Оразаның 10 күні қалды. Бұл күндерді қалай өткізуге арналған 10 кеңес Биыл Рамазан айы 29 күнге созылады. Соңғы күні – 20 сәуір



бет6/6
Дата12.05.2023
өлшемі37,48 Kb.
#92058
1   2   3   4   5   6
Дүкенде кезекте тұрмау
Айт күндері отбасымызды, жақындарымызды қуантуға асыққанды жақсы көреміз. Алайда, сыйлық аламын деп асыра сілтеудің қажеті шамалы. Ораза айты – бұл әдемі сыйлық беруден жарыс күні емес, қуанышты бөлісу, махаббатты жеткізудің бір жолы, мүмкіндігі. Берекелі дастархан, кішігірім естелік сыйлықтар, жайлы атмосфера меркені сезінуге таптырмас құрал болмақ.
Ысырап жасаудан бас тарту
Мұсылман әйелдерге беретін тағы бір маңызды кеңес. Айт күніне екі-үш күн қалғанда, тіпті бір апта қалғанда азық-түлік тізімін жасауды бастаңыз. Бұл жақсы. Дегенмен, ең бастысы аспаздық шабытымыз шегінен шығып кетпеуін қадағалаған жөн.
Кешірім сұрау
Енді жан дүниеміз жайлы сөз қозғайық. Рамазан бойы кешірім сұрауым керек, туыстармен қарым-қатынасты жақсарту керек, отбасылық өміріме жылулықты қайтаруым керек деп ойлап жүрген боларсыз. Қасиетті айдың соңғы он күні осы ойлардың жүзеге асуына таптырмайтын сәт. Ата-анаңыздан, жолдасыңыздан, аға-бауыр, таныстарыңыздан, Жаратушыдан кешірім сұраңыз. Өзіңіз де сізді ашық әрі жасырын түрде ренжіткен жандар болса, кешіріңіз.
Мақсаттарды жүзеге асыру
Рамазан айының басында алға мақсат қойғаныңыз белгілі: Құран оқуды бастау, нәпіл намаздар оқу, уәдеге берік болу, күнде ата-анаңызға хабарласу және тағы басқа. Рамазан айында мақсатыңызға жетудің қадамын жасамаған болсаңыз, қасиетті айдың берекеті бізді тастап кетпей тұрып, соңғы он күнінде бастаңыз. Бір қадам жасар болсаңыз, Жаратушы мәреге жетуге жәрдем береді.
Дұға тілеу
Ең соңғы күнге дейін, сағатқа, тіпті минутқа дейін Алла Тағаладан жүрегімізді мазалаған уайымымызды жеңілдет деп, Өзіне апарар жолды көрсетуін, күнәмізді кешіріп, жақындарымызды жәннатпен сүйіншілеуін сұрауға тиіспіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет