Оптикалық сәулеленулерді түрлендіру және алу


Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтылықты есепеу



бет12/17
Дата24.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#96479
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
treatise94855

Меншікті қуат әдісі бойынша жарықтылықты есепеу

Люменисцентті және ДРШ типті шамдар үшін меншікті қуаттың кестесі 100 лк жарықтылық үшін құрылған. Құрылған кесте бойынша ғимараттың формасы ескерілмейді, ал ғимараттың индексі мына формула бойынша есептеледі:



Жарықтандырғыш қондырғылардың меншікті қуат әдісі бойынша есептеу реті:
а) жарықтандыратын ғимараттың түріне байланысты шырақтың және шамның типі таңдалады;
б) шырақтағы шамдардың санына байланысты, барлық шырақтардың қуатын табады;
с) шырақты ілетін h биіктік есептеледі және ғимараттың ауданы есептеледі;
в) [5] кесте бойынша h, S мәндері үшін және Рменш.100 (100 лк жарықталынудағы меншікті қуат) табады, сонымен қатар берілген Ен жарықтылықтықтағы Рменш қуаттын қайта есептейді.

д) бүкіл ғимарат үшін жарықтандырғыш қондырғылардағы орнатылған қуатты анықтайды.
Р=PменшS
е) шырақтардағы шамдардың N жалпы санын табамыз.

мұндағы n-шырақтардағы шамадардың саны;
Pл – шырақтағы 1 шамның қуаты;
д) ғимараттың ені бойынша «nв» шырақтардың қатарының саны беріледі және Nл қатардағы шырақтардың саны анықталады.

Осыдан ғимараттың А ұзындығы бойынша және В ені бойынша шырақтар орналастырылады
,

Кесте 5.4


Люменисцентті шамдар үшін Ен=100 лк болғандағы меншікті қуаттың мәндері

Шырақ ілінген биіктік, h, м

Ғимараттың ауданы, S, м2

Люменисценттті шамдар үшін Рменшікті меншікті қуат (Вт/м2) (ρт=70%; ρс=50%; ρқ=10%, K=1,5, Z=1,1 )



ЛБ40,65

ЛД40, ЛБ80, ЛХБ40,65,ЛТ40,65

ЛД65, ЛТБ80, ЛХБ80, ЛДЦ40

ЛД80, ЛДЦ65,80

2-3

10-15

10,1

11,6

13,2

15,5

15-25

8,5

9,6

10,8

12,9

25-50

7

8,0

9,1

10,4

50-150

5,7

6,7

7,7

8,8

150-300

5,1

6,0

6,7

7,8

300 жоғары

4,5

5,4

6,3

7,2

Кесте 5.5


Жалпы біртекті жарықтандыратын қыздыру шамдары үшін
меншікті қуаттың мәндері

Шырақ ілінген биіктік, h, м

Ғимараттың ауданы, S, м2

Біртекті жарықтылық үшін Рменшікті меншікті қуат (Вт/м2) (ρт=70%; ρс=50%; ρқ=10%, K=1,3, Z=1,15 )



5

10

20

30

50

75

100

3-4

10-15

9,4

18,8

37,6

56,5

94

141

188

15-20

7

13,9

27,8

41,7

69,5

104,2

139

20-30

5

9,9

19,8

29,7

49,5

74,2

99

30-50

3,7

7,3

14,6

21,9

36,5

54,7

73

50-120

2,8

5,6

11,2

16,8

28

42

56

120-300

2,2

4,4

8,8

13,2

22

33

44

300 жоғары

1,6

3,2

6,4

9,6

16

24

32


Мысал:
Білім беру мекемесіндегі оқу аудиториясының электржарықтандырғыш қондырғысын есептеңіз. Аудиторияның ауданы S=A×B=12×8=96 м2.
Жарықтандыру үшін ЛСО02 шырағы қарастырылған (әрқайсысында 40 Вт 2 люменисцентті шамы орналасқан). Шырақтар жарықтандыратын беттен 2,2 м биіктікке орналасады деп болжанған. Шағылысу коэффициенттері ρт=70%; ρс=50%; ρқ=10%, (төбе және қабырға ақталған).
Мөлшерленген Eн=400 лк жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін, шырақтар санын анықтау керек.
Шешімі:

  1. 5,4 кесте бойынша Е=100 лк болғандғы меншікті қуат шамассын табамыз: Рменш=5,7 Вт/м2

  2. Ен=400 лк болған кездегі меншікті қуаттың мәнін қайта есептейміз.



  1. Аудиториядағы жарықтандырғыш қондырғылардың қосынды суммасын анықтаймыз:

P=Pменш·S=22,8×96=2188,8 Вт

  1. Әрбір шамның қуаты Рсв=2·Pл=80 Вт болғандықтан шырақтардың санын есептттеп табамыз


Қондырғыға 28 шырақ орнатылады.

  1. Аудиторияның ені бойынша 4 қатар шырақтар орнатылады (n=4), олай болса әрбір қатарда 7 шырақтан болады:


ғимараттың ұзындығы бойынша қатарлар саны nA=7 тең.

  1. Ені бойынша шырақтардың арасындағы қашықтық


Соңғы қатардағы шырақтан қабырғаға дейін lB/2=1 м.

  1. Ұзындығы бойынша шырақтар арасындағы қашықтық nA=7, ал ұзындығы бойынша қатарлар саны да 7 тең, олай болса :


соңғы шырақтан қабырғаға дейінгі арақашықтық lA/2=1,71/2=0,85 м

  1. К шамасы текcеріледі



  1. О сылайша бір шырақтың ұзындығы l=1.27 м, ал шырақтар қатарының ұзындығы 1,27·7=8,89 м тең. Осы нәтижелер бойынша егер ғимараттың ұзындығы A=12 м болса, шырақтар толығымен орнатылады.


Үлгі 1: Нүктелік әдісті қолданып (7 суреттегі) жұмыстық беттегі қабырға жанындағы шамдардың жарықтылығын есептеңіз. Есептелген биіктігі h=4 м, Нормаланған жарықтылығы Emin=75 лк, қор коээфициенті kзап=1,5 және қосымша жарықтылығы µ=1,2 тең.

Шешімі: шамның УПД терең жарықтың таралуы λ=1 тең. Шамдардың арасындағы қашықтықты L=hpλ=4·1=4 м және оларды квадраттың шыңдары бойынша орналастырамыз 4х4 м2. Шеткі шамнан қабырғаға дейінгі арақашықтық 0,25L=1 м (7 сурет). Жарықтылық аз сияқты болып көрінетіндей, ғимараттың жоспары бойынша А және Б бақылау нүктелерін белгілейміз. Осы нүктеден жақын маңдағы шамның проекциясына дейінгі d қашықтықты белгілейміз. УПД шамдары үшін қисық изолюкс бойынша әрбір жақын маңдағы шамдағы бақылау нүктелеріндегі e шартты жарықтылықты табамыз. N-санды шамдар үшін мәндерді 1 кестеге толтырамыз.



N

d, м

E, лк

N

d, м

E, лк

А нүктесі үшін
4 2,83 30,0
2 6,32 2,4
2 6,32 2,4
1 8,50 0,3
∑E=35.1

Б нүктесі үшін
2 2,00 24,0
2 4,47 8,0
1 6,00 1,5
1 7,20 0,6
∑E=34.1

Есептеу үшін Б нүктесін аз жарықтандыратын нүкте деп қабылдаймыз. Б нүктесі үшін ∑E мәнін (гл. 3, подразд. 2) формулаға қойып нүктелік әдіс бойынша көздердің ағынын есептейміз, және қыжетті шам үшін жарық ағынын аламыз.


Фv=1000∙75∙1.5/(1.2∙34.1)=2749 лм.
Қосымша 5 бойынша осы мәнге жақын Г215-235-200 стандартты шамды таңдаймыз. Оның жарық ағыны Ф=2920 лм .
Үлгі 2: Аз шаң бөлінетін ғимараттың өлшемі a=21 м, b=12, h=4.2, hр.п=0,8 м және төбемен шағылысу коэффициенті ρпот=50%, қабырғаныкі ρст=30%, беттік есептеуі ρб.е=10%, коэффициентті анықтау әдісі бойынша жарық ағынын пайдаланып «Астра» қыздыру шамы үшін жарықтандыруы Е=50 лк болатын шамның жарық ағынын есептеңіз.
Шешімі: аз шаң болатын ғимараттағы жарықтандыру қондырғысындағы қыздыру шамын есептеу үшін қор коэффициентін k=1.3 деп аламыз.
«Астра» шамы үшін жарықтың таралуы косинусты, сондықтан да шамдардың арасындағы тиімді қашықтықты λ=1,6 деп аламыз.
Шамның асылмасының биіктігін h=0.5 м деп алып, есептеу биіктігін hp=4.2-0.8-0.5=2.9 м және шамдар арасындағы қашықтық
L=2.9∙1.6=4.64 м.
Ғимараттың ені бойынша шамдардың саны
nb=b/L=12/4.64=2.58
Ғимараттың ұзындығы бойынша шамдардың саны
na=a/L = 21/4.64=4.56
Осы сандарды жуық шамаға дейін дөңгелектеп na=5 және nb=3, сонда жалпы шамдардың саны
N=nanb=5∙3=15
Соңғы шамдарды орналастырамыз. Ғимараттың ені бойынша қатарлардың ара қашықтығы Lb=4.6 м, соңғы қатардан қабырғаға дейінгі арақашықтық шамалы үлкендеу 0,3L, дәлірек 1,4 м. Соңғы шамнан қабырғаға дейінгі арақашықтық (21-4,6∙4)/2=2,6/2=1,3 м. Бұл шамамен 0,28L болады.
Ғимараттың индексі
i=21∙12/[2.9∙(21+12)]=252/(2.9∙33)=2.63
Анықтамалық мәліметтерден жарық ағынын қолдану коэффициентін анықтаймыз η=0,6.
Осылайша шамдар арасындағы арақашықтық іс жүзінде оңтайлы болап табылады. Сондықтанда минималды жарықтандыру коэффициенті ретінде z=1.15 аламыз.
Шамның қажетті жарық ағынын анықтаймыз.

Осылайша 5 қосымшадан жарық ағыны Ф=2090 лм тең болатын стандартты Г215-225-150 шамын таңдаймыз.
Мысал 3: Аудандық әкімшілік орналасқан ғимараттың ішіндегі залдың өлшемі 20×12×3 м3 . Жарықтандыру көзі ретінде қыздыру шамы және ППД типті шырақ алынған. Меншікті қуат әдісі бойынша ғимараттың жарықталынуын анықтаңыз. Қор коэффициентін Кқор= 1.3 деп алыңыз.
Мысал 4: Ғимараттың өлшемі a=21 м, b=12 м, h=4,2 м, hр.п=0,8 м. ЛДОР типті шырақпен ЛБ типті люменисцентті шамымен Е=300 лк жарықтандырады. Ғимараттың шағылыстыру коэффициенттері ρт=0.5; ρс=0.3; ρқ=0.1 ал қор коэффициенті Кқор=1,3 тең. Осы берілгендерді пайдаланып коэффициентті қолдану әдісі бойынша жарық ағынын, шамдардың санын және шамдардың қуатын табыңыз.
Мысал 5: 9 суретте көрсетілген жарықтандырғыш қондырғыны есептеңіз. Жарықтандырғыш қондырғыда ЛБ типті шаммен ЛДР типті шырақ орнатылған және олар төбенің ортасында орналасқандықтан, шырақтардың арасында бос орындар қалған. Ғимараттың есептелген биіктігі hр=3 м, нормалданған жарықтылық Emin= 300 лк, қор коэффициенті Кқор=1,5.

Есептер
81. Өлшемі 6х2,5 м2 болатын бөлменің алдындағы жарығын есептеңіз.


82. Өндірістік орындағы кеңсенің ауданы 18х9 м2 ал биіктігі 3 м тең. Егер жұмысшылар отыратын орындықтар ғимараттың орталық бөлігі (центрі) бойымен орналасқан болса, ғимараттың жарықтылығын есептеңіз.
83. Шаштараз салонының ұзындығы 12 м ені 6 м, биіктігі 3,5 м. Шаш сәндеп қырқу үшін отыратын орындықтың биіктігі 0,8 м болып, олар екі қатардан салонның ортасына орналасқан. Осы қатардың толық ені 2,8 м қамтиды. Осы шаш қырқу салонының жарықтандыру жүйесін жасақтаңыз.
84. Төбесі және қабырғасы ақ түспен ақталған тамақтандыру орталығының ауданы 65х21 м2 және биіктігі 2,8 м құрайды. Осы орталықтың жарықтандыруын есептеңіз.
85. Төбесі және қабырғасы сырланбаған бетоннан болған ғимарат үшін жарықтандыру қондырғысын есептеңіз. Ғимараттың ауданы 40х12 м2 және биіктігі 2,9 м.
86. Ұзындығы 60 м, ені 12 м, биіктігі 2,5 м болатын ғимараттың жарықтандырылуын жобалаңыз. Ғимараттың төбесі және қабырғасы ақталған.
87. Ұзындығы 60 м, ені 12 м, биіктігі 3 м болатын ғимараттың жарықтылығын меншікті қуат әдісімен есептеңіз. Ғимараттың төбесі және қабырғасы беттонан жасалып, сырланбаған. Осы ғимарат үшін қор коэффициенті ретінде kзап=1,3, ал минималды жарықтандыру коэффициенті ретінде z=1.15 алыңыз.
89. Жем сақтайтын және жем қабылдайтын ғимараттың ауданы 9х6 м2 және төбесінің биіктігі 3 м. Осы ғимараттың төбемен шағылысу коэффициенті ρ=50%, қабырғамен шағылысу коэффициенті ρ=30%, есептелген беттік шағылысуы ρ=10% құрайды. Ғимараттың жарықтылығын меншікті қуат әдісімен есептеңіз. Қор коэффициенті ретінде kзап=1,5, ал минималды жарықтандыру коэффициенті ретінде z=1.15 алыңыз.
90. Ұзындығы 8 м, ені 6 м және биіктігі 3,4 м болатын мектеп сыныбын люменисцентті шаммен жарықтануын жобалаңыз. Сыныптың қабырғасы және төбесі ақталған. Минималды жарықтандыру коэффициенті z=1.15 тең.
91. Ауданы 6х5 м2 төбесінің биіктігі 3,5 м болатын мектеп асханасының люменисцентті шаммен жарықтандырып тұрған жарықтылығын есептеңіз. минималды жарықтандыру коэффициенті z=1.2 тең. Жарық ағынының коэффициентінің әдісін қолданыңыз.
92. Ауданы 10х4 м2 биіктігі 3,3 м болатын жатын бөлмеде ЛБ типті шам орналастырылған. Осы шамның жырықтылығын меншікті қуат әдісімен есептеңіз. Бөлменің қор коэффициенті ретінде kзап=1,5, ал қосымша жарықтандыру коэффициенті μ=1.1 алыңыз.
93. Қабырға ұзындығы 6 м, ені 4 м және биіктігі 3,3 м болатын тұрғын үйдегі люменисценттік жарықтандыруды меншікті қуат әдісін қолданып жасақтаңыз. Бөлменің қор коэффициенті ретінде kзап=1,5, ал минималды жарықтандыру коэффициенті ретінде z=1.1 алыңыз.
94. Ұзындығы 12 м ені 6 м биіктігі 2,8 м болатын мектеп сыныбында оқушы отыратын аумақтың ені 1,5 м құрайды. Сыныптың қор коэффициенті kзап=1,5, ал қосымша жарықтандыру коэффициенті μ=1.1 болғандағы люменисцентті жарықтандыруды есептеңіз. Шам сыныптың центрінде орналасқан.
96. Өткелдегі авариялық жарықтандыру жүйесіндегі жарықтылығы 0,3 лк кем емес болатын жарықтылықты қамтамассыз ететін қуаты 100 Вт болатын шамдардың арақашықтығын анықтаңыз. Шамдар 3 м биіктікте орналасқан. Өткел үшін қор коэффициенті kзап=1,5, ал қосымша жарықтандыру коэффициенті μ=1 алыңыз.
98. Шамының қуаты 500 Вт болатын ПЗС-45 прожектор h=15 м биіктікке θ=180 градуспен орналастырылған. x=45 м y=10 м координаталық нүктедегі жарықтылықты табыңыз.
99. ПЗС-45 прожекторының шамының қуаты 1000 Вт тең және горизонтка θ=220 градус бұрышпен еңкейіп орналастырылған. Осы прожектор жарықтандыратын аумақтың центріне E=13 лк жарықтылық түсіретін болса, прожектор қандай биіктікте орналасу керек.
100. Дене жаттықтыру залының көлемі 150×55 м2 . Залды жарықтандыру үшін галогенді қыздыру шамы бар прожектор орнатылған. Жобалау жұмыстарын жүргізу үшін прожектордың типін және санын таңдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет