Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Не істеу керек?! – деді аманжан тісін шақыр-шұқыр 
қайрап. – Не істеу керек? айтсаңшы, аға тракториссің ғой.
Нұржанға шүйлікті. 
Өздерің біл, әкіри, – деді Бақытжан, – қарным аша 
бастады. Ішімде бір кесек мұз жатқандай. 
Тракторды сөндіреміз,– деп кесіп айтты Нұржан. 
Бұдан соң газдың тұтқасын төмен баса салды. аппақ саумал 
сімірген айналаны құлақ кесті тыныштық басты. Жым-жырт, 
жұмбақты дүние. Тіршіліктің күйін шертіп тұрған аппақ 
дүниенің... бетіндегі қара ноқат мүлдем үзілді – бір сәтке көз 
жұмып өлді. Нағыз суық енді ғана басталғандай. 
Оның не ойлағанын айтпай түсінген аманжан: – Суын 
ағызайық, – деп трактордан қарғып түсті. Оның артынан екеуі 
де секірген. Омбы қарды кешіп барып, тығынын ағытып 
жібергенде ып-ыстық су сарылдап, тиген жерін ерітіп, буы 
бұрқырап аға жөнелді. Бұл қалпында алып бір өгіз зәр жіберіп 
тұрғандай еді. Қолғаптарын шешіп-шешіп жіберіп, үшеуі 
бірдей еңкейіп ыстық суға қалтырай мұздаған қолдарын жуды. 
Қандай рақат, ішер ме еді? – деді Бақытжан мәз 
болып. – Ішіміздегі мұз ерір еді, әкри. 
Сенің асқазаның ДТ-нікінен әлдеқайда мықты, ішсең – 
іш, – деп азғырды аманжан. 
Тапқан екенсің ақымақты. Ертең осы суға зар 
боламыз. 
алдыменен сол ертеңге жетіп алайық, – деді аманжан. 


183
Бір амалы табылар, – деді Нұржан. Бұдан соң үшеуі 
бір- дей кейін шегініп, жып-жылы қолдарын қойындарына 
тығып жіберді. ауыздарынан ұшқан бу ай сәулесінде көк түтін 
болып будақтайды. Белуардан қар кешіп келді де, трактордың 
табанына секіріп қайта шықты. 
Әншейінде аузына маржан салғандай, қалғып, үн-түнсіз 
отыра беретін Бақытжан тым-тым сөзшең болып кетті. Әлде 
ішкі бір қорқынышын жасырғаны ма, әлде шарасыздықтың 
торына қамалған соң, «енді бәрібір» деген тәуекелі ме? Кім 
білсін. Қазір де трактор табанына қарғып қайта шыға 
салысымен екі қолын кезек сермеп: – Қар – мұхит; трактор – 
кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен, – деп елеуреп, 
тақпақтай жөнелді. 
атаңның басы, – деді аманжан ит жыны ұстап. – аппақ 
дастарқанның бетіндегі сасық қоңызбыз. Тарақанбыз 
өрмекшінің торына шырмалған. Қанатын әумесер бала жұлып 
алған дәрменсіз шыбынбыз. Тырбанамыз келіп, содан соң... 
тырапай асамыз... 
Үнсіздік 
басты. 
алыстан... 
тым-тым 
алыстан 
шыңшыңдаған бір сыңсу талып жеткендей. Сол жұмбақ үнді 
тек қана Нұржан естіп, елегізеді.
апамдар тамағын ішіп баяғыда жатып қалған шығар,– 
деді Бақытжан аяқ астынан мұңға беріліп.– Сендерге бекер 
ердім, әкри... «Ойбай, мына тұрған жер, шауып барып алып 
келеміз», – деген соң... 
Сені қойып, өзім де өкініп отырмын, – деді аманжан 
оның сөзін бөліп. Үнінде зіл, әлдекімге кіжіну бар. – Осының 
бәрі Қоңқай қақбастың кесірі... Қысты күні бұл кербаққан 
тұстан айыртауға асар жол жоғын сезіп едім. 
Сезсең неге айтпадың? – Бақытжан шап ете қалды. – 
Сол үйден ауылға кері қайтып кетсек, төбемізге шай 
қайнатардай шошындың... Ендігі мұрнымыз шуылдап өз 
отымыздың басында, сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді 
міне... айдала, аппақ қар, қырық градус суықта бойымыз суып 
бара жатқаны. – Оның көзіне тығылып жас келіп қалып еді, ол 
осалдығын жасырған жоқ, кемсеңдеп қоя берді. – Құдайым-
ай, елден екі елі ажырауға болмайды екен-ау... – Оған қой деп 
жұбату айтқан ешкім болмады. Әркім өз ойымен арпалысып 
отыр еді. 


184
Аманжан: – Әттең, бәрі кеш,– деді тісін шықырлата 
қайрап.– Бір сұмдықтың боларын жүрегім сезіп еді. Сенгім 
келмеп еді сол шалға. Енді міне адалдықтан адасып отырмыз. 
Әкеңнің... сол Қоңқайдан бастап, бүкіл әлемді трактормен 
таптап өтер ме едім. – Көңілі қанша пәс болғанымен, 
аманжанның сөзіне еріксіз күліп жіберді Бақытжан. мырс етті 
де:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет