I сатысы – бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) – оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етедi, қалыпты сауаттылық негiзiн, жалпы iскерлiгi мен дағдысын қалыптастырады, ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң алғашқы бастамасына шолу жасайды.
II сатысы – негiзгi мектеп (5-9 сыныптар) – оқушыларға негiзгi орта бiлiм алуға, оқушының жеке тұлға ретiнде қалыптасуына жағдай туғызады, қызығушылығына қарай оны дамыту үшiн және әлеуметтiк орнын анықтауға бейiмдейдi.
III сатысы – кәсiптiк мектеп (10-11 сыныптар). Кәсiптiк мектептiң мақсаты – оқушыларға жеке пәндерге деген қызығушылығы мен қабiлетiне қарай тереңiрек теориялық және практикалық бiлiм беру. Үшiншi саты жалпы бiлiм беретiн мектептiң соңғы сатысы болып табылады.
Мектеп–шығармашылық зертхананың оқу жоспары жалпы бiлiм беру бағдарламасының мемлекеттiк стандартының негiзiнде жасалады.
Оқу жоспарының базистiк құрылысы мемлекеттiң, аймақтың және жеке тұлғаның қызығушылығына сәйкестендiрiледi, яғни, бiлiм берудiң мазмұны негiзгi екi бөлiктен құралады: инварианттық және вариативтiк.
Инварианттық бөлiгi бiлiм берудiң барлық мектепке бiрдей мiндеттi құрамдарын қарастырады. Ол мектеп–зертхана үшін де негiзгi және мiндеттi болып табылады.
Мектептiң жағдайына, ата–ананың ұсынысы мен баланың қажеттiлiгiне қарай жоспардың вариативтiк бөлiгiн қолдану мектеп–шығармашылық зертханада кәсiптiк пәндердi нормадан жоғары меңгеруге жағдай туғызатын дәстүрсiз балама курстарды құруға (жаңа жағдайда бiлiмiн қолдану бiлу шеберлiк деңгейiнде) және оқу–тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасын дамытуға жағдай туғызады (гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндердi таңдау).
Мектеп–шығармашылық зертхана мәртебесіне сәйкес оқу бағдарламалары мектептiң базистiк жоспары шеңберiнде жеке эксперимент ретiнде құрылады және мектеп–шығармашылық зертханада тәжiрибеден өткiзiледi. Ол негізінен 10 суретте көрсетілгендей, мектептiң шығармашылық зертханасын басқару жүйесi жүйелі түрде ұйымдастырылғанда ғана өз нәтижесін көрсететіндігіне көз жеткіздік.
10 сурет –Мектептiң шығармашылық зертханасын басқару жүйесi
Мектеп–шығармашылық зертхананың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу–тәрбие процесi жүйелi оқыту негiзiнде құрылады (құрылған эксперименттiк бағдарламаға сәйкес).
Оқу-тәрбие процесiнде мынадай операциялар жүзеге асырылады:
мұғалiмнiң талап қою деңгейiне сәйкес оқушылардың бiлiмiн жан–жақты бағалауды ескере отырып, жүйелiк оқыту технологиясының қазақстандық модификацияланған нұсқасын құрастыру (қарапайым еске түсiруден бiлiмiн басқа салаға ауыстыруға, оқушының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дейiнгi). Берiлген оқу модульдерiнiң құрылымы оқу процесiн технологизациялауға негiзделген, оқу–тәрбие процесiнiң нәтижелiлiгiне кепiлдiк бередi, әрбiр оқушының толық орта бiлiм алуына, кейбiр пәндердi жоғары деңгейде меңгеруiне және оқушылардың жекелеген пәндер бойынша ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысуларына жағдай туғызады;
оқу–тәрбие процесiнiң нәтижелерiн педогогикалық диагностика арқылы жүйеге келтiру;
оқу–тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасының дамуын зерттеу мақсатында оқушының жеке тұлғасын тұтастай жан–жақты зертеудi ұйымдастыру (таным процесiнiң ерекшелiктерi мен жеке тұлғаның негiзгi қасиеттерi);
жеке тұлғаның рухани және эстетикалық дамуына бағытталған оқушылардың iс-әрекетiнiң жүйесiн құру (қосымша қызмет көрсету арқылы) (11-12 суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |