156
Грамматикалық мағына
– тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз
тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына.
Грамматикалық категория
– мағынасы біртиптес грамматикалық
тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық форма
– грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін
білдіретін тілдік белгі.
Гримм заңы – үндіеуропалық және германдық шуыл дыбыстардың 1818 ж.
Р.Раск ашқан, 1822 жылы Я.Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі.
Генеалогиялық топтастыру –
тілдердің туыстығына, шығу тегіне қарай
топтастырылуы.Әрбір тіл семьясы бір ата тілден тараған диалектілердің
негізінде пайда болған.
Грамматика
– тіл құрылысы, яғни морфологиялық категориялар мен
формалардан, синтаксистік категориялар мен конструкциялардан, сөзжасам
тәсілдерінен туратын тіл жүйесі. Тіл құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір
саласы.
Достарыңызбен бөлісу: