Оралхан бӛкей



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі293,24 Kb.
#5463

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



ОРАЛХАН БӚКЕЙ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БУРА 

 

 



 

Әңгіме

 

 



Sauap.org 

 

Бура Қазақбай ауылын талақ тастап, қашып шықты. 



Хайуан  да  аңсап,  ұзақты  түн  телміріп,  сарғая  ататын  таңдай  сазды 

сағыныштың  бесігінде  тербеле  алады  екен.  Хайуан  да  егіздің  сыңарындай 

кеше ғана тілерсек тістесіп, бұла боп ӛскен келесінен бір-ақ күнде кӛз жазып, 

айырылып  қалғанда,  қысастана  шайпауланып,  албатыға  лағып  кетеді  екен. 

Бура  ӛткенін  —  сол  ӛкінішсіз  ӛтпелі  ӛткенінің  қимас  қымғуыт  шақтарын 

іздеп,  ұзақты  күні  салқар  сахараны  кезетін-ді.  Шудасы  желпілдеп,  маң-маң 

басып,  белгісіз  бұлыңғыр  да  буалдыр  үлпілдек  үміттің  жетегінде  шеру 

тартатын. 

Алпамсадай алып сыртқы пошымына қарап, дүние ӛртеніп кетсе де, елең 

етіп  ескеріп  санаққа  да,  санатқа  да  парықтамайтын  тӛрт  аяқты  күйіс 

қайырғыш  түлікті  ғана  елестете  алар  едің  кӛз  алдыңа.  Бірақ  Бура  тіпті  де 

кәперсіз,  дүңген  мақұлық  емес.  Ол  иісі  жануарға  тән  тілсіз  әрі  түсініксіз 

қиналысты басынан қысқа күнде қырық рет кешер еді. Түйе атаулы жылауық 

деген ұғымға сайып, Бураның тостағандай бұлтиған мӛлдір кӛзіне тесілсеңіз, 

кешкі алаудай шапақтанған шарасының жиек-жиегі тым құрыса шыланғанын 

да  байқай  алмайсыз.  Бура  «ағайындарынан»  айырылып  думанды  шақтарын 

толастатқанымен,  не  жылаған,  не  боздаған  емес.  Қараған  басы  бүрлеп,  кӛк 

тебінденгеннен бері, саяқсып ауылға жоламай жүр. Ауылға жоламай жүргені 

—  осынау  тәй-тәйлап  аяқтандырып,  үкілеп  ӛсірген  туған  ауылын 

менсінбегендігі ме. Жо-жоқ. Ол бұл ауылдай жаннатты жерді дүниенің қай-

қай  түкпірінен  де  таба  алмақ  емес.  Бура  бұл  ауылдан  тек  соңғы  кезде  ғана 

әбден түңілген. Түңілмес еді — екі кӛзін мӛлдіретіп қойып, енесі — інгенді 

сойып  жеді.  Түңілмес  еді  —  ауылда  бір  шоқ  үркердей  қараң-құраң  болып 

жүрген ағайын-туғандарын Бұқтырмадан ӛткізіп, арғы ауылға айдап жіберді. 

«Осыншама  бақандай  қуып,  босқындататын,  телім-телімдерін  шығарып 

алапестей  аластағанда,  не  жазды  адамдарға;  жазығы  ғасырлар  бойы 

табанынан таусылып тіршілік жүгін арқалап келгені ме; сырты жүн, іші боқ 

хайуан  аталатын  түйенің  бұл  пәниден  кӛрмегені  бар  ма  еді;  әттең-ай, 

олардың  тілі  жоқ,  адамдай  жетілген  ойы  жоқ...  әйтпесе...  әйтпесе  жалпақ 

жаһаннан  кӛріп-білгенін  тау  бұлағындай  тасқындатып  сыр  ғып  шертер  ме 

еді;  ақыл  мен  ар-ожданды  адамдарға-ақ  берсінші;  қышыма  жегізіп  Жаман 

ашының бӛктеріне емін-еркін қоя берсе етті; тіпті әжетке жараудан қалсын-

ақ;  топандай  тоздырып,  заман  желіне  ұшырмай  қара  басын  қалдырса  етті». 

Бура бұлайша әсте де сезінген жоқ ӛзін. Егер дәл осылайша ойлап бағамдаса, 

түйсігіне  түйсе,  бұл  күйге  душар  болмас  қой.  Ӛкініштісі  де  сол  ғой, 

момындығы ғой, есінің жоқтығы әрі дәрменсіздігі ғой. Ендеше, есі барларға 

не жорық... 

Хайуан  екеш  хайуан  да  аңсап  сағына  алады  екен...  Алты  ай  қыс  ауыл 

қайдасың демеген. 

Бура, жаз туып, кӛк шыға, әдепкі әдеттерінше тауға тартқан. 

Алтайдың  етегін  табиғат  кең,  молынан  пішкен.  Қырық  рудың  елі 

жиналса да, қойын - қоншы мен қойнау-қойнауы жым-жылас қылғып қоятын. 

Ұшар басынан ағараңдаған қары мен ақ түбіттенген бұлты арылмайтын асқар 


Sauap.org 

 

Алтайдың  етегі  жайсаң,  жадыраңқы,  Арқаның  даласынша  еркін  кӛсіліп 



жататын.  Тау  бӛктеріндегі  қалың  нӛпір  қарағай  да  қаптай  қаумалай  келіп, 

кілт кӛмкерілетін; соңғы бір жылдары жуық маңдағы ағаш атаулы мін теліп, 

құйрық-жалдан айрылған жылқыдай-ақ таудың қапталына қарай үрке қашып 

кетіскен.  Ойда  тұрып  тау  тӛскейіндегі  орманға  кӛз  тастасаң,  бағзыдағы 

сыпыра жыныстың іріген сүттей бӛлек-салақ қалған ірімтігін аңғарасың. 

Алтайдан  ызыңдаған  жетімек  жел  үзілмейтін.  Желемік  ессе  болды, 

ақселеу жамылған дала тӛсі қыбырлап, орамалын бұлғап тұрған сансыз қыз-

келіншекке тым ұқсап кетуші еді. Кей ретте бұл дала асау толқынды алтын 

ағысқа,  асығыс  ағысқа  ұқсайтын.  Алтайдың  осынау  бір  жалпақ  қойнауы  да 

кӛбінесе  бостан-бос,  иесіз  иен-тегін  мелшиіп  жатар  еді.  Жаз  шығып,  ел 

жайлауға кӛшкен сәттерде ғана бойына қан жүгіріп, серпіліп-сергитін. Оқта- 

текте  кезігетін  шоқаттар  болмаса,  тау  етегіне  ілінгенше  мынау  дала 

тұлдырсыз,  бедірейген  бетпақ.  Анда-санда  ескі  тамның,  не  обашықтың 

омырайған орны ғана кӛзге тиек болар. 

Әйтпесе  тоқтының  жабағысындай;  тіпті  жауыр  аттың  қапталындай 

ағараңдап,  ойдым-  ойдым  боп  сортаңданып  кететін  қылығы  да  бар  бұл 

ӛлкенің. 

Туған жерінің осы іспетті бірде жайсаң да жасаң, бірде кенезесі кепкен 

аңырақай дидары. 

Бураны  жалықтырып,  мезі  етіп  кӛрген  жоқ.  Кең  даланың  суығына 

тоңып,  ыстығына  кӛнген  хайуан  тіршілік  кешкен  жерін  сүреңсіз  сұсты  күй 

жайлап, жұтынған жұрттың тықыры таянған сайын шиыршық атып, жауынға 

тиген  қыл  арқандай  ширап  алатын.  Қазір  де  құтын  қашырмай  жапырайған 

жотаны табанының астына тастап, маң-маң басып барады.  

Тӛр  жайлауға  қарай  суыртпақтанып  кете  барған  соқтырмасы  кӛп 

соқпақпен  Бураның  тұңғыш  рет  жүруі  емес-ті.  Жалғыз  құрбы-құрдассыз 

жүруі  ғана.  Ол  бұдан  бұрынғы  от-оттап,  су  ішіп  ӛткен  жылдарында,  бұл 

жолмен  тек  жайраңдай  басып,  тайраңдап  қана  ӛткен.  Кӛк  шыға,  мұқым  ел 

жапа-тармағай  жайлауға  кӛшкенде, бұлар  да  тобын  жазбастан  аттанысатын. 

Кӛшке  кӛніккен  кәрі  кӛнікті  атандар  болмаса  бура-тайлақтарға  кӛбінесе 

тиіспейтін  еді.  Ал  бұлар  қайыру-қолды  қажетсінбей-ақ,  бұта-қарағанның 

басын шала, Ӛскелеңге лыпып ӛздері жетіп баратын. Сосын қоңыр күз туып, 

ел  ойға  ауа  кӛшкенде,  тағы  да  келген  соқпағымен  ырғала  басып,  қайтқан 

тырнадай ауылға  шұбатылатын.  Ал  жаздай жонның  сонысын жеп  тойынған 

түйелердің басы кӛз кӛрімнен мен мұндалайтын. 

Жүк арта-арта әбден ығыр қылып, мылжа-мылжасын шығарып тастаған 

атан  мен  інгендердің  ӛркешіне  дейін  жауыннан  кейінгі  жауқазындай 

едірейісе қалатын. Ол да бір дәурен екен-ау. 

Бура  Тасшоқының  асуына  келгенде,  жүрісін  ірікті.  Осы  тұсқа  енесі  де 

аялдап, мұны бір дем емізіп алатын. Әлде сол бота шағы есіне түсті ме, әлде 

күні бойғы изең-изең жүріс ерқашты етіп шаршатты ма, ұзақ аялдады. Бұйда 

жырым-жырымын  шығарған  танауы  саңырайып,  әр  шӛптің  басын  бір 

шалғаны  болмаса,  бірде-бірін  сүйсініп  жемеді.  Құрықтай  мойнын  созып, 


Sauap.org 

 

ендігі асатын алып асуға ұзақ телмірді. Сосын басын самарқау бұрып артына 



қарады.  

Тасшоқының  қамшылар  жақ  ықтасынында  ескі  қыстау  бар.  Қыстыгүні 

мұнда бір қора қой қыстайды да, жер қарая, таудың арғы бетіне асып кететін. 

Енді  Бура  осы  қораға  беттеді.  Бір  отар  қойдың  қыстайғы  қиы  тау  болып 

үйіліп жатыр. Әр тұста шананың шанағы мен қанаты, түбі ойылған бӛтелке 

мен  ескі  шелек,  керзі  етіктің  қонышы  жоқ  басы  шашылып,  онсыз  да  иесіз 

қаңырап тұрған қыстауды сұрқайландырып жіберген. 

Сарсыған саздаудың сасық иіс-қоңысы қолқаны қабады. 

Бура  майпаңдай  басып  теректен  ырып  жасаған  науаға  барады.  Күн 

кӛзінде қалып, әбден қаңсып, ырсиып-ырсиып айрылып кеткен екен. Түндегі 

нӛсердің  сарқыны  болар,  сүтсіз  шайдай  тобылғы  түсті  су  бір  жақ  басында 

іркіліп  тұр.  Науаның  екінші  жақ  басында  ескіден  ери-ери  әбден  қақ  болып 

қатып  қалған  тұздың  жұрнағы  бар.  Ашылаған  түйе  мойнын  былқ  еткізіп 

босатып,  басын  науаға  тастай  салды.  Қара  май  сіңген  бе,  әйтеуір, 

сапасызданып  бұзылған  ащы  Бураны  түшіркендірмеді  білем,  ернін 

жыбырлатып  басын  ырғап-ырғап  жіберді  де,  пысқырды-ай  кеп.  Бұдан  соң 

үңірейіп-саңырайған қораға бет алды. Түндегі жауын қой батпақтап тастаған 

кӛңнің  бетінде  қара-құрым  боп  қаптай  қонып  отырған  сарбас  шыбындар 

түйенің  жалпақ  табаны  былш-былш  тигендей  жау  қуғандай  ызың  етісіп, 

екінші бір жерге барып қонысады. Қораның үстіне қалың алабота мен шабата 

ӛсіпті.  Қыстан  қалған  сабанның  сояулары  жатыр.  Бура  түк  таппағандай 

уықтай  мойнын  созып,  әлгі  сояу-сояу  сабанды  күрт-күрт  шайнап  біраз 

аялдады. Енді бір мәурітте желқом қажай-қажай ақ жемін шығарып, артынша 

ақшулан  жүн  ӛсіп,  оттың  орнындай  ойымданған  қапталын  ағаш  үйдің 

бұрышына үйкеп-үйкеп алды да Тасшоқының басына бет түзеді. 

Тасшоқының  басына  бет  түзеген  Бура  алыстан  қарағанда,  қыбырлап 

бара  жатқан  алып  қоңыз  іспетті,  мынау  іштен  тынып  бойкүйез  жатқан  бел-

белестің  ендігі  бір  тіршілігі,  бар  үміт-арманы  секілді;  баяны  жоқ  екі  талай 

пәнидің уақыт, заман ағысына деген ең ақырғы, ең зілді ашу-кегін де сол қара 

Бура  арқалап  бара  жатқандай  еді.  Түйе  ӛзінің  бұл  дәуірге  әлі  де  керектігін, 

қазіргі  қақпай  кӛріп  қаңғыруы  шаруашылық  басшыларының  келте  ұғым- 

түсініктері  екенін  қайдан  білсін.  Дүлей  қысастық  әбден  меңдеп  алған  соң 

қайтқан  кӛңіл,  кесапаты  мол  кекті  жүрісті  таңдап  алған.  Туған  жер,  ӛскен 

елге  ренжіген  хайуан  түгіл,  ер-  азамат  та,  осындай  сандалбай  қашып-

пысудың, жорасыз жортудың талай-талай дәмін татқан ғой. 

Бура  Тасшоқының  кезеңіне  ілінгенде  күн  екіндікке  таяған.  Енді  осы 

кезеңнен  тӛр  жайлаудың  бергі  беті  шым-шымдап  басталады  да  үйір-үйір 

қарағайды  бӛктеріп  алған  сансыз  бел-белестер  әрмен  қарай  созылып, 

мінгесіп-ұшқасып кете барады. Тӛр жайлауда найзадайын шаншылған құзар, 

шақпақ тасты жақпарлар жоқ. Бӛртек-бӛртек, құрақты дӛңдер ғана. 

Бураның  ұзақ-сонар  итің-итің  жүріс  ала  бастаған  бойы  сергіп  салды. 

Қарайрықтың ӛзінен-ӛзі шаптығып, тұлан тұтып бұлқына аққан бұлағынан су 

ішіп алды. 


Sauap.org 

 

Бұлақ бойын қуалай ӛскен балдырды бытырлата шайнап, бір сәт тұрған. 



Бірақ кӛп аялдаған жоқ. Әр ойпаңда шӛп шықпай сарғылттанып жатқан ескі 

жұртты,  киіз  үйдің  орнын  иіскелеп  сәйір  жасады.  Бұл  ескі  жұрттан  жоқ 

іздегендей айналсоқтап кӛпке дейін жырақтана алмады.  

Ұясына  қызара  бӛртіп  батып  бара  жатқан  күн  де,  сай  жақтағы 

құрбақаның шұрылы да, орманды басына кӛтере әупілдеген елік те — бәрі-

бәрі  де  алаң  қылған  жоқ.  Елпектей  басып  киіз  үйдің  орнын  иіскелей  берді, 

иіскелей берді. Күнге кеуіп сартап болып қалған ат байлайтын мама ағаштың 

басында  жарбиған  бір-екі  қарға  отыр  еді.  Сендерге  не  жоқ,  құстың  қоры, 

дегендей ұшырып жіберді де, кеңсірігін қасыды.  

Қара  Бураның  есіне  әлдене  түскендей,  артына  қайта  қайрылып,  ескі 

жұрттың орнына кӛз сата тағы да қараған... «Әнеу, жер ошақтың оты бықсып 

қайта тұтана бастады, әнеу, бақанға керме тартылды да, бірінен-бірі ӛтетін он 

бес ат қатарынан байланды: әнеу, кӛгендегі қозыны қараңыз — қозыны; әне, 

киіз үйден түйеші Әбіш шықты, қолында бұйдасы бар. Бірақ  

Бура осынау бірсін-бірсін жаңғырып бара жатқан колхозды ауылдан тек 

қана  ӛз  тобын  —  ӛз  туысын  таппады.  Әлдеқайдан,  қалың  қорымдардың 

арасынан  жас  ботаның  әлсіз  үні  естілгендей  болды».  Селк  ете  қалған  Бура 

танауын  жыбырлатып,  пысқырып  еді,  әлгіндегі  ғайыптан  пайда  болған  бар 

кӛрініс, сыңсыған үн ізім-ғайым жоғалды. 

Сағыныштай сарғайған ескі жұрт қана жатыр... 

Тау  іші  салқын  тартайын  деді.  Түстіктен  майда  жел  тұрып, 

қызғалдақтың басы изеңдеді. 

Бура жайлаудағы ескі жұртты да місе тұтпады. Қоңылтақсып шырғалай 

алмай  тау  басына  тартқан-ды.  Жасынан  тайраңдап  ӛскен  жері  ғой;  әр  бұта-

қарағаны,  тау-тасы  таныс;  кӛзге  жылы  ұшырап  тұратын  ыстық.  Әйтсе  де 

Бура бүгін бір оқыс қимыл жасаған. Жыл сайын үйір-үйір боп топталып кеп, 

топырлап  мәз-мейрам  тілекпен  емін-еркін  аралап  жүрсе  де,  мынау  таудың 

басына шықпапты. Ӛз қызықтары ӛздерінде: етектің соңы оты тұрғанда, тау 

басынан  не  алсын.  Егер  жалғыздық  жаныңды  жегідей  жеп,  сүліктей  сорып 

меңдеп алса, адам да ӛз-ӛзінен мәңгіргендей албаты лағып, беті ауған жаққа 

сандала бермей ме? 

Түйенің  басында  да  дәл  осындай  сарсаң  хал  бар-тын.  Екі  тілерсегі 

талып,  мойны  үзілердей  ұйып  тұрса  да,  бар  қуатын  тәрк  етіп  тау  басына 

шықты.  Тау  басына  шығып  еді,  ойдағы  ел  аяғының  астында  қалды.  Әне, 

бұлтақтай ағып Бұқтырма жатыр. 

Суы аққұла. Әне, қалың мұнарға шомып туған ауылы, ӛскен елі жатыр. 

Бура  туған  ауылын  кӛптен  бері  кӛрген  жоқ  еді.  Бұрынғыдай  емес  бүрісіп, 

жұтаң тартып кеткен сықылданды.  

Мүмкін, ауылдың жоқ-жұтаңдығы ӛзі ішінде тайраңдай басып жүргенде, 

сезілмеген  де  шығар.  Мүмкін,  ӛз  кӛңіліне,  боқ  жеген  иттей  қайтқан  кӛңіл-

күйіне  сайып,  базарлы  ауылдың  барын  кӛре  алмай  тұрған  шығар.  Бура  ой-

қырдағы бар әлемге жіті, сергек кӛз тастады.  



Sauap.org 

 

Мойнын созып, тӛрт құбылаға бірдей үздіге телмірген. Апыр-ай, бұрын 



неге байқамаған.  

Мына Ұлытаудың басында кӛштің сартаптанған жолы бар екен - ау. Бұл 

қайдан  басталып,  қай-қайда  кететін  жол.  Бұл  кімнің  жолы,  ненің  жолы, 

кімдер жүрген жол.  

Ғажап-ау, қу-мекиен, иен-тегін таз басты тауда ұзыннан-ұзақ құр жіптей 

шұбатылып  кете  берген  кӛштің  сілемі  бар.  Небір  ықылым  заман  ӛтсе  де, 

кӛмескіленбей,  шӛп  шықпастан  сайрап  жатқан  сүрлеу  Бураның  бұрынды-

соңды кӛрген жолдары іспетті емес, ӛзгеше еді. 

Бұл  сүрлеумен  Бураның ӛзі  де,  кешегі  торғайдай  тозып  кеткен  ағайын-

туғаны да жүрген жоқ.  

Бұл  жолмен  бағзы  дәуірдегі  атан-інгендер  жүріпті,  солар  салған  жол. 

Солардың  арқа  еті  арша,  борбай  еті  борша  болып,  жалпақ  табандары 

сартаптаған  жол.  Иә,  олар  сонда  да  жұмыр  басты  пенделерге  қызмет  етіп, 

жұмыр  басты  пенделердің  қайғы-қуанышын  арқалап  ӛтпеп  пе  еді  осы 

сүрлеумен.  Осы  сүрлеумен  сол  ӛз-ӛздерімен  қырқыса  беретін  адамдарды 

талай-талай алып қашқан жау қолына тастамай, анасыз жетім қалған сәбидің 

таңдайына  уыз  сүтін  тамызған да,  аруағыңнан  айналдым, аруаналар,  сендер 

едіңдер  ғой.  «Жосылған  жол,  біз  құрыдық,  сен  қалдың.  Бірақ  түйе  салған, 

түйеден қалған белгі екендігін ерсі санамай еске алармысың...». 

Бураның,  әйтеуір,  бір  жері  сыздағандай,  кӛз  жанары  шатынап,  тау 

басындағы  бағзы  кӛштің  жолымен  әрі-бері  сенделіп  жүріп  алды.  Тіпті  жата 

қалып аунағысы да келді. 

Тарпаң-тарпаң  таптағысы,  жаңартқысы  келді  ме...  Егер  үстіне  ауыл-

аймақтың  жүгін  түгел  артып,  мынау  қан  тамырындай  ескі  сүрлеумен  нелер 

қиырға  тартсаң  да  миземес  едім  дегісі  келді-ақ.  Әттең,  дей  алмайды  ғой 

хайуан. 


Күн ұясына қонып, тынған. Бірақ түйе тұрған тау басынан алтын алауын 

жиып алған жоқ. 

Маздатады. 

Бура кӛш жолымен сенделіп кӛп жүрді. Оттауға да зауқы шапқан жоқ. 

Бура  ескі  кӛш  жолын  ұзақ,  тым-тым  ұзақ  иіскеді  де,  есейген  шағында 

тұңғыш рет боздады.  

Ұзақ боздады. Ол бұлайша бота шағында ғана бір рет боздаған. Онда да 

енесін  жайлауға  ащы  артып  кетіп,  екі  күн  зарыға  күткенде  қарны  ашқанда 

боздаған.  Сүрлеуді  иіскеп,  боздап  тұрған  түйенің  кӛзіне  мӛлтілдеп  жас 

іркілді.  Бұл  да  бұдан  сандаған  жыл  бұрын  шыққан  мӛлдір  де  сап  таза  кӛз 

жасының екінші қайталануы. 

...Оның  бота  шағы  тым-тым  ерке  тотай  қылықты  басталған-ды.  Алғаш 

дүниеге  келгенде,  мұны  енесінен  шаранасы  кеппей  жатып  бӛлек  алып,  оң 

жаққа құрып тастаған қызыл бәтес шымылдықтың ішіне кӛтеріп кіргізген. Он 

күн бойы еш аламанға кӛрсетпей, оңаша ұстаған.  

Түйеші  Әбіштің  тарғыл  қатыны  ұзақты  күн  маңынан  кетпей  бағып-

қаққан. 


Sauap.org 

 

Тыртиған  бота  қарақаттай  кӛзін  жаудыратып  тәй-тәй  басқанда,  ӛзегі 



түссін деп, атан қойдың тегенедей құйрығын ерітіп іштіріп еді. 

Бота  алғаш  рет  далаға  шыққанда,  маужыраған  мақатты  тосырқап 

тұрмай,  әлсіз  буындарын  дір-дір  еткізіп  ойнақшып  әлінше  тыраңдаған  еді. 

Мойнынан құшақтап, басынан сипалаған түйеші Әбіш пен тарғыл кемпірдің 

қоламтадай  ыстық  қолдары  Бураның  мәңгі  бақи  кӛмескіленбейтін  бақытты 

шағы ғой. Дәурен-ай десеңші... 

Түйенің  кӛзінен  бұршақтап  аққан  жас  кӛш  жопына  сырт-сырт  үзіліп 

түсіп жатқан, түсіп жатқан. 

Енесін  жонға  ащы  артып  әкеткен  түні  жаңа  ғана  аяқтанған  қара  Бура 

адасып қалып еді. 

Боз інгенді іздеп боздап жүріп, қайыңды қалың тоғайдың арасына кіріп 

кетіпті.  Ай  сүттей  жарық  болатын.  Тағатсыз  ұшып-қонған  шымшық  зәрені 

алады.  Анық  қорқыныш  билеген  бота  боздауды  қойып,  бас  сауғасына 

кӛшкен. Бірақ ұшқалақ шымшық та, жын қаққандай секектей беретін қоян да 

— тіпті табиғаттың бұрынды-соңды кӛріп-білмеген небір кереметтері ботаны 

тым  ӛгейсітпей,  таңғажайып  түске  айналып,  ет  үйренісіп  кетіп  еді.  Бір 

мезгілде  ботаның  қылша  мойнына  түнгі  ауаны  тілгілей  жыланша  ысылдап 

келген қыл арқан оралды да, тегеурінді күшпен жұлқа тартып бұрап түсірді. 

Бота одан әрі не болғанын білмейді.  

Алқымынан шеңгелдей қысқан тылсым күштің құдіретіне бағынып, жан 

тәсілім беруге ырықтанған. Оның есінде қалғаны: мұны тұзақтаған жұмбақты 

адамдар  Әбіш  емес,  басқа  жұрт  екені  ғана...  есін  жиып,  кӛзін  ашқанда,  әлгі 

жезтырнақты қолдар ауыртып кеткен мойнын Әбіштің жұмсақ алақаны сипап 

отыр  екен.  Құлағына  тағы  да  ӛз  иесінің  түсінікті  күбір-күбір  сӛздері 

шалынды.  «...Ботақаным...  қайтып  қана  бауыздамақ  сені...  сенің  жылбысқа 

етің  қыстан  шығара  ма...  тас  жүректер-ай,  ботаның  етін  жегенше,  баланың 

етін жемеймісің... жауыздар-ай!..». 

Түйенің  кӛзінен  бұршақтап  аққан  жас  кӛш  жолына  сырт-сырт  үзіліп 

түсіп жатқан, түсіп жатқан...  

Алыстан талып жеткен түнгі сарын мынау мейіздей қатып-семіп жатқан 

меңіреу  тау-тастың  бойына  қан  жүгірткендей,  жан  бітіргендей  болды.  Тау 

иығына сібірлеп тұрған қара кӛк мұнар пердесі де бір сәт желп етіп, желпініп 

қалғандай болды. Бұл жылқышының айғайы, күзетшінің айтағы, немесе түн 

құсының сұңқылы емес, тым-тым биіктен үзіліп естілген әсем әннің екпінді 

қайырмасы секілді... Түн түндігін дір еткізген мұңды әуез. 

Тасшоқының  қыр  арқасынан  шымырлап  шығып,  мұқым  тау  әулетін 

әлдилеп  тұр.  Үп  еткен  жел  жоқ.  Тымық.  Сымпылдай  ұшқан  үйректердің 

батбағы,  шегірткенің  шырылы,  ешкішектің  үні  жым  болған;  шерменде  ән 

әуелеген  сайын,  тұншығып  қала  береді,  құмыға  береді.  Алтай  самалындай 

қоңыр,  әрі  майда,  әрі  мұңды,  терең  тебіреніс,  ӛкінішті  қаяуға  толы  жаяу 

адамның жайымен шырқап салған әуез даусы іспетті әсем үн. Тау қарауытып 

жатыр. Тау селт етпестей сілтідей тынып жатыр. Орман тылсым, орман үнсіз. 

Орман үдемелі үнге ден қойған.  


Sauap.org 

 

Орман  ойланып  тұр.  Тау...  Тәкаппар  тау  мынау  құдіретті  үн  алдында 



кербез басын әлдеқашан иген. Мынау мұңды дауыс аза бойыңды қаза етеді. 

Сай- сүйегіңді сырқырата боздаған үн тіпті қарабайыр түйелердің қарапайым 

боздауындай емес, басқа соны, тың дауыс-тын. Сіз бұл үнді еш әуенге ұқсата 

алмас едіңіз. Бұл жүректің, сағыныштың, аңсардың ардақты зары ма...  

Жо-жоқ.  Бұл  —  ауыр  ӛкпе-наздың,  еркеліктің  әншейін  әм  зеріккенде 

шығаратын жарықшақ  үні ме... Жо-жоқ. Әлде жоқтау шығар. Олай да емес. 

Бұл  —  ертеңгі  атар  таңның  бұлыңғыр  бұлаң  құйрық  болашағының  түңіліс 

мұңы.  Жан  тәсілімі  алдындағы,  ұрпақтары  алдындағы  іш  құса  қайғының 

шеменделген  шерменде  запыраны  еді.  Иә,  бұл  боздау  —  бірегей  әсте 

қайталанбайтын  боздау.  Мынау  күңірене,  зарлана  шығып  кешкі  ауаға 

шымырлап тарап жатқан үнде «Елім- айдың» да, «Балталы, Бағаналы Ел аман 

болдың»  да,  «Қорланның»  да,  «Жанботаның»  да,  тіпті  қауқарсыз  қағілез  ән 

«Меңді  қыз»  бен  «Айшажанның»  да  әуеніне  ұқсастығы  жоқ,  басқа  бір 

құдіретті, тосын күй іспеттес. 

Тау қара барқынданып, түн түндігі жабылып келе жатыр еді. 

Бура  кӛш  жолында  сең  соққандай  сенделіп,  түннің  бір  уағына  дейін 

боздап жүрген... 

Қара  Бураның  ұдайы  бір  жыл  жоғалуы  Қазақбай  ауылына  ӛзгеріс 

енгізген жоқ. 

Қызылқайыңды мінбелей отырған бір тайпалы ел сонау бір етек-жеңдері 

жинақы үйіріліп отырған шақтарында, түйе түгіл, түйме жоғалса да, әп-сәтте 

естіп,  у  ішсең  руыңмен  дегендей,  аттан  сала  іздеп,  ұзатпай  тауып  алатын. 

Кейінгі кезде үй санының ӛрескел кӛбеюі, шаруаның шанағы шалқи молаюы 

ма, бірі ӛліп қалса да, араға ай салып есік ашыспайтын қылық пайда болған. 

Қара Бураның ұшты-күйді ғайып болғаны — тек Әбіштің ғана арқасына 

аяздай бататын. 

Жасынан  түйе  бағып  үйреніп  қалғандығынан  ба,  осы  ауылдан  сол  ескі 

кӛз  түліктің  қарасы  ӛшкенде,  томырық  мінезіне  басып,  ауыл  ағаларын  жеті 

атасынан түсіп сыбап алған. 

Қайтып  жұмысқа  да  шықпады.  Жұмысқа  шық  деп  бригадир  ӛзі  іздеп 

келедімен біраз аялдап  еді, тіпті олар мұның ауласының түбімен жүрмейтін 

болды.  Әбіштің  жанын  қинаған  осы  жайт  еді.  Ежелден  сүйекке  сіңді 

қырсықтығы  бар  қиқар  шал  тӛбемді  мен  де  кӛрсетпейін  бұларға  дегендей, 

сегізкӛзім  сырқырап  жүр,—  деп,  кәдімгідей  тӛсек  тартып,  саржамбас  боп 

жатып алған. Оқта-текте немересі келіп: 

-  Ата,  қара  Бура  Тасшоқының  бауырында  жүр  дейді.  Тӛрқуысқа  ӛтіп 

кетіпті дейді,— деген дүңк-дүңк хабар жеткізетін. Ӛзі іздеп шықсам ба деп те 

сан  рет  оқталған.  Құрғыр  аяқ  артар  кӛлігі  жоқ  болған  соң,  бӛлімше 

бастықтарына ат сұрап баруға арланып, қорына беретін. 

Бірде немересі: 

- Ата, қара Бураны қасқыр жеп кетіпті, — деді. Тӛсектен шаптыға атып 

тұрған шал шықшытын шатынатып: 



Sauap.org 

 

-  Кӛкіме,  ақырзаманның  баласы.  Қара  Бура  екеуіміз  ӛз  ажалымыздан 



ӛлмесек, ит-құсқа жем болмаймыз,— деп, қатты зекіп тастаған. 

Бура бұл шақта Нарынның құмдауына ӛтіп кетіп еді. Қаңтар айы туып, 

күн әбден суып алған.  

Алақаншықтана суси ұйтқыған боран бірнеше күннен бері ішін тартып, 

ышқына соғып тұр.  

Ықтасыны жоқ ысқаяқ жердің самаладай-самаладай шилері, жел қаққан 

сайын,  мұңлы  үн  шығарып,  ызың-ызың  шулайтын.  Сиыр  таңдайлана 

күпселеніп қалған күртік қар Бураның  

жалпақ табаны тиген сайын, морт-морт опырылып сынады. Суық қанша 

қысқанымен кепке дейін ырық бермей, сүйекке қарысып жүрді. Кӛбінесе жер 

шалып, бұта-талдың басын сүзіп қайтатын да, аздап болса да қақтама күнгей 

дегендей Нарынның теміржол жақ беткейінде жүретін. Нарынның бұл жағы 

кең  тӛскей  болушы  еді,  әмбесінде  қалың  шилі,  тебіндікке  шүйгін  келетін 

тепсең. 


Сонау  бір  жылдары  осы  ӛңірден  кен  ашылып,  темір  жол  түспек 

болғанда,  Бура  не  бары  тайлақ  еді.  Тайлақ,  әлі  жас,  белі  кетеді  деген  жоқ. 

Мұны  да  Әбішке  ұстаттырып  шанаға  үйреткен.  Бұл  ағасы  Ақбастай  емес 

жуастау болды да, жұмысшы қолына тез кӛндікті. 

Теміржолға  қажетті  құмтас,  бӛренені,  сосын  зілдей-зілдей  рельстерді 

сүйреп жанталасқан. 

Сонда  Қазақбай  ауылында  ботадан  ӛзге  қоқаң  еткен  түйе  қалдырмай, 

түгелдей дерлік теміржолға айдаған. Сонда қара Бураның ағайын-туғандары 

аттай  бір  жыл  бойы  мынау  ұзыннан-ұзақ  Шығысқа  жарыса  жосылып  кете 

берген  теміржолдың  ауыртпалығын  қылша  мойны  талша  болып  тартқан. 

Тегінде, мұнан соң түйелер мұндай ауыр еңбекке жегілген жоқ.  

Ақырғысы еді бұл. 

Қара Бура жасынан момындау болды да, пішілмей қалды. Лағнат мұның 

үлкені еді. Ақпан айы туған сайын, аузынан ақ кӛбігін ағызып жарайтын. Ал 

жынданып алса, мынау ӛңірдің тайлы-таяғын қалдырмай тырқырата қуатын. 

Бір  жылы  февраль  айында  аса  қатты  құтырып  еді.  Ежелден  салқын  қанды 

қара Бура Ақбас құсап шаптыға жараған жоқ. 

Аузынан  ақ  кӛбігін  ағызып,  бу-булап  ӛз  бетінше  тыныш  жүретін. 

Совхоздың  бас  зоотехнигі  бұлардың  қасынан  қаперсіз  желе  жортып  ӛте 

бергенде, Ақбас қапелімде тұра қуған.  

Зоотехник аты дәмелі жүйріктің бірі екен, кӛпке дейін құйрық тістетпей 

ұзап кетті. 

Бірақ  екілене  ӛршеленіп  алған  Ақбас  қуып  жетуге  айналған.  Ал  қуып 

жетсе,  кеудесімен  бір  ұрып  мұрттай  ұшырады  да,  қос  тізесімен  езіп,  үстіне 

жатып алар еді. Абиыр болғанда, зоотехник Қарасудың кӛк тайғақ боп қатып 

жатқан мұзынан тағалы атпен тасыр-тұсыр құйын-перен шауып ӛте шықты. 

Ақбас  та  қаймығар  емес.  Кӛк  қасқа  мұздан  май  табаны  тайып  ӛте 

алмайтынын алдын-ала сезді ме, екпіндей кеп әнейімен қос тізерлей қалды. 



10 

Sauap.org 

 

Артқы екі аяғын талтақ ұстап қос тізерлей қалған түйе, әуелгі екпінімен 



арғы  бетке  зыр  етіп  ӛте  шықты.  Ақбастан  мұндай  ерен  ерлік  күтпеген  ол 

жаны шығып орманға қашты. Ол қашып құтыла алмайтын еді. Ақбас бәрібір 

құтқармас еді. Зоотехник осыны сезді.  

Астындағы  атын  сауырына  бір  сап  қоя  берді  де,  бойы  кӛкке  тірелген 

зәулім теректің басына мысықша тырмысып шығып кетті қас қағымда. Ақбас 

бура терекке кеп ұзақ үйкелді. Кӛкке қарады. Жынын шашып жер тарпыды. 

Сосын теректің түбіне жайымен шӛгіп, сен шыдасаң мен шыдадым дегендей, 

жайбарақат күйсеп кеткен. 

Әбіш ауырып аудандық ауруханада жатыр еді. Зоотехникті құтқаратын 

басқадай  лаждың  жоқтығы  болды  ма,  Ақбас  Бураны  атып  ӛлтіріп, 

зоотехникті ағаш басынан түсіріп алған. 

Ал қара Бура болса мұндай тентектіктен бойын аулақ ұстайды. 

Неге екені белгісіз, осы жылдың қаңтар айында бұған да тӛтенше желік 

пайда болды. Екі апта құрай басын тістемей, ӛз-ӛзінен жараған, кӛзі шелиіп, 

құрдың артынша қызара беріп айналып шығып кетті. Бір жыл ұдайы жалғыз 

жүріп,  әбден  іш  құса  боп  жалықты  ма,  әлде  арынды  ашудың  қысастығына 

басты  ма,  тісін  қайрап,  аузынан  дамыл-дамыл  ақ  кӛбігін  ағызатын.  Шолақ 

құйрығын  тағатсыз  сабап,  екі  бұтын  кезек  қайшылап  кӛбіктендіріп,  үнемі 

буы  бұрқырап  бусанып  жүретін.  Басын  жерге  салмастан  қайқайтқан  қалпы 

бу-булап,  ертеден  қара  кешке  дейін  дамыл  таппай  безектей  береді.  Кӛзіне 

кӛлденең  кӛк  атты  қӛрінсе,  әлдеқашан  шайнап  тастар-ды.  Ӛкінішке  орай, 

мынау мекиеннен ӛзінен басқа ұшқан құс, жүгірген аң таппады. 

Бура ағасынша жынданды. Бірақ Ақбас атан әншейін пәтуасыз, мұңсыз-

қамсыз  еріккеннен  еркексініп  құтырынса,  бұл  жалғыздықтың  зары  әбден 

ӛткендіктен  шамырқанғандай,  шамданғандай.  Бірнеше  күн  аузына  нәр 

салмағандықтан  шығар  —  екі  кӛзі  шүңгіл  тартып,  ішіне  кіріп  кеткен-ді. 

Қарны  қабысқан.  Былтырғы  жылдың  жүні  қырқылмай,  жаңа  жүнмен 

араласып, иттің құйрығынша сабалақтанып қалған. 

Бура,  әсіресе,  бүгінгі  күні  ес  жия  алмай  шабынды.  Бу-буы  да  кӛбейіп 

аласұрған. Қыстың тұсаудай ғана қысқа күні жаңа ғана кӛтерілген еді, енді, 

әне, батып барады. Дала мелшиіп, мәңгі ӛлі күйге енгендей сарынсыз жатыр. 

Түндегі  итше  ұлыған  алақаншық  боран  жаңа  ғана  толас  тауып,  сап  болған. 

Шабынған  Бура  ақ  кебінді  айқара  жамылып,  кӛсіле  түсіп  жатқан  даладан 

қыбыр еткен жан іздеді. Құныға, кӛзін қарықтыра ұзақ іздеді. Таппады. 

Шаптығып жер тарпыды. Боздайын деп еді, кӛмейі кӛбікке толып, үнін 

шығара алмады.  

Жылайын деп еді, тұлақтай кӛні кеуіп қалған кӛз жанары шыланған жоқ. 

Ӛлейін-ақ деп еді, кӛпті кӛрген кӛмпіс сірне жан кӛнбеді. Енді қайтпек? Енді 

қайда бармақ? Ауылға ма? 

Құдай  кӛрсетпесін...  Ақбастай  атып  тастар.  Атып  тастар...  Бу-бу...  бу-

бу...  Енді  қайтпек  —  гу-гу...  гу-гу...  гу  —  паровоздың  ышқына  боздаған 

даусын  құлағы  шалды.  Бірақ  оны  поезд  деп  ойлаған  жоқ.  Әйтеуір,  дауыс 

шығады ғой. Таныс дауыс ӛзі. Бура солай беттеді. 


11 

Sauap.org 

 

Түтінін будақтатып сонадайдан қарауытқан поезд таңдайын тақылдатып 



әлінше  ұшыртып  келеді.  Үстіне  тиеп  алған  ағаш,  кӛмір,  темір-терсегі  бар 

вагондар жұлдызша ағып, Бураға қатарласа берді. Ұрынарға қара таба алмай, 

сандалбай  күйде  жүрген  ол  поездың  ӛкпе  тұсынан  атой  салды.  Тіпті  ӛзінен 

зор алпауыт күш екенін, қан қақсатып кететінін еске алғысы жоқ. Бар күш-

қуатын  жиып,  мойнын  иіп  алып  тұра  шапты.  Ӛлген-тірілгеніне  қарамай 

шапты.  


Аузынан аққан ақ кӛбік жерге мұз боп түседі. Қос танауынан буы будақ- 

будақ  атқылап,  тарпаңдап  кеп  таптап  тастамақ  болды,  мынау  зу-зу,  гу-гу 

еткен  дәу  қараны.  Шаптығып  кеп  кеудесімен  бірді  қойып  еді,  ӛзін  сонадай 

жерге  итше  бұрап  лақтырып  жіберді  де,  бір  қышқырып  зытып  отырды. 

Бураның  кеуде  сүйегінің  быт-шыты  шықты.  Езуінен  қанды  кӛбік  ағып, 

біразға  дейін  тырбаңдап  жатты.  Бұдан  соң  аяғын  қатты  бір  серпіп,  жан 

тәсілім берді.  

Бірақ  қаз  бауыр  бұлттар  қалғыған  кӛгілдір  аспанның  суреті  түскен 

қимылсыз қара кӛзден жып-жылы жас, таза әрі күнәсыз жас ағып жатты... 

Ӛзегі  талып  ӛртеніп  жүріп,  ӛрге  сүйреп  жеткізген  баланың  аяулы 

анасына  қол  жұмсағанын  кӛргеніңіз  бар  ма?  «Ӛз  қолыңды  ӛзің  кесемісің» 

деп, іштей егіліп, қорлана жыламаушы ма еді. Сонда ардақ ананың кӛз жасын 

таңдайыңа тамызып татып кӛрсең ғой. 

Қара Бураның қазіргі халі дәл осындай еді. 

Даланы  да  бір  сәт  қайғы  басқандай,  түйесіз  жетімсіреп  қалғандай  еді. 

Қазақбай  аулының  ең  соңғы  түйесі  осылайша  ит  жемі  болып  қазаға 

ұшыраған. 

Тӛсек тартып жатқан Әбіш шал Бураның поезға ұрынып ӛлгенін естіген 

соң, бӛлімше басқарушысына барып кӛлік сұраған. 

-  Хайуан  болса  да  пайдасы  кӛп  тиіп  еді.  Сүйегін  далаға  қалдырмай, 

жеткізіп алайын. Тым құрыса шудасы кәдеге жарар,— деп еді, бастық:  

— Кісі де ӛліп қалады. Сол жынды түйені атты үркітіп ауылға әкелеміз 

бе,— деп, міз бақпаған.  

Меселдесі қайтқан Әбіш шал жүгенін артына ұстап, құр қол келді үйіне. 

Бірақ  Қара  бураны  шал  ұмытқан  жоқ-тын.  Қардың  шеті  тесіліп,  күн 

жылына, немересін ертіп  

Нарын  құмына  жаяу  аттанған.  Түйенің  шыбын  қонып,  саси  бастаған 

денесін  жер  қазып  кӛмген.  Арқалай  келген  діңгекшесіне  «Бұл  жерге  поезға 

соғылып  ӛлген  қара  Бура  кӛмілді»  дегізіп  жаздырды  да,  түйенің  басына 

сайғақ  етіп  орнатты.  Бірақ  сиялы  қарындашпен  жазылған  немересінің 

шимайы, екі-үш рет жауын жауған соң, ӛшіп қалған еді. 

Бұл тұстан күніне екі рет ӛкіріп-бақырып, ӛз құдіретіне ӛзі масаттанған 

поезд ӛтеді. Сол поездың ішінде рақат әрі жайлы орында тербетіліп отырған 

пенделер  сонау  құба  белде  қарайған  жалғыз  қазыққа  кӛз  салмайтын.  Кӛз 

салса  да  землемердің  орнатқан  діңгегі  деп  ойлар  еді.  Олар  мынау  темір 

жолға, әсіресе, кімнің тері кӛп тӛгілгенін білер ме. Олар 



12 

Sauap.org 

 

Қазақбай  ауылында  кӛрмеге  қояр  бір  түйе  қалмай,  құрып  кеткенін  де 



біле бермейді. Иә, олар бейқам, мұңсыз-қамсыз ӛмірде, күндердің күні... қара 

Бураны да есіне алар... 

Бұл тұстан таңдайы тақылдап поезд ӛткен сайын, бір рет боздап кететін. 

Әй, ол жер жастанған Бураны жоқтағаны дейсің бе?.. 

Поезд асығыс зулап барады... 

Тоқтататын күш жоқ! 

 

 

 



 

 

 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  кӛшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті ӛз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет