|
Деңг. сарал. оқыту технологиясы
|
Эксп
қамт.
оқ. саны
|
Білім
сапасы
|
Эксп
қамт.
оқ. саны
|
Білім сапасы
|
Эксп
қамт.
оқ. саны
|
Білім сапасы
|
Эксп
қамт.
оқ. саны
|
Білім сапасы
|
эксп
|
бақыл
|
эксп
|
бақыл
|
эксп
|
бақыл
|
эксп
|
бақыл
|
1999-2000
|
84
|
64
|
61
|
92
|
60
|
55
|
535
|
63
|
60
|
-
|
-
|
-
|
2000-2001
|
97
|
68
|
63
|
108
|
77
|
58
|
558
|
68
|
64
|
-
|
-
|
-
|
2001-2002
|
97
|
76
|
68
|
116
|
85
|
61
|
560
|
73
|
64
|
54
|
58
|
75
|
2002-2003
|
103
|
81
|
70
|
116
|
81
|
61
|
572
|
80
|
68
|
73
|
63
|
74
|
2003-2004
|
107
|
83
|
70
|
116
|
81
|
61
|
812
|
84
|
71
|
73
|
63
|
74
|
2004-2005
|
103
|
83
|
71
|
116
|
81
|
61
|
831
|
87
|
68
|
73
|
63
|
74
|
Мұғалiмдермен жұмыс бағыттарының қатарына олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру бойынша жүйелi ғылыми-практикалық жұмыстарды да жатқыздық. Жетiлдiру iсi интерактивтік модульдiк оқыту технологиясының тәсiлдерiн үйретуге қатысты (14 сурет) болғанын байқатты.
Осы жағдайлар жеке тұлғаға бағдарланған интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы бойынша лекциялар, мұғалiмдердi ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау бойынша ғылыми-практикалық семинар, оқыту әдiстерiн зерделеу, оқу процесiнiң нәтижелерiн диагностикалау бойынша психологиялық-педагогикалық практикум ұйымдастыруды қажет еттi.
Педагогтардың теориялық даярлығын ұйымдастыра отырып, бiз талқылау тақырыбына мұғалiм функциясын бiрқатар өзгерту мәселесiн ұсындық. Оларды өзгертудiң қажеттiлiгi мұғалiмнiң жай ғана бiлiмдi жеткiзушiден, бiртiндеп кеңес берушiге, «фасилитаторға» айналып, баланы дамыту құралдары мен жағдайларының жобалаушысы әрi құрастырушысы бола бастауында екеніне көздерін жеткізуге басты назар аудардық.
Қазiргi бiлiм беру процесiнiң жаңартылған мынадай қағидаларын басшылыққа алдық:
оқушылардың өзiнiң жеке қызығушылығын арттыру;
мұғалiммен бiрiге отырып, оқу мақсаттарын таңдай бiлуге үйрету;
оқушылардың өзiн-өзi тануға және өзiнiң қажеттiлігiн жүзеге асыруға құлшынысын ояту;
оқыту процесiнiң гумандылық бағытын мұғалiмнiң ұстана бiлуi;
оқушының шығармашылық қабiлетiн дамыту.
Зерттеу барысында бiз бұл аспектiлердi жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы жүзеге асыруға болады деген қорытындыға келдiк.
Бұл технология оқушының шығармашылығын дамытудың шешушi факторларының бiрi – педагогтың: оның жеке тұлғасының, оқушыға қатынасының, оқушымен өзара қарым-қатынас ұйымдастырудағы iс-әрекетiнiң, оның шығармашылығын, өзiн-өзi жүзеге асыра бiлу мүмкiндiктерiнiң гумандылық бағыт алуын қамтамасыз етуiне байланысты екендiгi байқалды.
Зерттеуiмiздiң барысында өзiмiз қолданған әрi өз жетекшiлiгiмiзбен жүзеге асырған модульдiк оқыту технологиясына ерекше мән бергiмiз келедi.
Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы басқа оқыту түрлерi мен тәсiлдерiнен түбегейлi түрде айрықшаланады:
Оқыту мазмұны аяқталған, дербес, кешендi модульдермен берiледi, модульдер сонымен қатар ақпарат қоры әрi оны меңгертудiң әдiстемелiк нұсқауы болып табылады.
Оқу процесiнде педагог пен оқушының өзара бiрлескен әрекетi де модульдер арқылы iске асырылады, олар әрбiр сабаққа алдын ала дайындалуда белгiлi бiр деңгейге саналы түрде өз бетiмен жетудi қамтамасыз етедi.
Модульдiк оқытудың мәнi: оқу процесiнде педагог пен оқушы арасында субъект-субъектiлiк қарым-қатынас басымдығының қалайда сақталуы талап етiледi.
Бiздiң пiкiрiмiзше, интерактивтік модульдiк оқытудың құнды жақтары:
оқыту мақсаттары қол жеткiзген нәтижемен тура келедi;
оқу ақпараты жинақталып, блоктармен берiледi;
оқу қызметiнiң әркiмнiң өзiне тән жеке жылдамдығы белгiленедi;
бiлiм мен бiлiктiлiк әрекеттер кезең-кезеңмен қадағаланады;
белгiлi бiр шамада оқытуды жаңаша «технологияландыруға» қол жеткiзiледi.
Сараптамалық жұмыстарымыз көрсеткендей, интерактивтік модульдiк оқытудың жоғары тиiмдiлiгiне қол жеткiзудiң мынадай дидактикалық шарттарын ескеру қажет:
Оқушылардың қызығушылығын, жас ерекшелiктерiн және басқа да жеке тұлғалық қасиеттерiн есепке алып, модульдердi сапалы даярлау, оқу материалының мазмұнын iрiктеп, құру.
Оқыту қызметiнiң барлық кезеңдерiнде оны күшейтуге, қарқындатуға мүмкiндiк беретiн модульдердi бiрiздiлiкпен жүзеге асыру.
Iскерлiк бiлiм, бiлiк пен дағдыларды қалыптастыру.
Қосымша әдебиеттi тиiмдi қолдану.
Бақылауды оқушылардың өзiн-өзi бақылауымен ұштастыру.
Ол үшін төмендегiдей бiрқатар ережелердi қолдану ұсынылды:
әрбiр модульдiң алдында жаңа модульмен жұмыс iстеуге даярлығы деңгейiн анықтау үшiн оқушылардың бiлiмi мен бiлiктерiне бастапқы бақылау жүргiзу;
әрбiр оқу бөлiгiнiң соңында мiндеттi түрде ағымды және аралық бақылау жүргiзу (өзара бақылау, өзiн-өзi бақылау, жауап үлгiсi бойынша тексеру);
модуль аяқталған соң, тұтас модульдiң меңгерiлу деңгейiн көрсететiн соңғы бақылау жүргiзу.
Сөйтiп, әрбiр оқушы мұғалiммен бiрге оқуды басқара алады. Оқу процесiн саралау да маңызды талаптардың бiрi. Бiз өз қорытындыларымызда тәжiрибелiк жұмыстың байқау нәтижелерiне сүйенемiз. Шынымен де, модульдiк оқытуда әрбiр оқушы белсендi де тиiмдi оқу-танымдық қызметке тартылады, мазмұны сараланған бағдарламамен жұмыс iстейдi. Бұл жерде дараланған бақылау, өзiн-өзi бақылау, түзету, кеңес беру әрекеттерi атқарылады. Сараптамалық тәжiрибе көрсеткендей, бұл жүйе әрбiр оқушының бiлiм беру стандартын меңгеруiне ғана емес, оқытудың шығармашылық деңгейiне көтерiлуiне де кепiлдiк бередi.
Мысал үшiн, бiр модуль негiзiнде бiз бұл технологияның оқушы шығармашылығын қалыптастырудағы басымдықтарын ашып көрсетейiк (14 кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |