182
тұрып, әр нәрсе өз тұсында керемет екеніне ой көзін жіберген.
Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл
қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді-ау. айтары
жалғыз сөз болатын:– Біз не көрмедік, жаумен алыстық.
Жамбастан сыз, аяқтан ызғар өтті. Жоқшылықтың зардабын
тарттық. Иә, біз не көрмедік. Кейінгі жастар ғой мұңсыз-
қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелепесіріп жүріп жатқан.
Енді ойлап тұрса, онысы бекер, әншейін бая-шая байбалам
екен. «Біз не көрмедік? Ендеше, мына біз не көрмедік?
Ендеше, мына біз, бейбіт өмірдің сіз көзге шұқып, жазғыра
берер ерке ұлдары не көрмедік? Қайда қиындық – сонда
жатыр. айқайлаған үнімізді естіп, кеңірдектен қар кешіп,
бойымыз суып бара жатқанын кім естіп, көріп тұр бұл
жалғанда», – деп айтқысы-ақ келді.
Достарыңызбен бөлісу: