Зерттеу міндеттері: «шығармашылық», «қабілет», «модуль», «интерактив» ұғымдарының мәні мен ара жігін ашу;
оқыту процесiн гуманизациялау негізінде оқушының шығармашылығын дамытудың шарттары мен көрсеткіштерін айқындау;
интерактивтік модульдік оқыту технологиясы арқылы оқушының шығармашылығын дамыту жүйесін жасау;
оқыту процесiн гуманизациялау қағидасына сүйенiп, оқушының шығармашылығын дамыту жөнiндегi әдістемелік ұсыным жасау.
Зерттеудiң жетекшi идеясы:оқу процесін гуманизациялаудың басты құралы ретінде жеке тұлғаға бағытталанған интерактивтік технологияны пайдалану оқушы шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады.
Зерттеудiң теориялық және әдіснамалық негiзi: жеке тұлғаның дамуы туралы, оның қоршаған ортамен, топпен қарым-қатынасы; оқу процесіндегі жеке тұлғаға бағытталған жүйелі іс-әрекет және оқу процесін гуманизациялау арқылы оқушының құқығын мойындау; жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы оқушының шығармашылығын дамытуға қатысты тұлғалық, қарекеттiк, танымдық теориялар.