Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері



Pdf көрінісі
бет41/133
Дата27.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#110758
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   133
Байланысты:
Тіл біліміне кіріспе Ордабекова Х. Оқу құралы

2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.
Сөз тіркесі 
құрамындағы сөздер бір-бірімен өзара мағыналық және синтаксистік 
байланысқа түсуі қажет. Сөздердің синтаксистік байланысы аналитикалық 
және синтетикалық тәсілдерге негізделеді. Сөздер аналитикалық тәсіл арқылы 
байланысқанда ешбір қосымшаның жалғануын қажет етпейді, сөз тіркесі 
құрамындағы сөздер 
орын тәртібі, интонация
арқылы байланысады. Сөздер 
интонация арқылы байланысқанда дауыс ырғағы мен әуеніне ерекше назар 
аударылады. «
Зере сабақ басталар күнді асыға күтті»
деген сөйлемнің мәнін 
айқын түсіну үшін дауыс екпінін дұрыс қою керек. Ал орын тәртібі арқылы 
байланысқа түскен сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орын тәртібі қатаң 
сақталады. 
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің негізін құрайтын басыңқы сыңардың 
мағыналық қасиетіне қарай топтастыруда ерекшеліктер бар. Мәселен, 
К.Аханов, М.Серғалиев 
есімді сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері 
және
 
үстеулі сөз тіркестері
деп жіктесе, М.Балақаев, Т.Сайрамбаев 
есімді сөз 
тіркестері, етістікті сөз тіркестері 
және
 ортақ басыңқы сөз тіркестері
деп 
көрсетеді. М.Балақаевтың пікірінше, ортақ басыңқы сөз тіркестері есім сөзбен 
көмекші етістіктің табыс септікті сөзді меңгерген түріне тән (3,591). Мысалы: 
сабақты жақсы береді, өткен өмірін еске түсірді т.б. М.Балақаев сөз тіркесінің 
құрылымдық типологиясын жасауда зат есім мен етістіктің алатын орны 
ерекше деп көрсетеді. Басыңқы сыңары зат есім мен етістіктен болған сөздер 
бағыныңқы сыңардағы сөздермен тіркес құрауында белгілі бір заңдылыққа 
сүйенеді. Етістік қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөз табы ретінде өзінің лексика-
грамматикалық және жалпы категориалдық мағынасына қарай зат есім, үстеу, 
еліктеуіш сөздер мен көсемше формалы сөздермен тіркеседі. Сол себепті 
етістікті немесе есімді сөз тіркестері болсын, ең алдымен, сөздердің 
грамматикалық сипатына қарай, мағынаның жақындығы мен ортақтығына 
қарай әртүрлі тәсілдер арқылы байланысқа түседі.
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім мен 
есімдіктерден құралады. Есімді сөз тіркестері сөз таптарымен үш түрлі 
құрамда тіркесім құрай алады:
1)түрлі сөз таптарының тіркесі арқылы: кең үй, тоғыз студент т.б. 
2)бір сөз табына кіретін сөздердің тіркесі арқылы: темір күрек, бұл өзі т.б. 


68 
3)бір сөздің қайталануы арқылы: даңқымен даңқты, пысықтың пысығы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет