Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

23
Ораза
түрде балаларды бірте-бірте оразаға үйреткен 
жөн.
Әйелдер етеккір кезінде және нифастағы 
(босанған) әйел осы күндері біткенше ораза 
ұстамайды, намаз оқымайды. Бұл жағдайлар 
біткеннен кейін ұстай алмаған оразаның қазасын 
өтеп береді. Яғни қанша күн ұстамаса, сонша 
күн қазасын өтейді. Бірақ намаздардың қазасын 
оқымайды.
СӘреСІ МеН аУЫзаШардЫҢ МаҢЫзЫ
Сәресіге тұрып, тамақ жеу үлкен сауапты іс. 
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.): 
«Сәресіде тамақ 
жеңдер, өйткені сәресі тамағында берекет бар»
де-
ген 
(Риядус Салихин, ІІ том 495 б.)
. Сәресіде тамақ жеу 
ораза ұстауға күш береді. Дұғаның қабыл болатын 
уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған 
адам тілектерін айтып дұға етіп Аллаһ Тағаладан 
күнәларының кешірілуін сұрау керек.
Ораза ғибадатын бітіріп, ауызашар уақытына 
жеткен адам одан да көп бақытқа, қуанышқа 
кенеледі. Ұстаған оразасының сыйын алу үшін 
қиямет күні Аллаһтың алдына барған кезде одан да 
үлкен қуанышқа кенеледі.
Осы турасында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бы-
лай дейді: 
«Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі 
– ауыз ашқан уақытта, екіншісі Аллаһқа қауышқан 
уақытта»
(Әт Тарғиб уәт Тарһиб, ІІ том 81 б.)
. Сонымен 


24
Ораза
қатар Пайғамбарымыз ауызашар уақытындағы 
дұғалардың кері қайтарылмайтындығын, Аллаһ та-
рапынан қабыл болатынын айтқан.
ауызашар дұғасы
Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә 
әмәнту уә аләйкә тәуәккәлту уә ала ризқикә әфтарту 
уә саумәл ғади мин шәһри рамаданә нәуәйту. 
Фағфирли мә қаддамту уә мә аххәрту».
Мағынасы: «Ей, Аллаһ, сенің ризалығың 
үшін ораза ұстадым. Саған сендім, саған тәуекел 
еттім, сенің ризығыңмен оразамды аштым. Рама-
зан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді 
менің өткендегі және келешектегі күнәларымды 
кеше гөр!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет