ОСӨЖ № 1. Тақырып: Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі.
Мақсаты: Сауат ашу және жазуға үйрету әдістемесі пәнінің міндеті – студенттерге теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім беру, яғни, сөз және ұғым, мағына, сөз мағынасы, оның даму жолдары, құрылымдық түрлері, сөздік құрамның толығу жолдары, кірме сөздер, олардың алатын орны, шығу тегі, семантикалық сипаты, жалпы тіл білімінде тілдік категориялардың зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған жайттарға студенттердің назарын аудару. Студенттердің сауат ашу пәнінен алған білімін қайталап еске түсіре отырып, бір ізге салу. Оқытудың міндеттері:Теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.
Өткізу формасы: конспект жазу, топтық талдау.
Сабақ беру және өткізу әдістері: - Өзіндік жұмысын талқылау. - Сұхбат.
Үлестірмелі материалдары:үлгі сабақ жоспары
Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі. Атамұра. 2005ж.
2. Жумабаева Ә.И., Уайсова Г.И., Сәдуақас Г.Т., Оспанбекова М.Н. Сауат ашу. 1-2 бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.Алматы, Атамұра 2016ж.
3.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001ж.
4.Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. А., 2004ж.
5. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007.
6.Қалиев С., Баймұратова Б. Өзіміз оқып үйренеміз. А., 2004ж.
Бақылау сұрақтары:1. 6-7 жастағы балалардың сауатын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеті.
2. 6-7 жастағы балалардың сауатын ашудың методикалық принциптері.
ОСӨЖ № 2. Тақырып: 6-7 жастағы балалардың тіл дамыту түрлері. 6-7 жастағы балалардың тіл дамытудың амал-тәсілдері.
Мақсаты:Мәні мен маңызы зор өзекті мәселенің бірі – оқушы тілін дамыту. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуы, ойының дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы, өз бетінше білім алуға дайындығы, ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сондықтан оқу-тәрбие процесі нәтижелі болу үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілінде де, жазу мәдениетінде де ұғындырып, қалыптастыруымыз қажет. Олай болса бастауыш сыныптың әрбір мұғалімі тіл әдіснамасының қыры мен сырын жетік меңгеруі тиіс.