Оразбекова Маншук Сатыпалдиновна 0304000 «Стоматология» мамандығының 030402 «Дантист» біліктілігі бойынша оқу-жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған



бет3/31
Дата25.11.2023
өлшемі109,67 Kb.
#125855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
2.3 Пәнді оқытудың мақсаты :
- Адам денесінің құрылысын, оны құрайтын жүйені, мүшелерінің жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктерін, мүшелердің анатомо-топографиялық қарым-қатынасын есепке ала отырып оқу және практикада қолдана білу.
- Адам денесін құрайтын жасушалары, тіндері, мүшелері және жүйелерінің жасқа, жынысқа байланысты жəне жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қызметін оқу және алған білімдерін клиникалық пәндерде қолдана білу.
2.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
Оқытушылар басшылығымен жүргізілетін студенттердің білім алуға өзіндік аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарында пәннің негізгі мақсатында жаңа оқыту әдістемесі байқалады. Анатомия, физиология пәнінің әрбір тақырыбын оқу барысында студент тақырыптың сипаттамасы мен соңғы өнімді алуға дейінгі материалмен толық таныс бола алады. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы құрал-жабдықтар, плакаттармен, планшеттермен, муляждармен жабдықталған аудиторияларда жүргізіледі.
2.5 Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:
Студент білуі тиіс:
Болашақ мамандығына пәннің атқаратын міндеттері мен мақсаттарына түсініктеме береді. Латын тілінде халықаралық анатомиялық номенклатураны баяндайды. Физиологиялық ерекшеліктеріне түсініктеме бере алады.
Жасай алуы тиіс:
Анатомиялық модельдерден бассүйек, тұлға және қол-аяқ сүйектерінің ерекше өзгешеліктерін көрсетеді. Сүйектердің байланыстарының құрылымдық элементтерін тауып, ажыратады. Бас және мойын,тұлға,қол-аяқ бұлшықеттерін , ас қорыту,тыныс алу, несеп-жыныс, нерв, тамыр,иммундық , эндокриндік жүйелер мүшелерін , жұлын және мидың бөлімдерін анатомиялық модельдер мен ылғалды препараттардан көрсетеді.
Дағдыларды игеруі тиіс:
Организм жүйелері және мүшелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары жайлы ақпаратты құрастыруға қабілетті, олардың маңыздылығын бағалап, реферат, презентация, жоба құрастырып, тәжірибелік сабақтарда, студенттік үйірмелердің отырыстарында,студенттердің ғылыми конференцияларында талқыға салып,өз пікірін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет