52
арқылы сөзжасам үлгілерінің бірі бойынша жасалып,
сөздік қорға енген
лексикалық единицалар. Қазақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге өте бай.
Туынды сөздер тобын туынды түбірден басқа сөзқосым тәсілі арқылы біріккен
сөздер, кіріккен және қысқарған сөздер құрайды. Негіз сөз бен одан жасалған
туынды
сөздің
мағына
байланыстылығы
сөзжасамдағы
негізгі
заңдылықтардың бірі. Мұндай тілдік белгі туынды сөздердің бір түрі
саналатын күрделі сөздерге де қатысты.
Туынды сөздің құрамы негізгі және көмекші морфемадан немесе екі
негізгі морфемадан құралады. Мысалы,
оқулық, дәрігер, қосақ, тұрақ,
отырыс, тыңдарман деген тілдік бірліктердің
құрамы негізгі және көмекші
морфемадан құралған. Ал,
елбасы, мұражай, саябақ, бағдаршам бірліктерінің
құрамы екі негіз морфемадан құралған. Сөзжасамның семантикалық тәсіл
арқылы туынды сөздердің құрамында өзгеріс болмайды. Мәселен,
экономикалық термин ретінде қолданысқа түскен
құн сөзі туынды сөз
саналады. Себебі құн сөзі жалпыхалықтық санада
қалыптасқан лексикалық
мағынасының үстіне жаңа ғылыми мағынаны иеленген, бірақ тұлғасында еш
өзгеріс жоқ. Сонымен қатар тіркестіру және қосарлау
тәсілі арқылы алынған
күрделі сөздер де туынды сөздерге жатады: ой-өріс, салт-дәстүр, азық-түлік,
жеміс-жидек т.б.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі туынды сөздерді өзіне сырттай ұқсас
сөзтұлғасы мен сөз тіркестерінен ажырата білуіміз керек. Тілде әр сөз
грамматикалық категория көрсеткіштері бойынша түрленіп, түрлі сөз
формаларын жасайды, сол сияқты бір түбірден өрбіген түбірлес сөздер де бар.
Осы түбірлес сөздер әртүрлі лексикалық мағынаны иеленетіндіктен,
сөйлеу
үдерісінде грамматикалық көрсеткіштер бойынша түрлене алады. Мәселен, бас
деген түбірден тараған басшы, бастық сияқты сөзжасамдық тарамдағы
түбірлес
сөздерді басшының, бастыққа, басшыны, бастықпен сияқты септік
категориясының түрлі
тұлғасында қолданылып, бағыттық, құралдық сияқты
грамматикалық мағыналарды атқарып тұр.
Күрделі сөз құрамындағы сыңарлардың лексикалық
мағыналары біріге
келіп, бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді. Мұндай күрделі сөздердің
құрамы тұрақты, тілде даяр қалпында қолданылады. Ал еркін сөз тіркесі
құрамындағы сыңарлар сөйлем құраушы жеке мүшенің
қызметін атқарып,
жеке лексикалық немесе лексика-грамматикалық мағыналарды иеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: