деді — еркек болдық. Рас, ӛгіз бол деді — ӛгіз болып соқа мен арбаға
жегілдік. Әйел бол деді — әйел болдық. Шыда деді —шыдадың.
Жесірлік пен жетімдіктің зарын біздей тартқан ешкім жоқ. Ӛзегіміз
ӛртеніп, беліміз талып келіп сҧп-суық тӛсекке қисая саламыз. Тҥсімізден
шошып оянып, «А, қҧдай ер-азаматты сақта, а, қҧдай Отанды сақта»,—
деп тәңірге жалбарындық. Жауды жеңген қару ғана ма... жауды жеңген
мыңдаған әйелдің тілеуі, мыңдаған әйелдің қарғысы. Жауды жеңген
жауынгерлердің қаны ғана ма, жауды жеңген аңыраған ананың,
қырмызыдай қыздардың сорғалаған кӛз жасы. Соғыста жесір қалған
әйелдердің кӛбінің кӛзі кӛрмей, жанары суалып қалғаны содан, айналайын.
Бірді айтып, бірге кете бердім-ау.
Арада он кҥн ӛткенде Ақанымнан хат келді. Пешке нан салып
қойып, жалынның жарығымен ежіктеп оқып шықтық.
Ақанның хаты: «...Алтайдың асуындай, Бҧқтырманың тасуындай,
асқар да мӛлдір сәлем жолдаушы Ақаның. Жалғанда сенен ардақты, сенен
асыл кім бар маған. Сондықтан да алғашқы сҧрарым ӛзіңнің денсаулығың.
Қара нардай қасқайып, алысқанмен алысып, айтысқанмен айтысып
жҥрген шығарсың, жарықтығым. Атам-анам, балалардың дені-қарны сау
ма, ауыл-аймақ аман ба? Не жаңалық бар. Әскердегі Бағдат пен
Ақтайлақтан хабар-ошар бар ма? Тірі ме екен ӛздері. Ҥйге хат жазса
маған адресін салшы. Біз аман-саумыз. Баяғы жер қопару, топырақ тиеу,
басқа ӛзгеріс жоқ. Жағдайымыз жаман емес, тамақ тоқ, уайым жоқ
деген секілді... Мҧндағы бізді қойшы, елдегі сендер, соғыстағы азаматтар
аман болсын. Басқа тілек бар ма. Екі ағайыным жаумен алысып
жҥргенде, кӛртышқанша жер қазып, бас сауғалап жатқаныма ӛкінемін де.
Қайтейін, тағдырдың жазуы солай болған соң. Таңертең кҥн шыққан сайын
— сендерді есіме аламын, ӛйткені біздің ауыл сол — Кҥннің астында ғой.
Sauap.org
52
Кешке кҥн батқан сайып Бағдат пен Ақтайлақты есіме аламын, ӛйткені
олар сол кҥнбатыста қан кешіп жҥр ғой. Мені уайымдамаңдар.
Алмажан-ай, бҧл зҧлпаттың да ақыры болмас деймісің. Жау жеңілер,
ысқырып, ән сап біз де елге қайтармыз. Ақмет ағамнан қалған ерді атқа
ерттеп, баяғыша байсалды ғҧмыр кешер кҥн де келер. Жҧрағаттарға,
сҧраған жанға ҥш қайтара сәлем айт. Айтпақшы, ҧмытып барады
екенмін-ау. Кеше кӛзім ілініп кеткен екен, тҥс кӛрдім. Қынымда сар
мойын, мҥйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған арғымақ уралап
батысқа шауып барады екем деймін... Сенің де кҥнің жақындап қалды-ау...
Шҥйіншілі хабарға жорыдым.
Ал хош-сау бол! Кӛп қиналма, кӛп жылама.
Сәлеммен, Ақан».
— Кҥмісжан-ау, мҧндай хаттан соң Қап тауын ас десе аспаймын
ба,— деді Алма кемпір жҥзіне нҧр жҥгіріп.
— Ал мен ешкімнен хат алып кӛргем жоқ,— деді Кҥміс кҥліп.—
Орынбай екеуміз ауызша сӛйлестік. Ол тіпті әскерге де барған жоқ.
— Әскерге бару арман ба екен,— деді Алма кемпір кҥрсініп.— Маған
салса жер бетіндегі мҧқым әскер атаулыны таратып жіберер едім.
Сонымен Ақанның хаты бойға қуат, жанға жігер берді. Адам
қуанышты хабар естісе шаршағанын ҧмытып, лақтай секіріп, ойнап шыға
келмей ме. Кҥндегідей емес, бҥгін нанның бетін кҥйік шалмай, сарғайып
қана әдемі піскен секілді. Кҥндегідей емес, бҥгін ҥш-тӛрт салымға
жететіндей етіп, ҥн елеп тастадым. Кӛңілім тасып, мҧрнымнан ыңылдан ән
айтамын. Тіпті, қҧрсағымда нәресте жатқанын да ҧмытып, қапшағай
қимылдаймын.
Жҧмысты адамның қолы емес, кӛңілі істейтінін сонда білдім.
Маған кӛмекші болып Мағзия деген әйел істеуші еді. Қақ-соғы,
ҥзіп-жҧлып кетер сҧғанақтығы жоқ біртоға жуас, Маңдайымнан тер
сорғалап, шырмауың қайнатын тҧрған маған қарап:— Алмажан-ай, қатты
қимылдамасаңшы, ішіңдегі балаңды тҥсіріп аласың ғой,— деп жаны
ашитын. Сол кезде біз мықты болдық па, жоқ болмаса қҧрсақтағы
сәбиіміз мықты ма, білмеймін, тыным таппай арпалысқанда «Алла, белім»
демеуші едік.
Қазір ғой, босанғанша екі ай, босанған соң бір жыл шырпы басын
сындырмай ҥйінде жатып алады.
Кҥз туып, егін орағы басталған. Биылғы кҥздің ӛзі де аса бір жылы
шыраймен келіп еді.
Мәңгі таусылмайтынға шаруаның қамымен жҥрген колхозшылар
шӛп науқанын аяқтан ҥлгермей-ақ астың бастыруға кірісіп кеткен.
Соғыстағы азаматтардың бірсыпырасынан қара қағаз келіп, қара жамылған
әйелдердің саны кҥн ӛткен сайын кӛбейе берді. Жылай-жылай кӛзі қызара
домбыққан әйелдер бәрібір қаздай тізіліп қырманға кетін бара жатыр еді.
Осындай бір қыркҥйектің мамыржай әдемі шағында, қайғы мен мҧңнан
жер қайысқан кҥннің бірінде наубайханаға Сақыш келді. Бҧрынғыдай
Sauap.org
53
емес, жҥдеген, ҥнемі қызыл шырайланын тҧратын алма беті тотыққан.
Ҧшқынданын, кҥн тҥскен айнадай жарқырайтын жанары шҥңірейген,
ҧясына кіріп кеткен. Әлденеден кӛңілсіз, әлденеден шайлыққан.
— Амансың ба, Алма?— деп босаға тҧстағы бос шелекті тӛңкеріп
отыра кетті,— Тҥу, жарықтың нанның иісін-ай!
— Ӛзің қалайсың. Жағдайың жақсы ма?
— Жағдайдың несін сҧрайсың, ӛлмеген соң сҥйретіліп жҥрген ғой.
Тҥйеше он екі ай кӛтеретін болғансың ба, неге босанбайсың,— деп езуін
жымитып қалжыңдады.— Енді кешіксең, баланың әкесі Ақан емесіне жҧрт
кҥмәндана бастайды.
— Сен де қызықсың, Сақыш. Уақыты келмесе, жҧлып тастайын ба.
Тезірек босанайын деп, қаттырақ қимылдаймын, болмай жҥр.
— Дегенмен мықты екенсің,— деді бетіме тесіле қарап. Содан соң
кӛкейінде іркіліп тҧрған ойды айтсам ба, айтпасам ба дегендей сәл
толқып отырды.— Бағана қырмап басында қаңқу сӛз естідім.
— Е, ол қандай сӛз,— деп, мен әйелдік әуестікпен ентелей тҥстім.
— Сен кӛңіліңе алып қалма. Қҧмырайдың ҥйіндегі қара қатын тамам
қыз- келіншектерді жинап алып, аузын ашып, кӛзін жҧмып ӛсекті соғып
отыр. Оралдағы кҥйеуінен келген хатты самбырлап оқып берді.
Жағдайлары нашар екен. Ит қорлығын кӛрсететін кӛрінеді.
Бура трудобойдан қашамын деп, сотталып кете жаздапты. Әйтеуір,
Қҧмырай араласып жҥріп әрең алып қалған екен. Ал Ақан... ӛз-ӛзіңе
берік бол, Алма,— деп мойнымнан қҧшақтады,— Ақанымыз... Украинадан
келген бір қызға ҥйленіп алыпты дейді...
Мен ішек-сілем қатып кҥлдім. Кҥлкім келмесе де қасақана
сайқымазаққа сала сықылықтадым. Әрине, қанша иланбасам да жҥрегім
аунап тҥскендей еді. Жо-жоқ, әйелдік қызғаныш оты тҧтанбаған, тіпті,
солай болғанның ӛзінде, ризамын ғой Ақаныма, тҥймедей нәрсені тҥйедей
етіп ел-жҧртқа дабыралаған Қҧмырай мен қатынына ызам келді.
— Немене, жынданып кеттің бе?— деді кӛзі бақырая қараған Сақыш.
— Мҥмкін емес,— дедім мен сенімді тҥрде.— Мҥмкін болған кҥннің
ӛзінде де
Ақанды кінәлай алмаймын.
— Сені қайдам, алғаш естігенде менің ішімді қара мысық тырнап
алғандай қиналдым.
— Ағайындарға таң қаламын, Сақыш. Қан кешіп, ӛлім мен ӛмірдің екі
ортасында жҥрсе де ӛсек айтқанын, ӛсекке сенгенін қоймайды-ау. Хат
Ақаннан да келген. Мә, оқы,— деп омырауыма жасырған хатты Сақышқа
ҧсындым. Ол ерні жыбырлап, тез-тез оқып шықты да, шҥберектенген жҥзі
жайнап қоя берді.
— Бәсе, Ақанжан осындай жігіт еді ғой. Не деген бақытты әйел
едің, Алма. Мҧндай жҥрегіңді елжіретер хат жазған азамат он қатын алса да
айналмайсың ба. Уһ, кӛңілім енді ғана кӛншіді ғой,— деп орнынан
тҧрды,— Арманымның жалғасын сен жалғашы, қҧрбым.— Кӛзіне
Sauap.org
54
мӛлтілдеп келіп қалған жасты кӛрсетпейін дегендей, жалт бҧрылып шыға
жӛнелді. Иә, ӛмірде осындай да әйелдер болған. Сондықтан да біз жеңдік
қой.
Иә, жауды жеңдік... Бірақ ӛз ішіміздегі ӛгей мінезді, ӛсек-аяңды жеңе
алмадық. Бар болса — кӛре алмайтын, жоқ болса — бере алмайтын
ағайынның азабы мені де тек қалдырған емес. Қайсыбірін айтып тауысайын.
«Ақан орысқа ҥйленіп алыпты» деген алып қашты сӛз қаншама сағымды
сындырып, жігерімді қҧм қылғанымен, мен де домалақ басты пендемін
ғой, қашан анық-қанығына жеткенше жҥрегімнің бір бҧрышында
беріштене қатып, ауық ауық сыздақтатып, жанымды жегідей жейтін.
«Егер рас болса ше» деген сҧмдық ой санамда итше ҥріп, саңқылдап тҧрып
алғаны... Бҧрынғыдай емес, ел кӛзіне кӛп кӛрінбей, ӛз-ӛзімнен тҧйық
тартып, елең-алаңнан тҧрамын, тҥн ортасында қайтамын.
Менің ӛміріме кірген осынау ӛзгеше ӛзгерісті Ата-енем де сезеді
білем, тағдырдың тезінен еткен кӛне кӛздер ғой, аяйды, аяған сайын
қҧрақ ҧшып аялай тҥседі. «Қойнына бай тоқтамайтын қаралы қатын»—
деген қаңқу сӛзден енді қҧтылдым-ау, ҧмыттым-ау, деген кезде! «Е,
сайдың тасындай жап-жас Ақан, кәрі сіңірді не қылсын, жас қызға ҥйленіп
дҧрыс істеген»,— деп айызы қанғандар табылды. Бір кҥні жҧмыстан
шаршап, салым суға кете ҥйге қайтқанымда, алдымнан қараң қағып Атам
шықты. Жарықтық, жақсы адам еді ғой, мені ойлап елегізеді білем.
— Ата-ау, неғып жҥрсіз қараңғыда?— дедім іштей риза болып.
— Әлгі кемпір келін кешікті ғой, алдынан шықшы,— деп тҥрткілеп
қоймағаны...
— Кҥнде осы уақытта қайтып жҥрмін ғой, ата. Несіне әуре болдыңыз.
— Білем, келінжан... білемін. Саған қиын тиіп жҥр. Жҧмысың ауыр...
Қазақтың ең тыныш отырғаны бір кебісті бір кебіске тығып отырады, ел не
демейді, сенбе...
Ақан ақылсыз жігіт емес. Рас болған кҥннің ӛзінде де бҧл
шаңырақтың табалдырығын аттатпаймыз. Бізге сен керексің, жарығым.
Қартайған шағымда қасіретіңді кӛрмесем деп едім.
— Рақмет, ата. Ӛсектеп ӛртенер болсам, ендігі кҥлім де қалмас еді.
Маған керегі — азаматтың амандығы.
Атамның сӛзі дем берді, отыра қалып Ақанға хат жаздым. Бірақ:
«Сен туралы осындай ӛсек бар, рас па?»— деп сҧраған жоқпын.
Ертеңінде Ақтайлақтан қаралы қағаз келді. Ауылдық сәбеттің
хатшысы кӛшеде ойнап жҥрген бір балаға апарып бер деген екен, ол қағазда
не жазылғанын оқымастан апамның қолына ҧстата салған... Ал енем болса
ҥлкен қызымыз Шолпанды шақырып:
— Оқышы, мынада не жазылған екен,— дейді. Қаралы қағаз екенін
білген Шолпан ботадай боздап, еңіреп қоя береді. Содан не керек у да
шу. Айман деген екінші қызым наубайханада жҥрген маған келді:—
Ақтайлақ ағам ӛліп қалыпты,— деді ентіге дем алып.— Апамдар жылап
жатыр.
Sauap.org
55
Ақтайлақ Ақаннан екі жас ҥлкендігі болса да, ҥйленбеген, соғыс
басталысымен-ақ алғашқылардың бірі болып майданға аттанған, орта
бойлы, ат жақты жігіт еді. Мен бҥл шаңырақтың табалдырығын аттаған
кҥннен бастап, ылғи да жылқы бағып, жаз жайлауда, қыс тебінде жҥрді де,
анда-санда кір-қоңын жудыруға ауылға тҥскенде ғапа кӛретінмін.
Тіпті, екеуміз бір-біріміздің бетімізге анықтап қарап тілдескен жан
емеспіз. Алғаш Ақмет ӛлгенде мені оған емес, Ақанға қаратқанына ел-жҧрт
таң қалатын. Ал кезек Ақтайлақтікі еді ғой... Енді міне, тҥтінін де тҥтете
алмай шейіт болды; бір кіндік кесілді, бір ҧрпақ ҥзілді.
Атам ауыл ақсақалдарына шай беріп, сыртынан жаназасын шығарды
да, кісі бойындай ағашты арулап кемді.
Ҥйімізге келген алғашқы хабарды Ақанға жазған жоқпын, жҥрегін
жаралағым келмеді.
Мені қайран қалдырған, ауыл сәбеттің хатшысы Маржанның
қылығы еді. Алыстағы азаматтың қазасын естірту рәсімін сақтамай,
қаралы қағазды ойын баласынан бере салғаны жаныма батты. Бҧл
қысастықты тағы да Нартайдан кӛрдім, ӛйткені кеңес болып жҥрген Маржан
колхоз бастықтың келіні еді. «Мҧның не, Маржан, аруақтан ҧялсаң етті»—
дегенімде: «Кӛдедей коп еркектің бірі ӛлді деп, жоқтау айтайық па. Әлі ҥш
қайның бар.
Ақан ӛлсе де байсыз қалмайсың»,— дегені. Шашынан ала тҥспекке
оқталдым да ақылға жеңдірдім. Қол кӛтерсем болды, сыныққа сылтау
іздеп жҥрген Нартайдың тҧқымы айдатып жіберуі сӛзсіз еді. Шыдадым,
амал жоқ, шыдадым... Енді ойлаймын, егер сабырдың тҥбі сары алтын
деген сӛз рас болса, онда мен бҥгінде алтыннан сарай орнатар едім. Олай
емес екен... Ҧрғызып-ҧрғызып саймен жҥргенше, ҧрып-ҧрып қырмен
жҥргенге не жетсін. Осы оқиғадан кейін не болса да «жауыммен» алысып
ӛлуге бел байладым.
Ел-жҧртқа шай беріп, қазаның қамымен бір кҥн жҧмысқа шықпай қалып
едім, ертеңінде кеңсеге шақырды. Басқарма мҥшелерінің тӛрт кӛзі
тҥгелдей жиналған. Барлығы ӛрт сендіріп келгендей тҥнеріңкі «тағы не
естіртеді» дегендей зәрем ҧша босағада тҧрып қалдым. Нартайдың
алдында қақ, бӛлінген нан жатыр.
— Мыналарың не?— деді нанның арасынан шоқпыт суырып,—
Ҧнның ішіне шҥберек салып илеп, пісіргендегі мақсатың не? Нанның
салмағы ауырласын дегенің бе, жоқ болмаса колхозшылар қақалып ӛлсін
дегенің бе. Бҧл қастандық. Жауапқа тартыласың!
— Мен қайдан білейін. Кеше жҧмысқа шыға алмап едім. Мағзияның
кӛзі нашар кӛреді, байқамай...
— Қастандық!— деп, столды салып қалды. Айналада қоғамдаса
отырған басқарма мҥшелерінің бір-екеуі бастықтың сӛзін қостап
«қастандық» десіп қоқаңдады. Тек Жақияр ақсақал ғана «байқамаған
шығар»— деп еді, шәйі орамалын шекелей тартын, сылдырап отырған
Sauap.org
56
Бәтіш:— Бҥл талақты тайраңдатып қоя берсе, ертең біреуімізді ӛлтіреді.
Былтыр
Жаманашының бауырында Сақышты буындырып жатқанында әрең
арашалап қалғанмын,— деді шімірікпей.
— Қандай жаза қолданамыз?— деді Нартай жан-жағына қарап.
— Наубайханадан шығарып, табанын тіліп қырманға салу керек,—
деді есепші. Ол
Нартайдың немере інісі еді. Қҧлағының мҥкісі бар деп әскерге жарамай
қалған. Ал қазір шыбынның ызыңына дейін естіп отырғанына ешкім де
таңданған жоқ. Соғыс кезінде ондай-ондайлар бола береді ғой, ӛйткені
барлығына да жау «кінәлі». Иә, соғысқа сілтей салатынбыз...
— Мен қарсымын,— деді басқарма мҥшесі Жақияр ақсақал.— Айы-
кҥні жетіп отырған адамды ауыр жҧмысқа салып, қуалауға болмайды.
Босанғанша наубайханада қалғаны жӛн. Нанның арасына шоқпыт шықты
деп несіне шошынамыз. Асығып жҥріп, қараңғыда байқамаған шығар.
Баяғыда атамыз қымыз салқындасын деп, сабаға бақа салып ішкенде де ӛлген
жоқ қой...
— Ақсақал, баяғыны қоя тҧрыңыз. Ол — ескіліктің қалдығы. Алдымен
шоқпыт мәселесін шешіп алайық,— деп, қасын керді Нартай.
— Барлығын бітіріп, шоқпыт қапа қалса... шешсек — шешелік.
Екі удай болып дауласа-дауласа, әйтеуір, мені бойым жеңілдегенше
наубайханада қалдыра тҧруға тиянақтады.
Дегенмен тҧзым жеңілдеу әйел едім. Ойламаған жерден бір пәлеге
ҧшыраймын да жҥремін. Азан пен Қайғы менің басымнан сәуірдің
бҧлтындай тӛңіректеп, тарқамай-ақ қойды. Осы жасыма дейін Ақанмен
ӛткен он шақты жылым болмаса, жазғытҧрымдай жаудыраған шаттыққа
толы шақтар тым аз, тіпті жоқ екен-ау. Қағанағымнан қарқ болып
тумасам да, тәңірдің маған арнаған тарысы бар емес пе еді. «Қҧдайдың бӛліп
берері жоқ, біреуден біреуге алып береді»,— деп отырар атамның сӛзі
рас деп ойладым. Егер сол қҧдайдың бар болса, бӛліп те бермесін, алып
та бермесін, дорбама әкеліп салып та бермесін білсем де, еті тірлігімнің
арқасында тірнектеп жинаған кішкентай ғана ырзығымнан айыра кермесе
екен деп тәңірге жалбарынамын. Бҧл жалғанда ешкімді ешкім жарылқап
тастамас, қоң етін кесіп беретін асыл қасиеттің де тым аздығын білем,
сондықтан да ешкімге телміріп, тілемсек ғҧмыр кешкенім жоқ, ешкімнен
де басы артық дәулет дәметкен емеспін. Ендеше, бір-бірімізге жамандық
ойламай, бір-біріміздің сыртымыздан ӛсек айтып, аяқтан шалмай, кедергі
жасап, кеңірдекке жармаспай жарқын да жарасымды ӛмір сҥргеннен артық
бақыт бар ма.
Қыркҥйек аяқталып, кҥздің қарбалас сәттері бәсеңсіп бастаған.
Ауыл адамдары бақшадағы жемістерін жинап, қораларына шӛбін тасып,
Алтайдың алты ай бойына сулап жатып алар ҧятсыз қысына әзірленіп
жатыр. Колхозшылар биылғы кҥздің берекелі, жомарттығына риза,
жақсылықтың нышанын сезгендей сеніммен қимылдайды.
Sauap.org
57
Майдандағы жағдай оңала бастапты, ентелеп келген жаудың беті
қайтып, тҧмсығы тасқа тиіпті, біздің айбынды әскеріміз немістің әпігін
басып, әкесін танытыпты деген сықылды жылы хабар дҥркін-дҥркін
естіледі. Амал не, кҥн, еткен сайын, қара қағаз да кӛбейіп, ауылдан
аттанған азаматтардың жартысынан айрылдық. Адам баласы жамандыққа
да кӛндігін, ҥйренеді екен, қаралы ҥйге кӛңіл айтып шыққанымыз
болмаса, бҧрынғыдай ағыл-тегіл жылау, шашымызды жайын жоқтау
бәсеңсіп, байсалды тӛзімділік жеңген.
Қазан айы тынышты, жауын-шашынсыз етерін сездіргендей
жарықтық, ай да орақтанып қырынан әдемі туды.
Осындай қоңыр кҥздің маужыраған, аспанда шҥйкедей бҧлт жоқ,
шайдай ашық жылы кҥнінде мені толғақ қысты. Нан пештің лаулап
жанған жалынымен алысып, әдеттегідей, қарбалас жҧмыс ҥстінде едім.
Кҥнімнің тым жаңын қалғанын білсем де, дәл бҥгін, жиырма сегізінші
сентябрьде толғақ басталады деп ойлағаным жоқ. Ал дегенде тыңдамай,
ішімнің жай ауырғаны шығар деп, шырмауық қайнатып, білегімді тҥріп
тастап, арпалысып қамыр илеп бердім. Маңдайымнан ағыл-тегіл аққан тер
бетімді жуып, иегімнен тамшылап, ӛңіріме сорғалайды. Ҧнға тамып
кетпесін деген оймен қайта-қайта жеңіммен сҥртіп тастаймын. Әсіресе
бҥгін, барлық, жҧмысты бітіріп кетердей жанталаса қимылдағаныма
кӛмекші әйел Мағзия таң қала қарайды, байғҧс ол да маған еріп дедек
қағып жҥгіреді.
Амал не, ерлігім ҧзаққа бармады, ішім бҥріп, әкетіп барады.
Мықтап байлап алдым да алғашқы ауырғанын тыңдамай жҧлқына
басамын қамырды. Шыдай алатын тҥрім жоқ.
Шӛкелеп барып отыра кеттім.
— Саған не болды, Алма? Ӛңің бҧзылып кетті ғой,— деп ҧстай алды
Мағзия.
— Толғақ қой деймін...
— Жҥгір! Ҥйге жетіп ҥлгер. Наубайханада босанып қаларсың.
Мағзияның кӛмегімен орнымнан әрең кӛтеріліп, далаға шықтым.
— Ӛзіңе тапсырдым. Тағы да бірдемені бҥлдіріп алма,— деп,
ішімді қос қолдап басқан кҥйі ҥйге беттедім. Толғақ қысқан сайын
жеделдете басамын. Толғақ қысқан сайын... «А, қҧдай, аман-есен ҥйге
жеткіз»,— деп кҥбірлеймін. Шыдай аламын ба, жоқ, па.
Кӛз алдымдағы кӛріністің барлығы бҧлдырап, аспан шыр кӛбелек
айналып жҥре берді.
Бҧқтырма ӛзені ағысын ӛзгертіп жоғары қарай сарқырап ағатындай.
Кӛзім қарауытып, жҥрегім айнып қҧсқым келді, буын-буыным әлсіреп,
жаңа аяқтанған жас ботадай тілерсегім дірілдейді. Ӛне бойымнан тер
сорғалап, тіпті, қара жерге тырс-тырс таматындай. Шыдау керек! Шіркін-
ай, басымды ҧстап, қолтығымнан демеп тірі жан табылмады-ау!
Етбетімнен тҥсіп жата кеткім келді. Әне, ҥйге де жақындадым. Шелектеп
картошка тасып зыр жҥгіріп қыздарым мен қайын сіңлілерім жҥр.
Sauap.org
58
Дауыстап бірін шақырайын деп, аузымды ашамын, ҥнім шықпайды.
Ӛлдім-ау, Ақан, қайдасың, белім сынып барады! Мың-миллион қозы
маңырап қоршап алғандай қҧлағым тҧнып, ештеңе естімей қалдым.
Әйтеуір, кірелі, шығасылы ғана есім бар,— қалайда табалдырықтан аттап
барып, жығылу керек. Неге екенін білмеймін, жан тӛрім шығып қанша
қиналсам да, ӛлемін-ау деген жаман ой санама келген жоқ. Тіпті аман-
есен босанатыныма кӛзім жеткендей... Тек қапа шыдау керек! Ӛз ҥйімнің
ауласына жеткенімді сездім. Жаңа қазылған дымқыл картошканы кептіру
ҥшін кҥннің кӛзіне жайып, дәл есік кӛзіне жайрата тӛгіп тастаған екен,
қырсыққанда айналып ӛтер жер қалмаған. Не де болса деп, ішімді
қапсыра қҧшақтап, аттап-бҧттап ӛте бергенімде тайып жығылдым... Одан
арғысын білмеймін. Есімде қалғаны, кҥбірлеп айтқан жалғыз сӛзім:
«Атамнан ҧят болды-ау».
Әлгінде ғана қҧлақ тҧндыра маңыраған мың-миллион қозының
енесін іздеп маңыраған ҥні сап болып, енді жалқы қозының ғана шар еткен
даусы — жарық әлемге жар салған ең алғашқы айғайы естілді, естілді де
Достарыңызбен бөлісу: |