Оралхан Бөкей



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата31.03.2017
өлшемі1 Mb.
#11029
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Sauap.org

 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оралхан Бөкей 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БӘРІ ДЕ МАЙДАН 

 

 

Повесть 

 


Sauap.org

 

 



 

Ардақты әкем — Бөкей мен аяулы шешем — Гүлияға арнадым. 

(Автор). 

 

Ҧлы    Отан    соғысының    жеңіспен    аяқталғанына    отыз    жыл    толып,  



ҧлан-асыр    той,    телегей-теңіз    қуаныш    болып    жатқан    мамыр    айының  

жайма-шуақ  кҥнінде,  дәлірек  айтсақ,  май айының тоғызында ағаштап қиып 

салған  тӛрт  бӛлмелі  ҥйдің  есігі  таңертеңнен  кешке  дейін  ашылған    жоқ.  

Ауыл-аймақ,  кӛрші-қолаңның  бар-барлығы    тайлы-таяғы    қалмай    клубта 

ӛтетін мерекелік жиналысқа кеткен. Ал тҥтіні де шықпай, есігі тарс жабылып 

тҧрған  ҥйдің  иесі  —  Ақан  болса,  ертелетіп  тҧрып,  шағыр  қасқа  биесін 

ерттеген  де,  дәл  іргеде  шошайып  кӛрінген  ҧзақ  тауын  бетке  алып,  аттанып 

кеткен-ді.  Ақан  шалдың  бҧл  жҧмбақты  аттанысын  сиыр  сауып,  ӛріске  мал 

қосып  жҥрген  кӛршілері  әр  саққа  жҥгіртіп,  сҥт  пісірімдік әңгіме-есектің 

арқауына айналдырды. 

— Ауырып жатқан кемпірін жалғыз тастап, қайда қаңғып барады?.. 

— Ҥш кҥн болды тірі жанмен тілдеспей, қабағынан қар жауып жҥр. 

— Алыстағы баласы жаманаттан аман ба екен? 

— Мҧғалім қызы қайда еді? 

— Облысқа жиналысқа кетіпті. 

— Ескі ауруы қайта кӛтеріліп жҥр-ау байғҧстың... 

— Енді ӛлсе де арманы жоқ. Балалары жетті. 

— Дегенмен отыз жыл бойы айран-сҥтке ғана арқа сҥйеп келеді ғой. Не 

деген  сірне  жан,  не  деген  шыдам  десеңізші.  Біздің  шал  болса  арақ  ішіп 

қойып, баяғыда тырапай асар еді...  

Сҥйегі асыл адам. Атқа отырысын қарашы. 

— Алманың қаны таси берді-ау. Кешелі-бҥгін тәуір ғой деймін. Кӛңілін 

де сҧрамадық.  

Не  десек  те  бірге  ӛсіп,  біте  қайнасқан  замандасымыз  еді.  —  Бҧл  сӛзді  

айтқан  —  ері    отыз  жыл  бҧрын    соғыстан    қайтпай    қалған    Бәтіш    кемпір.  

Осы кезде Ақан ҥйінің оң жақтағы кӛршісі Қҧмырай шықты. Есік алдындағы 

тақтай табалдырықта тҧрып, аузын арандай аша есінеді. Содан соң ақсаңдай 

басып басқыштап сақтана тҥсті де, қора айналып келді... 

Әйелдер  жағы  Қҧмырайдың  бҧл  кӛргенсіздігін  кӛрмегенсіді.  Ақсаңдай 

басу  ӛзіне  соншалықты  жарасарын  ежелден  білетін  ол,  қойқаң-қойқаң  етіп, 

әйелдерге жақындады. 

Жатса  да,  тҧрса  да  салақтап  кеудесінде  жҥретін  жалғыз  медалі  сол 

орнында  —    кір  басып,  әбден  тозығы  жеткен,  жаға-жеңі  қырқылған 

гимнастеркасында ырғаң ырғаң етеді. 

Бҧл  жалғандағы  жалғыз-ақ,  мақтанышы  еді.  Одан  артық,  сый-сияпатты 

әсте  де  дәметкен  емес.  Осыдан  ҥш  жыл  бҧрын  ӛкімет  берген    «Запорожец»  

машинасын    ҧлы    тау  мен    тасқа  айдап  шағып  тастаған,  жатыр  әне  ҥй 

іргесінде  итаяқ  болып.  Шырпы  басын  сындырмайтын  кер  жалқау  жан, 

атасына  нәлет  соғыста  бір    сирағын    тізеден    тӛмен    садақалады    да, 


Sauap.org

 

 



 

пенсиясын  алып,  аман  қалған  жанын  кҥйттеп  жатып  алды.  Алғашында  осы 



ауылға жарық  

Берер моторды кешке  от  алдырып,  тҥн  орталай  сӛндіру  жҧмысында  

жҥрді.  Былтырдан бері  ол  жҧмысты  ортаншы  ҧлына  тапсырды  да,  ӛзі  

ертеңді-қара  кеш  дҥкеннің  алдында, темекісін бҧрқыратып ары ӛткен, бері 

ӛткен  ауыл  адамдарына  әр  нәрсені  айғайлап  айтып,  ерігіп    отырар    еді.  

Келімді    кетімділерден    жҥз    грамм    дәметкіш    кӛңіл,    пайғамбар    жасына 

келген  қарт  солдаттың  беделін  тҥсіріп-ақ  жҥр.  Қайтеді  енді,  ӛзі  қорғап  

қалған  бейбіт ӛмірдің шуағына еркелегені ғой... 

—  Әй, Рәзия, шай қойдың ба?—  деп дауыстады, екі иығы имиіп, мойын 

ағашпен су әкеле жатқан кемпіріне. 

—    Тҥкпіш-ай,    кӛрмей    тҧрсың    ба,    суды    жаңа    әкеле    жатыр    ғой.  

Тесік  ӛкпесін  сҥйреп  әрең жҥр, аясаңшы жазғанды. 

—  Жаның  ашыса,  анау  шӛп  желке  қыздарыңа  айтсаң  еді,  екі  шелек  су 

әкеліп тастасын. 

— Сойталдай ҥш ҧлың бар, қатын неге әпермейсің?— деді әлгі кемпір. 

— Сенің қыздарыңды тосып жҥр.  

— Байсыз қалса да сендей зар жақпен қҧда болмаспын. 

— Ӛйтіп ерегестірсең ертең-ақ алып беремін. 

— Дәмесінің зорын. Пішту. 

Осымен    сӛз    бітті    де,    кӛршілер    тарай    бастады.    Ӛз-ӛзінен    ерігіп  

тҧрған  Қҧмырай  дау-дамайын  жалғастырар  адам  таппағанына  ӛкінді  ме,  

шаптыққан  дауыспен  әйеліне  зікір салды: 

—  Ыбылжымай  шай  қойсаңшы!  Бҥгін  жеңіс  кҥні.  Клубқа  жиналысқа 

шақырған. 

—    Жауды  жалғыз  ӛзің  жеңгендей  желікпеші.  Ӛзім  де  ӛлейін  десем 

қолым  тимей,  етегіме  сҥрінін  жҥрмін.—    Кҥйіп  кетті  ғой  деймін.  Ерінің 

бетіне тура қарап айтқан сӛзінің алды осы еді. Кҥйеуі шатынай қарады. Тіпті 

жҥзінде  әлгі  сӛзді,  шынымен-ақ  анау  жел  соқса  қҧлағалы  тҧрған    кемпірі 

айтты ма дегендей таңданыс бар. Қапелімде не дерін білмей сасқалақтады да. 

Ал  анау  болса  тҥсі  сҧп-сҧр  болып,  еңгезердей  шалынан  тіксінбей,  тепсініп 

тҧр. 

—    Соғыс    кезінде    қанатынан    айрылмаған    сҧңқар,    тҧяғынан  



айрылмаған  тҧлпар  қалып  па еді. Кӛбінің сырты бҥтін болғанмен, іші тҥтін. 

Екі аяқ, екі қолы сау демесең, Ақаннан артық азап шекпеген шығарсың. Отыз 

жылдан бері язбі жӛлетке, асқазанына ас батпайды. 

Тҥйені  тҥгімен  жҧтып,  шелектеп  арақ,  ішкен  сенен  гӛрі  иманды. 

Қартайса  да  аттан  тҥспей,  кӛштен  қалмай  келеді.  Ҧлын  ҧяға,  қызын  қияға 

қондырды. Сенің балаларыңа дейін ӛзіңе тартқан шетінен саудайы. 

— Жатыры жаман ғой, жатыры... 

— Одан да қаны жаман десеңші. 

—  Әй, әкеңді... саған не болған-ей. Тҥс кӛрдің бе?—  Қҧмырай тҧтыға 

тіл қатып еді, әйелі бастырмалатып, бет қаратпай қойды.  



Sauap.org

 

 



 

—  Тҥс  кӛрмейтін  албасты  деп  не  едің...  Кӛрдім...  мойныңа  қоржын  



асып,  мәгәзіннің алдында қайыр тілеп отыр екенсің, кӛшеден шӛлмек жинап, 

арақ іздеп жҥр екенсің. Ал, ендеше, қылатыныңды қылып ал. 

—  Отыз  жыл  бойы  тілің  кесілгендей,  ҥндемеп  едің,  отыз  жылдан  

бері  маған  әзірлеген сыбағаң осы ма... ішіңде ит ӛліп жатыр екен-ау. Ақан 

атпен  араңда  бір  пәле  болған  екен-ау,—    деп,    таяғын    шолтаң    еткізіп  

ҧмтылған.  Ҧмтылғанымен  әйелінің  арық  қара  бетіндегі жҥз жылдың зілді, 

әйелінің  шҥңірейін    ҧясына    әлдеқашан  кірін  кеткен  жансыз  жанарынан 

жанған    ашу    мен    ызаға,    зіл-залаға    толы    отты    кӛріп,    тайсақ    тартты.  

Жауын    қҧрты    — жылаушандай  ғҧрлы  кӛрмей  келген қатқан қара  қатыны, 

әне,  уытын  шашып,  оқ  жыланша  атысып  тҧр.  Жо-оқ,  бҧл  алданған  екен. 

Ҥндемегеннен ҥйдей пәле шығады деген осы да... 

Қолындағы  таяғын  сау  тізесіне  салып  морт  сындырды  да,  лақтырып  

тастап,  амалы таусылғандай, кеспелтек ағаш ҥстіне отыра кетті. 

—    Е,  бәсе,  осылай  жӛніңе  кӛш,  кәрі  қақпас.  Жҧдырық  жҧмсар  кҥнің 

ӛткен.  Ӛне  бойымда  сенің  таяғың    тимеген  жер  қалмады.  Гитлерден  ары 

болдың... Қҧдайға шҥкір, араша тҥсер адамым бар, балаларым ер жетті... 

Айғай-шуға    елеңдеген    кӛрші-қолаң    әрқайсысы    ӛз    ҥйінің    есік-

тесіктерінен  сығалап, қызықтай қҧлақ тҥріп тҧр еді, сып етіп, кӛрінбей кетті. 

Енді,  міне,  отыз  жыл  отасқан  әйеліңнен  сӛз  естіп  отырғаның.  Басқасы 

басынбай қоя ма? 

Таңғы  тәтті  ҧйқысын  қимағандай,  есінеп-қҧсынап,  манаурап  жатқан  

ауылдың    отыз  жылдан    бері    ыңғай    ырғақпен    келе    жатқан    қалыпты  

тіршілігі  —  қыбыр-жыбыр  басталған еді.  Май  айының  масайраған  кҥні  

адамзатқа  бҥгін  де  ҧлы  тыныштық,  байсалды  ӛмір 

тілегендей,  сонау  миллион  жылдан  бері  ӛркештеніп,  тарихтың  елі  кҥәсі  

болып  жатқан алын  таулардың  тҧтқынынан  сытылын  босай  берді.  Тҥні  

бойына  ҧйқының  жайлы  да жайма - шуақ, қҧшағында тҧншыққан қаперсіз 

ауыл,  мәңгілік  қозғалыстың  —    ӛлмейтіндей  ӛр    серпіген    шаруаның  

дабылын  қайта  қақты  да,  қайғысыз  қара  суын  сораптап  ҧрттай бастаған.  

Бағанадан  бері  сең  соққан  балықтай  мең-зең  отырған  Қҧмырай,  алғаш 

рет тҧмсығы тасқа тиген  Қҧмырай,  неге  екені  белгісіз,  қолына  мылтығын  

алып,  атойлап  жауға  аттанғысы келді;  мейлі  кім  болсын,  қақ  шекеден  

кӛзден,    атып    тастағысы    келді;    сыңар    аяғымен-ақ  алшаңдай  басып,  алға 

ҧмтылғысы келді; ӛзінің мҥгедек екенін алғаш рет шындап сезініп, әлемдегі 

талтаң-талтаң  басып  жҥрген  мҧқым  адамдарды  ӛлердей  жек  кӛрді.  «Жо-оқ, 

мен  емес,—  деді  тісін  шақыр-шҧқыр  қайраған  қарт  солдат,—  әсте  де  мен 

емес  мҥгедек»,—  деп  ӛз  кеудесін  ӛзі  ҧрып  қалғанда,  тозығы  жеткен  медаль 

сылдыр  ете  қалды.  Сонда  ғана  есін  жиғандай,  алақанымен  сипап  кӛріп  еді, 

орнында екен. Сол жақ аяғын кесіп отынға жаққан жоқ қой. Әуеден ысқырып 

келіп,  дәл  жанына  тҥскен  бомбаның  жаңқасы  жҧлып  кетіп  еді  ғой.    Қып-

қызыл  қанға  бӛгіп,  шала-жансар  жатқан  жерінен  орыстың  әдемі  қызы  

тауып  алған.  Бҧл  тірі  қалады  деп  ешкім  ойламап  еді.  Тек  денсаулығының 

мықтылығынан ғана су ішкілігі ҥзілмей, балдаққа  сҥйеніп  елге оралған. Иә, 


Sauap.org

 

 



 

бҧл  ақсаңдай  басып  елге  оралғанда,  осы    Жҧлдыз    аулының    еңкейген  



кәріден    еңбектеген    жасына    дейін    тайлы-таяғы    қалмай  ҧбап-шҧбап  

алдынан  шыққан.  Аудан  орталығына  арба  жібеpiп  алдырған  майдангер 

азаматты жҥрек жарды қуанышпен қарсы алып, қонаққа шақырмаған бірде-

бір  ҥй  қалмап  еді.  Сонда  ауылдың  алжыйын  деп  отырған  ақсақалы  мҧның 

кеудесіндегі  жалғыз  медальді  ҧстап    кӛріп:—    Шырағым,    мына  

жарықтықтың  кҥші  кімге  жетеді?—  деп  сҧрағанда, шімірікпестен:—  Ата,  

осы  медальдің  арқасында  екі  кісіні  сотсыз  атып  тастауға  қақым бар,— 

деп,  кеудесін  қағып  еді-ау.  Содан  кейінгі  ӛмірі  қызық  ӛткен.  Аңырып  атқа 

мінді. 

Жастар  ӛсіп,  жарлы  байығанша  алақандай  ауылды  аузына  қаратты. 



Баяғыда осы ауылдың Ынтымақ  атанып  тҧрған  шағында,  сары  жорғаның  

ҥстінде    шіреніп    отырған    Қҧмырай,  қолындағы  қамшысын  әдейі  тҥсіріп 

жіберетін,  сол  кезде  ҥріп  ауызға  салғандай  әдемі  қыз-келіншектер  таласып 

әперуші еді-ау. Ол да бір тҧнығы шайқалмаған тамаша дәурен еді-ау. 

Енді  міне...  кӛрінгеннен  сӛз  естіп...  әсіресе  қой  аузынан  шӛп  алмас,  

момын  әйелінің  тілі тотяйын болып тигені жанға батады да. Бҧл жалғанда 

мәңгілік пе бар дейсің, ӛтеді-кетеді. 

Атақ,  даңқ,  дәулет  пен  бақыт  —  осының  қай-қайсысы  да  жыл  қҧсы  

секілді,    басыңа    кҥн  орнап,  жаның  жылығанда  ғана  ҧя  салады.  Базарың 

тарқап,  кҥздің  суық  желі  ессе,  пыр  етіп  ҧшады  да,  ӛзгенің  талайына  барып 

қонар.  

—    Жылан    арбап   отырсың   ба,    шайыңды   іш,    суып    қалды.    Қайта-

қайта  самаурын  қояр шамам  жоқ,—  деген  әйелінің  даусы  ойын  бӛлді.  

Созалаңдап  орнынан  кӛтеріліп,  жан-жағын қарманып еді, таяғын таппады. 

Әлгінде ашумен ӛзі сындырып тастағаны есіне тҥсіп, шойнаңдай басып ҥйге 

беттеді.  Кӛптен  бері  майланбаған  протез  аяғы  шиқылдап,  тозығы  жеткен, 

тіпті  ҧмытыла  бастаған  әуенді  қайталады.  Осыдан  отыз  жыл    бҧрынғы 

кҥркіреп  ӛте  шыққан    соғыстың    салдары,    бҥгінде    тым    азайып    қалған  

әркімнің    әр    жерінде    сыздатып  жҥргені    рас-ты.    Ал    жанын    жаралап,  

кӛкірегі  мен  кӛкейін  кеміктеп  жатқаны  қаншама?  

Солардың  бірі  Ақан  десек,  ол  да,  әне,  шағыр  қасқа  биесіне  мініп,  тау-

тасты кезіп барады. Бір  ғана  ағыспен  ӛтіп  жатқан  ӛмірдің  аяқ  астынан  

айран  тамған  сҥттей,  іріп  шыға  келуі 

Ақанның  кӛңілінде кӛгіс  тартқан  баяғы  бір  кӛне  жараларын  тырнап  

алғандай  еді.  Жеңіс кҥніне  бҧл  да  бір  кісідей дайындалған,  Соңғы  аптада  

ескі  сырқатынан  ептеп сергігендей болған әйелі  —  Алма:—  Шал, елмен 

кӛрген ҧлы тойға біз де тышқан мҧрнын қанаталық.  

Тоқтының  бірін  сой,  кӛршілерге  тамақ  ауыз  тигізелік.  Осы  ҥйден  дәм 

татпағалы  да  талай  уақыт  ӛтті.  Сараңдық  жасама,—    деп  ӛтініш  айтып  еді. 

Соятын  тоқтысын  таңдап,  кешеден  бері    жем    бермей,    қораға    қамап,  

пышағын    қайрап    дайын    отырған.  Ертең    жеңістің  қҧрметіне    ҧлы    жиын  

болады.  Соғыс  кезінде  жаумен  шайқасқан  азаматтарды  арнайы шақырып,  

тӛрге    отырғызады    екен.    Орден    -    медаль,    сый-сыяпат    ҥлестіреді    деп,  


Sauap.org

 

 



 

ауыл  адамдары    қатты    дҥрлігісіп    жҥрді.    Сый-сыяпатын    қойшы,    оқ    пен  



оттың  ортасынан  аман қалғандары  ҥлкен  сыйлық  емес  пе;  елеп,  тамам  

жҧрттың  кӛзінше  сахнаға  шығарғаны қандай  қуаныш.  Кейінгі  жастардың  

бірі    біліп,    бірі    білмейтін,    сол    азапты    жылдарды    еске  алу,  есімін  атау 

қҧрметінен айналмай ма. Егер зәуде сҧрай қалса, Ақанның да айтары кӛп еді.  

Неге    екені    белгісіз,    соғыс    кезінде    қолына    қару    алып    соғысқандарды,  

тіпті    тылдағы  әйелдердің  ерлігі  коп  айтылып,  шҥкіршілік,  назардан  тыс 

қалып  кӛрген  жоқ,  ал  ӛзінің,  иә-иә,  «трудозойда»  болған  ӛздерінің  еңбегі 

ше... 


Әйтеуір,  бір  кҥні  ескерілер, еленер деп  ҥміттенуші  еді,  ондай  атты  кҥн 

де туды-ау, әйтеуір. 

Кеше   кешке   болатын.   Малын   жайғап,    қора   маңының    бәкін-шҥкін  

шаруаларымен  сыртта біраз  бӛгеліп  қалған.  Жарықтық  кҥн  де  қып-қызыл  

болып,  әдемі  батты.  Баяғыда  батыс кӛкжиекті осы секілді ал қызыл шапақ 

шарбыласа,  жҧрт  тағы  да  соғыс  болады  деп,  жаман  ырымға  жорушы  еді. 

Қазір табиғат бояуының қайсыбір тҥсіне де кӛз ҥйреніп кетті ғой... 

Иә,    енді    ҥйге    кіре    берем    дегенде,    астындағы    атын    арындатып,  

кекілі  шолтаңдаған  бала келді шапқылап. Алғашында оның суыт жҥрісінен 

секем  ала  тіксініп  қалған.  Баяғыда,  1941  жылы  да  дәл  осындай  қара  бала 

жеткізіп еді қаралы хабарды. 

— Ақсақал,— деді ат ҥстінен тҥспей айғайлап.— Қҧмырай атам ҥйінде 

ме екен? 

— Жайша ма, ҧлым? Ҥйінде болар. 

— Шақырып жібермейсіз бе? 

—    Шақырайып,—    деп  қалбалақ  қақты.  Шапқыншының  ӛңі  жылы, 

жақсылық  шығар  деген  ой  жеңдеп,  кӛршісінің  есігін  ашты.  Қҧмеке, 

ҥйдемісің? 

Ақсаңдай басып Қҧмырай шықты. 

— Не болды? Тағы да жay ма? 

—  Жағыңа  жылан  жҧмыртқаласын.  Анау  бала  іздеп  келіпті  сені.  Не 

керек ей саған? 

Қожақтың жынды ҧлымысың? 

Ия,  сол  жынды  менмін.  Сізді  ертең  кешке  клубта  ӛтер  тойға  келсін 

дейді.  Ешқайда  кетіп  қалмастан,  жақсылап  дайындалсын,  сӛз  береміз,— 

дейді. 


—  Ӛзім  де  білемін.  Қазір  бастаса  да  дайынмын.  Атаңа  нәлет  жауды  

қалай  әкесіне танытқанымды ертегі-жыр ғып айтып берейін. 

Атты    бала    шҧғыл    бҧрылып,    қҧйын-перен    шапқылай    жӛнелді.  

Қҧмырай  ӛзіне-ӛзі  риза болған  кейіппен,  омырауындағы  жалғыз  медалін  

ырғақтата  басқыштан  тҥсіп,  Ақанға жақындады: 

—Қалай, қҧрдас, сені де шақырды ма? 

— Жоқ, маған еш нәрсе айтпады.  

—  Енді,  ол  жынды  ҧлдың  жазығы  не.  Тізім  бойынша  хабарлап  жҥр  

ғой.  Және  де  бҧл «трудармияның» емес, соғыс армиясының тойы ғой... 


Sauap.org

 

 



 

—  Сен  ӛйтіп  оспақтама,—  деп  шалт  кетті  әншейінде  ҥндемейтін  



Ақан.—  Сенің  де қиратқаның  белгілі.  Немістің  тҥр-тҥсін  кӛрмей  жатып,  

жараланып  қайтып  келгеніңді мақтанамысың. 

—    Былжырапсың,—    деп    қарқ-қарқ    кҥлді    Қҧмырай.—    Алты    жыл  

бойы  кӛртышқан  секілді топырақ, қазған сенен гӛрі тәуірмін. 

Одан  ары  тәжікелесіп  тҧра  беруді  ар  санады  ма,  Ақан  жедел  басып,  

ҥйіне  кіріп  кеткен.  

«Еще артелериспен дауласады»,— деген сӛзін естімеді. 

Содан    тҥні    бойы    кӛз    іле    алмады.    Шалының    әлденеге    ренжулі  

екенін  сезген  Алма  да  әр нәрсені  сҧрап  сӛзге  тартқан  жоқ.  Екеуі  екі  

тӛсекте    бҥк    тҥсіп    жатып    қалған.    Жан-жақтан  қамалап    келіп,    миын  

шанышқылаған  алуан  тҥрлі  ойлар  таң  атқанша  маза  бермеген.  

Биесін  ерттеп  ерте  аттанып  кеткені  де,  тірі  қорлыққа  шыдай  алмай, 

нашар тартуы еді. Ол ешқашан  да  елден  саяқ  кетуді  кӛксеген  емес,  тек  

анда-санда    ӛз    атына    айтылар    қаңқу  сӛзден    ғана    безінетін.    Алпыстан  

асқан  ғҧмырында  ешкімнің  ала  жібін  аттап,  «Әй,  сеп сондайсың»,—  деп  

кӛрген  жоқ.  Ең  ӛкініштісі  сол  —  әлгі  ғайбат  сӛздер  бҧған  арналатын.  

«Тек  жҥрсең    —    тоқ  жҥресің»  деген  сӛздің  бекерлігін  енді  ғана 

тҥсінгендей.  Бҧл    жалғанда  жамандықтан  қашып  қҧтылған  адамның  жоқ, 

екенін білсе де, ізгіліктен де ҥмітін ҥзбеген. 

Адамзат  жаратылғаннан  бермен  жағаласа  жарысып,  ӛмір  атты  дәу  

шананы  қосақтала сҥйреп  келе  жатқан  Жақсылық  пен  Жамандық  —  осы  

екі  ҧғымның  қай-қайсысы  да  жер бетінде  желе-жортып,  сайран  салуға  

қақылы    екенін    дәлелдеп-ақ    келеді.    Ит    жығыспен  жеңісе  алмай,  діңкесі 

қҧруға  тақағанда,  сӛз  жоқ,  сол  екі  ҧғым  ӛкпеге  қиса  да  ӛлімге  қимас 

туыстықпен  аймаласып,  бірінің  кӛріне  бірі  топырақ  салар  еді.  Ендеше,  

ғҧмыр    бақида    да  жеке  дара  ӛмір  кеше  алмас    —    Жақсылық  пен 

Жамандықты  таразылап,  керегін  ғана  алам  деуден  сорлылық  бар  ма?  «Мен 

бақыттымын!»—деп  әлемде  ешкім  айта  алар  ма  екен;  ал  егер  зәуде  айтқан 

адамның сорлы тағы ешкім жоқ. Кҥн шықса соңынан қалмайтын, бҧлт басса, 

іздеп    таба  алмай  қалатын  сол  бақытты  Ақан  әсте  де  соңынан  тҥсіп, 

әлдекімдердей сҥмеңдеп іздеген емес. Тӛрткҥл дҥниедегі миллиондаған адам 

секілді бҧның да жалғыз-ақ мақсаты болған: тірі жҥру, ӛзінің қалқайып тірі 

жҥруі арқылы бала-шағасын асырау. 

Сӛйтіп,    ӛмірдің    алтын    арқауына   айналған   ҧрпақ    атты    ҧлы    кӛшті  

жалғастыру.    Кіндіктен  тарар  жібек  жіпті  ҥзіп  алмау.  Бҧдан  артық  бақытты 

тауып кӛрші! Ӛмір дегеніміз ешқашан да  шешуі  табылмас  жҧмбақ,  ешкім  

шығара    алмас    қиын    есеп    десек,    жауабын    іздеп  жанталасып,    жан  

тапсырғандар    қаншама.    Осының    барлығын    пенде    егер    де    анасының 

қҧрсағында  жатып  сезсе  ғой,  онда  жарық  дҥниеге  келмей-ақ  қояр  еді.  

Келген  соң, бойыңда  шыбын  жаның  шырқырап  тҧрғанда  тәуекел  жасап  

кетіп    кӛр.    Мәңгі    таусылмас  жолға    бір    тҥскен    соң,    ӛзегің    талып,  

жҧлының  ҥзілгенше  алға,  тек  қана  алға  еңбектейсің.  



Sauap.org

 

 



 

Әрине,  қасыңда  ӛзіңмен  қоса  еңбектеп  келе  жатқан  азаптасың  ба,  



сапарласың  ба  кім  болса  —  ол  болсын,  содан  озуға   тырысасың.  Реті  

келсе  ептеп,  кейде  шындап  тірсектен қағып,  бақайдан  шалып  жол  ортаға  

ҧлытып,  тастап  кеткің  келер...  Сен  тырбанып  бара жатқан  жақтан  ӛзіңе  

қарай    қарсы    тағы    біреулер    жолығады.    Екеуің    қызыл    шеке    болып 

сҥзісесің,    қызыл    тҧмсық    болып    тӛбелесесің,    содан    қай    жеңгенің    алға  

ҧмтыласың.  

Сынаптай  толқып,  шортандай  шоршып  ҧстатпаған,  бірақ  жақындаған  

сайын  алыстап, алыстаған  сайын  жақындай  беретін  сайтан  сағымды  қуа-

қуа   тҥпсіз  зынданға  келіп қалғаныңды  байқап,  шошына  кейін  шегінер  

едің.  Амал  не,  шегінер  жер  жоқ,  сенің соңыңнан  ӛкшелей  ерген  сансыз  

пенделер,  сен  секілді  сайтан  сағым  —  алдамшы арманды қуғандар сҥзіп, 

әлгі бір тҥссе қҧс патшасы — зымыран да ҧшып шыға алмас терең зынданға  

қҧйрығыңнан  бір  теуіп қҧлатады,  содан соң  —  ӛзі...  ӛзінен  соң... ӛзгелер,  

міне  осылайша  арғы  дҥниенің  салулы  тӛсек,  самалды  пейішінен  мәңгілік 

орын  алып,  жандары  жай    табады.    Ертеңге    еңбектегендердің    жалғыз-ақ  

бақыты  —  осы  қағиданы  ҧқпай, ҧрандауы десек, шағыр биені шаужайлап 

келе  жатқан  біздің  Ақан  шал  солардың  тобында,  алдындағы  қазулы  орға 

жетуіне, әне, аз-ақ қалды... 

Шағыр қасқа басқа ҧрғандай табандап тҧр  —  соңғы кезде қартайғандікі 

ме,  қырға  шықса  болды,  кӛзінің  алды  бҧлдырап,  сулана  беруші  еді, 

байқамапты,—  Ҧзақ тауындағы Қҧлаған жарға  тіреліп  қалған  екен.  «Қҧдай  

сақтады-ау»,—  деп  кері  бҧрылды.  Бҧта-қарағанның арасындағы жалғыз аяқ 

сҥрлеумен сонау кӛрінген Кӛбен тауына қарай қабырғалай тартты.  

Аппақ    болып    гҥлдеп    тҧрған    мойылдың    иісі    танауды    жарып,  

тҥшкірте    берген    соң,    жан  қалтасынан    шақшасын    алып,    насыбай    атты.  

Мамыр    айының    тамылжыған    тамаша    шағы,  әсіресе  таң  ата  ӛзгеше  соны 

сипатпен тҥрленін, кӛңілдегі кҥдігіңді айдап шығарады білем. 

Кісі  деген  қанша  қартайдым,  қайғы  ойладым  дегенмен,  оның  кӛңілі  

сәби  секілді  ғой, жоқтан  ӛзгеге  қуанады,  жоқтан  ӛзгеге  ӛкпелей  қалады.  

Шыр    етіп    дҥниеге    келгеннен  бермен  сезініп,  тҥйсініп  келе  жатқан 

кӛріністері  болса  да:  анау  тау  басынан  етекке    қарай  қалың  жыныстанып 

келіп,  сиреп  таусылатын  қапсағай  қарағайлар,  сонау  ҧшар  басындағы  қары  

әлі    де    ерімей    ағараңдап    жатқан    алып    шоқылар,    сол    қар-мҧздақтан  

бастау    алып,  қҧлындай    қҧлдырықтап    ойға    қарай    шапқылаған    тентек  

бҧлақтар    мен    баласын    кҥткен  анадай    аңыраған    Бҧқтырма    ӛзені,    әне  

асықтай  ҥйіріліп,  тҥтіннен  жалау  байлаған  туған аулы   —  барлығы  да  

Ақанның    кӛзін    ашып    кӛргендері,    бірақ    ешқашан    да    мезі    қылып 

жалықтырған  емес.  Тіршіліктің  тірегіне  айналған  туған  жерінің  сарқылмас 

байлығы да осы жансыз суреттер.  Ол отыз жылдан бері шӛбін шауып, малға 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет