстаннан басталып, Жоңғар тауларына дейін созы-
лып, Жетісу жерімен шектеледі. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан
көш пенді қазақтар өзен-сулы өңірлерді қоныс еткен. Өздері тұрған өңірлерді
ерекше әспеттеп, лайықты атаулар қойған. Мұндай атаулар ұрпақтан-ұрпаққа
ауыса отырып, сол мәні өзгермеген күйінде бізге жеткен. Жазба деректерге
сүйенсек, аймақтың ең үлкен өзені Сырдарияның «Кангар» деп аталғанына көз
жеткіземіз. Себебі, Сырдария өзенін сол алқаптағылар қала аттарынан Шам
өзені, Ходжент өзені деп атап кетсе, VІІ ғасырда Сыр бойының орта ағысында
қаңлы тайпасы өмір сүріп, өзен сол тұста Кангар деген атау иеленген. Бұл негіз
топонимиканың құрылымы жер қойнауын мекендеген ұлыс, тайпа атауларын
ерекшелетінін көрсетеді. Сөйтіп, эпостық жырлардағы жер-су аттарын лексика-
семантикалық классификациялаудың маңызы мен мәнін аша отырып,олардың
табиғат пен қоғамдық өмірге арақатысы дәрежесінен молынан хабардар етуге
болады. Осылай десек, халық өмірінің әр кезеңдерінде пайда болған мәдени
Тарихи т
опонимик
а
8
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
құбылыстар мен өзгерістердің өмірге жаңа топонимдер әкелетінін, сөйтіп то-
понимдер жүйесінің берік қалыптасуы мен қызмет етуіне ықпал жасап отыра-
тынын бағамдауға болады. Сонымен, біз зерттеуімізде батырлар жырындағы
жер-су аттарының топонимдік жүйесінде төмендегідей лексика-семантикалық
топтарды айқындадық:
1. Семантикасы күңгірт топонимдер: Одыр, Бажы, Бұзай, Қилу, Сауыртау,
Ындыс, Шамшықай, Ақұшан, Қауыс-қаусар;
2. Географиялық объектілердің түр-түсіне байланысты топонимдер: Қарааспан
тауы, Ақбұлақ өзені, Қара Ертіс, Қазалқұм, Жирен қопа, Жирен көл, Бурыл тоғай,
Қараөзек, Ақбұршақ өзендері, Ақсай, Алатау, Қаратау, Сарысу;
3. Географиялық объектілердің түрлі сапалық белгісіне байланысты топоним-
дер: Балды көл, Ащы сай, Шегірлі көл, Тасқия, Қорған бұлақ, Тентек сай;
4. Антропонимдерден құрылған топонимдер: Мәдение, Төленті, Аманбай,
Есембай асулары;
5. Өсімдік дүниесіне, жеміс-жидек атауларына байланысты топонимдер:
Қайыңды көл, Шеңгелді, Талды көл, Жыңғылды, Дермене.
6. Жан-жануарлар мен құстар атауларына байланысты топонимдер: Бурыл-
тай, Қырапқыстауы, Құланай, Түлкібас, Қасқырлы сай, Құланды, Ешкіқара, Аю-
сай, Тайқоңыр;
7. Салыстыру, теңестіру және оқиға негізінде қойылған бейнелі топонимдер :
Қыземшек тауы, Қыздыкөл т.б.
8. Географиялық объектілердің айрықша белгілеріне ыңғайластырып қойыл-
ған сандық топонимдер: Төрткөл, Бесоба;
9. Күнделікті тұрмыстық тұтыну зат атауларына байланысты қойылған топо-
нимдер: Құмыра көл, Айнакөл, Шөмішті т.б.
10. Адамның дене мүшелерінің ішкі ағза атауларына байланысты семантикалық
сипаттағы топонимдер: Қыземшек тауы, Қосқол;
11. Өзге ұлттар лексикасынан туындаған топонимдер: Елек, Үргеті, Төленті.
Қазақ эпосының тарихылығын сөз еткенде, бір ғана ру, тайпа, халық
шеңберінде қалмай, сюжеттерді бүкіл Орта Азия, Алтай, тіпті Шығыс әлемі
деңгейінде салыс тыра зерттеу керек. Ертедегі космологиялық нанымдар,
әлеуметтік құрылысы күрделі елдердің басынан өткен болса, эпосты отбасы,
ошақ қасында зерттеу пайдасыз. Қазақ эпосын тарихи желіге қойып дұрыс
топтастырған ғалым Ә.Марғұлан болды. Ол оғыз- қыпшақ эпосын мынадай
дәуірлерге бөлген:
1.Көне дәуірде туған эпос (V –ХІІ)
2. Тарихи дәуірде туған эпос (ХІІІ – ХІV)
3. Ноғайлы эпосы (ХV-ХVІ)
4.Жоңғар шапқыншылығына байланысты туған эпос (ХVІІІ)
5. Ішкі қанаушылар мен хандарға қарсы күресті суреттейтін эпос.
6.Совет заманында туған эпос.
Тарихи т
опонимик
а
9
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Бұл бөлініс тарихи принципке негізделген. Түркі тайпаларының ерте заман-
дарда Алтай, Тянь-Шань өлкелерінде қоныс тепкенінде дау жоқ. Ондағы сыртқы
жау-табғаштар болғанын да жетік білеміз. Эпосты кенжелетіп феодализм
дәуірімен тұмшалау қандай сыңаржақ болса, оның тегін тайпа, этногенезден
бөліп қарау да сондай сыңаржақ екенін әбден түсінуге тиіспіз. Осы жайларды
ескере отырып, Ә.Қоңыратбаев қазақ эпосын өзінің тегі мен жанры жағынан он
салаға бөледі:
1. Ертелік эпос («Ер Төстік», «Құла мерген» т.б).
2. Түрік қағанаты дәуірінде туған жылнамалық эпос («Орхон» жазулары,
«Күлтегін» жыры).
3. Оғыз эпосы («Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама»).
4. Тайпалық эпос («Алпамыс», «Қобыланды»,т.б.).
5. Лиро-эпос («Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек»)
6. Ноғай эпосы («Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази»).
7. Тарихи эпос («Досан батыр», «Бекет», 1916 жыл поэзиясы).
8. Шығыс дастандары («Рүстем-Дастан»).
9. Авторлық эпос («Еспенбет», «Өтеген батыр», т.б.).
10. Совет эпосы (Аманкелді, Төлеген туралы жырлар). Көшпелі қоғам
жағдайында туып өркендеген қазақ, қырғыз, өзбек түркімен эпосы аз болсын,
көп болсын ру, тайпа өмірі мен көшпелі салтты кеңінен суреттейді. Қазақ
баласының кең байтақ даласында, оның әр тасы мен бұтағына, әр белес оба-
сына белгілеп ат қоюы ата-бабасынан бермен келе жатқан ұлттық үрдісі. Жер-
су атаулары географиялық белгі ретінде мекен-жайлық қызмет атқарып қана
қоймайды, сондай-ақ сол жерді мекендеген халықтың, қауымдастықтың салт-
дәстүрін, ой-санасы, рухани болмысын, бойына жинақтаған кумулятивтік
(әлеуметтік) маңызы зор мәдени құндылық болып табылады. Көркем мәтіндегі
жалқы есімдердің (оның ішіндегі жер-су аттарына байланысты) қолданылу
ерекшелігін сөз еткенде, оның қатарына ауыз әдебиеті шығармалары да жа-
татын болғандықтан батырлар жырындағы жер-су аттарын бөліп алып
қарастырдық. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырының антротопономикасы-
на эпос кейіпкерлерінің көптеген фольклорлық есімдері мен эпос сюжетіндегі
оқиғаларға тікелей қатысатын адам аттары жатады. Олар төмендегідей антро-
понимдер: Қобыланды, Тоқтарбай, Аналық, Құртқа, Қарлыға, Қараман, Орақ,
Қазан, Көбікті, Қарақозы, Аққозы, Қаражанұлы Қосдәулет, Қара Бұқан Қарауыл,
Бекауыл, Алшағыр, Қанікей, Тінікей, Қарлығаш, Маңлұқ, Зарлық, Қамқа, Ағанас,
Тоғанас, Нарқызыл, Қарабатыр, Есімбай, Бөкенбай, Омар, Ақтайлақ, Қара дәу,
т.б. Белгілі қазақ фольклортанушы профессор Ә. Қоңыратбаев эпостағы (және
оның нұсқаларында) 5 тарихи кезеңді бейнелеп көрсетеді: а) оғыз-қыпшақ дәуірі
( Х-ХI ғ.ғ ); ә) пешене дәуірі ( IX-X ғ.ғ); б) ноғайлы дәуірі (ХV ғ.ғ); в) өзбек-
қазақ дәуірі (XVIғ.ғ.); г) Жоңғар шапқыншылығы дәуірі.[ 1-740 бет]
Осы тарихи кезеңдердегі жер-су аттарының түрліше сипатын түсіндіреді.
Тарихи т
опонимик
а
10
ХАБАРШЫ
Ономастикалық
Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, кумулятивтік
қызмет арқылы көрініп, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. Жер, су атауларының
бойында осындай ерекшеліктер сақталған. Оларда халқымыздың өткен өмірінің
тарихи іздері жатыр. Бір жағынан кейбір атаулар тарих қойнауына кіріп жат-
са, екінші жағынан жаңа, тың атаулар дүниеге келіп жатады. Ұмтыла бастаған,
қолданыстан әлдеқашан шығып қалған сөздер өз тіршілігін географиялық атау-
лар формасында жалғастырады. Топонимдер оңайлықпен өзгере салмайтынын
білуіміз қажет. Тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. Бүгінгі таңда
семантикасы күңгірттенген Аша, Борық, Көнек т.б. жер-су атаулары ұрпаққа
жетіп отыр. Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық рөліне қатысты академик Ә.Т.
Қайдаров: «Ең алдымен, оның тірек болар үштағаны: жазу- сызуы (ұрпақ ара-
сын жалғастырар алтын көпірі), ономастикасы ( жер бетіндегі ескерткіш), тер-
минологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік екендігін мойындау қажет»-, деп
атап көрсетеді. Демек, ұлттық ономастиканың қоғамдағы рөлін зерттеу арқылы
оны жаңа деңгейге көтеруге болады. Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу
үстіндегі еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласы жаңару мен өзгерістерді
бастан кешуде. Сонымен сабақтас өріс алған рухани жаңғыру үрдісі тарихтың
құрамдас бөлігі болып табылатын этностың, ұлттың тарихын салт-дәстүрін
наным, сенімін, тыныс тіршілігін жан-жақты және терең зерттеуді талап етіп
отыр. Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің зиялы қауым алдындағы
сөзінде жер-су аттарының тарихылығы мен көнелігіне ерекше мән беріп, оны
зерттеудің бүгінгі мемлекетіміздің саяси стратегиясы үшін де зор маңызы бар
екендігін : «Әрбір азамат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзінің ата –бабала-
ры қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын»
- деп атап көрсетті. Осы тұрғыдан жер-су атауларын зерттеу қазақ тілінің лекси-
ка, этимология саласын тың деректермен толықтырса, екінші жағынан ұлттық
таным мен тілдік құбылыс арасындағы байланыс ұлттық сананың дамуындағы
жер –су атауларының орны секілді бұрын терең анықталмаған мәселелерді ше-
шуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |