168
Шал ойлады: – «Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі –
Нұржан. Қалған екеуі, көзінің алдындағыны ғана көретін
дарақылау, ойлары таяз. Не істеу керек? айыртаудан асатын
төте жол бар деп, жөн сілтеп жіберсем ғой, үшеуі де құриды.
ал айналма жолға түсірсем аман-есен жетеді. аман-есен
жеткен соң, менің бүкіл сырымды, байлығымды мұқым елге
жаяды. Жайғанына қорықпаспын, ұрлыққа түсуі мүмкін ғой.
Не істеу керек?» Жігіттер шаршап келіп қатты ұйқтап қалған
еді, таңертең жұлқылап жүріп Қоңқайдың өзі оятты. Нұржан
да әбден таң сыз бергенде көз іліндірген-ді. Орындарынан
атып-атып тұрған трактористер, беті-қолын жумастан далаға
шықты. аппақ шағырмақ қардың ортасында меңдей болып
қарайып ДТ-54 тұр, қасқыр жемепті. моторды қыздырып,
жанармайды жылыту үшін шалдан отын сұрап еді, қарсылық
білдірген жоқ. Темір пештің үстіне бір шелек су құйып қойып,
оны да ысытып радиаторына құйды. Көп әуреленген жоқ,
тракторды әп-сәтте от алдырып, енді аттанамыз деп жатқанда,
Нұржан шалдан ендігі бағыттың ыңғайын сұрады.
– алдарыңда екі жол бар, – деді шал қабырғасын тырт-
тырт қасып.– Біреуі алыс та болса – жақын. Екіншісі жақын –
жақын да болса – алыс. Егер айыртауды айналып жүрсеңдер
өте ұзақ жүресіңдер... ал мынау бір – Үлкен Қоңқай асуы
арқылы жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен
түсесіңдер. Шөпті аман-есен тиеп алып, қайтарда айыртауды
айналып желе-жортып ауылдарыңа барасыңдар. Сондықтан
менің ақылым – үлкен Қоңқай арқылы асудан өту.
Тракторларың мықты, дендерің сау, сайдың тасыңдай жас
жігіттерсіңдер, қиындық деген не тәйірі.
Достарыңызбен бөлісу: