Оразаның 10 күні қалды. Бұл күндерді қалай өткізуге арналған 10 кеңес Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. Соңғы күні – 20 сәуір


Қадыр түнін қайда өткізуге болады?



бет5/6
Дата12.05.2023
өлшемі37,48 Kb.
#92058
1   2   3   4   5   6
Қадыр түнін қайда өткізуге болады?
Бұл түнді үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады. Қадыр түнінде намаз, Құран оқылады. Сонымен қатар, болашаққа жоспарлар құрылады, өткен істері үшін кешірім сұралады.

23 наурызда басталған Рамазан айы он күннен кейін аяқталады. Осы орайда Қазақстан мұслмандары діни басқармасы оразаның соңғы күндерін пайдалы өткізудің жолдарын айтты


Сүйікті сериалды өшіру
Бәлкім, Рамазан айының басында-ақ көгілдір экраннан бас тартуды жоспарлаған боларсыз. Егер ол жоспарыңызда болмаса, онда Рамазан айының соңғы он күні – теледидар пультін алыстау жерге қойып қоюдың ең тиімді кезі.
Интернетті өшіру
Қасиетті айдың 21-күні келгенше бар уақытымызды интернетте құр жібергсек, нағыз қылмыс жасаған боламыз. Интернеттен бас тарта алмайтын болсаңыз, модеміңіз, тіпті ұялы телефоныңыз да пульттің жанынан орын тепсін.
Бас қосуларды қысқарту
Рамазан айының соңғы күндері оңашалануды талап етеді. Таңнан кешке дейін мешітте отырып құлшылық жасауға әркімнің жағдайы келе бермесі айдан анық. Алайда әрқайсымыздың бос сөзден, талас-тартыстан, ауызашардан басталып бірнеше сағаттарға созылған кездесулерден, таңға дейін әңгіме-дүкен құрып отырудан тыйылуға ерік-жігеріміз жетеді. Рамазан айының соңғы он күні он түрлі алтын жамбы іспетті. Ендеше, бір шыны шәй үшін алтын жамбыдан айырылып қалмайық.
Құлшылықты арттыру
Рамазан айының аяғында көпшілігіміз шаршаңқырап қаламыз. Бәлкім, бұл әлсіздікке себеп болған режимнің бұзылуы мен аштық сезімдері болар. Қалай болғанда да, біздің ықыласымыз әлсірейді, бірақ оған жол беруге болмайды. Рамазан айының 20-түні тарауық намазын оқыған жанға берілер сыйлықты естеріңізге салайық па? Жоқ, әлде 29-шы түнгі сауапты айтайық па? Есіңізге алар болсаңыз, қалай жайнамаз үстінде тұрғаныңызды аңғармай қаларсыз.
Үй шаруасын жеңілдету
Бұл айдың соңғы күндеріндегі ең тиімсіз тірлік – үйіңізге тазалық жасау, яғни бір қолыңызбен төбені әктеп, бір жақтан кілем жуу. Негізінде, үйдің ауасын жаңартып, үйге мерекелік атмосфераны Рамазан айы кірмес бұрын жасауға тиіспіз. Егер дәл уақытында жасап үлгермей қалған болсаңыз, барынша жеңілін таңдаңыз: айт күнінің алдында үйді тазалап, мерекелік әшекейлер іліп қойыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет