Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

әлдендім  бе,  омырауымнан  саулап  сҥт  шықты.  Ӛңірімді  ағытып  жіберіп, 

емшегімді Баламердің бҧлтиған аузына салып едім, қолдан сҥт ішіп ҥйреніп 

қалған ол тыжырынып еме қоймады. Дәл осы мезетте  Енем есік ашып, кіріп-

ақ келгені. 

—    Оның  не?  Емшек    сҥтіне  ҥйренбеген  баланың  іші  ӛтпей  ме,  қҧдай-

ау!—    деп  қолымнан  ала  қашқаны.  Бетімнен  отым  шығып  қатты  ҧялдым. 

Әне, жалғыз ҧл солай ӛскен... 

Кҥндер  артынан  кҥндер  ӛтіп  жатты.  Ауыр  кезеңде  тіпті  осы  кҥннің  

ӛзі    жылжымай,    бір  орында    тҧрып    алатындай    кӛрінуші    еді.    Ертедегі  

шалдардың «кҥнім  ӛтіп  барады» деп жылайтыны  еріккендігі  екен.  Адам  

ҥнемі    бір    алдан,    әлденеден    жақсылық    кҥтіп,  ҥміттенеді.  Соғыс 

жылдарында бізді аман алып қалған сол  —  ҥзілмес ҥміт пен мҧқалмас сенім 

ғой.  Тамам  жҧрт  секілді  мен  де  әр  кҥн,  ӛр  ай,  әр  мезгілді  сағына  тосамын. 

Қыс  ӛтсе  соғыс  бітіп,  бейбітшілік  орнайтындай  асықтық,  енді  кӛктемді 

кӛксеп жҥрміз. Кӛктем шықса болды,  осы  ауылдан  аттанған  алпыс  азамат  

маңдайлары    жарқырап,    аман-есен    келе  жататындай...    Дегенмен    бҥл  

жылдың  кӛктемі  жаман  басталған  жоқ,  батыстан  шығысқа ҧмтылған  жау  

жаппай  шегіне  бастапты.  Ақаннан  хат  келді,  «жағдайымыз  жақсы,  аман-

саумыз»  дегеннен  басқа  ештеңе  айтпайды.  Қайта-қайта  қадалып  сҧрай 

беретіні — ҧлының жайы, қайтсін енді, ӛлгенде кӛрген жалғыз ҧлы ғой... 


Sauap.org

 

 



73 

 

Қар    еріп,    топырақ    қызып,    қарағай    басы    бҥрлеген    шақта    жан-



жануармен    бірге    біз  де  жасарып,  жайнап  қалғандай  болдық.  Қыстайғы 

ауыртпалық,  адыра  қалғандай,  ашжҥрейік,  жалаңаш    жҥрейік,    әйтеуір,  

кҥннің    қызуына    мәз    болып,    сергіп,    серпілдік.    Мал    ҧзап  жайылып,  

балалар    ауладан    аулаққа    шығып,    асыр    салып    ойнайды.    Қолдарында  

ӛздері жасап алған ағаш мылтық, уралап «жауды» қуады да жҥреді. Ертеңгі 

әскерлер осылар ғой, менің Баламерім қашан ер жетіп, соңымнан еріп жҥреді 

екен деп қызыға қараймын. Кеше кешке Жҧлдыз колхозының басқармалары 

жиналыс  ашып,  Ақан  әскерге  кетерде  170  сом  қарыз  ақша  алған,  соны 

тӛлесін  деп,  кісі  жіберіпті.  Ақанның  ерін    ала  алмаған  Нартайдың  әбден 

ӛшіккені  соншалық,  қырық  жылғыны  қылға  тізіп,  алдымызға  кетіреді  де 

отырады. 

Ӛйтіп-бҥйтіп жҥріп ол қарыздан да қҧтылдым. 

Наубайханада  ҥн  илеп  тҧр  едім,  ҥлкен  қызым  Шолпан  келді  жҥгіріп. 

Жылаған. 

— Ҥйді бҧзғалы жатыр.  

— Кім, ойбай? 

— Бастықтар. 

Қолымдағы    жабысқан  қамырды  етегіме  сҥрте  салып,  қҧстай  ҧштым. 

Келсем есік алдында ат ойнатып, Нартай жҥр. Балта, ломдарын сайлап, арба 

жеккен  адамдар  ҥйді  қопарғалы  жатыр.    Енемде    ес    жоқ,    «ӛлемін»    деп  

бҧзаудың    мойын    жібін    алып,    Нартайға    ҧмтылады.  «Қайран,    апам-ай,  

«ӛлем»  дегенше,  «ӛлтірем»  деп,  неге  айтпайды  екен»,—  деп ойлаймын. 

Атам  болса  сол  сабырлы  қалпы,  қолында  таспиғы:—  Қарғыс,—  деп,  

табалдырықта  кҥбірлеп    отыр.    Ақсайтаным    мҧндай    тҥсінсін    бе,    келе  

долданып  Нартайдың  шаужайына жармастым. 

—    Не    жазығым    бар    еді.    Қҧдай-ау,    бала-шағаны    шулатып,    ҥйді  

бҧзғаны    несі!    Елім-ау,  жҧртым-ау,  қайдасыңдар,  қорлатпай  «қой»  дейтін 

адам  табыла  ма...  Зарлап  барып,  ақ  боз  аттың  ҥстінде  шіренген  Нартайдың 

ҥзеңгі бауынан ала тҥстім. 

—  Кет,  албасты!  Қҧтырып  кеттің  бе?—  деп  қамшымен  арқамнан  осып 

жіберді.  Арқам  удай  ашыды,  кӛзіме  қан  толды.  Сол  кездегі  қуатым-ай 

десеңші,  ат  ҥстіндегі  еңгезердей  адамды  жалғыз-ақ  жҧлқып  аударып 

тҥсірдім. Тіпті, тҧрықты аттың ӛзі тәлтіріктеп кетті. 

Есті  жануар  екен,  несі  жерге  топ  ете  тҥссе  де,  қашпай  қҧлағын  тіге 

осқырынып тҧра берді. 

Аяғымның  астына  бір  қап  бидайдай  былш  ете  қалған  Нартайдың 

кеудесіне  қарғып  мініп,  тыпырлауға    шамасын    келтірмей    армансыз  

қойғыладым-ай,    тепкіледім-ай.    Ҥй    бҧзуға  келген  кісілер  әрең  дегенде 

ажыратып алды. Ҥсті-басын қағынып, орнынан тҧрған Нартай қатыннан  таяқ  

жегеніне  ҧялды  білем:  «Албасты  ашуың  қандай  қатты  еді,  ӛлтіріп  тастай 

жаздадың  ғой»,—  деп,  әуелі  ырсиып  кҥлді.  Содан  соң  есі  жаңа  кіргендей 

тістенді. 



Sauap.org

 

 



74 

 

—  Қанына  қарайған  қара  қаншық,  тҥрмеде  шірітемін.  Маған  керегі  де 



осы пәкті еді.  

Жаз,    тҥгін    қалдырмай    актіле,    сендер    куә    боласыңдар,—    деді  

колхозшыларға.    Ауыл  кеңестің    хатшысы    болып    жҥрген    келіні    қағаз,  

қарындашын  алып  сусылдатып  жаза бастады. 

— Біз ештеңе кӛрген жоқпыз,— деді Жақияр ақсақал,— Сондықтан куә 

бола алмаймыз. 

—    Немене,    кӛзіңді    шел    басып    тҥр    ма,    кәрі    ит!—    деп    ақырды  

Нартай.—  Сені  қоса айдатамын! 

—  Қатқаныңның  басы. Жазықсыз  жандарды  жазалаған  ӛзіңді  соттау 

керек.    Тіліңді    тигізе  берме.  Әйтпесе  жегеніңді  қайта  қҧстырып,  қырық 

жылғыңды қазып беремін. 

Осы сӛзден кейін Нартай жуасиын деді. Жақияр шалдан ҥнемі тайсақтай 

беруші  еді,  тегі  ішіп-жеген,  істеген  қылмысын  тҥгелдей  жатқа  білетін  осы 

кісі секілді. 

—    Кәмпеске  кезінде  байдан  қалған  ҥйді  сутегін  алған,  ешбір  қағазы 

жоқ, ендеше, бҧл ҥй колхозға қарайды. Бҧзып әкетіп, қойма саламыз,— деді 

Нартай атына қайта мініп. 

— Қҧдай-ау, біз қайда паналаймыз,— деді енем. 

—  Оны  ӛздерің  біліңдер.  Анау  жалмауыз  келіндеріңнің  кҥші  тасып  

жҥр    екен,    қарағай  қиып,  ҥй  салып  алар.  Әйтпесе  анау  монша  да  жетеді 

сендерге. 

—    Ҥйдің    ақшасы    тӛленген,—    деді    Атам    таспиғын    санаған  

қалпында,—  Бес  жҥз  сом ақша және  қара  бас  қойды  бергенмін.  Келінің  

ӛртеп  жібермесе,  кеңсенің  бір  жерінде  жатқан шығар. 

— Ондай қағазды кӛргем жоқ,— деді хатшы әйел безбҥйректеніп. 

— Ендеше, сенің де кӛзіңді шел басқан екен,— деді атам. 

—    Селсәбетке    тіл    тигізбе,—    деп    ақырайды    Нартай.    Атам    сол  

таспиғын  санаған  қалпы, қҧманын алып ҥйді айналып кетті. 

Бҥл  қоқан-лоқыларынан  тҥк  шықпасына  кӛзі  жетті  ме,  Нартай  атын  

тебініп  қалып, шоқырақтай жӛнелді. Ҧзап барып, қайта оралды.  

—  Бәрібір  ҥйді  ертең  бҧзғызамын,  ал  сен  албасты,  дайындала  бер, 

тҥрмеге қамаласың. 

Басқармаға    қол    кӛтергеніңнің    арты    не    боларын    кӛрсетейін,—  

Зілмен,  бітіспес  кекпен айтты. 

Жҧрт тараған соң Атам айтты: 

—  Жаман болса да еркек аты бар ғой, азаматтың абыройын тӛгіп, бекер 

қол жҧмсадың. 

Асқардай    тҧтқан    Атамның    алдында    Нартайдың    кеудесіне    міне  

тҥскенім,  расында  да ағатты еді. Мҧндай ҧялмаспын ба. 

Апам айтты: 

— Ӛзіне де сол керек. Айызым қанды-ау. Арты тыныш болсын. 


Sauap.org

 

 



75 

 

Істерімді    істеп    алсам    да,    қорқа    бастадым.    Мылтығы    шошайған  



мелица    келін,    алдына  салып    айдай    жӛнелсе,    қайтемін.    Бауырын  

кӛтермеген  балам  бар.  Масқара  болғанда  

Ақанға  не  деймін.  Бастықты  соғып  абақтыға  қамалыпты  деген  аты 

қандай  жаман  еді.  Жо-жоқ,  қол  қусырып  қаран  отыруға  болмайды,  ауданға 

олардан бҧрын ӛзім барайын. 

Менің  мінезім  қызық  еді:  кӛп  сӛйлемеймін,  ал  бір  сӛйлесем  тоқтау  

қиын;  кӛпке  дейін ашуланбаймын,  ал  бір  ашулансам  Алтайдың барлың  

тасын    лақтырып,  Бҧқтырманы    теріс  ағызып  жіберердей  долданатынмын. 

Ӛзімнің  орныма  Енемді  наубайханаға    жібердім  де,  нар  тәуекел  деп  аудан 

орталығына тарттым. Шыдамның да шегі бар, жер бетінде зәредей болса  да  

әділет,  шындық,  дегендер  қалса,  тексеріп,  кӛздерімен  кӛрсін,  ақ-қарамды 

ажыратып  берсін,  бірақ  қорлауы  мен  қорқытуды  қойғызсын.  Жаяу  жҥріп 

ҥйренген    басым,  отыз    шақырымдағы    Катонға    тҥс    ауа    жетін    баруым  

сӛзсіз  еді.  Жаулығым  ағараңдап  қара жолдың  бойымен  сыдырта  тартып  

келемін.  Дәл  сол  ретте  жылап-сықтаған  жоқпын,  тас-тҥйін дайындық бітті 

бойыма.  Шешінген  судан  тайынбас,  қазір  атып  тастаса  да  тайынатын  тҥрім 

жоқ.  Жау  жағадан  алғанда,  бӛрі  етектеп  жармасып  әбден  қажытып  еді, 

жасымызға  жеткізбей    әбден    қартайтып    еді.    Осылармен    алысам    деп,  

шашымның  жартысы  ағарып кетті.  Егер  осы  жолы  шындыққа  кӛздерін  

жеткізе    алмасам,    онда    Бҧқтырмаға    ағып  ӛлгеннен  басқа  амал  қалмады. 

Елде  бардың  ерні  қимылдайды  деген,  артымда  қалар  ҥш  қыз,    бір    ҧлымды  

ӛкіметтің    ӛзі    де    ӛлтірмес.    Бҧдан    жаман    кезімде    де    тойға    барғанмын 

демекші, шегінетін  жер  жоқ,  артымда  ар-намысым. Кӛрінгеннен  соз  естіп,  

кӛлденең    кӛк  аттының  кӛңілін  тауып,  аяғына  бас  ҧрып,  жетім  баладай 

әркімге  бір  жаутаңдап,  жалтақтап  ғҧмыр  кешкеннен  ақ-адал  ӛлімнің  ӛзі 

иманды. Осы сапарым —  соңғы сапар, не жеңем, не жеңілемін  —  ҥшіншісі  

жоқ!  Не  ӛлім,  не  ӛмір.  Қызық,  ашу  қысып  алжасқаныма  кӛрінсін, кісінің 

есіне  қайдағы-жайдағы    оралады  екен.  «Ӛлемін»  деген  сӛз  ойыма  тҥскенде, 

зәуде  кӛзім  жҧмыла  қалса,  балаларымның  халі  қандай  кҥйде  болады,  Ақан 

кімге ҥйленеді, ӛгей шеше  ҧл-қыздарыма  ана  бола  ала   ма...  Міне,  осы  

секілді    мантырақ    қиялдар    арадай  апталады.    Ауылдан    он    шақырымдай  

ҧзағанда    алдымнан    қос    салт    атты    кӛрінді.    Жаныма  келгенше  

шырамытқадым.    «Апай,    амансыз    ба,    жаяу    қайда    барасыз?»—    дегенде  

ғана, жҥздерін  ажырата  бастадым.  «Бәсе-бәсе,—  деймін  ішімнен,—  қҧдай  

кӛктен    тілегенімді  жерден  берді».  Ізден  келе  жатқан  адамдарымның  ӛздері 

алдымнан шықты. Қос салт атты аудандық прокурор мен тергеуші екен. 

—    Мен    сіздерді    іздеп    шықтым.    Айналайындар-ай,    менің    жай-

кҥйімді    сезгендей-ақ,  ӛздерің  келе  жатыр  екенсіңдер.—  Кӛзім  ашып,  иегім 

кемсеңдеп  ботадай  боздап  жылағым  келді,  бірақ,  дірілдеген  ернімді  қан 

шығара тістелеп шыдадым-ау. 

— Не болды, кім жәбірледі, апай?— деп сҧрады прокурор жігіт. 

— Келіңіз, менің атыма мініңіз,— деді тергеуші жігіт. 



Sauap.org

 

 



76 

 

—    Рақмет,    қалқам,    мен    жаяу    жҥруге    жаралған    жанмын,—    Олар  



аттарын  ақырын аяңдатып,  менің  жҥрісімнің  ыңғайына  тҥсірді.  Ауылға  

жеткенше    кӛрген    қорлық-зорлықты,  жҥректегі  мҧң,  тағдырымның  мән-

жайын ағыл-тегіл армансыз айттым-ай. 

—    Ӛзіміз    де    Нартайдың    ҥстінен    тҥскен    арызды    тексерейік    деп  

шығып  едік,—  деді прокурор. 

Мен  жеңдім. Ауыл  сәбеттің  архибін  ақтарып, ҥйді  сатып алғанымыз,  

он    екі  жылдан  бері  салығын    тӛлеп    келгенімізді    айғақтайтын    қағаз  

табылды.  Оны  хатшы  әйел  Нартайдың бҧйрығымен  тығып  тастаған  екен.  

Келесі  жылдан  бастап  әскери  салық  та  тӛлемейтін болдық.  

—  Азамат  Ақан  ойнап  жҥрген  жоқ.  Ол  да  майданға  қызмет  жасап  

жҥр.  Артында  қалған семьясы  ҥлкен,  он  шақты  жаны  бар  екен.  Оларды  

асырап-сақтауға   жалғыз  әйелдің  кҥші қалай жетсін. Сондықтан да әскери 

салықты тӛлеткендеріңіз бекершілік болған. Бҧдан былай жҧмыстың жеңілін 

беріп, ҥй-жайына мҥмкіндігінше,—  деді  прокурор жігіт. 

—Ал басқарушы жолдас, сіздің мәселеңізгe келетін болсақ, асыра сілтеп 

алғансыз.  Халық  жауының  қылығын  жасағансыз.  Еңсесі  тҥскен  елді  ерттеп 

мініп алғансыз. Ӛзіңіз  — колхоз  бастығысыз  ініңіз  —  есепші,  келініңіз  —  

ауыл    кеңесінің    хатшысы,    тіпті    әйеліңізге  дейін    басқарманың    мҥшесіне  

сайлағансыз.    Бҧны    қалай    тҥсінуге    болады?!    Тіпті    патшалар  да    бҥкіл  

ӛкіметті  семьясымен  басқармаған.  Ертең  ауданға  келіңіз,  анық-қанығын  

сонда анықтап, тиісті жаза қолданамыз. Бҧл не деген масқара! 

Тәңір  асыраған  тоқтысын  қасқыр  жемейді  деген  сӛз  тегі  рас  екен. 

Мерейім мҧндай ҥстем болмасты.  Ой,  бір  айызым  қана  рақаттандым-ау.  

Бҧл    менің    жеңілген    ит    желкелегенге  жақсы    деп    Нартайдың    аттан  

жығылғанын    табалағаным    емес    еді.    Бҧл    менің    жер    бетінде  әділдік  

барына  тҥңғыш  рет  кӛзім  жетіп,  қуанғаным  еді  ғой.  Әттең,  шіркін,  сол  

әділдік бәрімізге жете бермейді екен-ау.. 

Нартайдың  келінін  ауыл  сәбеттің  хатшылығынан,  інісін  есепшіліктен  

шығарғанмен,  ӛзін колхоз  бастықтықтан  босатқан  жоқ. Бҧдан былай  асыра  

сілтеп,  шаш ал  десе,  бас  алатын әпербақан болмауын қатаң ескертіп, сӛгіс 

беріпті. Тіпті оны орнынан алған кҥннің ӛзінде сауаты бар, шаруашылықтың 

жағдайын білетін есті еркек таба қою қиын еді сол уақытта. 

Ауыл    азаматтарының    жоқтығы    жанға    бататыны    содан-ау.    Енді  

ойлаймын,    азаматы    жоқ  ауыл    сарғайған    ескі    жҧрт    екен    де,    еркексіз  

әйелдер  қаңсыған  итаяқ  екен...  «Бар  пәле сенен келді, албасты»,— деді ол 

ауданнан қайтып оралған кҥні кеңсеге шақырын алын. 

— Жеңдім,— деп тҧрсың ғой. Жыланды ҥш кессе де кесірткелік қауқары 

бар. Кӛрерміз...  Ертеңнен  бастан  наубайханадан  шығасың.  Балаң  жетілін  

қалды.    Кҥшің    тасып  жҥр  екен,  егін  суғару  жҧмысына  бар.  Сенің  орныңа 

Бәтіш нан пісіреді. Жуындыға семірген иттей дҥмпиін алып едің, енді қайтер 

екенсің.  

—  Тіліңізді   тарта  сӛйлеңіз.  Әттең,  әкемдей  адамсыз,  әйтпесе  әне  

кҥнгіні  есіңізге  қайта тҥсірер едім.— Есігін бір теуіп шыға жӛнелдім. 


Sauap.org

 

 



77 

 

Жаз  шыға  бес  адам  ауданда  звеноводтың  оқуына  бардық.  Он  кҥн  



бойы    егін    суғарудың  жай-жапсарын  ҥйренін,  қайтын  оралдың  та,  қиядан 

арық  қазып,  қҧдық  шығару  жҧмысына  кірісіп    кеттік.    Менің    бойымда  

қайран  қалдырар  бір  қасиет  бар  еді:  қандай  істі  болса  да жан-тәніммен 

беріле істейтінмін. Ӛзімізге бекітіп берген жерді бес әйел балаша баптап, ай 

жарығымен    суарып,    арамшӛбін    жҧлдық,    әбден    жайқалып    ӛсіп,    дәні  

толып    сарғайып  піскен    соң    барып    бастырдық,    маржандай    бидайды  

ӛкіметке  ӛткіздік.  Жанталасып  қол орақпен масақ орып, баулап жҥргенімде 

білегімді  оңдырмай  кесіп  алдым.  (Алма  шешей  білегін  тҥріп,  сара  тілінген 

тыртықты  Кҥміске  кӛрсетті).  Міне,  соғыстан  қалған  белгі...  Қан  саулап  

тоқтамаған    соң,    жаулығымен    орап,    шандып    байладым    да,    амал    жоқ,  

ауылға  қайттым.    Ол    шақта    дәрігер    жоқ.    Әйтеуір,    қазақтың    ем-домын  

жасап,  қанын  тыйдық.  

Қанжапырақ  тарттық.  Ауырсынып  ҥш  кҥн  жҧмысқа  шыға  алмадым.  

«Дем    алу    ҥшін    әдейі  істедің,  албасты,—  деді  Нартай.—  Мҧғалімдерге 

қосылып шӛп шабуға барасың». 

Қайтесің,    жылайсың,    жылайсың    да    шыдайсың.    Баяғыда    біреу:  

«Қарынымның    ашқанына  емес,    қадірімнің    қашқанына    жылаймын»,—  

деген    екен.    Сол    айтқандайын    мен    де    кӛзге  шыққан    сҥйелдей    болып,  

кӛрінгеннен    сӛз    естігенше,    кез    кӛріп,    қҧлақ    естімейтін    барса  келмес  

белгісіз  жаққа  қаңғып  кеткім  келетін.  Қ-ай-ай-дан...  балапанын  ерткен  

қаздай,  аспаннан  қырғи  кӛрінгенде  қанатымды  сабалап,  қаңқылдағаным 

болмаса, қолдан келер қайран бар ма. Адамның басы алланың добы демекші, 

колхоз басқармасы қайда айдаса —  сонда  елпең  қағып  жҥгіре  бергеннен  

басқа    шара    не    дегенмен    осы    мазасы    жоқ,  сынаптай  толқып,  сағымдай 

сусыған    ӛміріме  ризамын.  Несін  жасырайын,  дәл  сол  кезде,  кҥндіз-тҥні  

талмай,    шаршап-шалдыққаныма    қарамай    еңбектенсем,    ол    Отанды 

қорғағаным,  жауға  атылар  оғым  деген  белсенділіктен  гӛрі,  қолына  қарап,  

қарлығаштың  балапанындай    тамақ    сҧрап,    аузын    ашып    отырған    бала-

шағамды  асырау  тілегі  бірінші тҧратыны санамда. Мен бейбіт те жомарт, 

жылқының  жусағанындай  тыныш  тіршілік  ҥшін  кҥрестім,  от  басымның 

амандығы  ҥшін  қу  жанымды  аяғаным  жоқ.  Әрбір  қиналған  сәтімде  ел  мен 

жерді  осындай  кҥйге  душар  қылған  дҧшпанды  қанша  рет  қарғап-сіледім, 

қаншама  рет    шашымды    жайып,  батысқа    жҥз    беріп    лағынет    айттым. 

Мҧғалімдерге  қосылып  пішен шауып  жҥрген  шақта  ӛз  нормамды  ылғи  

да  артығымен  орындап  тастап,  шӛпшілердің бәрінен  бҧрын  ҥйге  безектеп  

жҥгіремін.  Ҥйге  келе  салып,  қара  жер  қойнына  алғанша таусылмайтын 

шаруаға кірісемін. 

Кей    кҥндер!    мҧғалімдер    қайтып    кеткен    соң    тартпамды    шыңдап  

жападан-жалғыз  қалып қоямын. Ай туа тоғайдың  арасына кіріп аламын да, 

жалғыз сиыр мен бес-алты қой-ешкіге шӛп шабамын. 

Мҧғалімдердің ішінде Зәбила атты сҥп-сҥйкімді қыз бар еді. Оны сен де 

білесің, Кҥмісжан, бҧл  кҥнде  ақарлы-шақарлы  семья,  тіпті  немере  сҥйіп  

отыр...    Сол    қыз    мені    жан    тартып,  аузындағысын    жырып    беріп,  


Sauap.org

 

 



78 

 

ҥйірсектеп  жҥретін.  Қҧрбыларымен  бірге  ауылға  қайтуға ыңғайлана  берді  



де,    менің    тӛс    темірге    салып    балғамен    шалғы    шыңдап    отырып 

қалғанымды кӛріп, кері оралды. 

— Апай, сіз неге қайтпайсыз?— деді жаныма шоқайып отыра беріп. 

— Ӛз малымызға арнап шӛп шабамын. 

— Тҥнде ме?— таңдана сҧрады.— Қараңғы ғой. 

— Енді бір сағаттан соң ай тумай ма. 

—    Апырай,  апай-ай,  қалай  ғана  шаршамайсыз.  Сізден  әлдеқайда  жас 

менің белім ҥзіліп, екі қарым талып әрең отырмын. 

— Ҥйренбегендікі шығар,— дедім мен.— Басқа тҥссе баспақшыл деген 

емес пе.Жҧмыс мені емес, мен жҧмысты шаршатар шама бар. 

—    Жҧмыс    шаршаушы    ма    еді,—    деді    Зәбила  кҥрсініп.—    Мен    от  

жағайын,  шалғының  жҥзі кӛрінбей барады, қолыңызды кесіп аларсыз. 

— Жаға ғой. Шәугімге шай қоя сал.  

Ай  туғанша  сырласып  отырдық.  Шегіртке  шырылдап,  елік  әупілдеді.  

Ол    кезде    аң-қҧс  бықып    жҥруші    еді    ғой.    Сымпылдап    ҥйрек    ҧшады.  

Ӛзеннің  беті  қарабарқынданып,  анда-санда бір нәрсе шолп ете қалады, тегі 

шабақ аулаған балық, болар. Екі тізеңді қҧшақтап, ҥн-тҥнсіз  отыра  берсең,  

бойыңды    қуанышты    да    мҧңлы    ҥрей    билейді    екен.    Бірақ,    сен 

шошынбайсың,  ләззатты  әсермен  терең  кҥрсінесің  де  әлденені  іздеп 

елеңдейсің. Іздеген затың не, білмейсің. Білмегендіктен де елегізін іздейсің. 

Осындай  жым-жырт  ертектегідей  отырғанымызды  Зәбиланың  майда  ҥні 

бҧзды. 


—    Апай,   бақыт    деген   не,    білесіз   бе?—    Мен    бірден   жауап    бере  

алмадым.  Осы  сҧрақтың тӛңірегінде, тіпті, ойланбаппын-ау. 

— Бәлкім, бақыт дегеніміз — ер-азаматқа еркелеу шығар... 

— Рас айтасыз, әйелге одан артық бақыт жоқ. 

— Сен әлі жассың ғой...— Сӛзімді аяқтатпады: 

—    Жас  болсам  да  білемін.  Бізді  соғыс  есейтті.  Ӛзіміз  қызығын  кӛріп, 

қуанышын  бӛліспесек  те,    сіздерді    кӛргенде    сай-сҥйегіміз    сырқырайды.  

Жауды  жеңген  кҥні  Алматыға  оқуға аттанбақпын. 

— Оқы, айналайын, мен ҥшін де оқы. 

Ол мені қҧшақтап аялады, аяғаны шығар... 

Осы  кезде  шығыстан  дӛп-дӛңгелек  айдың  шеті  қылтиды  да,  «мені  

зарыға  тосып отырсыңдар-ау»  дегендей  шапшаң  кӛтеріле  бастады.  Мен  

орнымнан  тҧрып,  алақаныма тҥкірдім де, тартпаны ептеп шықтана бастаған 

шалғынға салдым. 

— Кӛмектесейін, апай,— деп, Зәбила да ӛз қол шалғысына ҧмтылды. 

— Әуре болмай-ақ қой. 

—  Ештеңе  етпес,  сізден  жаным  артық  па,—  деп,  менің  соңымнан  ере 

сілтей жӛнелді. 

Ай  жарығына  шағылысқан  шалғының  жҥздері  жалтылдап,  ҧйысқан 

шӛпті жайпап барады.  

Артымызда тҥп-тҥзу десте қалды жол болып. 


Sauap.org

 

 



79 

 

Кҥз    туа    мен    және    екі-ҥш    адам    солдаттарға    арнап    пима    басу  



жҧмысына  кірістік.  Біз  әуелі Пилат  деген  орыс  шалына  барып  бір  апта  

ҥйрендік.    Пима    басуды    тағы    да    мен    бірінші  болып    игеріп    әкеттім.  

Қалып  біреу  ғана  болғандықтан  алғашында  бір  сыңардан  басып, кезек 

кҥтіп  жҥрдік.  Кҥзді  кҥні  қозылардан  қырқып  алған  тірі  жҥнді  ең  әуелі 

жақсылап тҥту ҥшін судың ар жағындағы Еремей деген орыс шалына қапқа 

салып апарамыз. Оның жҥн тҥтетін  машинасы  бар.  Бҧл  жҧмысты  Сақыш  

екеумізге    тапсырған.    Қыс    тҥсіп,    Бҧқтырмаға  мҧз  қатқанда  да  қанатсыз 

жайдақ,  шанаға  бір  центнер  жҥнді  тиеп,  ымырт  жабыла  жолға  шығамыз. 

Машинаның қҧлағын кезек-кезек бҧрап тҧрып тҥні бойы бҧрқыратып тҥтеміз 

де,  ертелетіп    қайта    ораламыз.    Екі-ҥш    сағаттай    мызғып    алған    соң,  

соғушылар  әзірлеген тҥйлектеген  жҥнді  қазанға  салып  қайнатамыз.  Әбден  

піскеннен    кейін    сорғытып,    қол  ағашпен  тарсылдатып  соққылаймыз. 

Бӛлменің  іші  кӛзге  тҥртсе  кӛргісіз  буға  айналып,  ҥсті-басымыз    малмандай  

су  болады.  Дымқыл  ауа  тынысқа  тар,  тҧншықтырып  шыдатпайды. Атып 

далаға  шығамыз.  Сонда    әбден  буланған  қҧлағымыз  тарс  бітіп,  естімей 

қалушы едік...  

Оған    қарап    жатқан    біз    жоқ,    таза    ауадан    қарпып-қарпып    жҧтып 

аламыз  да,  қалың  будың арасына  қайтадан  сҥңгиміз.  Бір  кҥні  мҧздың  

бетін  қызыл  су  қаптап  кетті.  Ӛзеннің  дәл ортасына барғанда жаман ат бір 

центнер жҥн мен Сақыш екеумізді тарта алмай арындап тҧрып  алғаны,  әрі  

қамшыладық,    бері    қамшыладық,    тіпті    сабаған    сайын    кӛткеншектеп, 

баспай  қойды.  Сақыштың  аяғында  кӛн  етігі  бар  еді,  шанадан  қарғып  тҥсіп 

барып, тізгіннен жетелеп кӛрді, қозғалмады. 

Енді  шана  ҥстіндегі  мені  ауырсынып  тҧрғандай.  Ал  менің  кигенім  

—    табанына    тақтай  жапсырған  ескі  пима...  Сақыш  ер  еді-ау,  тырақыны 

басқа бір салды да, долданып қайтын маған келді. 

— Мін арқама,— деді. 

— Денем ауыр, кӛтере алмайсың ғой...  

Жас  балаша  мойнынан  қҧшақтап  арқасына  жабыстым.  Ол  менің  екі 

қылтамнан қыса ҧстап алды да, қызыл суды шалпылдата кешіп, арғы жағаға 

тартты. Жағалауға енді жете берген кезде: 

— Әй, қатын, қалтаңнан қарманың иісі шығады ғой,— деді. 

— Бағана Енем пісіріп беріп еді... 

— Аузыма сал, әйтпесе суға тастай саламын,— деп ҥстіндегі мені сілкіп-

сілкіп қалды. 

Амал жоқ, бір ҥзіп тістеттім. Ол қарманы ҧртын қомпаңдатып шайнаған 

қалпы  мені  арғы  бетке  алып  шықты.  Содан  соң  суды  қайта  кешіп  барып, 

кӛлікті  жетелеп  еді,  қырсық,  неме  «сендерден  қҧтылмады-ау»  дегендей 

тапырақтай тартты шананы. Сақыштың кен етігінен, әрине,  су  ӛтіп  кетіпті.  

Еремейдің    ҥйіне    жеткен    соң    шылғауын    отқа    қақтап    кептіріп,    әрең 

жылынды.  Осы  оқиғадан  кейін  Сақыш,  суық  тисе  керек,  қалтырап-дірілдеп 

қатты ауырды. 



Sauap.org

 

 



80 

 

Екі аяғының қақсағаны асқына келе жҥрегіне шапты. Ертең Жеңіс деген 



кҥні бҧл дҥниеден қайтты жарықтық. 

Еремейдің    ҥйінде    жҥн    тҥтіп    жҥргенде    қарнымыз    ашып    болмаған  

соң  бір  килодай  жҥн сатып,  картошка  қайнатып  жеп  едік.  Енді  орнын  

толтырудың    амалын    іздегенбіз.    Әдетте  тҥтілген  жҥнді  бір  бӛлек,  тҥскен 

қоқымды бір бӛлек ӛлшеп, жалпы салмағын шығаратын. 

Амалсыздан  қоқымның  арасына  тас  салуға  тура  келді.  Бҧл  жалғанда 

Нартайдай  иісшіл  кім  бар    екен...    Біліп    қойды.    Қулығымыздың    беті  

ашылды.  Аузына  ақ  ит  кіріп,  кӛк  ит  шығып ҧрысты. Соттатпақ болды. 

Айналайын, Сақыштың сҧлулығы бҧл пәледен де қҧтқарды. 

—  Иә,  біз  не  кӛрмедік.  Сонымен  ҧзын  ырғасы  —  пима  бастым,  нан 

салдым, ӛмір бойы шен шаптым.  Егін  ордым,  бау  байлап,  масақ  тердім.  

Мҧнымен    де    біткен    жоқ.    Келесі,    1944  жылдың  қысында  тері  илеуге 

жіберді. 

—  Екеуінен  де  мәңгілікке  айрылғанымды  жҥрегім  сезіп  еді,—  деп,  

Ақан    шал    далаға  шығып,  бой  жазып  келген  соң  әңгімесін  одан  ары  соза 

тартты.  

Жағдай  жақсарып,  тамақ  тҥзелгенмен,  сырқатым  асқына  тҥсті.  Екі  

бетім    суалып,    кӛзім  шҥңірейіп,    мойным    ырғайдай    болып,    адам  

танымастай    жҥдедім.    Әсіресе    1945    жылдың  қысында  жҧмысқа  бір  кҥн 

шықсам,  екінші  кҥні  тӛсек  тартып  жатып  қалатын  жарымжан  кҥй  кештім. 

Ішкен  асым  батпайды,  қара  су  ҧрттасам  да,  лақ  еткізіп  қайта  қҧсамын. 

Кӛктем  туа  ептеп   сергігендей    едім,   «бҥгін   жеңіс»—   деген    кҥні   ішімді  

жалын  жалап,  қатты  қысылып ауырдым.  Ҧлыстың  ҧлы  кҥні  қуанышында  

нардың  ҥстінде  аш  иттей  бҧралып,  ыңырсып жатқан менімен елдің ісі бар 

ма,  кӛздеріне  жас  алып,  жҥректері  жарыла  жаздап  бақытқа  кенелуде.  Иә, 

кӛптен кҥткен таң да атты! 

Жеңіс! Соғыс!—  деген сӛздің ініне су қҧйып, тамырына балта шапқан 

айналайын,  ЖЕҢІС    —    сені  де  қҧлақпен  еститін,  кӛзбен  кӛретін,  тӛбеміз 

кӛкке жеткенше қуанатын кҥн бар екен-ау!—деп  кҥбірледім  басымды  зорға  

дегенде    кӛтеpiп.    Кҥлге    аунаған    қотыр    тҥйеден    жата  бергенше  далаға 

шығуға  талпындым.  Барақтың  қабырғасына  сҥйеніп,  бір  басып,  екі  басып 

тысқа  шыққанда,  май  айының  жарқыраған  кҥні  нҧрын  аямай-ақ,  тӛгіп  

тҧр  екен,  кӛзімді жасауратып,  жанарымды  еді.  Жҧмысшылардың  тайлы-

таяғы    қалмай   жеңіс    қҧрметіне  арналған    салтанатты    жиналысқа   кетіпті.  

Маңайда    тірі    жан    кӛрінбейді,    тек    мен    ғана  асқазанымды  алақаныммен 

басып,  жалғыздан-жалғыз  бҥкшиіп  тҧрған.  Табиғат  бейне  бір  ҧзатылатын  

қыздай-ақ,    қылымси    жымиып,    наздана    тамылжыды.    Енді-енді    ғана  

бҥршік ашып, жапырақ жая бастаған орман осы тҧстан қарағанда жасыл ала  

—    бірі  ерте,  бірі  кеш  бҥрлегендіктен   бояу    теңестіре    алмай    тҧр.    Бағана  

басына  орнатылған  қара  табақтанЛевитанның  жігерлі  де  қуанышты  ҥні  

саңқылдап  естіледі.  Менің  жадымда  әсіресе қалғаны: «Капитуляция» деген 

сӛз болды. «Енді елге қайтатын шығармыз» деп ойладым. 

Жеңіс! 


Sauap.org

 

 



81 

 

Бҧл  сӛзге  менің  қаншалықты  ҥлес  қосқанымды  кҥні  бҥгінге  дейін  



білмеймін.    Менің  білетінім:  ӛзіме  жҥктелген  жҧмысты  барлық,  кҥш-қуат, 

ынта-ықыласыммен  орындағаным  ғана.  Тіпті  кімнің  қанша  ҥлесі  барын 

таразылап, талапайға салу артық екенін сол кезде-ақ ҧққан едім. Ендеше, ел 

басына кҥн туған шақта Отан алдында ар-ожданның тазалығынан асқан  ҥлес  

бар  ма?..  Мҥмкін,  барлығымыздан  —  аяқ-қолдан  айрылса  да,  әйтеуір,  

татар дәмі, атар таңы таусылмай тірі қалған барлығымыздан әлдеқайда батыр 

әлдекім  ешкімге  белгісіз  кҥйде  шейіт  болған  шығар.  Соғысқа  қаза 

болғандардың  барлығы  батыр  дейтінім  содан.    Кейін    ойладым:—    бәлкім,  

менің    еңбегім    белгісіз,    аты-жӛні    жазылмаған  жауынгердің    рухына  

айналып    кеткен    шығар.    Иә,    батыр    болу    дегеніміз    —    кеудеге    алтын 

жҧлдыз тағып, алты алашқа әйгілі болу ғана емес; есімің, еңбегің аталмай-ақ 

ерлік  жасау  мҥмкін    екендігін    кейін    білдік    қой.    Демек,    әдемі    тізімге  

соғысқа    қатысқандардың  барлығын  тізіп  шығу  міндет  емес,  олардың  адал 

еңбегі, асқар ерлігін ЖЕҢІС деген сӛз бен  

БЕЛГІСІЗ БАТЫР рухынан іздейміз. 

—    Мен    алпыс    жылдық    ӛмірімде,—    деді    Ақан    шал    қолындағы  

қымыз    қҧйылған    кесені  шайқап.—    Ешкімнің    ала    жібін    аттамаған  

екенмін.    Міне,    тҥн    жамылып    отырмын    ғой,  асырып  айтсам,  қҧдай 

тӛбемнен  ҧрсын.  Бірде-бір  ескерту,  сӛгіс  те  алмаған  екенмін.  Егер  тазалық,  

адалдық   ҥшін   берілер    сый-қҧрмет   болса, омырауым   толып   кетер    еді... 

Мен  тек қана  ӛз  қолымнан  келгенін  істедім,  қадірі-қалімше  еңбек  еттім,  

тағдырдың  талайыма жазған ырзығын ғана кӛрдім, одан артық дҥниеге иек 

қышытқан емеспін, ӛйткені алуан-алуан  жҥйрік  бар,  әліне  қарай  шабатын.  

Мен   бҧл   ӛмірге   алу    ҥшін   емес,   беру    ҥшін  жаратылғанымды   баяғыда,  

«трудармияда».  жҥрген  кезде-ақ  ҧққанмын.  Сондықтан шамасына  қарай  

шанасы    деген    қағиданы    берік    ҧстадым    да,    ешкімнің    де    бақытына 

қызықпадым, ішімді ӛрт жалап қызған бадым да. Мынау қара жердің бетінде 

МЕН  секілді  озбай  да  қалмай  қарапайым  ғҧмыр  кешетіндер  саны 

БЕЛГІЛІЛЕР  тізімінен  әлдеқайда  кӛп  екенін    білемін,    соған    шҥкіршілік  

жасаймын  да.  Алайда  ӛзім  сияқты  ҧшпақты  әсте аңсамайтындардың саны 

азайып  бара  ма  деп  шошынамын...  Аспанға  ҧшпай  тҧрып,  жҧмыр  жердің  

бетімен  дҧрыс  жҥруді  ҥйренбегендерді  кӛргенде  налимын-ау...  «Кірмей  

тҧрып,  қалай  шығатыныңды  біліп  ал»—    деп  халық  біліп  айтқан  ғой. 

Осындай,  ойдың  дені  кейін,  заман  тынышталып,  бейбіт  ӛмірге  еркелегенде 

ғана сана сарабына тҥсті, әйтпесе қа-а-й-д-ан... 

Кӛктемгі    кӛкке    аузы    зорға    ілінген    кӛтерем    сиырдай    тарамысына  

ілініп  тҧрған  менің кӛкейімде жалғыз-ақ арман бар еді, ол —  ӛлмей ауылға 

жетіп, ӛзім жоқта дҥниеге келген  

Баламерді  кӛру.  Содан  соң  ажал  ала  жӛнелсе  де  қарсы  емеспін.  Бҧған 

дейін сҥйретіліп тірі жҥргенім су ішкілігімнің әлі де таусылмағаны шығар-ау. 

Жатақтың  босағасына  сҥйеніп  тҧрғанымда,  анадай  жерден-ақ  кӛйлегі  

желбіреп    маған  қарай    жҥгіріп    келе    жатқан    қызды    кӛзім    шалды.    Ол  



Sauap.org

 

 



82 

 

анадайдан  қос  қолын  жая  ҧмтылып, менің  мойнымнан  қҧшақтады  да,  екі  



бетімнен  кезек  шӛпілдетіп  сҥйді-ай.  Жҥзінде  кҥлкі, жанарында жас. 

— Ағатай-ай, бауырым-ай, біз жеңдік қой. Жеңдік! 

— Рас, жеңдік, айналайын, қарындасым!— дедім мен ақ сары шашынан 

сипап. 


—    Бірақ    бҧл    жеңіс    бомбаның    астында    қалған    әке-шеше,    туған-

туыстарымды  тауып  бере ала ма?— деп ӛксіп жіберді. 

— Жалғыз сен ғана емессің ғой, қалқам... 

—  Бірақ,  әркімнің  ӛз  қайғысы  ӛзіне  ауыр  емес  пе.  Енді  мен  батысқа 

бармаймын. 

Шығысқа аттанамын. 

— Қиыр шығыстан жапон деген пәле шыққан жоқ па? 

—  Сіз  мені  тҥсінбедіңіз,  жаудан  қорқады  деп  ойлайсыз  ба?  Жо-

жоқ.    Кӛз    алдымда    аяқ-қолы  бӛлек-бӛлек  қалған  мамам,  қалай  ғана  сол 

хуторға бара аламын. Әр кҥн сайын есіме тҥсіп,  жҥрегімді  жараламай  ма.  

Одан  да  Сібір  тайгасын  аралап  кетейін  де.  Бастықтар рҧқсат етсе ертең 

жолға шығамын. Сіз сондай... жақсы адамсыз. Я Вас... хокаю! Бҧл сӛзді кейін 

тҥсінерсіз. Хош болыңыз,—  Мойнымнан қҧшақтады да, жалт бҧрылып асыға 

басып кете  барды.  Сезімім  қаншалықты  сірне  болса  да,  кӛңілім  толқып,  

басым  айналған, масайғандай  дел-сал  тҧрып  қалдым.  Ақ  кӛйлегін  жел  

желпіген  қыз,  әне,  Орал органдарына қарай беттеп барады. Ӛзімен бірге бір 

нәзік сәулені ала кеткен украин қызы менің  де  жҥрегімнен  орын  алған.  Ол  

маған  ЖЕҢІС  деген  ҧлы  ҧғымның  адамға  айналып, дӛңгелене билеп, кҥні 

бҥгінге  дейін  жер  шарын  аралап  жҥргендей;  ол  мәңгілікке  солмас 

бәйшешектей,    қайта    туып,    қайта    жасарып,    қайта    гҥлдеп,    мынау  

монданақтай  жерді алақанына салып әлдилеп жҥргендей... 

—    Әңгімем  аяқталып келеді,  таң жақындап  қалған  секілді,  жҥр далаға 

шығып, бой сергітіп қайтайық,— деп Ақан шал орнынан тҧрды. 

Олар  тысқа  шыққанда,  шынында  да,  шығыстан  таң  саз  берген  екен. 

Аспан ашық, Шолпан жҧлдыз  ғана,  тҥнгі  арулардың  отырыңқырап  қалған  

ең    соңғы    қонағындай,  сӛнбей  жарқырайды.  Батыс  жақ,  ал  қара  кӛк  те, 

шығыс кӛкжиек жҧқалаңдап ағара тарта бастаған. 

Қозының    жалқы  даусы  естіледі.  Кебен  тауының  оймақтай  ғана  келі 

бетінде мойындарын қайырып, тҧмсықтарын қанаттарының астына жасырған 

қос сары ала қаз бейбіт қалғиды. 

Арғы  жақ    шетінде  судан  әлдене  алып  жеп,  таңсәріден  ашқарақтанған 

бір топ қоңыр ҥйрек жҥзеді.  Кӛл  жағасындағы  жалғыз  ҥйлі  қойшының  аң-

қҧсқа  деген  адалдығын  жарықтық ҥйрек, аз да сезгендей, ӛзгеше кәперсіз, 

секем  алар  сескенісі  жоқ,  алаңсыз...  Табиғат  пен  адам    арасындағы    береке,  

ырыс  дарыған  шалқар  достықтың  жарасып  табысқан жаршысындай.  Ақан  

шал    осына    кӛріністі    кӛптен    бері    кӛрген    жоқ-ты,    қызықтағандай    екі 

қолын    артына    ҧстап,    сәл    ҥнсіз    тҧрып    қалған.    «Ҥйге    кірейік,    аға»—  

деген    Орынбайдың  сӛзіне:    «Кішкене    бой    жазып,    анау    тӛбенің    басына  



Sauap.org

 

 



83 

 

шығып    қайтайық»,—    деп,    алға    тҥсіп  аяңдай  берді.  Шопан  жігіт  мақҧл 



кӛргендей қатарласа жӛнелген. 

—    1945    жылы    да    елге    қайта    алмадым,—    деді    Ақан    шал.—  

Соғыстан  қайтқан  солдаттар емеспіз,  еңбек  әскері  болғандықтан,  тағы  да  

бірер    жыл    жҧмыс    істеуді    талап    еткен    соң,  амалсыз  қалдық.  Жаз  шыға 

қыстай  асқынып  келген  аурудың  беті  бері  қарап,  ӛзімді  тәуір  сезінгенмін. 

Әйелдердің кӛбі дерлік таран, бҧрынғыдан гӛрі бір жайма-шуақ тыныштық, 

орнағандай  еді.  Тіпті  ептеп  кӛңілсіздік  басып,  ел  деп  елеңдеумен  жҥр  

едік.    Ӛйтпеске  шарамыз    қайсы,    тҥпкілікті    қалып,    жҧмысшы    болып  

кетудің  реті  жоқ,  кӛпшілігіміздің ауылда екі кӛзі тӛрт болып тосып отырған 

бала-шағамыз  бар,  шаруа  баққан  адамбыз,  егін  екпей,    шӛп    шаппай    ӛмір  

сҥре  аламыз  ба.  Ал  кен  қазып  жҥрген  бәріміз  кӛгенін  ағытқан қозыдай 

жамырап,  қайла-кҥректі  лақтырып  тастап  баса  жӛнелсек,  жҥрегі  дҥрсілдеп 

соғып тҧрған мҧқым завод, фабрика ӛлікке айналмайма. Негізгі жҧмысшылар 

майданнан  толық,  оралған    жоқ,    тірі    қалғандарының    ӛзі,    аяқ-қолдан  

айрылған    мҥгедек,    жаудан    енді-енді  ғана  арылған  ел  ес-ақылын  жиғанша 

бҧл жерден аттап басуға қақымыз жоқ еді. Ағайын, туған  «бҧл  қайда  жҥр»  

деп  елеңдемес  ҥшін  барлық,  жағдайымызды  айтып  хат  жазып жібердім. 

Сӛйтіп, Орал тауының дәмін әлі де бір жыл татуға тура келген. Әрине, 

бҧрынғыдай емес, жағдай жақсарған, жҧмысшылар да кӛңілді. 

Саршатамызда    ауылдан    менімен    бірге    келген    Қожақ    пен    Қаймақ  

ҥйлеріне  қайтатын болды. Партия қатарына жаңадан ӛткен мені босатпады. 

Жігіттерді  шығарып  салып  тҧрғанда  кӛңілім  алабҧртып,  кӛзіме  жас 

алдым.  Бірге  ӛсіп,  біте  қайнасқан    ауылдастарымды    қимай    қиналдым    да.  

Оралда    ӛткен    ҥш-тӛрт    жылдың    ішінде  бір-бірімізге    бҧрынғыдан    ары  

жақындасып,    бір    шаңырақтан    ӛрген    тумалардай    айнымас  достық,  

ажырамас    туыстықпен    ҥйренісіп    кетіп    едік.    Олар    кетіп,    жалғыздан-

жалғыз    мен  қалғанда  ҥйірінен  айрылған  жылқыдай  кісінен,  кӛбінесе  саяқ 

жҥретін болдым. Қаймақ пен 

Қожақ,  мен  ҥшін  мҧқым  Нартай  елі  екен,  тҧра  аттанып  кеткенде,  ел 

кӛніккендей қҧлазып,  жҧртта қалған кҥшіктей қыңсылағаным, бҧзауы ӛлген 

сиырдай азан-қазан мӛңірегенім де содан-ау... 

Қаймақ-шал  тарамыс-тарамыс  қолын  ҧсынып:—Ал,  азаматым,  аман  

бол.  Кӛріскенге жазсын,— дегенде ҧмтылып барып қҧшақтай алдым. 

— Ағатай-ай, жалғыздықтан жаным кҥйзелетін болды-ау. 

—  Кӛп  ҧзамай  сені  де  босатар.  Денсаулығыңды  кҥт.  Шыда,  кӛбі  кетіп, 

азы қалды ғой,— деп тӛсіме тӛсін тигізіп жҧбату сӛзін айтты. 

— Алмаға не сәлем айтасың,— деді аусар Қожақ арқамнан қағып. 

—    Не    айтайын,    аман-есен    де...    Ауыратыным    жайында    жҧмған  

аузыңды    аша    кӛрме,  жҥрегін  жаралап  қайтесің.  Мен  ҥшін  балаларымның 

бетінен сҥй.  

Олар  аудан  орталығына  қарай  жаяу  беттеді.  Арқаларында  тҥйіншек 

дорбасы  бар.  Сырты  қомпайғанмен,    ішінде    тҥгі    жоқ    бос    дорбаны    тек  

ырым  ҥшін  ғана  таңып  алған  — жолаушылық  әдет  қой.  Жҥдеп-жадаған  


Sauap.org

 

 



84 

 

ауылдастарымның  артынан  қарап  тҧрып,  қатты аядым. Бҧлар да соғыста 



болдық деп барады-ау. 

Жолдастарыммен  қоштасып,  жатын  орынға  қайтып  оралған  соң  да, 

екеуінің  бос  дорбасын  арқалап  аяңдап  бара  жатқан  жҥдеу  бейнесі  кӛз 

алдымнан кетпей-ақ қойғаны. Тіпті, ҧйқым келмеген  соң,  сыртқа  шықтым. 

Тыныштық    ҧйып    тҧр    екен.    Жҧмысшылардың    барлығы    да  алаңсыз  

ҧйқыда,  бейбіт  кҥннің  алғашқы  алаңсыздығына  еркелеп  жатыр.  Ауадан  

ептеп салқын  сыз  сезіле  бастаған.  Қар  биыл  да  ерте  тҥсетін  сыңайлы.  

Ағаш  жапырақтары  да асығыс сарғайған. Ҥркер кӛтеріліп келеді екен. Сол 

ҥркер туған жақта менің туған  ауылым бар.  Белгісіз  бір  ҥміт  солай  қарай  

жҥр-жҥрлеп  жетелейді.  Неге  екенін  білмеймін, кҥншығысты  бетке  алып  

еріксізден  еріксіз  адымдадым.  Қанша  жер  ҧзағаным  есімде  де жоқ,  тек  

Шолпан    жҧлдызы    ауа    ғана    кері    бараққа    оралдым.    Одан    ары    ҧзай  

берсем,  сӛз жоқ,  қашқын  атанамын.  Ал  мен  ӛмір  бақ  ида  ештеңеден  

қашып,  ештеңеден  қорыққан емеспін. 

Орал  ӛңіріне  тағы  да  қыс  тҥсті.  Кҥн  суық.  Сырқатымнан  айығып  кете 

алған жоқпын. 

Бҧрынғыдай  кҥбір-кҥбір  ӛз  тілімде  сӛйлейтін  жігіттен  айрылған  соң  

бір    тҥрлі    бҧйығы  тартып,  жетімсіреп  жҥрдім.  Ауыл-аймақты  ӛлердей 

сағындым.  Бала-шағам  кҥндіз  есімнен,  тҥнде  тҥсімнен  шықпайды. 

Тарамысына ілініп әрең жҥрсем де жҧмыстан бір рет те қалған емеспін.  Кен  

директорының  атынан  мақтау  естідім,  озат  жҧмысшы,  нағыз  коммунист 

атандым.  Амал  не,  жҥректе  сағыныш  салған  мҧң  бар.  Қанша  кӛңілденейін, 

сергиін  десем  де,  кӛңілімді  әлде  не  зіл  болып  басады  да  тҧрады.  «Топырақ 

Оралда бҧйырмаса игі еді»,—деген ҧры ой ҧялай бастады. 

Иә, соғыс аяқталды. 

Бірақ кҥрес аяқталды ма?.. 

Кімнің қайда, не істегенін есепке алып, тҥгендейтін уақыт келді.  

Жолым    тҥсіп    аудан    орталығына    барып    қайтып    едім.    Онда    ҧлан-

асыр  той:  пилоткаларын бір шекелеп киіп, омыраулары сылдырлаған орден-

медальдар  толы  солдаттар  қос-қостан  қыз-келіншектерді    қҧшақтап  

гармоньдатып,  кӛшеде  билеп  жҥр.  Оларға  сонадайдан қызыға  қарағаным  

болмаса,    тіпті    жақындауға    сескендім    әрі    «бҧл    қайдан    шыққан    аң 

қарға»—деп сӛгетіндей жерге кіре ҧялдым да. «Бәрі де  —  майдан, мҧндағы 

біз де қарап жҥргеміз  жоқ»,—  деп  кімге  дәлелдерсің,  кімге  тҥсіндірерсің...  

Амал  не,  салым  суға  кете бараққа оралдым. Маған ондай сҧрақ, қоймауы 

да  мҥмкін  ғой,  бірақ  ҥстінде  әскери  киім,  кеудеңде  соғыс  куәгері  медалің 

жоқ,  болған  соң  ба,  ӛз-ӛзіңнен  қуыстанады  екенсің.  Кен  басшылары  

тарапынан  алған  сан  алғысымды  қағазға  жазып  алып  әркімге  тарататын 

емес... 

Шынымды  айтсам,  елге  қайтуға  да  қорындым.  Әттең,  шиеттей  жас  

бала-шағам  бар, әйтпесе  осы  жақта  тҥпкілікті  қалып  қойғым-ақ,  келді.  

Алма    кезекті    хатында:    «Соғыстан  аман  қалған  азаматтардың  біртіндеп 

келіп жатқанын, оның ішінде бір аяғынан айрылған 


Sauap.org

 

 



85 

 

Қҧмырайдың  да  бар  екенін  жазыпты.  Денеме  сызат  тҥспей  ауылға 



барудан азапты не бар? 

Ал  ішкі  жараны  кім  кӛріп  тҧр.  Бейне  бір  бес  жыл  Орал  орманында  

тығылып жатып,  жау жеңілген  соң  уралап  шыға  келгендей  кӛзге  кҥйік  

боларым  тағы  рас  еді...  «Тыл  да, трудармия  да  —  барлығы  да  майдан,  

жолдастар,—деген  сӛзді  дәл  сол  кезде  дәлелдеу мҥмкін  емес-ті.  Жҧрттың  

назары  тек  қана  қолына  мылтық  ҧстаған  жауынгерлерге  ауған.  

Қазірдің  ӛзінде  қарт  солдаттар  соғыс  ардагерлері  атанып,  «немісті  

тырқыратып   қуып  барамыз,    жолдасыма    оқ    тиді,    мен    аман    қалдым»,—  

деп    естелік    айтып    есінеп  отырғанда,—    кҥн  демей,  тҥн  демей  кен  қазып, 

топырақ,  тиеп  жатырмыз»,—    деп  әңгімеге  араласудың    ӛзін    әбес  

санаймыз.Бірақ    менің,    жарылыстың    астында    қалған    Бураның,  ауылға  

келген  соң  кӛп  ҧзамай  дімкәстік  пен  жіңішке  аурудан  қайтыс  болған  

Қожақ  пен  

Қаймақтың  жазығы  не?  Жазығы  сый-қҧрмет  дәметпей  жанталаса 

еңбектенгені  ме,  жазығы  жауынгерлерге  қару  дайындап  бергені  ме?  Отыз 

жыл бойы осы оймен соғысып келемін.  

Жеңістің    отыз    жылдық,    тойына    шақырылмадық.    Оны    былай  

қойғанда,  «Ата,  сенің наградаларың  неге  жоқ.  Әлде  соғысқа  қатыспадың  

ба?»—деген  немеремнің  сҧрағына жауап бере алмадым-ау. Ол сҧраққа әсте 

де мен емес, басқа біреулер жауап беруі керек еді... 

1946    жылдың    жазында    асқазан    ауруым    асқына    берген    соң,    еңбек  

әскері  қатарынан біржола босатты. 

—  Мінеки,  Орынбай,  ағаңның  қысқаша  ӛмір-тарихы  осындай,—  деп  

Ақан  шал  әңгімесін тамамдады. 

Таң атты. Кҥн шықты. 

Кӛбен  тауының  ирек-ирек  жолымен  жалғыз  салт  атты  ауылға  қарай 

қҧлдырап келе жатыр. 

Тҥндегі ішкен қымызы батпады ма, аттың жалын қҧша лоқсып, қолқасы 

ҥзілердей  болып  ҧзақ    қҧсты...    Алғашында    тҥндегі    жеген.    еті    мен  

қымызды    лақылдатып    еді.    Аттан    әрең  дегенде    сусын    тҥсті    де    жерге  

найзадай    кіріп    жатқан    тасқа    сҥйене    отырды.    Тынысы  тарылып,    ауа  

жетпей  ӛз-ӛзінен  тҧншыға  берген  соң  омырауын  ағытып  «Уһ,  Аллай-ай, 

жаным-ай»  —  деп, ауыр кҥрсіне шалқалады да, анау тегенедей тӛңкеріліп 

тҧрған шайдай ашық,  аспанға  қарады.  Ол  тіршілігінің  ең  соңғы  сапары  

дәл  осы  Кӛбен  тауында аяқталарын  сезді  ме,  аспанға  қадалған  жанарын  

ендігі  сәтте  сонау  етекте  қҧмалақтай шашылып жатқан  ауылға аударған. 

Сол    кӛк    тҥтіндері    кӛкке    ӛрлеген    кен    ҥйлердің    ішінен  ӛзінің  қара 

шаңырағын іздеп әрең дегенде тапты да, аса бір қимас тілекпен ҧзақ қарады.  

«Тәңірім-ау,    тҥтіні    шығып    жатыр»,—    деп    қуанды.    Амал    қайсы,  

қолқасы  ҥзілердей  болып тағы лоқсыды. Ӛңешін кермек татыған қан жауып, 

тамыр соғысы баяулай бастаған-ды. 


Sauap.org

 

 



86 

 

Жҥрек  шіркін  шаршаған,  әбден  тозығы  жеткен,  «бҧдан  ары  шамам  



жоқ»    дегендей,  әлсіреген    қанатын    анда-санда    болар-болмас    қаққаны  

болмаса,  ӛмір  ҥнін  шырқата алмады. 

Кірпігі  қатып,  қарашығы  бір  орында  тҧрып  қалған  кӛзінен  саулап  жас 

ақты, бірақ сҥртуге дәрмені  жетпеді.  Жанары  жайнап  жатқанымен,  айдай  

аппақ,    әлем    біртіндеп    сӛніп,  дҥниенің    бар-барлығы    қап-қара    қапасқа  

айналды.  Сол  қараңғы  тҥнектің  ар  жағынан мойнында иін ағашы бар Алма 

шықты  да,  су  толы  шелекті  шайқалақтатып,  әне,  асықпай  аяңдап  барады. 

«Тоқта,—    деп  жан  ҧшыра  айғайлады  Ақан.—    Мені  ерте  кет.  Суды  қайда 

апарасың». 

Қарашығы    қатып  жатқан  Ақан  шалдың  кеудесі  қарс  айрылды  да, 

ШЫБЫН ЖАНЫ пыр етіп ҧша жӛнелді... 

...  Мҧнымен  де  біткен  жоқ.  Келесі,  1944  жылдың  қысында  тері  илеуге 

жіберді,—  деп  Алма  кемпір  әңгімесін  ары  қарай  жалғастырды.—    Бҧған 

дейінгім  ойыншық  екен,  дҥниедегі  ең  ауыр  жҧмыс  —  осы  тері  илеу  болып 

шықты. Маған дейін істеген талай әйел шыдай алмай, ақыры ауруға ҧшырап, 

ҥйлерінде  тӛсек  тартып  жатқан.  Сол  кҥні  де  әдеттегідей  ерте  тҧрып,  сиыр  

сауып,  шайды  шала-пҧла  ішіп  ҥйден  шыға  бергенімде  Енем: 

—    Сенің    де    сорың  ашылмай-ақ  қойды-ау,  байғҧс.  Тірі  қалсаң  жарар 

еді,— деді. 

— Олай айтпаңызшы, тәңірдің басқа салғанына кӛнеміз де... 

—  Барлық   істі  бір  кҥнде  бітіріп  тастайтындай  жҧлқына  кірісетін  

мінезің    бар    еді,    аспай-саспай  байқап,  байырқалап  қимылдасаңшы, 

келінжан. 

— Ілбіп жҥре алмаймын апа, сҥйекке сіңді әдет қой. 

— Ақан мен Бағдаттан хабар болмай кетті-ау,— деп кҥрсінді. 

Тері  илейтін  завод  (солай  атар  еді)  ағаштан  қиып  салған  дара  ҥйде 

орналасқан.  Аты  завод  болғанымен,  мҧнда  осы  Жҧлдыз  аулындағы  жалғыз 

орыстың шалы Гриша істейді. 

Одан  басқа  маман  жоқ,  деректірі  де,  жҧмысшысы  да  бір  ӛзі.  Ал 

кӛмекшілікке келген менің міндетім — жерге қазып орнатқан әрқайсысы 300 

литрлік ағаш бодияларға су тасып қҧю. 

Ӛзенге  дейін  қозы-кӛш  жер.  Иін  ағаштың  екі  басына  ілінген  қос  

шелекті  салақтатып безектеймін-ай.  Ағаш  кҥбінің  тҥбі  тесіліп  қалғандай,  

тіпті    толық    болмайды.    Маған    дейін  істеген    әйел    екі-ҥш    кҥнде    әрең  

толтырады    екен.    Ертеден    қас    қарайғанға    дейін    тыным  таппай    жҥгіріп  

жҥріп  ел  орынға  отыра  бітіріп  тастағанымда,  Гриша  шал  ӛз  кӛзіне  ӛзі 

сенбеді.  Суы  мӛлтілдеген  дәу  ҥш  кҥбіге  қарап  тҧрды  да,  таңдайын  қағып, 

басын шайқады.  

—  Мықты екенсің. Бірақ ертең жатып қаласың ғой. Жҧмыс осымен бітті 

деп ойлайсың ба, келіге қабық тҥйіп, теріні иге салу керек. 

Расында да, Гриша шалдың айтқаны келді. Екі иығым, жон арқам, қара 

саным удай ашып, таңертең  орнымнан  қозғалуға  дәрменім  жетпеді.  Кҥн  

арқан  бойы  кӛтерілгенше  сҧлық жаттым. 


Sauap.org

 

 



87 

 

—  Келінжан,  Гриша  шал  шақырады  сені.  Шамаң  жете  ме?—  деді  



Енем.  Бойым жансызданып, сал болып қалғандаймын. Амал жоқ, тҧру керек. 

—    Етбетіңнен    жат,    денеңді    ҧқалап    берейін.—    Менің    ҧялғаныма  

қараған    жоқ,    жҥн  кӛйлегімді  тҥріп  тастады  да,  тарамыс  қолымен 

жауырынымнан ысқылай бастады. 

Қартайған  адамның  саусақтарында  қайбір  қару  бар  дейсің,  кісінің  

қытығын  келтіргені болмаса, қанын таратуға қауқары жетпеді. Енеме ересек 

екі  қызым  қосылды.  Олар  да  ӛз  шамаларынша,  киіз  басқандай  тҥйгіштеген 

болады. Дегенмен, бҧл әлсіз әрекеттің ӛзі сеп болғандай, бірер сағаттан соң 

қалқайып  басымды  кӛтердім.  Гриша-шал  ақылды  адам  еді  ғой,    осы  

ауылдағы    кӛп    қазаққа    бергісіз,    кешігіп    барсам    да,    әлдекімдердей    шу  

кӛтеріп, басқармаға  ҥстімнен  арыз  айтқан  жоқ.  Аяғыма  тас  байлағандай  

сҥйретіле  басып келгенімде, ол қарағайдың қабығын ҧсақтап отыр екен, мені 

кӛріп кҥлді. 

— Хал қалай, қызым,— деді. 

— Мҧқым колхоз жабылып сабап тастағандай. 

—  Әрине,  ҥш  кісілік  жҧмысты  жалғыз  ӛзің  істесең...  Жоңқалаған  

қабықты    келіге    салып,  ҧшында    ҥш    айрық    темір    жҥзі    бар    келсаппен  

тҥйгіштей    бастадым.    Алғашында    қолым  кӛтертпеді,  екі-ҥш  рет  тҥйсем 

болды жауырынымның екі арасы ашып, қарым талады. Әрі-беріден  соң  оған  

да    кӛндіге    бастадым.    Ӛлсем    ӛліп-ақ    кетейін,    деген    оймен,    жанталаса 

тҥйдім.  Қатты  қимылдаған  соң,  денеде  ҧйып  тҧрған  кешегі  шаршау  мен  

ауырсыну  біртіндеп  тарқап,  маңдайымнан  сҧп-суық  тер  бҧрқ,  ете  тҥсті. 

Қҧрыс тырысым жазылып, тас моншаға  тҥскендей  ақ  сорпам  шықты.  Тері  

илеп    менің    қапшағай    қимылыма    кӛз    салып  тҧрған  «деріктірім»  тағы  да 

басын  шайқады.  Мен  сонда  алғаш  рет  еңбектен  ешкімнің  де  ӛлмейтінін  

санама    сақтап    едім.    Адам    жҧмыстан    емес,    жанын    аялағаннан    ауру  

боларын кӛкірегіме  тҥйдім.  Тҥске  дейін  қабықты  талқандай  тҥйіп,  тҥстен  

кейін  неде  бӛгіп  жатқан ауыр-ауыр ҥлкенді-кішілі терілерді таза суға қайта 

салып  иінен  тазартып  алған  соң,  келесі  кҥбідегі    қабықтың    ніліне  

тоғытамын.  Оның  бер  жағында  отын  жарып,  от  жағып  тай қазандағы  

қарағайдың    қабығын    сарқылдатып    қайнату    жҧмысы    тағы    бар.    Екі  

кҥннен  соң ҥш  бірдей  кҥбіні  ҥш  жҥз  литр  сумен  толтыру  керек.  Егер  әр  

шелекке    он    литр    су    сыяды  десек,  ӛзеннен  екі  ортаға  45  рет  қатынап,  90 

шелек: су әкелу керек екен. 

Кҥбірлеп, ішімнен санаймын да жҥремін... 

—  Сіз, ана, кҥніне 900 килограмм жҥк кӛтерген екенсіз,—  деді Кҥміс  

кемпірдің мойнынан қҧшақтап. 

—  Алғашқы шаршау бәсеңсігенімен, он екі мҥшем де әбден титықтап, 

амалсыз  болдыру  бар    еді.    Бҧл    қырсауы    кете,    қиюы    қаша    бастаған  

болдырыс  қанша  кӛнтерімін  деген адамның  қай-қайсысының  да  басында  

болар  хал  ғой.  Ой  мен  қырға,  ҧра-жыраға  сала берсең машина да тозып, 

қажалып бітпей ме, тау мен тасқа  кҥндіз-тҥні шапқылай берсе жануар  екеш  

ат    та    аяғына    қан    тҥсіп,    зорықай    ма?..  Жау    қаша    соғысып,  батысқа  


Sauap.org

 

 



88 

 

шегінген  сайын    менің    де    жҥйке-жҥрегім    әлсіреп,    кӛңілімнің    кек    мҧзы  



еріп,    шаттанғанмен,    денем  майланбаған  арбадай  салдырап  қажи  бастаған-

ды. Әсіресе тері, илеу жҧмысында жҥрген жалғыз  қыстың  ӛзі-ақ  жҥз  жылға  

жетерлік  азабын  арқалатқандай  еді.  Талықсып  барып тӛсекке  қҧлаймын.  

Кісі    қатты    шаршағанда    екі    кӛзі    удай    ашып,    жанарың    жҧмылмай 

бақырайып  жатып  алады  екен.  Шеке  тамырың  білеулене  ісініп  соқпай  

тҧрып  алады  да, басың  тастай  қатып,  сана-сезімсіз  тірі  ӛлік  кҥй  кешесің.  

Осы    кезде    «тәтелеп»    аяғын  анықтанып    басқан    жалғыз    ҧлым    келеді  

жаныма.  Мекіреніп  бауырыма  тартамын.  Ал  ол болса мҧрнын тыржитып 

қаша жӛнеледі. Әбден терінің иі, қайнатқан қабықтың иісі сіңіп қалған  ӛне  

бойымнан,  ӛзім  ҥйренін  кеткенмен,  ӛзгені  жиіркендіре  жағымсыз  қоқыс 

шығады  білем.  «Апыр-ау,  Ақан  келгенде  де  осылайша  сасып-борсып  қарсы 

аламын ба»,—деген кҥлкілі ой ҧялайды. 

Осылайша  алты  ай  қысты  артқа  тастап,  1945  жылдың  кӛктемін  қарсы 

алдым. ЖЕҢІС!  

Осы    сӛзден    Алтайдың    алып    шоқылары    жаңғырықты.    Бір-бірінен  

сҥйінші  сҧрап,  алаӛкпе болып  жҥгірген  ауыл  адамдары  қолда  бар  малын  

сойып    ҧлан-асыр    той    тойлады.    Бҧл  сӛздің    қҧдіреттілігі    сондай,    тіпті  

кҥйеуі  шейіт  болған  жесірлер  де  бастарына  ал  қызыл орамал  тартып  бар  

кҥнәдан  арылғандай  «бисмилла»  деп Ҧлы  қуаныштың  қойнына  кіріп еді.  

Енді   бҧдан   былай    ЖЕСІРЛЕРДІҢ   ӛмірлік    жолдасы   ЖЕҢІС   деген   сӛз  

боларын,  соғыс кезіндегіден  де  қиын  ҧйқысыз  тҥндер  сҧп-суық  қҧшағына  

аларын,    тірі    қалғандардың  ермек  қыла  бастайтынын,  осылайша  жасына 

жетпей  қартайып,  қырықтан  аспай  шаштары  ағарарын  қайдан  білсін 

бишаралар...  кӛйлектері  желбіреп:  «Біз  жеңдік!»—    деп  далақтап  жҥр.  Осы 

кҥннен  былай  әкесіз  балалар  туа  бастарын  да  ойлаған  кім  бар.  Бірақ 

осылардың  барлығы  «жасасын  ӛмір»  деп,  ертеңіне  ҧмтылған  адамдардың 

игілікті қадамдары-тын. 

Дҥниеде  ҥш  арсыз  бар:  кҥлкі,  тамақ,  ҧйқы,—  деп  бҧрынғылар  бекер 

айтпаған  ғой.  Ендеше,  отызға  да  толмай  қара  жамылып  жесір  қалған 

келіншектер  тӛртінші  «арсыздықты»  (егер  оны  арсыздыққа  жатқызсақ) 

бастан кешері сӛзсіз еді. Ол  —  нәпсі. Алдыңғы ҥшеуін кешіре білген жҧрт 

тӛртіншісіне  келгенде  тӛменшіктей  беруші  еді,  бетін  шымшылап 

ҧятсыздыққа  балаушы    еді...    Неге?    Оның    сырына    кҥні    бҥгінге    дейін  

тҥсіне    алмай-ақ    қойдым.    Бірақ    тірі  адам    —    тіршілігін    істейді    екен.  

Соғысқан    тӛрт    жылдың    ішінде    қайғы    мен    жҧмыстан  қабырғалары  

қайысып  жҥрген    әйелдер    ЖЕҢІС  деген    сӛзден    соң    барлығын    ҧмытты, 

әлде де  сенбей,  ӛлді  деуге  қимай  жҥрген  ерлерінен  мҥлдем  кҥдерін  ҥзді  

де,    «айналайын,  жарық    дҥние»    деп,    бейбіт    кҥннің    нҧрына    алақанын  

жайып,    сең    болып    жатқан    сезімдері  еріп,  бӛгеуі  ашылған  бҧлақтай 

сарқырады-ай. 

Соғыстан  қайтқан  солдаттардың  ішінде  біздің  кӛршіміз  Қҧмырай  да  

бар.    Қҧтты    болсын  айтайын    деп,    ҥйлеріне    бардым.    Бір    аяғынан  

айрылғаны    болмаса,    дені    сау,    айлап  ауруханада    жатқандікі    ме,    аппақ  


Sauap.org

 

 



89 

 

сазандай    семіз.    Омырауындағы    жалғыз    медалі  жарқырап,  қақ  тӛрде  бір 



шынтақтай жатыр екен. Қол алысып амандастық. Алғашқы сӛзі:— 

Сенің  байың  хоқолдан  қатын  алып,  Оралда  қалды,—  деген  бопсадан 

басталды. 

—  Апыр-ай,  тӛрт  жылдан  соң  кӛрдік  пе,  кӛрмедік  пе  деп,  жылап-

еңіреп    табысқанда,  аузыңа  жӛні  тҥзу  сӛз  де  тҥспеді-ау,  Қҧмеке,—  дедім 

шыдай алмай. 

— Ашуланшақ болып кетіпсің, Алма.  

— Бҧл елден ашуланшақ, емесін табу қиын-ау бҥгінде. 

— Мен шындықты айтамын. Ал сену-сенбеу ӛзіңнің еркіңде. 

— Екі айда бір хат алып тҧрамын. Амандық болса ол да келер маңдайы 

жарқырап. 

—  Кӛреміз,—  деді  ол  кҥліп,—  Ақан  қайтып  оралса,  қалған  аяғымды 

кесіп берейін. 

— Қойсаңшы,— деп қалды қойдан жуас әйелі. 

— Ӛлейін десек қол тимей жҥргенде, жаумай жасын тҥскендей қылдың-

ау... 


Есіктерін  теуіп  жауып,  шыға  жӛнелдім.  Жылайын-ақ  дедім,  жылай  

алмадым.    Кӛзімнің  жасы  сарқылып,  жанарым  қаңсып  қалғандай.  Міне  осы 

кҥннен  бастап  қорамызға  қорамыз  тиіп    тҧрған    кӛршімізбен    араласудан  

қалдық.    Бір-біріміздің    есігімізді    ашыспайтындай  жаулықтың  себепкері 

Қҧмырайдың оғаш мінезінен, ішегіне қыл айналмайтын қызғаншақ, ҧрынарға 

қара таба алмай пәле іздеп жҥрер қызыл кӛздігінен ғана кӛруге болар ма еді... 

Меніңше,  оның  сыры  тым  тереңде  жатқан  секілді.  Бәлкім,  сҥтпен  

кірді,    сҥйекке    сіңді  азбайтын  да  тозбайтын  кӛнсіріне  «ауруымыз»  шығар. 

Есіріп  келген  дҧшпанды  тӛрт  жылда  тас-талқанын    шығарып    жеңдік    қой,  

ал,  ағайын,  ауыл-ҥй  арасындағы  мәңгілікке  қатқан тоңды балталап шабу, 

ыстық су  қҧйып  жібіту ешкімнің де қолынан келмесі рас еді. Саған ӛтірік,  

маған  шын,  сол  Қҧмыраймен  кҥні  бҥгінге  дейін  дәм-тҧзымыз  жарасып,  

бір-біріміздің тӛрімізге шығысқан емеспіз. Міне, осылай да қатар ӛмір сҥруге 

болады екен. 

Беттен    алып,    жағаға    жармасып    ашық,    айқасқа    тҥспегенімізбен,  

барлық  ашу-ызамызды қораға  тҥскен  малдан,  бақшаға  кірген  ешкі  мен  

тауықтан    алатын    едік.    Талай    ешкі  мҥйізінен,  талай  тауық  сирағынан 

айрылды.  Иесі  естісін  дегендей  «атаңа  нәлеттің  малына  дейін    оңбаған»—  

деген    балағат    сӛзді    дауыстап    айтып,    жазықсыз    сабап,    айыр    алып 

жҥгіреміз.  Қҧдай-ау,  сиыр  екеш  сиыр  да  бір-бірімізге  қарап  мӛңіреп  ит 

жанымызға  тиетін  еді.  Бірақ  ат  қҧйрығын  кесісіп  ешқайда  кӛшіп  кетпедік, 

ағаш ҥйді бҧзып жіберіп ауылдың арғы  басына  салып  алуға  болушы  еді,  

оны    да    істем    едік,    ошағымыздан    тҥтінді    қатар  ҧшырып,  іштей  егес, 

бітіспес бітеу жарамен ӛмір сҥрдік.  

Жаз шығып, шӛп шабатын мезгіл туса да, Ақан орала қойған жоқ. Соңғы 

бірер айда хабар-ошар  болмай  кетті.  Кҥн  ӛткен  сайын  Қҧмырай  сӛзінің  



Sauap.org

 

 



90 

 

шындығы  дәлелденгендей  кісіні жындандырып  жіберер  ҥнсіздік  ҥстемдік  



ала  тҥсті.  Соғыста  жҥрген  Бағдат  қайнымнан  

«Берлинге  жеттік»  деген  хат  келді  де,  кӛп  ҧзамай  «1945  жылдың  8 

майында қаза тапты» деген қаралы хабар алдық. Бҥкіл ел-жҧрттың қуанышы 

қойнына сыймай жҥргенде біздің шаңырақты тағы бір қайғы соғып ӛтті. Осы 

хабардан соң атам шӛпке тҥсіп, мҥлдем жатып қалды. Есіктен кірген адамнан 

«Ақаннан хабар бар ма?»—  деп сҧрайды да, теріс қараған кҥйі ләм деместен 

жата береді. 

Кӛршіміз  Қҧмырай  жаз  шыға  бригадир  сайланып,  атқа  мінген.  Есік 

кӛзіне ат ойнатып, таң атпай  жҧмысқа  шақырып,  айғайлайды  да  тҧрады.  

Сол  кезде  небәрі  он  тӛртке  толған қайын  сіңлім  —  Қарлығашты  ертіп  

шӛп    жинауға    шығамын.    Қолымызда    сырты    кҥйелеш-кҥйелеш  қара 

шайнек. Тҥскі ҥзілісте шай қойып шӛлімізді басамыз. Ол шақта ыдыс-аяқтың 

тапшы    кезі    ғой,    ыстық    шайды    қақпағына    қҧйып,    аузымызды    кҥйгізе  

кезек-кезек  ҧрттаймыз.  Енді-  енді  ғана  бойымыз  жазылып,  талдың 

кӛлеңкесіне демімізді ала бергенде  

Қҧмырайдың «тҧрыңдар» деген айғайы естіледі. 

—    Кҥйеуің    хақолдан    қатын    алғанына    сенбеген    едің,    қане    қайтіп  

оралғаны,—    деп  мысқылдайды.—  Екі  ҥйге  бір  еркек  жетеді,  кӛршілік 

қақымды орындауға әзірмін. 

Айыр    ала    жҥгіріп    едім,    ана    бір    жылы    бастықты    сабағанымды  

естіген  болуы  керек,  зыта жӛнелді. 

Ақанның  анық  хабарын  «трудобойдан»  келген  Қожаң  пен  Қаймақтан 

естідім. 

Тағы  да  кҥз  туды,  тары  да  бір  қыс  тҥсті,  тағы  да  кӛктем  шығып, 

жадыраған жазға жеттік. 

Біздің  ауылдан  аттанған  азаматтардың  ажал  алмағандары  тҥгелдей 

оралды. Тек қана... 

Ақан жоқ... 

1946  жылдың  жазында  шайнегімді  арқалап  дәл  былтырғыдай  пішен 

шабуға шықтым.  

Қҧмырай  да  бригадир  сайланды.  Бҥл  дҥние  ӛзгере  ме,  жоқ  па  деп  

ызадан  жарылардай боламын.  Шыдамның  да  шегі  бар,  бҧрынғыдай  емес,  

жҥйкем  жҧқарып,  ашуланшақ, болып  барамын.  «Аяғыңды  етігің  қысса,  

дҥниенің   кеңдігі   неге   керек»—   дегендей,   бір жылдан  бері белі  кӛтеріле 

бастаған  елдің  кҥйі,  бейбіт  кҥн  барған  сайын  қам  кӛңіл  тартқан  жанымды  

жарылқай    алған    жоқ.    Бес    жылдан    бері    ауыр    жҧмыс,    азалы    ӛлімнен  

арылған  кезім    бар    ма,    темірден    жаратылсам    да    тозып,    қуатым  

майланбаған  арбадай  шиқылдай бастаған  еді...  Жаз  шыға  оқудан  босаған  

ересек    балаларды    Шабанбай    жайлауына    алып  кеткен.    Олардың    ішінде  

қабырғасы    қатпаған    Қарлығаш    та    бар.    Ӛзгелерден    әлдеқайда  сҥйкімді,  

ашық-жарқын    қайын    сіңлім    «мен    Ақан    ағама    тартқанмын»—    деп,  

тҧлымы  желбіреп,  менен  бір  елі  қалмай  әр  ісіме  қолғабыс  жасап  жҥретін. 

Қас-қабағымды  аңдып,  әсіресе  жаны  ашитыны  да  осы    —    Қарлығаш  еді. 


Sauap.org

 

 



91 

 

Әпкесі Сандуғаш суға кетіп ӛлген соң, ой тҥсті  ме,  әйтеуір,  тез  есейді.  Ӛзі  



де    ҥріп    ауызға    салғандай    қыз    біткеннің    әдемісі.    Ол  жайлауға    кеткен  

кҥннен    бастап    бар    ермегімнен,    сырлас    қҧрбымнан    айрылғандай 

жалғызсырадым-ай. 

Кӛбен  тауында  шӛп  маялап  жҥргенбіз.  Кҥн  екіндіге  таяп,  тау  ішіне 

кӛлеңке ҧялай бастаған  мезгіл.   Колхозшылардың   алды  арба-саймандарын  

жинастырып,  қайтуға   қам  жасай бастаған. Тамам қыз-келіншектер кӛлдің 

суына  беті-қолымызды  жуып,  ет  бетімізден  жата  қалып,    мҧздан    суық  

кәусардан  шӛлімізді  қандыра  іштік.  Шілденің  ыстығы  кеш  тҥсе қайтып, 

бой сергітер қоңыр салқын самал ескен. Ғайша екеуміз басымызға жабысқан 

шӛп-шаламды тазалап, шашымызды тарап, ӛріп отырғанбыз. Тҥйетастан бері 

қарай  салт  атты  қҧйындата  шапқылап  келеді.  Алғашында  еріккен  кӛп 

баланың біріне жорыдық. 

Кәперімізде  ештеңе  жоқ.  Әлгі  жолаушы  шапқылаған  кҥйі  маған  қарай 

ентеледі.  Жҥрегім  су  ете    қалды.    Не    жақсылыққа,    не    жамандыққа  

жорыдым  —  әйтеуір,  тегін  жҥріс  емес.  Ат ҥстіндегі  бала:—  Алма  тәте,  

Қарлығашқа  қарағай  тҥсіп  ӛліпті!—дегені.  «Не  дейді?»—деп шӛге тҥсіп 

отыра  кеттім.  Бетіме  су  бҥркіп  есімді  әрең  жиғызды.  Ғайша  қолтығымнан 

демеп тҧрғызған  соң,  орамалымды  байлауға  да  мҧршам  келмей,  қолыма  

ҧстаған    кҥйі    Кӛбен  тауынан  тӛмен  қарай  жҥгіре  жӛнелдім.  Аяғымды  тас 

қағып, ет бетімнен қҧладым, тіземді жаралап, алақанымды тас тіліп қан ақты, 

қарағаным  жоқ,  ӛкпем  кҥйіп,  жҥрегім  тарсылдап,  қолқам  ҥзілердей  болды, 

тыңдағаным  жоқ.  Етекке  қарай  еңірей  ҧшып  келемін.  «Қарағым-ай, 

қарлығашым-ай,  қыршын  кеткен  ботақаным-ай».  Аузымда  осы  сӛз,  бетім 

айғыз-айғыз жас... бәрінен де осы ӛлім ауыр тиді маған. 

Қарлығаштың  сҥйегі  жатқан  жерге  жібермей  алдымды  кес  кестеген  

кісілерді    жалғыз-ақ,  итеріп    жапырып    тастадым    да,    ӛліктің    ҥстіндегі  

кебінді  жҧлып  алдым.  Бет-аузы  шелпек болып  жаншылған  бір  кесек  ет  

жатты    қанға    бӛгіп.    Ӛкіре    қҧшақтаған    кҥйі    сылқ    қҧлап  тҥстім...    Мені  

тағы    да    ақ    бҥркін    ҧшықтап    тірілтіпті...    Жҥрек    ауруым    сол    кҥннен  

басталып еді... 

Шабанбай    жайлауында    шӛп    дайындап    жҥрген    қыздар    қас    қарая  

қарағайдың    тҥбінде    от жағып,  сауық  кеш  ҧйымдастырған  екен.  Ән салып, 

әңгіме айтып дуылдап отырған жастар ағаштың тамырын кеулеп жанған отқа 

мән бермеген. Тек қана қарағай кҥтірлеп, қопарыла қҧлағанда  ғана  шыңғыра  

шулап,  тым-тырақай  қашады.  Қарлығаш  та  орнынан  ҧша тҥрегеліп,  енді  

жҥгіре  берген  кезінде  аяғын  бҧтақ,  шалып  етбетінен  қҧлайды.  Жығылған 

жерінен  қайта  тҧра  берем  деген  мезетте  ҧшар  басы  аспан  тіреген  алып  

қарағай  ҥстінен басып қалады... Тҧяқ серпуге шамасы да келмей, тіл тартпай 

кеткен  он  бес  жасар  қызды  ағаштың    астынан    арамен    ҥш    жерден    кесіп  

жҥріп    әрең    суырып    алады.    Сонда    мыжылған  денеге    бірде-бір    адам  

қарауға    дәті    жетпеген.    Балаларға    бас-кӛз    болуға    жіберген    тартпа 

шыңдайтын  шал  ғана  жанына  жақындап,  ӛліктің  ҥстіне  шапанын  шешіп 

жауыпты. 


Sauap.org

 

 



92 

 

Қарлығаштың  сау-тамтығы  қалмаған  жас  денесін  жууға  да  қорқып,  



ӛлікке  бір  адам тҥспеді.  Ӛзім  сатып  әперген  тасқа  басқан  гҥлі  бар  шыт  

кӛйлектің    ырымы    ғана    қалған,  пәрше-пәршесі    шығып    жыртылған.    Ӛне  

бойы  қатқан  қан.  Сол  ҧйыған  қап-қара  қанның қағын жуып тҧрғанымда, 

уыздай  мәйіттің  бас  жағына  қарауға  менің  де  шыдамым  жетпеді,  бет  емес, 

езіліп қалған бір нәрсе. Қарағайдың қапсағай бҧтағы тура белден кірген... 

Мҧндай  аянышты  ӛлімді  бҧрын-соңды  ешкім  кӛрмеген  шығар. 

Қарлығаштың  бейнесі    кҥні  бҥгінге  дейін  тҥсімнен  шықпай,  шошып 

оянатыным,  сол  бір  ӛрім  талдай  жастың  быт-шыт  болған    қан-қан    денесі  

мәңгілікке  кӛз  алдымда  қалғанынан  болар-ау...  Сҥйекті  орайтын ақырет 

таба  алмадық.  «Ақ  дәке  тек  Нартайда  ғана  бар»—    деген  соң,  алғаш  рет 

басқарма  ҥйінің    есігін    ашуға    тура    келді.    Дӛнен    иттей    кергіп    тӛрде  

отырған    бастық    тӛре    табақ    етті  буын  бҧрқыратып  енді  ғана  алдына  ала 

берген  екен,  мені  кӛрген  соң  әйелі  бетін  жауып,  қайтадан    алып    кетті.  

Бҧйымтайымды    айттым.    Ол    қыржиып,    салқын    тыңдады.    Іші    кепкен 

тҥйедей тӛңкерілген қарнына сҥйсінгендей алақанымен сипалап, ыңырана тіл 

қатты: 


—  Қаңғырып  жҥріп,  қарағай  басып  ӛлген  қарғадай  қызға  мәрлі  берер 

жайым жоқ,— деді. 

— Колхоз жҧмысында жҥріп қаза тапты ғой. 

—  Оларға  от  жақ,  ӛртенген  ағаштың  астында  отыр  деген  біреу  бар  

ма.  Ерігіп  жҥріп етбетінен қҧлады. 

—  Әй, Нартай, имансыз екенсің.—  «Сіз» деп сызылудан айрылдым.—  

Тас жҥрек екенсің!  

Бҥл  ӛлім  ӛз  балаңның  басына  келсе  қайтер  едің.  Жҥйрікке  де  бір  

томар  шығар,  тостым қҧдайдан... Алдыңа келтірермін..: 

— Тос, тоса бер... ешкі қҧлап ыңыршағын шақса мен де кӛріп алдым. 

Бҧдан    ары    шыдай    алмадым.    Есік    жақта    тҧрған    орындық    қолыма  

қайдан    ғана    ілінгенін  білмеймін,  Нартайдың  тақыр  басын  кӛздеп  бар 

пәрменіммен  лақтырдым.  Ол  бҧғып  қалды  да,  артындағы  терезесіне  барып 

тиіп, кҥл-пәршесі шыға сынды. 

—  Сотталасың,  албасты!—деген  Нартайдың,  «қҧтырған  қу  қаншық»  

деген    әйелінің    сӛзін  шала-пҧла  естіген  кҥйі  есіктерін  де  жаппастан  шыға 

жӛнелдім. 

Қарлығашты    қара    жерге    беріп,    жылап-еңіреп    біз    қалдың.    Санап  

отырсақ,  бҧл  ҥйден айналдырған бес жылдың ішінде тӛрт адам арғы дҥниеге 

аттаныпты.  Екеуі    —    қыз,  екеуі  —  ҧл.    Екеуі    —    ауылда,    екеуі    —  

майданда.  Бірақ  қайғыдан  адам  ӛлмейді  екен,  Атам  мен Енем,  келмеске  

кеткендерден  гӛрі,  келер  деген  ҥміттегі  —  Ақанның  амандығын  ойлай 

бастады.    «Аңсағын    қойып,    сауып    бақ»—    деген    қазақ    бекер    айтпаған  

шығар...  Менде  де 

Ақаннан басқа  қандай  тілек,  қандай ҥміт  бар  еді.  Рас, он  екіде  бір  гҥлі 

ашылмаған бірі суға ағып,  екіншісі  —  колхоз  малына  шӛп  дайындаймыз  

деп  жҥріп,  қарағай  басып  жас ӛмірлерімен  тым  ерте қоштасты. Жай ғана  


Sauap.org

 

 



93 

 

ойлап    қараған    пендеге    оқыстан    ӛлгендері    де  шындық.  Бірақ  оқыс 



оқиғаның  да  себепкері  бар  ғой...  Рас,  соғыста  қаза  тапқан  Ақтайлақ  пен 

Бағдатты атқан немістер, ал, Сандуғаш пен Қарлығаштың қыршынын қиған 

«су» мен «ағаш»  атты  тілсіз  жау  ғана  ма...  Ол  кезде  бҧлайша  тереңдеп  

ойлауға    мҧрша    болды    ма,  кейде    жападан-жалғыз    отырып,    кінәлі  

біреулерді  іздеймін  де.  Бәлкім,  соғыс  болмаса, буындары бекімей жатып 

ауыр  жҧмысқа  бармас  еді.  Жҧмысқа  бармаса  тірі  жҥрер  ме  еді,  тірі  жҥрсе 

ендігі  ақарлы-шақарлы  семья  қҧрып,  ҧрпағын  жалғар  ма  еді...  қайдан 

білейін... 

Айналайын,  Қарлығашпен  бірге  жайлауда  шӛп  шабуда  болған  осы  

ауылдағы  қҧрбы-қҧрдастары,  әне,  барлығы  да  ҥйлі-баранды  болып,  мәре-

сәре  ғҧмыр  кешіп  отыр.  Бҧл менің  Қарлығаш  ӛліп, олар  тірі  қалды  деп,  

баянды    ӛмірлеріне    қызғана    қарағаным    емес,  жҥректі  сыздатқан  арман, 

орны толмас ӛкініштерімді емірене есіме алуым ғой. Мен кӛпке дейін  қайын  

сіңлімді   ӛлдіге   қимай,   ҥй   ішінен    елеңдеп   іздеп   жҥрдім.    «Алма,    тәте,  

мен келдім» деп, мойылдай қара кӛздері жаудырап есікті ашып қалатындай, 

немесе алыс бір жаққа  —  Енемнің тӛркіні аталатын Алтайдың арғы бетіне 

ҧзатылып кеткендей, кҥндердің кҥні болғанда кішкентай сәбиін алдына алып, 

ақ  боз  атпен  тау  асып  келе  жататындай...  Оң  жақта    шымылдықтың    ар  

жағында  жансыз  жатқан  Қарлығаштың  сҥйегін  кҥзетіп,  таң атқанша  кӛз  

ілген    жоқпын.    Май    шамды    ӛлеусіретіп    жағып    қойдым.    Маған    ақ  

кебіннің  астындағы  Қарлығаш  қимылдағандай  кӛрінді.  Анықтап  қараған 

сайын қозғалатын сияқты. 

Шошына ҧшып тҧрдым да, Енеме жҥгірдім: — Апа-ау, Қарлығаш тірі... 

—  Қой,  қайдағыны  айтпа?—деп  ҧрысып,  ӛліктің  жанына  жолатпай  

қойды,—  Шал-ау, келініңді ҧшықтап жіберші, шошынған секілді. А, қҧдай, 

кәріңді бізге неге тіге бердің. 

Ӛлгеніне    кҥні    бҥгінге    дейін    сенбеймін    де.    Сол    кҥні    аруақтың  

қозғалғанын  ӛз  кӛзіммен кӛргенімнен  шығар.  Бәлкім,  адам  баласы  жан  

тапсырған    соң    да    бойы    біразға    дейін  суымай,  әйтеуір,  бір  жерінде 

шырқыраған шыбын жаны сақталып қалар да. Мал сойғанда да  еттерінің  әр  

жері  ӛз-ӛзінен  дірілдеп  жатпай  ма...  Ал  Қарлығаштың  қимылдағаны  рас 

еді... 


Ертеңінде колхоз кеңсесіне шақырды. 

— Терезенің қҧнын тӛле, әйтпесе сотқа берем,— деп қорқытты Нартай.  

—    Тіреп    тҧрған    аспаның    болса    тастап    жібер,—    дедім    тілімді  

тартпай.  Бастықтың қҧйрығына  шала  байланып,  орнынан  босайды  деген  

сӛз    естігенмін.    Жеті    басты    дәу    пері  болса  да  бір  тықыр  таянар  уақыт 

жеткен секілді. 

— Албасты, дәл осы жолы сені қҧртпасам ба, Нартай атым ӛшсін. 

—  Атыңның  ӛшкеніне  тілеулеспін.  Сотқа  бергеннің  кӛкесін  мен 

кӛрсетермін. 

Не  де  болса  ауданға  тарттым.  Мҥмкін,  менің  арызым  себепкер  болып, 

қызметінен  ертерек  қуар    деген    қулығым    да    бар.    Жаяу-жалпылы    жолға  


Sauap.org

 

 



94 

 

шықтым.    Егін    дән    салып,    жайқалып  тҧрған    кез.    Кӛктемде    арпалысып  



суғарған    еңбегіміз    зая    кетпепті.    Тау    басына    бҧлт    ілініп,  ауа 

тымырсықтанып,  кӛп  ҧзамай  жауар  нӛсерден  хабар  береді.  Терістіктен 

сусылдап  ып-ыстық  жел  соғып  еді,  егін  теңіздей  толқиды.  Әлгінде  ғана 

кҥнбатыстан  пайда  болған  бҧлт,  жел  айдады  ма,  әп-сәтте  қоғамдасып, 

қордасын  жинап  келеді.  «Бҧршақ,  жаумаса  жарар  еді»,—    деп  ойладым. 

Алтай  жауыны  оқыс  басталушы  еді.  Шайдай  ашық  тҧрған  аспанның  батыс 

кӛкжиегіне    бҧлт  ілінсе,  қҧбыладан  жел  турады  да,  қара  жолдың  шаңын 

бҧрқырата  ҥйіріп,    әуелі    қҧйынға    айналдырады,    артынша    бармақтай-

бармақтай  тамшылар  қиғаштау ҧшып ала жӛнеледі. 

Мен    шапшаңдата    аяңдап,    ауылдан    екі    шақырымдай    жердегі  

Кҥркіреме  бҧлағына  жете бергенімде, қаңсып жатқан даланың шаң-тозаңын 

қопара қатты жел тҧрды. Кӛзіме кірген тозаңды ҧқалай Кҥркіремені әдіптей 

ескен  қалың  талдың  арасына  жасырындым.  Бетімді  жуайыншы  деп  еңкейе 

бергенімде...  Екі  қолы  бҧлаққа  малынып  етбетінен  жатқан  адамды  кӛрдім. 

Қапелімде  шошына  шегініп  кеттім.  Соңғы  жылдары  соғыстан  қашқан 

белгісіз  біреу  жҥр  дегенді  талай  рет  естігенбіз.  Наубайханадан  нан,  колхоз 

қоймасынан  ет  ҧрлағаны  да  есімде.  Тура  безейін деп бір ойладым  да:  «Жат 

адам  болса  ес-тҥссіз  былайша  жата  ма»,—деп,  біртіндеп  жақындадым. 

Алғашында ӛліп қалған шығар деген сезім жеңеді. Ҥсті-басы адам  кӛргісіз,  

әбден    азып-тозған:    аяғында    тісі    ақсиған    шәркей    бәтеңке,    қолтығы  

сӛгіліп,  жаға-жеңі    қырқылған    ескі    кҥпәйке,    бҧтында    тізесі    жыртылып,  

қҧйрығы  тесіліп  қалған шалбар  (ыстық  кҥнде  кҥпәйке  кигені  несі  деп  

ойладым),    жалаң    бас,    шаң    басқан    кір-кір  шашы    білтеленіп    қобырап  

жатыр.  Бҧлаққа  салақтап  қалған  екі  қолын  ағынды  су  тербеп, денеге жан 

бітіргендей қозғалақтады. Неге екенін білмеймін, жҥрегім таңдай тулап, тізем 

дірілдеді.  Дҥниедегі  ен  қимас  адамым  жатқандай  әрі  қорқынышты,  әрі  

аянышты  сезім биледі. «Әй, кімсіз, тірімісіз»,—  деп, ҥнім қарлыға дауыстап 

едім,  тіл  қатпады.  Бойымдағы  бар  қуатымды  жинадым  да  тәуекелге  басып 

аунатып қалдым... 

Суалған  жақ,  шҥңірейіп  ҧясына  кіріп  кеткен  кӛз,  тілім-тілім  болып  

жарылған  жҥзі  ӛте таныс...  таныс  болғанда  да  —  ӛзімнің  жанымнан  да  

қымбат    кӛретін    затымның    баяғыда  жоғалтып  алып,  тот  басып  жатқан 

жерінен қайта тауып алғандай — толқып кеттім. 

Жҧлынымды қуалай ып-ыстық бір нәрсе жҥгіріп ӛтті   де «Алла, Алла» 

деп, белімді ҧстаған кҥйі  талықсып  бара  жаттым.  Қызық,  кенеттен  жайда  

болған    әлгі    ып-ыстық    пәле    арқа  омыртқаларымды    аса    шапшаңдықпен  

қуалап  ӛтіп  тура  белімнен  ҧрғаны...  Кӛзім қарауытып,  басым  айналды.  

Сонда    да    ырық    бермей    ернімді    жымқыра    тістеген    кҥйі  сҥйретіліп  

бҧлаққа  жақындадым.  Сылдырай  аққан  мӛлдір  судан  алақаныммен  кӛсіп 

алдым    да    бетіме    шаштым,    ҧрттадым.    Кеуіп    қалған    таңдайым    жібіп,  

сарайым  салқын тартты. 

Сонда  ғана  есімді  әрең  жинап,  кеуде  кере  ауа  жҧттым.  Әлгі  ып-

ыстық  пәленің  уыты тарқағандай болған соң қолыма таянып қайта тҧрдым. 


Sauap.org

 

 



95 

 

Неге  екенін  білмеймін,  омырауым  дымқылданғандай...    Ӛңірімді    ағытып,  



ҥңіле    қарасам,    мына    ғажапты    естігенің,    немесе  кӛргенің    бар    ма,    екі  

емшегімнен    сҥт    тамшылап    тҧр.    Тәңірім-ау,    мҧнысы    несі?..    Баламер 

емшектен    әлдеқашан    шығып    кетіп    еді    ғой.    Сол    уақыттан    бері  

беріштеніп    суалған  омырауым    ӛз-ӛзінен    иігені    қалай.    Зәрем    ҧшып  

қорыққандікі    ме,    әлде    әлгі    ып-ыстық  пәленің  әсері  ме,  әлде  қуанғаннан 

шығар. 


Кҥркіременің жағасында етбетінен жатқан беймәлім адам ыңырсығандай 

болды. Қапсыра қҧшақтаған кҥйі ет бетімнен ҥстіне қуладым. Сол! Сол! Сол! 

Сол дегенім — Ақан еді!.. Сенейін бе, кӛзіме, сенбеймін бе. 

Сенсең де осы, сенбесең де осы, дегендей еді қу тағдыр. 

Шӛл  тербеген  ағаштың  басы  жан  ҧшыра  қозғалып  суылдайды.  Қап-

қара  болып  тҥнерген аспанда бауыры қап-қара бҧлттар жӛңкіледі. Алдымен 

бірер  тамшы  жаңбыр  жауды  да,  іле  қойдың  қҧмалағындай  ірі-ірі  бҧршақ 

тӛтеп ала жӛнелді. Бҧршақтың қаттылығы сондай, біз жаңалаған қайың мен 

талдың жапырағын тесіп ӛтіп, тӛбемізден тарсылдата бастады. 

Сол    әлем-қапырық    аспанға  жҥз    беріп  жатқан    Ақанның    жағына  

пышақ  жанығандай    бетін  далдалай  қҧшақтап,  бҥк  тҥсіп  отырып  қалдым. 

Бҧршақ  кӛп  әурелеген  жоқ,  сонадай  жерде  ауылға    қарай    жосып    барады.  

Кҥркіреме    бҧлағынан    аппақ    моншақтар    ақты.    Табиғаттың  алты  

айрығынан  тер  сорғалап,  қалжасы  жағын  тҧрғандай.  Абырой  болғанда  

жаңа    ғана  масақтанып,    дәні    тола    бастаған    егінді    бҧршақ    соқпапты.  

Бастарын  сәл  иіп,  қара  жерге тағзым еткендей суланып тҧр. Ауылдың дәл 

ҥстінде  доғаланып  кемпірқосақ  орнады.  Осы  тҧстан  қарағанда    қайғы-

қасіреттен  енді-енді  серпіле  бастаған  Жҧлдыз  соншалықты  әдемі  кӛрінді. 

Аспанның  батыс  жағы  тҥріле  ашылып,  қҧрымданған  бҧлт  бҧршақтың 

артынан  еріп  кетті.    Кҥннің    кезі    кӛрінгенде    мҧқым    тау,    дала,    тоғай  

жарқырап,    шӛлі    қанғандай    жымия  кҥлімсіреп  рахатты  кҥй  кешіп  еді.  Ал 

мен ше... 

Ақан жҧмулы кӛзін ашты да, әлемнің осы бір кӛрінісін таңырқағандай, 

қадала қарады. 

Жҥзіне    сәл    ғана    жылу    пайда    болып,    ерні    дірілдеп    кҥбірлеген.  

«Арысым-ау,  аман  келдің бе?»—деп  жас  балаша  басын  бауырыма  баса  

ботадай  боздап  жылап  жібердім.  Оның алғашқы айтқан сӛзі: «Шаршадым 

ғой, шаршатты ғой»,— болды. 

Ерлі-зайыпты  екеуміз  сағынышпен,  аңсаумен  еткен  бес  жылдан  соң 

осылайша табыстық. 

Қойнында    шиелеп    тҧрып    шҥберекке    тҥйген    партбилетінен    басқа  

дәнеңе    де    жоқ,  «трудармияны»    сҥйемелдей    ауылға    беттедім.    Ҥй-ішіміз  

ғана  жоғы  табылғандай  шексіз бақытқа  кенелдік. Бес  жыл  бойы  жаумен  

жым-жырт  соғысқан  Ақанымды  ешбір  батырға айырбастармын  ба.  Иә,  ол  

шақта    бәрі    де    майдан    еді    ғой...    майдан    болатын...    «Кісі    екен  десем,  

трудабой    ғой»—деген    қаңқу    сӛз    сол    жылдардан    қалған,—    деп    Алма  

кемпір әңгімесін  аяқтады.  Кҥмістің  кӛзінде  жас.  Бір  тҥннің  ішінде  бҥтін  


Sauap.org

 

 



96 

 

бір  ауылдың  тағдырына ортақтасып,  кӛңілі  босап  жылағаны,  Ақан,  Алма  



секілді  белгісіз  батырларды  аяғаны шығар-ау.  жоғалтып  алып,  тот  басып  

жатқан  жерінен  қайта  тауып  алғандай  —  толқып кеттім.  

Жҧлынымды  қуалай  ып-ыстық  бір  нәрсе  жҥгіріп  ӛтті  де  «Алла,  Алла» 

деп, белімді ҧстаған кҥйі  талықсып  бара  жаттым.  Қызық,  кенеттен  жайда  

болған    әлгі    ып-ыстық    пәле    арқа  омыртқаларымды    аса    шапшаңдықпен  

қуалап  ӛтіп  тура  белімнен  ҧрғаны...  Кӛзім қарауытып,  басым  айналды.  

Сонда    да    ырық    бермей    ернімді    жымқыра    тістеген    кҥйі  сҥйретіліп  

бҧлаққа  жақындадым.  Сылдырай  аққан  мӛлдір  судан  алақаныммен  кӛсіп 

алдым    да    бетіме    шаштым,    ҧрттадым.    Кеуіп    қалған    таңдайым    жібіп,  

сарайым  салқын тартты. Сонда  ғана  есімді  әрең  жинап,  кеуде  кере  ауа  

жҧттым.    Әлгі    ып-ыстық    пәленің    уыты  тарқағандай  болған  соң  қолыма 

таянып қайта тҧрдым. Неге екенін білмеймін, омырауым дымқылданғандай...  

Ӛңірімді  ағытып,  ҥңіле  қарасам,  мына  ғажапты  естігенің,  немесе кӛргенің  

бар  ма,  екі  емшегімнен  сҥт  тамшылап  тҧр.  Тәңірім-ау,  мҧнысы  несі?..  

Баламер емшектен  әлдеқашан  шығып  кетіп  еді  ғой.  Сол  уақыттан  бері  

беріштеніп    суалған  омырауым    ӛз-ӛзінен    иігені    қалай.    Зәрем    ҧшып  

қорыққандікі    ме,    әлде    әлгі    ып-ыстық  пәленің  әсері  ме,  әлде  қуанғаннан 

шығар. 


Кҥркіременің жағасында етбетінен жатқан беймәлім адам ыңырсығандай 

болды. Қапсыра қҧшақтаған кҥйі ет бетімнен ҥстіне қуладым. Сол! Сол! Сол! 

Сол дегенім — Ақан еді!.. Сенейін бе, кӛзіме, сенбеймін бе. 

Сенсең де осы, сенбесең де осы, дегендей еді қу тағдыр. 

Шӛл  тербеген  ағаштың  басы  жан  ҧшыра  қозғалып  суылдайды.  Қап-

қара  болып  тҥнерген аспанда бауыры қап-қара бҧлттар жӛңкіледі. Алдымен 

бірер  тамшы  жаңбыр  жауды  да,  іле  қойдың  қҧмалағындай  ірі-ірі  бҧршақ 

тӛтеп ала жӛнелді. Бҧршақтың қаттылығы сондай, біз жаңалаған қайың мен 

талдың жапырағын тесіп ӛтіп, тӛбемізден тарсылдата бастады. 

Сол    әлем-қапырық    аспанға  жҥз    беріп  жатқан    Ақанның    жағына  

пышақ  жанығандай    бетін  далдалай  қҧшақтап,  бҥк  тҥсіп  отырып  қалдым. 

Бҧршақ  кӛп  әурелеген  жоқ,  сонадай  жерде  ауылға    қарай    жосып    барады.  

Кҥркіреме    бҧлағынан    аппақ    моншақтар    ақты.    Табиғаттың  алты  

айрығынан  тер  сорғалап,  қалжасы  жағын  тҧрғандай.  Абырой  болғанда  

жаңа    ғана  масақтанып,    дәні    тола    бастаған    егінді    бҧршақ    соқпапты.  

Бастарын  сәл  иіп,  қара  жерге тағзым еткендей суланып тҧр. Ауылдың дәл 

ҥстінде  доғаланып  кемпірқосақ  орнады.  Осы  тҧстан  қарағанда  қайғы-

қасіреттен  енді-енді  серпіле  бастаған  Жҧлдыз  соншалықты  әдемі  кӛрінді. 

Аспанның  батыс  жағы  тҥріле  ашылып,  қҧрымданған  бҧлт  бҧршақтың 

артынан  еріп  кетті.    Кҥннің    кезі    кӛрінгенде    мҧқым    тау,    дала,    тоғай  

жарқырап,    шӛлі    қанғандай    жымия  кҥлімсіреп  рахатты  кҥй  кешіп  еді.  Ал 

мен ше... 

Ақан жҧмулы кӛзін ашты да, әлемнің осы бір кӛрінісін таңырқағандай, 

қадала қарады. 



Sauap.org

 

 



97 

 

Жҥзіне    сәл    ғана    жылу    пайда    болып,    ерні    дірілдеп    кҥбірлеген.  



«Арысым-ау,  аман  келдің бе?»—деп  жас  балаша  басын  бауырыма  баса  

ботадай  боздап  жылап  жібердім.  Оның алғашқы айтқан сӛзі: «Шаршадым 

ғой,  шаршатты  ғой»,—  болды.Ерлі-зайыпты  екеуміз  сағынышпен,  аңсаумен 

еткен бес жылдан соң осылайша табыстық. 

Қойнында    шиелеп    тҧрып    шҥберекке    тҥйген    партбилетінен    басқа  

дәнеңе    де    жоқ,  «трудармияны»    сҥйемелдей    ауылға    беттедім.    Ҥй-ішіміз  

ғана  жоғы  табылғандай  шексіз бақытқа  кенелдік. Бес  жыл  бойы  жаумен  

жым-жырт  соғысқан  Ақанымды  ешбір  батырға айырбастармын  ба.  Иә,  ол  

шақта    бәрі    де    майдан    еді    ғой...    майдан    болатын...    «Кісі    екен  десем,  

трудабой    ғой»—деген    қаңқу    сӛз    сол    жылдардан    қалған,—    деп    Алма  

кемпір әңгімесін  аяқтады.  Кҥмістің  кӛзінде  жас.  Бір  тҥннің  ішінде  бҥтін  

бір  ауылдың  тағдырына ортақтасып,  кӛңілі  босап  жылағаны,  Ақан,  Алма  

секілді  белгісіз  батырларды  аяғаны шығар-ау. 

 

 



 

 

 



Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 

алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет