179
шабақтап, жанарыңнан жас тамады, жанарыңнан тамған жас
қар бетіне мұз моншаққа айналып түсер еді, бойдан жылу,
жүректен жігер біртіндеп сусып қаша бастағанда арғы дүниеге
армансыз аттанып-ақ кетер бұйығылау әрі шым-шым
жылымық
нұр себелеп, ұйқың келе бастайды екен. Бірақ
мынау ақ қар, көксіреу мұзды тауда өмір бақи да ұйқыға
жеңдіруге болмайтын еді.
– а... а... а... у... а! – аманжан қақ маңдайынан әлдекім
салып қалғандай айғай салып, орнынан атып тұрды. Төбесін
кабинаға жаман соқты. Оқыс дауыстан
ана екеуі де шошына
өре түрегелген. Дәл осы жолы «неге айқайладың, жын ұрды
ма» деп ешкім айыптаған жоқ.
– Сен бақырып жібермегенде осы отырған қалпымызда
қатып қалады екенбіз,– деді Нұржан күліп.
– Жаңа ғана көзім іліне беріп еді... Әкри, қояншығың бір
басылмады-ау, – деп күңкілдеді Бақытжан.
– Не істейміз? – деді аманжан есін жиып. – Тілімді
тістеп алғанымды.
– Өздерің біліңдер... менің міндетім ере беру, – деді
Бақытжан есінеп-құсынап.
–
Сен немене, көшке ерген итпісің? – деді Нұржан.
Сонау қарсы жақтағы аппақ таудың ар жағынан ыңырана
көтеріліп, бұп-буаз ай туып келе жатты. Әлгінде ғана ымырт
жабылып, кеспірі кете бастаған қысқы өлке тілмен жеткізгісіз
күміс нұрға шомылып, сиқырлы да сайқал қылықпен
жарқырапжайнап түрленді-ай. Сол сүт дүние ақ шаңқан
әлемнің арғы бір түкпірінен сыңсыған, қорлана жылаған үн
келетіндей, талып-талып әрең жететіндей. Дәместем күрсініп,
дәместем жөтелген бұлың-бұлың тау қоршауында қалған үш
жігіт қазқатар шынжыр табанға шығып, туған айды жалқы сәт
құмарпаз көңілмен қызықтап
қалғандай қасқая қарсы алып,
серейіп тұрысып қалған.
– Осының бәрі бекершілік, – деді аманжан ауыр
күрсініп.– Бәрібір баяғыдай емес, онда жаз еді ғой... Оның не
айтқысы келгенін, тіпті не ойлағанын қалған екеуі ұққан да,
ұқпағанын қайырып сұраған да жоқ.
– мұндай әдемі көрініс енді қайталана ма, жоқ па, кім
білсін. Қане үшеуміз де
анамызды еске алайықшы,– деді
Бақытжан жыламсырап.
180
аманжан: – Неге анамызды ғана...
– Басқа кіміміз бар. Ұлы ұрыстың ұрлық ұрпақтарымыз.
Үшеуінің де құлағына: «Тоңып жүрсің-ау, құлыным», – деп
шешелері сыбырлағандай болды.
– Қандай тамаша, – деп елеуреді Бақытжан осынау ақ
шаңқан айлы түнге шын сүйсінгенін жасыра алмай. Оның
жүрегі
өз-өзінен
толқып,
белгісіз
бір
жағалауға
шақырғандайтын. – рас, айтамын, достарым, айналаңа
қарашы, ғажап емес пе? Әдемі емес пе? Ертек сынды дүние.
ақ боз атқа ақ шана жегіп, мынау
кілегей қардың бетімен
ағызар ма еді... Әттең...
Өмір бойы қалғып отыратын жолдасының оқыстан оянып
кеткен көңіл толқынын түсінбеді ме:– Сенен осындай
сезімталдықты күтпеп едім, – деп Нұржан ағынан жарылды.
Достарыңызбен бөлісу: