Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен сөзжасам тәсілдері



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
3 Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі мен сөзжасам тәсілдері. Қазақ тілінің 
сөзжасам жүйесінде қалыптасқан негізгі үш тәсілі бар: 
-синтетикалық тәсіл; 
- аналитикалық тәсіл; 
- лексика-семантикалық тәсіл. 
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы 
сөз бен сөзжасамдық жұрнақ сияқты екі тілдік бірлік қажет. Негіз сөз ‒туынды 
сөз жасауға негіз болатын лексикалық мағыналы сөз (1,204). Мысалы: аң 
‒аңшы ‒аңшылық; дәрі ‒дәрігер ‒дәріхана; біл ‒білім ‒білімпаз т.б. Осындағы 
туынды түбір мен негіз сөздің мағынасының байланыстылығы сөзжасамдық 
ұяда анық көрінеді. Бір сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да олар 
бір-бірімен семантикалық байланыста болады. Синтетикалық тәсіл арқылы 
жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөзден 
сөзжасамдық жұрнақ жалғану арқылы алынады. Демек, туынды түбір негізгі 
және көмекші морфемадан тұрады. Сөзжасамдық жұрнақтың негізгі қызметі 
‒туынды лексикалық мағына жасау. Жоғарыда көрсетілген дәрі ‒дәрігер 
‒дәріхана дегендегітуынды түбірлердің білдіретін лексикалық мағыналары 
әртүрлі. Дегенмен, сөзжасамдық жұрнақтардың ішінде сөздің лексикалық 
мағынасын түбегейлі өзгертпей, сөз мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да 
бар. Осыған орай, сөзжасамдық жұрнақтар өз ішінен екіге бөлінеді: жаңа 
лексикалық мағына тудырушы жұрнақтар және лексикалық мағынаны 
түрлендіруші жұрнақтар. Кеңес тіл білімінде сөз мағынасын түрлендіруші 
жұрнақтар «модифицирующие значение» деп аталады. Мысалы: ана ‒анажан, 
бөпе ‒бөпешім (еркелету); көл ‒көлшік, бота ‒ботақан (кішірейту) т.б. Сөз 
түбіріне жалғанған жұрнақтар өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын 
өзгертпей, оны түрлендіріп тұр.


51 
Аналитикалық тәсіл‒тіліміздің сөздік қорын күрделі сөздермен 
толықтырған өнімді тәсілдің бірі. Аналитикалық тәсіл ‒екі немесе одан да көп 
сөздердің бір-бірімен тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Соған 
орай қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің бірнеше түрі қалыптасқан: сөзқосым; 
қосарлау, тіркестіру; қысқарту (2,205). Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған 
сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады. Біріктіру тәсілі арқылы жасалған 
күрделі сөздер құрамындағы әрбір сөз тұлғалық өзгеріске ұшырамайды: 
құрбақа, әскербасы, аққу, көзәйнек, асбұршақ, егеуқұйрық, сужылан т.б. 
Мұндағы тілдік бірліктер құрамындағы сөздер дербес тұрғандағы тұлғасын 
сақтағанмен, лексикалық мағыналары өзара біріге келіп бір бүтін лексикалық 
мағынаны иеленген.
Ал кіріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздер құрамындағы тілдік бірліктер 
дыбыстық өзгеріске ұшырап, бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді: ағайын 
(аға + іні), білезік (білек + жүзік), қолғап (қол + қап), түрегел (тұра + кел), апар 
(алып + бар) т.б.
Қосарлану тәсілі ‒екі сөздің бір-бірімен қосарлана келіп, біртұтас 
мағыналы сөз жасайтын тәсілі. Мұндай сөздер қазіргі қазақ тілі жүйесінде қос 
сөздер деп аталады. Қос сөз жасау үшін оның құрамындағы сөздер бір сөз 
табынан болуы керек. Оның құрамындағы сөздер не қосарланып келуі арқылы 
жасалады: бау-бақша, жора-жолдас, үлгі-өнеге, сауыт-сайман, сән-салтанат, 
тау-тас; не қайталануы арқылы жасалады: мая-мая, ауызба-ауыз, көре-көре т.б. 
Тіркесті күрделі сөздер екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан 
жасалып, біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді. Тіркесті күрделі сөздер 
құрамындағы сөздердің құрамы тұрақты, сыңарларының орнын ауыстыруға 
болмайды. Мәселен, ауыз әдебиеті, жалаң аяқ, қызыл күрең, ала жаздай, ортан 
жілік, күлгін көк т.б.
Сөзді қысқартып, ықшамдап, айтуға жеңілдетіп қолдану тілде көне 
заманнан бар. Сөзжасамның жаңа мағына тудыру қасиеті қысқарған сөздерде 
жоқ. Дегенмен, қысқарған сөздер сөзжасамға жатады. Өйткені қысқарған 
сөздер күрделі атаудың бір нұсқасы ретінде дербес сөздің қызметін атқарады. 
Қысқарған сөздерде сөзге қойылатын барлық талаптарға, яғни дербес 
лексикалық мағынаны иеленеді, дербес сөз ретінде сөйлем ішінде жеке 
сұраққа жауап беріп, жеке сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сол себепті 
де қысқарған сөздер жеке сөз ретінде қызмет атқарады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет