Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан



бет12/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ЖИНАҚ

Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар
Оқу мақсаты: 3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерий:
• Қышқылдарды жіктейді
• Қышқылдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін құрастырады

Ойлау деңгейі: түсіну, қолдану
Қышқылдар деп сутек атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттарды айтады. Қышқылдар құрамына қарай оттекті, оттексіз; сутек атомдарының санына байланысты бірнегізді, екінегізді, үшнегізді деп жіктелінеді. Оттексіз қышқылдарды алу үшін сутекті сәйкес бейметалдармен, ал оттекті қышқылдарды олардың сәйкес оксидтерін сумен әрекеттестіріп алады.
Тапсырма 1.
Кестеде қандай қышқылдар туралы айтылғанын анықтап, сәйкес формуласын, қышқыл атауын жазыңыз.

Қышқылдың формуласы

Қышқылдың атауы

Оттекті қышқыл

Оттексіз қышқыл

Бір негізді қышқыл

Екі негізді қышқыл

Үш н
Негізді қышқыл

НСІ



















H2SO3



















H3PO4



















HNO3



















H2CO3



















H2S



















[4]
Дескриптор :
- Қышқылдарды жіктейді

Тапсырма 2.
Бес пробиркаға: литий хлориді, су, барий гидроксиді, азот қышқылы,
натрий гидроксиді ерітінділері әр түрлі реттілікпен құйылған. Лакмус ерітіндісі
көмегімен қандай нөмірлі пробиркаға азот қышқылы құйылғанын қалай
анықтауға болады?
[2]
Дескриптор:
- қышқылды индикатор көмегімен анықтайды;
Тапсырма 3 .
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін
құрастырыңыз. Ол үшін бастапқы реагенттер орнына тиісті формулаларды
қойып реакция теңдеуін аяқтаңыз және теңестіріңіз

______________ +___________ =H2 + CaCI2



______________ +___________ =H2O + NaNO3

______________ +___________ =H2O + Li2 SO

______________ +___________ =H2O + КNO3 + СО2

______________ +___________ =H2O + КСІ + СО2

[4]
Дескриптор:
- Қышқылдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін құрастырады;;
- химиялық реакция теңдеулерін теңестіреді
Сабақтың тақырыбы: Негіздер
Оқу мақсаты: 8.3.4.9 –негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийі:
негіздерді жіктейді
• негіздерді химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция
теңдеулерін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну, қолдану
Негіздер деп құрамына бір немесе бірнеше гидросотоптармен (ОН) байланықан металл атомдары кіретін күрделі заттарды айтады. Негіздердің екінші атауы – гидроксидтер. Негіздердің атын құрастырғанда негіз құрамына кіретін металдың аты мен «гидроксид» сөзін тіркеп жазады. Металл валенттілігі ауыпалы болса, оны металл атынан кейін жақшаның ішіне көрсетіп қояды: Fe(OH)2 темір (ІІ) гидроксиді, Fe(OH)3 темір (ІІІ) гидроксиді. Судағы ерігіштігіне қарай негіздер еритін және ерімейтін болып жәктеледі. Екідайлы негіздер де ерімейтін негіздерге жатады. Еритін негіздер сілтілер деп аталады. Сілтілерді алу үшін металды немесе оның оксидін сумен ірекеттестіреді. Ерімейтін негіздерді алу үшін қажетті металдың тұзы мен сілтіні әрекеттестіру керек. Реакция нәтижесінде негіз түзіліп, тұнбаға түседі.

Тапсырма 1. Суда еритін, суда ерімейтін және екідайлы (амфотерлі) негіздерді жіктеп жазыңдар.
Ca(OH)2 , Mg(OH)2 , Fe(OH)2 , NaOH , Cu(OH)2 KOH , LiOH, Al(OH)3 Zn(OH)2 , Sn(OH)2 , Sr(OH)2 , Fe(OH)3 , Bi(OH)3

Суда еритін негіздер (сілтілер)

Суда ерімейтін негіздер

Екідайлы (амфотерлі) негіздер










[4]
Дескриптор:
• негіздерді жіктейді
Тапсырма 2.
Қолбаға натрий металының бір кесегін салып, үстіне
100 мл су құямыз.
Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.
Колба ішіне әмбебап лакмус батырса, ол қандай түске өзгереді?
Себебін түсіндіріңіз. [6]
Дескриптор:
- қышқылды индикатор көмегімен анықтайды;
Сабақтың тақырыбы: Тұздар
Оқу мақсаты: 8.3.4.10 Тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
Бағалау критерийі:
• Тұздардың алыну әдістеріне сәйкес реакция теңдеулерін құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Тұздар – металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Бейтараптану реакциясына қатысатын қышқыл мен негіз мөлшеріне байланысты орта, қышқылдық және негіздік тұздар түзіледі. Орта тұздар деп қышқыл құрамындағы сутегі атомдары металл атомдарымен толық алмасқан тұздарды айтады. Орта тұздарды барлық қышқылдар түзеді. Қышқыл молекуласындағы сутек атомдары металл атомымен толық алмаспаған өнім қышқылдық тұздар деп аталады. Қышқылдық тұздарды екі, үш негізді қышқылдар түзеді. Негіздік тұздардың құрамында металл атомы, қышқыл қалдығы және гидроксил топтары болады. Негіздік тұздарды екі және үш валентті металдардың гидроксидтері түзеді.
Тапсырма Сәйкес реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет