Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі педагогикалық-Әдістемелік кабинет химия пәнінен 8-9 сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы темірлан



бет14/28
Дата06.04.2023
өлшемі1,21 Mb.
#79919
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Тапсырма 1.
Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз


Дескриптор
− металдың оттегімен реакция теңдеуін жазады; [2]
− бейметалдың оттегімен реакция теңдеуін жазады; ; [2]
− күрделі заттардың сумен реакция теңдеулерін жазады; ; [3]
− тізбек соңында түзілетін затты анықтайды ; [3]

Сабақтың тақырыбы:Электролиттер мен бейэлектролиттер
Оқу мақсаты: 9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
Бағалау критерийі:

  • Электролиттердің анықтамасын біледі;

  • Оларға мысалдар келтіре алады;

  • Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері үшін диссоциациялану үдерісінің реакция теңдеулерін құрастырады;

Ойлау деңгейі: білу, түсіну
Ерітінділері мен балқымаларының электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар мен электролиттер және бейэлектролиттер деп жіктеледі. Суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар электролиттер деп аталады. Оларға сілті, тұз және қышқыл ерітінділері жатады.
Судағы ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар бейэлектролиттер деп аталады. Бейэлектролиттерге органикалық заттар, газдар, аз еритін заттар жатады. Электролиттердің иондарға ыдырауы электролиттік диссоциациялану деп аталады.
Тапсырма 1.
Келесі электролиттердің диссоциациялану теңдеуін жаз.
AƖ(NO3) ↔ _________ + _________
H2SO4 ↔ _________ + _________
FeCl3 ↔ _________ + _________
NaH2PO4 ↔ _________ + _________ [4]


Дескрипторлар

  • Алюминий нитратының диссоциациялану теңдеуін жазды;

  • Күкірт қышқылының диссоциациялану теңдеуін жазды;

  • Темір хлоридінің диссоциациялану теңдеуін жазды;

  • Натрий дигидрофосфатының диссоциациялану теңдеуін жазды;

Тапсырма 2.
Электролиттерді табыңыз

Натрий йодінің балқымасы

Спирт

Тұз қышқылы

Глюкоза

Дистилденген су

Құрғақ калий хлориді

Ас тұзының ерітіндісі

сахароза

[4]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет