70
байланысқан сөйлемдердің
бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән
сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы» (8,
54). Сонымен, мәтін - автордың интенциясына сәйкес белгілі бір
коммуникативті мақсатты жүзеге асыратын, иерархиялы-семантикалық
құрылымға негізделген күрделі мазмұнды тұтастық.
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Гальперин, С.
Гиндин, З.Тураева, Л.Бабенко, А.Залевская, Г.Солганик, Ю.Левицкий, Л.
Поповская сынды ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Зерттеу еңбектерінде
мәтіндегі автордың интенциясы мен прагматикасы, мәтін түзімдегі
лексикалық, морфологиялық және синтаксистік
деңгей бірліктерінің қызметі,
мәтін құрылымы, тілдік бірліктердің жұмсалымдық қызметі, мәтін
типологиясы мәселелері қарастырылады.
Қазақ тіл білімінде мәтінтану мәселесіне қатысты зерттеулер өз негізін А.
Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен алады. Бұл туралы Б.Шалабай мынадай
пікір айтады: «А.Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап,
сөйлеудің
бірлігіне жатқызады. А.Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін
мазмұнының үш мүшеден, яғни
аңдату, мазмұндау, қорытындыдан
тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ, мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз
болатынын, айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі
болып айтты» (9, 24).
Қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасы
теориясына қатысты академик
Р.Сыздық, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, З.Ерназарова, Г.Әзімжанова, Д.Әлкебаевалардың,
газет мәтінін қарастырған Б.Момынова, Қ.Есеновалардың; көркем мәтінді жеке
зерттеу нысаны ретінде С.Құнанбаева, Ж.Қайшығұловалардың жүргізген
ғылыми зерттеулерін айта аламыз. Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы
ғылым саласы ретінде академик Р.Сыздықованың еңбектерінен бастау алады.
Атап айтқанда, «Абай шығармаларының тілі», «ХҮ-ХІХ ғасырдағы қазақ
әдеби тілінің тарихы», «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар
жинағы», «Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі», «Абайдың сөз өрнегі»,
«Жазушы және сөз мәдениеті», «Сөз құдіреті» атты іргелі зерттеулерінде мәтін
тілінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін сөз етеді.
Сөйлеу
формасына қарай мәтіннің
ауызша
және
жазбаша
түрі
көрсетіледі. Жазбаша мәтін алдын-ала ұйымдастырылған, көру әрекеті
арқылы қабылданатын, қабылдаушы жақтың қатысуынсыз жүзеге асады.
Ауызша мәтін тыңдау әрекеті арқылы қабылдауға негізделетіндіктен,
түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі, сөйлеушінің сөйлеу үдерісіндегі
қолданылатын ым-ишарат
белгілерінің тыңдаушыға әсері, тыңдаушының
әңгімеге араласуы сияқты тілдік белгілерін атап өтуге болады.