Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сайтан көпір. Оралхан Бөкей

Нұржан: – аты аңызға айналған қатыгез Қоңқай бұдан елу 
жыл бұрын жер жастанған еді ғой. 
Шал: – Ол үлкен – Қоңқай, ал мен – кіші Қоңқаймын. 
Біздің ұрпақ ешқашан да құрымақ емес... 
Нұржан: – Үлкенінен тұқым қалған жоқ. Өмір бақи 
жалғыз өтіп, көмусіз қалды деп естігенмін... 
Шал: – Қоңқайлар ұлын жасырын өсіреді. Өйткені ұлы жо- 
рықшылар мен атақты байлардан қалған ендігі тұяқ біздерміз. 
Нұржан: – ал, сіз ше, сіз жалғызсыз ғой... 
Шал: – мен де ұрпақсыз емеспін. Оны уақыт көрсетер. Иә, 
солай шырағым, текті тұқым тентіреп жүрсе де, өз тегін 
айналып табады. мынау ағаш лашықтың оты сөнбейді 
ешқашан. анау айыртаудың қос өркешін – ата Қоңқай, Бала 
Қоңқай деп мен емес, ел атайды. – Трубканы сорған қалпы 
орнынан тұрып, ағаш нардың ірге жағына қол жүгіртті. 
Транзистор алып шығып әрібері бұрап, әр түрлі тілде сөйлеген 
түрлі толқындарды ұстай бастады. 
– ақсақал, – деді Нұржан шалдың бала секілді 
қолындағы транзистормен шұқыланып отырған сықпытына 
қайран қала қарап.– ақсақал, дүниенің төрт бұрышында не 


161
болып жат- қанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша 
тірлік кешуіңізге не жорық? 
– Өйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен 
ары жек көрем, – деді Қоңқай. Өлдім дегенде бір әуен ұстады-
ау. Тағы да алла Пугачеваның әндерінің бірі екен. Қоңыр мұң, 
албасты ашу, өкпе-наз, өжеттік – бәрі-бәрі астаса келе, адам 
бойындағы рухани ауруды айдап шығарар қуатты да нәзік 
тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, бір шал ден 
қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді. Сонау 
ат тұяғы әрең жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай 
жападанжалғыз ұрлық өмір кешкен Қоңқайдың қыстағында 
алланың әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата 
шырқалады екен. Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз 
әншісі, осы «ән салғыш әйел» секілді. Әннің аяғы 
дарақыланған күлкімен аяқталды. Осынысымен құдіретті еді. 
– мықты қатын, – деді шал күрсініп. Содан соң өзі-өзінен 
шаңқ етіп. – Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда сөнбек 
емес! – деді жанары ұшқындап. Пышақпен тіле салғандай 
жалғыз сызықтанған қысық көздің осыншама аясы кеңіп 
үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып қарап қалған. – Ол – 
жалқы да болса жақсылар жаққан от. Егер шын білгілерің 
келсе айтайын: Қоңқай орталарыңда, Қоңқай жер шарының 
түкпір-түкпірінде, Қоңқай... әркімнің қарақан басында, 
лүпілдеп соққан жүрегінде, өз шыққан тауым биік болсын дер 
тілегінде. Тек қана бір-бірінен жасқана жасырады. – Қолы 
қалтылдап орнынан тұрып кетті. Осы қалпында жын- дана 
бастаған деп ойлауға әбден болар еді. Бірақ ол сап-сау, 
сырғауылдай ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек 
нұсқап саңқылдап тұр. – Қоңқай дегеніміз сен, – деді 
Нұржанға. – мына сен, – деді аманжанға. – мына сен, – деді 
көзі іліне беріп шалдың айғайынан оянған Бақытжанға. – 
ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып үлкендермен 
алысасыңдар. Елу жыл бойы осы айыртауда – арыстандай 
айбат шегіп, ошағымның отын сөндірмей отырмын. Ешкім де 
қолымнан қағып, бетімнен алып көрген жоқ... мені бүкіл 
аудан, қала берді, облыс басшылары біледі. ал сендер 
білімсіздік таныттыңдар... – Нұржан шалдың сөзін бөлді. 
– ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ 
түтін ұшпай ма?.. 


162
Қоңқай: – Жалғыз түтін де – түтін. мені, әйтеуір, бір күні 
бір Қоңқай өзі іздеп келіп табады. 
– Бірақ ол қандай түтін,– деп күрсінді Нұржан.–Если бы 
от горя дым шел, как от огня, мраком был бы мир сплошным 
– не было бы дня. 
– Баяғыда, – деді Бақытжан өзінің әлі де тірі екенін 
дәлелдегісі келгендей есінеп.– Біздің ауылда бір шал: «Қазақ- 
қа ассалаумағалейкум деп амандассаң бір самаурын шайым 
кетеді», – деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... Жарық- 
тық өлгенде үш-ақ адам топырақ салды. 
Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құн- 
дыздың, бұлғынның, суырдың, тиінның, қасқыр мен аюдың 
терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады. Осыншалық байлықты 
бұрынды-соңды көрмеген жігіттер кебеже ақтарып отырған 
Қоңқайдың қасына қалай барып қалғаңдарын өздері де сезбеп 
еді. Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан: – міне 
байлық,– деді басын шайқап. аманжан ысқырып жіберді. 
– міне осылар барда, – деді шал қолыңдағы бұлғынның 
түгі жылт-жылт еткен терісін сипап. – Көктен Құдай, жерден 
шұнай алмайды. Білгілерің келсе аудан, облыстардағы мұқым 
қаратаяқтың басындағы бөрік, әйелдерінің жағасы – мен атқан 
аңның терісі. ал тері-терсектің барған сайын алтынға айналып 
бара жатқаны белгілі. 
– Түсінік-те-е-ее, – деді аманжан ысқырып. – Пара деші, 
п-а-а-ра!
– Иә, пара, шырағым. – Шал терілерді орнына қайта 
жайғастыра бастады. – Бергенді, алғанды кім жек көрсін. Егер 
осы үшеуіңді өлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен 
сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет