Ораза зекет Садақа



Pdf көрінісі
бет16/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#82853
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
ОРАЗА ЗЕКЕТ САДАҚА

3) қауіп төнген жағдайда: Өлімге душар 
ететін жағдайда немесе денесіне зиян келтіріліп 
қорқытылған кісі оразасын бұза алады. Бұзған 
оразасын кейін ұстайды.
4) аяғы ауыр немесе бала емізген жағдайда: 
Аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел кісі ораза 
ұстаған жағдайда өзіне және балаға зиян келуінен 
қауіптенсе ораза ұстамаса болады. Осы жағдайлар 
аяқталғаннан кейін ұстай алмаған күндерінің 
қазасын тұтады.
5) қатты аштық пен шөл қысқанда: Ораза ұс-
таған адам аштықтан немесе шөл себебімен ақыл-
есінен айырылып қалудан, яки денсаулығына 
зақым келуінен қорықса, оразасын бұзуына бола-
ды. Кейін қазасын ұстайды.
6) қартайған кісі немесе күш-қуаты әлсіре-
гендер: Денесі күннен күнге шөгіп, қуаты қайтқан, 


28
Ораза
оразаға шыдай алмайтындай әбден қартайған адам 
ораза ұстамаса болады. Мұндай адамдар кейін де 
оразасының қазаларын ұстай алмайтындықтан әр 
күннің оразасының орнына фидия береді.
ФидиЯ
Ораза ұстауға күші жетпейтін, күш-қуаты 
кетіп әбден қартайған адамдар мен үмітсіз ауру-
лар Рамазан айының әр күні үшін фидия береді. 
Фидияның құны пітір сияқты. Бұл фидияны Ра-
мазан айының басында да, ортасында да, аяғында 
да беруге болады. Қаласа фидияның бәрін бір 
кедейге жинап береді немесе жағдайы жоқтарға 
берсе болады. Мұндай жағдайдағы адамдар фи-
дия беруге дәрмені жетпесе Аллаһтан кешірім 
сұрайды. Ал ораза ұстауға әлі жетпейтін қариялар 
мен үмітсіз аурулар келешекте ораза ұстай ала-
тындай денсаулығы жақсарса, ұстай алмаған 
оразаларының қазасын өтеулері керек. Күш-қуаты 
жететін кісінің алдындағы берген фидияларының 
үкімі есептелмейді, нәпіл садақалары сияқты бо-
лып қалады.
раМазаНда СеБепСІз Ораза ҰСтаМаУ-
дЫҢ ҮкІМІ
Рамазан айында ораза ұстау – Аллаһ Тағаланың 
әмірі. Мұсылмандарға бұл әмірге бойұсыну парыз. 
Егер әлдебір мұсылман себепсіз Рамазан айында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет