Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Функционалды грамматика саласының негізгі базалық ұғымдары



Pdf көрінісі
бет71/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

3 Функционалды грамматика саласының негізгі базалық ұғымдары. 
Функционалды грамматика семантикалық категория, функционалды-
семантикалық өріс және категориялды жағдаят негізінде қарастырылады. 
Семантикалық категория.
Қазіргі тіл білімінің зерттеу нысаны тілдік 
жүйемен қатар, сөйлеу тілі фактілерін негізге алатындықтан, тілдік жүйедегі 
грамматикалық категориялар сөйлеу тілінде семантикалық категория ретінде 


112 
танылады. Лексикология саласында ұғым мен сөздің байланысы секілді,
ұғымдық категориялар мен семантикалық категориялар тығыз байланысты. 
Ұғым – логикалық категория ретінде дүние жүзі халықтарына ортақ категория 
саналады, ал оның тілдегі көрінісі әр ұлт өкілдерінде түрліше бейнеленеді. 
Сонымен, функционалды-семантикалық категория – белгілі бір семантикалық 
функцияны атқаратын әр деңгейлі тілдік құралдардың жүйесі (2, 299).
Семантикалық категориялардың құрылымдық негізін функционалды-
семантикалық өріс құрайды.
Мәселен, құрылымдық грамматикада етістікке тән шақ категориясының 
білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан толық зерттелген. Ал 
функционалды грамматикада шақ категориясы темпоралды семантикалық 
категориясын құрайды. Темпоралдық семантикалық категорияға негізделетін 
функционалды-семантикалық өріс әр деңгейге жататын, біртектес 
мағына 
білдіретін немесе біртектес семантикалық функция атқаратын тілдік 
құралдардың кешенін құрайды (2, 292).
Функционалды-семантикалық өріс. Тіл біліміндегі өріс теориясын 
қарастырған А.В.Бондарконың түсіндіруі бойынша, дәстүрлі грамматикада 
бір-біріне байланыссыз қарастырылатын түрлі тіл деңгейі бірліктері 
семантикалық ортақтығы негізінде бір өріс аясына жинақталады. Белгілі бір 
ойды не ақпаратты жеткізуде қолданылатын тілдік бірліктер қызметінің
ортақтығы негізінде өріс түзіледі. Мұндай өріс түрі тіл білімінде 
функционалды-семантикалық өріс деп аталады. Тілдік бірліктер өріске 
семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігеді. Қазақ тіл білімінде 
функционалды-семантикалық өрістің негізін салушы – ф.ғ.д., профессор 
З.К.Ахметжанова.
Қазақ тіліндегі шақ категориясын арнайы қарастырған ғалым Т.Қордабаев 
-атын, -етін аффиксінің келер шақтық мәнді білдіруі мезгіл мәнді сөздерге 
немесе контекске байланысты болатындығын айтады. Тілші-ғалым -атын, -етін 
формасының негізгі мағынасы ретінде іс-әрекеттің бірнеше рет іске асуы 
арқылы дағдылы әрекетті иеленуі туралы былай дейді: «Мұның өткен шақтық 
есімшеден өзгешелігі: бұл ертеде болған іс-әрекеттің бір рет болмай, бірнеше 
рет болғандығын немесе оның заттың бойындағы бір кездегі әдетіне, 
дағдысына, қасиетіне айналғандығын білдіреді. Бірақ бұл өзгешелігі іс-
әрекеттің ертеде болғандығын қайта айқындай түспесе, осалдатпайды» (3, 
65).Мысалы: Қызылбөрік ішінен өзіне сайлап он шақты мықты жігітті ертіп 
алып, қалмақтан, қырғыздан, айналадағы қазақтан үйірлеп жылқы алып, 
бірінен біріне өткізіп, ат үсті суық жүріс жүретін (М.Әуезов). Тор бие бұрынғы 
күйі болса, ұшқан құстан басқаға алдырмайтын (Ғ.Мүсірепов). 
-атын,-етін жұрнағын А.Ысқақов өткен шақтың ішінде айғақты өткен 
шақтың көрсеткіші деп береді. Ол айғақты өткен шақты іс-әрекеттің басы-
қасында сөйлеушінің көзімен көргендей, тыңдаушы әбден қанық боларлықтай 


113 
етіп жеткізетін форма деп анықтайды. А.Ысқақов -атын, -етін тұлғасының 
бірнеше мағыналарда жұмсалатындығын атап көрсетеді: 
1) іс-әрекетті сөйлеушінің айғақты түрде жеткізетіндігі; 
2) іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болғандығын білдіреді; 
3) қимылдың өту сипатын, яғни дағдылы әдетті білдіре алатындығы (4, 56).
Ы.Маманов -атын, -етін жұрнағын дағдылы өткен шақ көрсеткіші деп 
таниды. Өткен шақтың бұл түрін қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-
әрекетін, қимылын білдіретіндігін айтады (5, 111). Сол сияқты, -ыңқыра, -
іңкіре аффикстері жалғанған сөзге қимылдың жеткілікті аяқталмағандығын, не 
үдей түсу мәнін қосады. Мысалы: Алдында тұрған қымыздан бір ұрттап, 
кесені ысырыңқырап қойды. (О.Бөкей) Кенже қызы облыс орталығына 
кеткен күннен бері ыбырсыңқырап қалған ыдыс-аяқты жуып, әр затты 
тиісті орнына қойды (О.Бөкей). 
Категориялды жағдаят. Кез келген жағдаят түрі сөйлеу процесімен 
тығыз байланысты. Категориялды жағдаят – сөйленіммен берілетін жалпы 
жағдаяттың бір қырын танытатын және белгілі бір функционалды-
семантикалық өріске негізделетін типтік мазмұндық құрылым (2, 359). 
Қимылдың өту сипатының (аспектуалды функционалды-семантикалық өріс) 
категориялық жағдаяттары сөйленіммен берілетін мазмұндық құрылымдар 
болып табылады. Мысалы: Ет артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған 
қысырларының сары қымызы да келді. Оны да жақсы әңгімелесіп, ұзақ 
отырып ішісті(М.Әуезов) деген сөйлемде қимылдың созылыңқылық 
сипатымен бірге жақ, етіс, шақ және модальдылық элементтері қамтылған 
(2,361). Категориялды жағдаят сөйлеу процесінде айтылатын ой-пікірге 
қатысты тілдік бірліктердің өзара мағыналық қатынастарына негізделеді.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет