Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет15/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

26
Ораза
оразаның басқа күндерде қазасын ұстау және 
кәффаратын өтеу де парыз оразаға жатады.
2. Уәжіп оразалар: Бір нәрсеге аталған ораза 
мен бұзылған нәпіл оразалардың қазасын ұстау 
уәжіп.
3. Сүннет оразалар: Мухаррам айының тоғы-
зыншы және оныншы немесе он бірінші күндері 
ораза ұстау сүннет.
4. Мұстахаб оразалар: Қамари айлардың (ай 
күнтізбесі бойынша) он үш, он төрт және он бе-
сінші күндері аптаның дүйсенбі және бейсенбі 
күндері және Рамазаннан кейін Шәууәл айында 
алты күн ораза ұстау – мұстахаб.
5. Мәкруһ болып есептелетін оразалар: Әр 
Мухаррам айының тек қана оныншы күні, тек қана 
жұма немесе сенбі күндерінде ораза ұстау мәкруһ.
6. Ораза ұстау харам болып есептелетін күн-
дер: Рамазан айтының бірінші күні мен Құрбан 
айтының төрт күнінде ораза ұстау – харам. Өйткені, 
айт Аллаһтың құлдарына деген сый-сияпат күндері. 
Аллаһтың сый-сияпатынан бас тартуға болмайды.
раМазаН ОразаСЫН БаСқа УақЫтта 
ҰСтаУҒа рҰқСат етІЛГеН ЖаҒдайЛар
Рамазан айында себепсіз ораза ұстамау әрі күнә, 
әрі жазасы ауыр. Бірақ кімде-кім төмендегідей 
жағдайларда болса Рамазан оразасын ұстамаса 
болады немесе бастаған оразасын бұзуына рұқсат.


27
Ораза
1) ауру: Ауру адам ораза ұстаған жағдайда 
ауруының ұзақ созылып кетуіне байланысты 
қорықса, ораза ұстамаса да болады. Денсаулығы 
жақсарғаннан кейін ұстамаған оразаларының 
қазасын өтейді.
2) Сапарда болу: Рамазан айында ең аз дегенде 
90 шақырым қашықтыққа жолға шыққан жолау-
шы ораза ұстамаса болады. Сапар аяқталуымен 
оразаларының қазасын ұстайды. Ораза ұстау 
қиындық туғызбаса, жолаушының ораза ұстағаны 
әлде қайда жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет