Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Pdf көрінісі
бет111/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133
 
Диалект – 
біртұтас жүйенің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) 
ерекшелігімен сипатталатын тілдің территориялық немесе әлеуметтік бір түрі.
Диалектологиялық атлас -
тілді лингвистикалық география әдісімен
зерттеу нәтижесінде жасалған карталар жиынтығы. ХХ ғ. ІІ-жарт. «Жалпы 
славян тілдерінің атласын», «Еуропа лингвистикалық атласын», «КСРО-дағы 
түркі тілдерінің диалектологиялық атласын» жасау жұмысы басталып
алғашқы түрлері жарық көрді.
Диалектологиялық карта – 
белгілі бір тілдің говорлары мен 
диалектілерінің, жеке диалектілік құбылыстардың таралу сипаты белгіленіп 
көрсетілетін карта.
 
Ежелгі грек тіл білімі
– Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Европа 
тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Ежелгі грек тіл 
білімі филологиялық және философиялық кезеңге бөлінеді.
Екпін
– сөз ішіндегі бір буынның айтылуда күшті, көтеріңкі естілуі. 
Етістік
– шақтық, жақтық, райлық қарым-қатынаста заттың қимылын, жай-
күйін білдіретін сөз табы. 
Етістіктің аналитикалық формасы
– сыңарларының бірі негізгі етістіктен
екіншісі көмекші етістіктен жасалып, грамматикалық мағына білдіретін етістік 
тіркесі.
Жасанды тілдер
– белгілі бір қоғамдық салада табиғи тілдерді қолдану тиімсіз 
немесе мүмкін болмаған жағдайда жұмсалатын, қолдан жасалған ұлтаралық
халықаралық қатынас құралы.
Калькалау
– басқа тілдің лексика-семантикалық, лексика-синтаксистік 
үлгілерін қабылдау рақылы жаңа сөздер, жаңа синтаксистік құрылымдар 
жасау.
Кеңестік тіл білімі
– Кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан тіл білімі. Кеңес 
тіл білімі бірыңғай методологияға – диалектикалық материализмге негізделеді.
Когнитивті тіл білімі
– табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей 
шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. 


158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет