Зерттеу көздерi: зерттеу тақырыбы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, дидакт ғалымдар мен әдіскерлердің ғылыми еңбектері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бiлiм туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасы, гуманитарлық бiлiм беру тұжырымдамасы, этникалық мәдени бiлiм тұжырымдамасы, БҰҰ-ның баланың құқын қорғау конвенциясы, Қазақстан Республикасының бiлiм беру стандарты, модульдiк оқыту технологиясы, жалпы бiлiм беретiн орта мектептегi пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң педагогикалық тәжiрибе жұмысы, автордың педагогикалық зерттеушiлiк өз тәжірибесi.