орнатып қойғандай, әдемі кӛрінеді.
Маңайды қара барқын тҥстен арылтып, саумал сәулесін тӛгеді. Кӛл
бетінде де тіршілік тоқтағандай, кҥндіз бейбіт жҥзген сары ала қаз бен
қоңыр ҥйректер тҧмсығын қанатына тығып ҧйқыға кіріскен-ау. Қора жақ
та тыныш, мазаны алып, маңыраған малдың жағы семген. Қыстан қалған
шӛпті кҥрт-кҥрт кҥйсеген жылқының дыбысы талып естіледі. Тҥнгі ауа таза
әрі тау жақтан ептеп салқын жел еседі. Әлі де еріп ҥлгермей қасарысып
жатқан сҥрі қардың ашулы демі секілді сезіледі. Осындай маужыраған айлы
тҥнде шырқалар әнді сағынасың.
Бірақ қазір кім айтар ол әнді?.. Айтқан адамды жындыға балар.
Таңертеңгідей емес, кӛңілі кӛңірсіктен тазарған Ақан еңсесін басқан ауыр
жҥктен арылғандай ӛзін-ӛзі азат сезінді. Ол жҥкті арқасынан алып тастаған
аузын ашса жҥрегі кӛрінетін Орынбайдың ыстық ықыласы, аға сыйлағыш
дарқан мінезі еді. Мҧндайлық таза да тәкаппар қазақы мінез жыл ӛткен
сайын азайып бара жатқанын Ақан сезетін. Сезгенімен, тҥңілген емес.
Астындағы жалғыз атын тҥсіп берер мәрттік, аузындағысын жырып берер
қолы ашықтық осы елдің аш-арық кезінде әлдеқайда мол болып кӛрінетін.
Ал қазір ше? Жыланға тҥк біткен сайын қалтырауық келедінің кебін киіп
жҥрген жоқпыз ба?
— Аға, жаурап қаларсыз. Тау тҥні суық болады. Ҥйге кіріңіз,— деген
Орынбайдың даусы әлгі бір ойын бӛлген.
— Бҥгінгі тҥн тіпті әдемі екен, Орынбай. Кӛбен тауының
осыншалық сҧлулығын бҧрын неғып байқамағанмын.
Ӛзі бес жылдан бері сары жҧрт қылып, қыстап келе жатқан жерді
жаңа кергендей аңтарыла қарап, делдиіп тҧрған жігіт:— Ой, алла, расында
да, кинодағыдай керемет қой ӛзі,— деді таңданып.— Сізге еріп кӛз салып
тҧрғаным осы, қол тимейді, аға.
— Анда-санда қарап жҥр. Кӛңілің сергиді. Қысыл-таяң шақтарда
табиғатпен сырлассаң, жҥдеген жҥрегіңе серік болады. Шаршаған сәттеріңде
бойыңдағы ауыр азаптан арылтып, майда қоңыр мҧңға жетелейді. Ал мҧң —
ӛмір бақи менің жан жолдасым болып келеді.
Шарасы кҥміске енді ғана тола бастаған айға қарап, бозбаладан
бетер емірене қиялдап тҧрған Ақан шалдың қазіргі бітімі ӛмірден
ӛкінішсіз ӛткен бейқам адамнан гӛpi, алысқанмен алысып, айтысқанмен
айтысқан, бірақ жоқтан ӛзгеге жасып, сағы сынбаған рухы мықтылықты
аңғартқандай. Сәл еңкіш тартқан кеуде бҧған дейін аспанды аңсап
келген адамның, енді бар ҥміті жерде қалып, Ертеңіне ҥңілген
пошымын танытады.
Дегенмен жетпіске шақ артқан ақсақалдың қиял қанаты талып,
сезімі жібігеніне қайран қаласың. Қасында екі қолын артына ҧстап, ай
нҧрына шомылып, шҧнартып жатқан тауға қадала қараған Ақанға еліктеп,
Sauap.org
17
кӛз салған Орынбай ӛзін бҧл кісіден әлдеқайда қартаң сезінді. «Жас
болуды қарттардан ҥйрену керек шығар»,— деп ой тҥйді.
— Ал енді ҥйге кірейік,— деп Ақан шҧғыл бҧрылып, тіке беттеді.
Ала барқын тартқан бӛлменің іші беймезгіл айтылар әңгіме, әдібін
ашып сырласар шыншыл сҧхбатқа әдейі арнап жасалғандай: жым-жырт,
ҧядай жылы, кӛз қҧртын жыбырлатар сҧлулықтан ада, жҧпыны да
жарасымды. Дҥкендегі асыл зат, жалтырауық байлықтың кӛл бетіндегі
кӛбіктей до салмағы мен сапасы жоқ алданыш екенін дәлелдегендей —
қарапайым тірліктің мәңгілігін айғақтағандай, осылайша,— жалғыз ҥй,
жалғыз тӛсек, жалғыз иесінен мың жыл жасауға, адам деген атты
жоғалтпауға боларына Орынбайдың қыстағы куәгер іспетті. Нағыз қой
ҥстіне бозторғай жҧмыртқалаған заман, бейбіт те берекелі, баяны ҧзақ ӛмір
дегеніміз осы емес не. Баяғыда халықтың осы секілді жылқыдай жусаған
тірлігін бҧзған кім еді? Гитлер болатын, соғыс деген лаң болатын...
Егер сол соғыс болмаса әлем бетіндегі ҥлкенді-кішілі мемлекеттер
бҥгінгідей бақайшағына дейін қаруланбас еді, иесін қырып дҥниесін
иемденіп қалар бомбалар ойлап табылмас еді... Демек, қазіргі қоқан-лоқы
қауіптің басы бҧдан отыз жыл бҧрын басталған.
— 1942 жылдың, яғни ескіше айтсақ, жылқы жылының ақпан айында
Жҧлдыз аулынан бір топ азамат майданға аттанатын болдың,— деп бастады
әңгімесін Ақан шал.
Насыбайын атып, мҥйіз шақшасын жан қалтасына қайта салды.
Алдында мӛлдіреп тҧрған қымыздан бір ҧрттап, кесені ысырың қырап
қойды.— Кҥн ашық болатын. Кҥннің суығы емес еді ғой бізді қинаған. Ер
жігіттің жасына нелер келіп, нелер; кетпейді. «Еркек тоқты — қҧр малдық»
деп атамыз қазақ баяғыда айтпады ма. Табиғат— табиғатта да еркектері
азайып, ҧрғашылары кӛбейіп жатпай ма. Бҧл ӛзі ӛмірдің заңы іспетті,
ҧялмай айтсақ, он бес биеге бір айғыр, бір қора қойға жалғыз-ақ қошқар
ҧстайды ғой... Артымызда аңырап қалған ана, жылап-еңіреген әйеліміз бен
әлі қара табан болмаған шиеттей бала-шағаларымыз қалып, сарт-сҧрт
аттана жӛнелгенде, бәріміздің кӛкейімізде жалғыз-ақ тілек, жалғыз-ақ,
арман, жалғыз ғана ой бар еді, ол ой — қара шаңырақ, қаймана
жҧртымызды енді қайтып кӛре аламыз ба, жоқ па... Міне, осына кӛкейді
тескен сауалды бес жыл бойы арқалап жҥрдік. Иә, біз елден бір кісідей —
солдат болып аттандық, бірақ бәріміз бірдей солдат болып орала алған
жоқпыз. Міне, отыз жыл болды, менің қыр соңымнан итпен тіміскілеп
қалмай келе жатқан қасірет. Ҧзаққа созылған ауруым дейсің бе, жоқ,
қалқам, оқыс болса быламыққа да тіс сынады, ішкенің алдыңда,
ішпегенің артыңда, қҧс тӛсекте жатып та сырқаттана бересің —
байқасам, жер қазып, мал бағып, егін орып жҥргендерден гӛрі ақ
саусақтар кӛп аурушаң... Біздер, еңбек армиясында болғандар, жаумен
мылтықсыз шайқастық, сондықтан да, әрине, ӛлім-жітім аз болды,
сондықтан да қадірсіз болдық. Дене жарасынан жҥрек жарасы әлдеқайда
Sauap.org
18
ауыр дегенді ширек ғасырдан бері Қҧмырайға тҥсіндіре алмай-ақ,
келемін... қайтейін, тағдырдың жазуы шығар.
...Ауылдан алғаш рет улап-шулап батыс қайдасың деп жҥріп
кеткенде бізді майданға апармай, қара жҧмысқа салады деген ой ҥш
ҧйықтасақ тҥсімізге кірген емес. Барлығымыз да тепсе темір ҥзердей
азаматпыз. Алдымызда шақырылған жігіттер секілді екі-ҥш ай әскери
дайындықтан ӛткізіп, содан соң қолымызға мылтық ҧстап уралап жауға
шабамыз деген ҥмітіміз Ӛскеменге келгенде ҥзілді. Кім болған кҥнде де
пендеміз ғой, алғашында қуандық та. «Қҧдай сақтады-ау, бала-
шағамыздың кӛз жасы жібермеді-ау»,— деп тілеу тілеген жігіттер де
болды. Heмісшe мақтанайын, ондай жымсыма қуаныш мені де меңдеген.
Ҥлкен ағамыз Ақтайлақ пен кіші ініміз Бағдат менен бҧрын шақырылған-ды.
Соғысқа кірдік деген алғашқы хаты келіп те ҥлгерген. Бір шаңырақтан
бір адамның аман қалар ҥміті жылтырағандайтын. Рас, ол арман орындалды.
Бірақ қалай?
Ауылдан менімен қоса Қожақ, Қаймақ, Бура және Қҧмырай — бес
жігіт бір кҥні, бір тізіммен аттанғанбыз.
Сӛйтіп, Свердлов облысын бетке алып поезға міндік. Ол кезде, немене,
поезд ӛте шабан, жҥруінен тҧруы коп, он кҥн дегенде діттеген жерімізге
әрең жеттік-ау. Қара жҧмыс адамды адам атып жатқан соғыс емес қой,
жігіттер ал дегенде-ақ қолдарына тҥкіріп, ҥлкен жігермен кірісіп-ақ
кеткен. Ал менен, неге екенін білмеймін, бір уыстай уайым кетпей-ақ
қойғаны. Майданға бармадым, кеудемді оққа тӛсеп Отанды қорғамадым
дегені, жалынды жоқ дейсің бе, жо-оқ жарқыным, олай десем ӛтірік
айтқаным, ал мен ӛлсем де ӛтірік айта алмаймын. Жалғыз кҥн болса да жан
сақтай тҧрғысы келмейтін адам жердің астында да, ҥстінде де жоқ-ау...
Болған кҥннің ӛзінде де ол не, жарым не, не ауру...
Қазір ойлаймын: егер мен соғыста, жауып тҧрған оқтың астында жатсам
да, қалайда тірі қалудың амалын іздер едім. Ӛйткені жеңу дегеніміз — ӛзің
ӛлу емес, ӛзгені ӛлтіру ғой.
Ал дегенде атойлап-ақ кіріскен жігіттер кҥн еткен сайын қалжырай
бастады. Жҧмысты кезек бойынша он-он екі сағаттан істейміз. Менің еншіме
таңғы сегізден шығу тиді.
Қазатынымыз «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ.
Жарықтық елеген ҥн секілді майда, шайнасаң, тісіңе тас тимейді.
Экскаватор қазған топ карьерге қарай вагон жҥретін темір жолды жылжытын
отырамыз. Алғашында қырдан келген қазақ жігіттері бҧл жҧмыстың қыр-
сырын білмей кӛп әуреге тҥсті. Бәлкім, бізді артық шаршатып жіберген де
осы істің ығып білгеніміз шығар.
Жҥз шамалы жҧмысшы бір барақта жатамыз. Барақ... Қазіргі жайлаудай
жап-жасыл рақат заманда, әсіресе жеңіс кҥнінде, сол шақта кезбен кӛріп,
бастан ӛткерген ауыртпалықты айтсақ, мҥмкін қисынсыз да болып кӛрінер.
Қуаныш ҥстінде қайғыны қаузау әбестік те.
Sauap.org
19
Қиындық,тан қашу бар да, сол қиындыққа кӛндігу, тӛтеп беру бар. Бҧл
жерде жалаң тӛс батырлықтың, жалған айғайшылдық пен Гюлсенділіктің
тҥкке қажеті жоқ. Тек қана қайыспас қайсарлық, неге болсын шыдап кетер
кӛнтері итжандылық қана керек болар.
Бәлкім, батырлық, ерлік деген ҧғымдар Гюлсенділіктің тҥкке қажеті
жоқ. Тек қана қайыспас осы кӛмбістіктің арқасы шығар-ау. Әрине,
біздерден кереметтей ерлікті ол шақта ешкім талап еткен жоқ, ондайлар
болған кҥннің ӛзінде — арқасынан қағып аспандатар уақыт, не болмаса
омырауына жылтыратып қадар белгі де жоқ еді. Соғыс кезіндегі қара
жҧмыста болғандар еңбегі ӛлі де шын мәнінде бағаланбағанын жасырып
керегі не. Олар туралы ҥлкен жиналыстарда айтылып, кітаптар да
жазылған жоқ. Еңбек әскері қатарында болғандар белгісіз ерліктің
иелері. Бірақ олар ешқашанда ӛздерін қантӛгіспен келген Ҧлы Жеңістен
тысқарымыз деп есептеген емес. Айталық, қақаған аяз, қалың қардың
астында қатқан топырақты қазып, кҥндіз-тҥні жӛнелтпесек, ол отқа тӛзгіш
топырақтан металл қорытатын алып қазандар жасалмаса, демек, жауға
атылар қару-жарақ уағында жеткізілмесе, бақайшағына дейін қаруланған
басқыншымен жҧдырықтасар ма едік... Сондықтан да Белка руднигінде
жілікті де сіңірлі сандаған азаматтар жанталаса жҧмыс істеді, әр кҥрек
топырақты жаудың қанағатсыз кӛзіне шашты.
Бірақ... қызық, біз ҥшін Гитлермен соғысқаннан гӛрі қан даламен
арадағы айқас анағҧрлым ауырлау болғандай еді. Ағаштап қиып жасаған
ат шаптырым сарайда қатар ағаш пар бар. Ҥстімізге жамылар
кӛрпеміздің, тӛсеніш пен жастығымыздың ішіне сабан тығылған. Жаздың
кҥні болса бірсәрі, қыста суық тартады екен. Тҥні бойы тісіміз тісімізге тимей
сақылдап ҧйықтай алмаймыз, тек жҧмысқа шыққанда ғана қатты қимылдаған
соң бойымыз жылынады. Бірақ әрі-беріден соң кӛзімізге ҧйқы тығылып,
қалғып-шҧлғып жҥрер едік. Ауылдан келген бес жігіт алғашында
жҧбымыз жазылмай бірге ҧйықтадық, бірге тамақтандық. Кісі сырт
жерде жҥргенде ғапа бір-бірінің қадірін біледі ғой, бҧрын ауылдас
болсақ, Оралда туыс боп табыстық. Келгенімізге жарты жылдан асып кетсе
де, ел-жҧрттан хабар алмадың. Ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп те
жатты. Ондай жҧлдызы туғандардың бақытына қызыға да қызғана қарап,
шығарып саламыз...
Алғаш Ақанды әскерге шақырғанда, жалғыз ҧлыма екі қабатпын,
екі-ҥш айлығында іште қалды,— ден әңгімесін жалғастырды Алма
кемпір.— Тамам әйелдер жылап-сықтап кҥйеулерін Кҥркіремеге дейін
шығарып салды. Ауылдан екі шақырымдай жердегі Кҥркіреме бҧлағы
азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді, алғаш соғыс
басталғаннан бері сол жерге қаншама рет кӛз жасымызды кӛл етіп
барып қайттық десеңші. Жалғыз-жарым емес, ерлері алынған, немесе
алынады-ау деген тамам қатын қҧндыздай шҧбап, тобымыз жазылмастан
ере барар едік. Ол кезде, немене, жиырма бес шақырым жердегі аудан
орталығы Катонға қатынар кӛлік жоқ, жолаушы шыққан адам дорбасын
Sauap.org
20
арқалап жаяу тартатын. Сақылдаған сары аязда арыстай бес еркек —
бес бәйтерегімізді кӛзімізше ӛлімге шығарып салып, қҧр сҥлдеріміз ғана ҥйге
оралдық.
Басқаны білмеймін, ауылға денемді ғапа алын қайтқаным болмаса,
жҥрегімді Ақан алып кетіп еді... Басқаны білмеймін, ер-азаматтың қадірі
мен ҥшін әсіресе артық, кӛзімнің қарашығындай қымбат, жаным мен
бойымдағы барымды садақалар ардағым еді...
Отызға жаңа толған жасымда бір емес, ҥш рет тҧрмысқа
шығыппын, еріккеннен, жеңіл жҥрісті болып желіккеннен бе екен...
Тағдырдың иті оңдырмай қапса қайтейін... Ол сырымды шешең болмаса,
сен білмейтін шығарсың, қалқам. Он бес жасқа жаңа толған уыздай жас
шағымда, он екіде бір гҥлім ашылмаған бота тірсек, бҧла шағымда
ҥлкен ағамыз Сәрсенді ҥйлендіретін қалыңмал таба алмай, байдың бір
ынжық ҧлына ҧзатып жіберді. Жылай- жылай кете бардым. Менің
қалыңыма алған малды айдап беріп ағайыма келіншек әперді.
Ҥш жылдай тҧрған соң екі қҧрсақ кӛтердім. Кӛп ҧзамай кҥйеуім
қайтыс болды. Ӛзі де дімкәс, жарымжан адам еді. Екі баламды алып
тӛркініме қайтып оралдым. Ҥлкенін бала кӛтермеген әпкеме, Дҥрияға
бердім, ал кішісі апамның бауырында ӛсті. Колхоздастыру басталғанда
осы Ақанның туған ағасы Ақмет сӛз салған. Ӛзі де тепсе темір
ҥзетіндей, иықты әрі келбетті жігіт еді марқҧм. Ӛзіме ме, жоқ, болмаса
кӛзіме қызықты ма, екі баламен қалған жесір демей, кәдімгідей кәдесін
жасап қҧда тҥсті. (Жас кезімде жеңгелерім «жақсыкӛз» деп атаушы еді).
Тағы да ҧзатылдым. Бір жылдай отастық. Шәй деспей тату- тәтті ғҧмыр
кештік. Қҧдайдың ісіне қарсы келген кім бар, аяқ астынан ол да сырқаттанды.
Тӛсек тартып, саржамбас болып кӛп жатты. Бҧлардың арғы аталары
батыр болған ғой, тек қана тік сӛйлеп, тік жҥруге жаратылған. Иненің
жасуындай қорлыққа шыдамайтын, басынан соз асырмайтын ӛткір де ор
кӛкіректеу. Әсіресе ашуланғандары жаман, қаһарланса не қан қылуға, не
қан болуға барар... (Ол мінез Ақанда да, жалғыз ҧлда да бар).
Тер алдында ҧзынынан тҥсіп сал болып тура алмай жатқан Ақмет
бір кҥні мені қасына шақырып алды да, еркелетіп шашымнан сипады.
«Жҥдеп кетіпсің ғой»,— деп жҥзіме ҥңілді. Ондай әйелжанды мінезі
жоқ, қатал да суық жігіт еді, бҧл оқыс қылығына таң қалдым. Сонда
ғана байқадым, оты сӛнуге айналған жанарында жас бар екен. Алты
алашты аузына қаратқан арыстай азаматтың қатындарша босауы менің
де сай-сҥйегімді сырқыратты. Бас салып қҧшақтап, басымды бауырына
тығып ботадай боздап жылап жібердім. Ол алақанымен кез жасымды
сҥртті де: — «Ертең-ақ тҧрып кетемін,— деді кҥліп.— Неге екенін
білмеймін, таңдайым таңдайыма жабысып шӛлдеп барам, сусын
әкелші»,— Ойымда ештеңе жоқ, су араластырған сҧйық айранды алып
қайтып оралсам... қайтып оралсам... жез мойын, мҥйіз сап пышақ қадалған
Ақметтің кеудесінен қып-қызыл қан, қып-қызыл қан аспанға шапшып
жатыр... Талып қалсам керек, Ақметті жуып-шайып оң жаққа салғанда ғана
Sauap.org
21
есімді жидым. Міне, осылайша екінші кҥйеуімді де қара жердің қойнына
беріп, екінші рет қара жамылып, қан жҧтып жесір қалдым. Содан бері
мал бауыздаса қанына жоламай, ішек-қарнын аршуға бірақ келемін.
Содан бері қызарған сҧйық зат кӛрсем кӛзім қарауытын, басым айналады.
Содан бері ешқашан да қан кӛрген жоқ деп ойлайсың-ау, айналайын,
кӛрдім, кӛп кӛрдім. Қҧдай алмаған соң жер басып, ырзығыңды жеп
жҥреді екенсің... Ақмет қайтыс болған соң ата-енемнің рҧқсатынсыз
тӛркініме кетіп қала алмадым. Тіпті, не бетіммен қайтып барамын, тіпті,
барған кҥннің ӛзінде де қанды кӛйлек деп ҥйге кіргізе ме. Сыртқа шыға
қалсам ауыл адамдары әзірейіл кергендей, шошына қарап, теріс айналатын
болды. Су алуға ӛзенге барғанда Бҧқтырмаға ағып елейін деп, сан рет
оқталдым да, шыбын жанымды қия алмадым. Мҥмкін, қазіргі бала-
шағамның бақыты жібермеген шығар.
Ақан ағасы ӛлгенде жиырмаға жаңа толған жас жігіт еді. Кӛп
сӛйлемейтін, ағасындай емес, тҧйықтау әрі талдырмаш, жуас болатын.
Колхоздың жҧмысына ерте кетеді, кеш келеді. Жҥзімізге дҧрыстап қараған
да емеспіз. Бір кҥні ата-енем мені шақыртып алды да:
— «Келінжан, Ақметтің ӛлімі ҥшін жолы ауыр, аяғы қҧтсыз деп сені
кінәлап қайтеміз.
Жазмыш солай шығар, ӛлген азамат тіріліп келмейді. Бҥкіл бала-
шағамызбен сені шын жақсы кӛреміз. Қимаймыз. Бҧл ҥйдің босағасына
сендей келін тҥссе, одан артық, қуаныштың керегі жоқ. Ақмет
қайтқанмен, шҥкіршілік, нҧр алақан емеспіз, інілері бар, әмеңгері
табылады. Қарсы болмасаң Ақан екеуіңе неке суып ішкізуді қош керіп
отырмыз.
Онымен ақылдастық, жӛн-жосықты білетін бала ғой, «Жеңгемді
қаңғырта алмаймын»,—деді жарығым.
Мен не дерімді білмедім, тіпті, ӛзіме-ӛзім сенбедім де, бар
қолымнан келгені — жыладым... Тәңірім-ау, ҥшінші рет... Санын қойшы,
кҥні ертең Ақан оқыс болып кетсе, қара жер қақ айрылып, тҥсіп
кеткенім оңай емес пе. «Ол — жас қой» дедім дірілдеген сенімсіз ҥнмен.
«Бес жас қана кішілігі бар, бес жас — бел қҧрдас деген».
Мен тек қана ата-енемнің кӛңілін ғана қимай тҧрмысқа шықтым
осы шалға... Кейін жарасып кеттік. Дҥниеге ҥш қыз келді. Тӛртінші балаға
жҥкті кезімде соғыс деген сҧмдық шықты ғой...
Ер-азаматтың бағасын мендей білер ешкім жоқ дегенім содан да.
Бардың қадірін сезіну ҥшін жоғалту керек екен, тоқтықтың қадірін білу
ҥшін ашығу керек екен. Біз бәрін де кӛрдік.
Бҧрын Бҧқтырманың жағасындағы екі бӛлмелі тӛбесі шатырланбаған
тоқал ағаш ҥйде тҧрушы едік. Оның ӛзі Ережеп байдың Мағауия деген
баласының қыстағы. Кәмпеске кезінде Ақмет арзан бағаға сатып алса керек.
Ҥйелменіміз ҥлкен: ата-енем, қайныларым: Ботай, Қатай, Жеңісқан, қайын
сіңлілерім: Сандуғаш, Қарлығаш, Әсия; ӛз қыздарым: Шолпан, Айман,
Ләззат бар және біреуі әпкемде. Әжетке жарағандары — тӛртеуі ғана,
Sauap.org
22
қалғандары әлі жас, қҧстың балапаны секілді кешке шаршап-шалдығып
жҧмыстан келсең аузын ашып, тамақ дәметіп отырады. Бар ауыртпалық
маған тҥсті, колхоз басқармасы қайда жҧмсаса — сонда, екі етекті тҥрін
алып шапқылаймын да жҥремін. Ол кезде, бәлкім, заманның талабы солай
болды ма, жоқ жергілікті басшылар жесір әйел, жетім балаларды тым
басынып, әпербақандық жасап жіберді ме — ол жағын ашып айта алмаймын,
әйтеуір, аяушылық, жағдайға қарау дегенді білмейтін. Таң бозынан есік
алдында ат ойнатып айғайлап оятады, қас қарайып, жҧлдыз туғанша
жҧмысыңа салады. Кейде ай жарығымен де жер жыртып, арық қазып,
жазда шӛп маялап жҥрдік. Сондықтан да жеңген шығармыз...
Мҥмкін, солардың арқасы шығар жеті басты Жауды айдап ініне
тыққанымыз...
Жарықтық кӛктем де туды-ау. Маған, жылдағыдай емес, қар ерте
еріп, жер тез қарайғандай болып сезілген. Тоң жібіп, топырақ, бусанғаннан-
ақ, жер жыртып, дән себуге шықтық. Он-он екі жасар балалар ат
айдаушы. Соқаға екі ат, қҧлынды бие, кейде ӛгіз, қысыр қалған
сиырларды жегетінбіз. Алғашында мен соқа ҧстадым, содан соң тісті
тырмаға ауыстырды. Тырманы жалғыз ат тартады, мен жетелеп жаяу жҥріп
отырамын.
Бҥл соңа ҧстағаннан гӛрі жеңілірек тиді. Байғҧс Ғайша жаны ашыды ма,
басқармаға барып, менің жҥкті екенімді айтып, ӛзінің аспазшылық орнын
маған берді. Тасқайнат ылғи саңқылдап сӛйлеп, жарқылдап кҥліп
жҥретін кӛңілді әйел еді, соғыстан соң жіңішке аурудан қайтыс болды...
Аузымыздағыны жырып майданға жібереміз де, ӛзіміз шиқылдап аш
жҥретін едік. Оразамызды ашпай жер жыртып, ӛзегіміз талған соң
аңыздағы былтырдан қалған масақты теріп, қуырын жейміз. Ал колхоз
сотық орындағандарға бір аяқ кӛжені артық беретін еді...
Жалғыз қарағайдың бҥгінде ақтаңдақ, болып, сортаңы шығып
жатқан даласын қара жондап, таспадай тіліп тастаған әйелдер, жарға
адым жердегі ҥйіне бара алмай, қос басында тҥнейтін. Ҥйлерінен ала
келген қомшасын тӛсей салып, әлі сызы дегдімеген топырақтың ҥстіне
қҧс тӛсекке аунағандай жата-жата кетер едік. Қара кӛк аспан, сол қара кӛк
Достарыңызбен бөлісу: |