22
Ораза
қатынаста болмау деген сөз. Рамазан айы кей жыл-
дары 29 күн, ал кейбір жылдары 30 күн болады.
Рамазан айы 29 күн болған кезде де толық болып
есептеледі. Өйткені, парыз болған нәрсе сол айда
толығымен ораза ұстау. Сүйікті
Пайғамбарымыз
(с.а.у.) тоғыз мәрте Рамазан оразасын тұтқан.
Бұл Рамазандардың төртеуі 29, ал бесеуі 30 күн
болған.
Жаратқан Аллаһ былай дейді:
«Әй, иман
келтіргендер! Ораза сендерден бұрынғыларға парыз
қылынғандай Аллаһқа қарсы келуден сақ болатын
шығарсыңдар деп санаулы күндерде сендерге де па-
рыз етілді...»
(Бақара сүресі, 183-184 аяттар)
.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы парызды
орындағандардың
сыйы жайында мынадай хабар
береді:
«Кімде-кім сене отырып, сауабын Аллаһтан күтіп
Рамазан оразасын тұтса, өткен күнәлары кешіріледі»
(Риядус Салихин, ІІ том 489 б.).
раМазаН ОразаСЫ кІМдерГе парЫз?
Ораза парыз болуы үшін
мынадай шарттар
орындалуы тиіс:
1) Мұсылман болу.
2) Ақыл есі дұрыс болу.
3) Балиғатқа жеткен болу.
Балиғат жасына жеткен, ақыл есі дұрыс әрбір
мұсылман ер-әйелге Рамазан айында ораза ұстау –
парыз. Бұл Аллаһ Тағаланың әмірі. Жас балаларға
ораза ұстау парыз емес. Бірақ зиян келтірмейтіндей