87
VII Үндіеуропа тілдер семьясындағы ешбір тілдер тобына енбейтін жеке
тілдер:
Орал семьясына жататын фин тобындағы тілдер мен сол тілдерде
сөйлейтін халықтарсаны:
Эстондар - 1 миллион 27 мың адам
ижорлар - 800 адам
карельдер - 131 мың адам
комилер - 345 мың адам
коми- пермяктар - 152 мың адам
марилер - 671 мың адам
мордвалар -115 мың адам
удмурттар -747 мың адам
финдер - 67 мың
вепсилер - 13 мың адам
Грек тілі
– тарихы
өте
ерте заманннан
басталады. Қазіргі
дүниежүзінде
12
миллионнан астам
грек бар. Оның 9
миллион
халқы
Грецияда тұрады.
Жарты
миллион
халқы
Кипрде;
ТМД елдерінде340
мың, Турцияда 100
мың, АҚШ-та 500
мыңнан астам грек
бар.
Армян
тілі
–
Үндіевропа
әдеби
тілдері
ішіндегі
ежелгі
тілдердің
бірі.
Генетикалық
тұрғыдан қарағанда
армян тілі грек, үнді
иран
тілдерімен
жақын.
Армян
жазуы
біздің жыл
санауымыздан бергі
393 – 406 жылдар
аралығында
грек,
сирия
үлгілерінде
негізінде жазылған.
Армянның
оригинал
жазуын
құрастырған
–
ағартушы
эпис
Месроп Маштоц.
Албан
тілі
–ерте
кездегі үндіевропа
диалектілерінің бірі.
Албан тілінде жазу
XVI-XVII
ғасыр
латын,грек
графикасы негізінде
қалыптасқан,бірақ
дәстүрлі
жазуға
айнала
алмаған.
Албан
халқыны
саны 4
миллионнан
асады.
89
2.3 Әлем тілдерінің типологиялық жіктелімі
Жоспар:
1Тілдердің типологиялық жіктелімі және оның түрлері.
2 Тілдердің типологиялық жіктелімін түзуші ғалымдар.
3 Түбір типті тілдер жүйесі.
4 Флективті типті тілдер жүйесі.
5 Агглютинативті типті тілдер жүйесі.
6 Инкорпаративті типті тілдер жүйесі.
1 Тілдердің типологиялық жіктелімі және түрлері.
Тіл
туралы
ғылымның тілдердің құрылымы мен құрылысын зерттейтін саласы
типологиялық тіл білімі деп аталады. Типологиялық тіл білімі туыс және туыс
емес тілдердің грамматикалық жүйесіндегі сәйкестіктер мен ерекшеліктерді
зерттеу пәнінің негізі ретінде қарастырады. Мәселен, фонологиялық типология
тілдің фонетикалық құрылысы мен фонемалардың қызметін, буын, екпін және
интонация мәселелерін қарастырады.
Тілдердің типологиялық классификациясын морфологиялық классификация
деп те атайды. Морфологиялық классификация тілтаным жүйесінде жан-жақты
қарастырылған сала болып табылады. Ал морфологияның негізгі нысаны − сөз
құрамы мен құрылымы, сөздің түрлену және өзгеру жүйесі. Мәселен, тіл-тілде
кездесетін морфеманың түрлері мен атқаратын қызметі,
олардың жалғану
тәртібі, инфикс және префикс тәсілінің түркі тілдері жүйесінде кездеспеуі,
керісінше, конфикс, трансфикс тәсілдерінің семит тілдері жүйесіне тән болуы
секілді
ерекшеліктер
негізге
алынады.
Осындай
морфологиялық
ерекшеліктерге негізделген тілдер жіктелімі морфологиялық принципке
негізделеді. Тіл-тілді құрылымы мен сөз тұлғасы, құрылысы мен сөз
формасының түрлену-өзгеру амал-тәсілдеріне
қарай тип-типке бөлуді
морфологиялық немесе типологиялық классификация деп атайды.
Осы морфологиялық жіктелім бойынша әлем тілдері былайша
топтастырылады:
90
Кесте 1. Әлем тілдерінің морфологиялық классификациясы
Түбір немесе аморфтытипті тілдерге қытай-тибет семьясынан: қытай,
тай, вьетнам, лао, тибет тілдері; банту семьясынан: суахили, зулус, лингала,
субия; судан тілдерінен: шиллук, эве; бушмен тілдерінен: нарон, ауке, айкве
эскимос-алеут, малайя-полинезия тілдері енеді.
Қытай сөздері үлкен екі топқа жіктеледі:
бөлінбейтін сөздер
және
бөлінетін
сөздер.
Бөлінбейтін сөздер тобына бір буынды сөздер кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: